116
шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың
білімдерін тексеру болып табылады.
Білімді қорытындылау мен жүйелеу сабағының мақсаты оқу
материалының жүйесін қорытындылап, қайталап бекіту. Мұндай
сабақ физика курсының үлкен бір тақырыбын немесе тарауды
оқытудың соңында өткізіледі.
Аралас сабақтың мақсаты- алдыңғы үш типті сабақтардың
мақсаттарын кешенді түрде жүзеге асыру.
Оқушылардың білімдерін, іскерлігін және дағдыларын
бақылау мен түзету сабағы оқу үдерісі мен оның нәтижелерін,
білімді игеру, іскерліктері мен дағдылардың қалыптасу
деңгейлерін бағалауды көздейді.
Көрсетілген сабақтардың әр түрі мұғалім мен оқушылардың
сабақтағы іс-әрекетіне байланысты әр түрлі ұйымдастырылып
өтуі мүмкін. Оны мына кестеден көруге болады.
Кесте 8.
Сабақтың типтері
Сабақтың құрылымы
Сабақтың әдістері
Жаңа
материалды
меңгерту сабағы
1.Ұйымдастыру бөлімі.
(бар білімді өзектендіру)
2. Жаңа материалды
хабарлау
3.Бекіту бөлімі.
4. Бағалау
5.Үйге тапсырма
Сөздік, көрнекілік, практи-
калық, эвристикалық, тео-
риялық зерттеу, проблема-
лық т.б.
Білімдерін,
іскерліктерін,
дағдыларын
қалыптасытыру
сабағы
1.Ұйымдастыру бөлімі.
2. үй тапсырмасын
тексеру
3.Жаттығулар мен әр
түрлі тапсырмалар
орындау
4.Бекіту бөлімі.
5. Бағалау
6.Үйге тапсырма
Есеп шығару, өз бетімен
тапсырмалар орындау, зерт-
ханалық жұмыстар, зерттеу-
шілік тапсырмалар.
Аралас сабақ
1.Ұйымдастыру бөлімі.
2.Үй тапсырмасын тек-
серу
3.Жаңа материалды
хабарлау
4.Бекіту бөлімі.
Алдынғы сабақтардағы бар-
лық әдістер қолданылады
117
5. Бағалау
6.Үйге тапсырма
Білімді қоытындылау
мен жүйелеу сабағы
1.Ұйымдастыру бөлімі.
2.Жаттығулар мен әр
түрлі тапсырмалар
орындау
4. Бағалау
5.Үйге тапсырма
Сөздік,
практикалық,көрнекілік.
Бұл әдістерді әр түрлі
жолдармен ұйымдастыруға
болады.
Білімдерді ,
іскерліктерін және
дағдыларды тексеру
сабағы
1.Ұйымдастыру бөлімі.
2. Білімді, іскерлікті,
дағдыларды тексеру.
3. Үйге тапсырма
Тексерудің әр түрлі әдістері
(ауызша, жазбаша-бақылау
жұмысы, тестілеу, сынақ т.б.)
Оқу үдерісінің логикасына, физиканы оқытудың дидакти-
калық және әдістемелік ұстанымдары мен сабақ берудің негізінде
қазіргі заманғы физика сабағын ұйымдастырудың негізгі
ережелерін айқындауға болады.
Бірінші ереже - сабақтың мақсатын анықтау. Сабақта оқу-
тәрбиелік процестің білім беру, дамытушылық және тәрбиелік
функциялары жүзеге асатындықтан, соған байланысты сабақ
мақсаттарын анықтап, тұжырымдау.
Екінші ереже - сабақтың мақсатарына, оқушылардың қабі-
леттері мен мүмкіндіктеріне сәйкес оқу материалының мазмұнын
және оның көлемін, жаңа материалдың бұрынғы оқылған мате-
риалдармен байланысын, оқушылардың өз бетімен орындайтын
тапсырмалардың жүйесін анықтап дайындау; сабаққа қажетті
көрнекілік құралдарды(демонстрациялық эксперимент, дидакти-
калық материалдар және т.б.) әзірлеу.
Үшінші ереже - сабақтың типі мен түрін нақтылау.
Дидактикалық міндеттерді шешудің жүйелілігі сабақтың барлық
мақсаттарына жетуге әкеледі.
Төртінші ереже - сабақтың мақсаттарына, оқу материалы-
ның мазмұнына және оқушылардың дайындығының деңгейіне
сәйкес оқытудың әдістері мен тәсілдерінің ең тиімді түрлерін
таңдау.
Бесінші ереже - оқытудың мақсаттарына, мазмұнына және
әдістеріне сәйкес сабақтың құрылымын анықтау.
6.3. Физика сабағының құрылымы
118
Педагогикалық жүйе ретінде сабақтың өзінің құрылымы бар.
Сабақ белгілі бір жүйеде өзара бір-бірімен байланыста болатын
әртүрлі бөлімдерден, компанентерден және элементтерден (ұйым-
дастыру, тексеру, түсіндіру, сабақ мақсатына жетудің әдісері мен
құралдары және т.б.) тұрады. Сабақ құрылымы, оның жекелеген
элементтері әртүрлі қарастырылуы мүмкін: сабақ кезеңдері
түрінде, оқу жағдаяттары, оқу үдерісінің бөлімдері ретінде.
Сабақ құрылымы үш деңгейде қарастырылады: дидакти-
калық, логико-психологиялық және әдістемелік.
Әртүрлі типтегі және түрдегі сабақтардың құрылымдары әр
түрлі болады. Бірдей дидактикалық міндеттерді шешетін, бірдей
оқу материалын қолданатын бір түрдегі сабақтың құрамы мен
құрылымы әртүрлі болуы мүмкін. Сабақтың құрылымына
оқушылардың әзірлік деңгейі, сыныптың психологиялық күйі,
оқу кестесіндегі сабақтың орыны, оқушылардың жұмыс істеу
қабілеті ықпал етеді.
Оқушыларда жаңа білімдер мен іс-әрекет тәсілдерін
қалыптастыру сабағының құрылымы:
Сұлба 14.
1.Оқушылардың бұрынғы білімдері мен іскерліктерін
өзектендіру - оқушылардың білетін білімдерін еске түсірулерін,
олардың танымдық іс-әрекеттерін туғызып, жаңа білімді
меңгеруге ынталандырып отыруды көздейді.
2. Оқушыларда жаңа білімді іскерлікті қалыптасытру-жаңа
материалды меңгерту сабағының басты кезеңі болып табылады.
Жаңа білімді қалыптастырудың әдістемесі оқушыларда қалып-
тастырылуға тиісті білім элементтерінің логикалық жүйесін
берудің әдістерін, оқыту әдісі мен құралдарын, оқыту үдерісін
ұйымдастырудың формаларын анықтауды көздейді.
3.Жаңа білімді, іскрлікті қолдану – оқытудың әртүрлі дидак-
тикалық құралдарын қолданып, сабақтың кез-келген кезеңінде
жаңа берілген материалды қайталап бекітуді көздейді. Сабақтың
бұл кезеңінде білімді немесе практикалық іскерлікті қолдану
білігі қалыптастырылады.
Оқушыларда
бар білімді,
іскерлікті
анықтау
Жаңа білімді,
іскерлікті
қалыптасытру
Жаңа білімді,
іскерлікті
қолдану
Үйге тапсырма
беру
Достарыңызбен бөлісу: |