Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет20/61
Дата16.02.2018
өлшемі5,03 Kb.
#9758
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   61

 
60 
Мектептің  негізгі  сатысында  «Физика»  пәні  курстары  мен 
бөлімдері,  олардың  базалық  ғылымдағы  орналасу  ретіне  сәйкес 
қамтиды:  механика,  молекулалық  физика,  электродинамика, 
атомдық  физика.  Бұл  логикалық  аяқталған  білімнің  бірінші 
концентрін береді. Мектептің негізгі сатысын бітірген оқушылар 
білім  мен  іскерліктің  осы  жиынтығын  меңгереді.  Мектептің 
негізгі  сатысының  оқу  материалын  игеру  оқушыларға  жоғары 
сыныптарда,  оның  ішінде  физика-математикалық  бағдардағы 
сыныпта  (мектепте),  сондай-ақ  орта  кәсіптік  және  арнаулы  оқу 
орындарында оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді. 
Орта  мектептегі  «Физика»  пәні  жеке  курстарды  қамтитын 
іргелі  теориялар  негізінде  құрылған,  бұл  білімнің  логикалық 
аяқталған  екінші  концентрін  береді.  Орта  мектептің  оқу 
материалын  меңгеру  физикалық  білімнің  дүниежүзілік  білім 
кеңістігінің сәйкес деңгейімен пара-пар болуын қамтамасыз етеді. 
Астрономиялық  материал  «Физика»  оқу  пәніне  7-11  сынып-
тардағы  физиканың  оқу  материалдарымен  органикалық  түрде 
біріктіру арқылы және ғылыми-жаратылыстану пәндерінің кірік-
тірілген  курсында  жеке  тарау  түрінде  беру  арқылы  енгізілген. 
Сондай-ак, физика-математикалық бағдардағы мектептің жоғары 
сыныптарында  астрономия  жеке  оқу  курсы  шеңберінде 
оқытылуы да мүмкін. 
Физикалық  білім  беруді  жаңарту  ісі  ең  әуелі  әрбір  оқушыны 
дамытуға, өзін-өзі бағалай білетін  және өзін сынай  ойлана  білетін 
жаңа  деңгейдегі  саналы  адамды  қалыптастыруға  қолайлы  жағдай 
жасау  бағытында  жүргізілуі  тиіс.  Бұл  орайда  жинақталған  тәжі-
рибе  оқу  жоспарлары  мен  бағдарламалардың  көп  нұсқалылығы 
идеясын  басшылыққа  алу  қажеттігін  меңзейді.  Өйткені  ол 
физикалық  білімнің  барлық  оқушы  үшін  міндетті  деңгейіне  жету 
ғана  емес,  сонымен  бірге,  оқуын  еліміздегі  және  алыс-жақын  шет 
мемлекеттердегі  жоғары  оқу  орындарында  жалғастыру  үшін 
жеткілікті  болатын  неғұрлым  жоғары  деңгейіне  жету  мүмкіндігін 
едәуір кеңейтеді. Осыған орай Қазақтың Ы.Алтынсарин атындағы 
білім академиясында ғалым-әдіскерлердің жұмылуымен физикалық 
білім мазмұнының көлемі, құрамы мен құрылымы анықталып, оны 
бағдарламалар  мен  жаңа  буын  оқулықтарында  пайдалану  үшін 
жүйеге келтіру бағытында жұмыс жүргізіліп келеді. 
Пәннің  негізгі  мазмұны  оны  болашақта  қолдану  және 
қайталау  үшін  негіз  бола  алатындай  алдыңғы  қатарлы  идеялар 
төңірегінде  құрылған.  Атап  айтқанда,  физика  курсының 


 
61 
мазмұнына  механика  мен  молекулалық  физикадағы  және 
электродинамика  мен  атомдық  физикадағы  негізгі  заңдар  мен 
ұғымдар,  физикалық  құбылыстар  мен  оларды  зерттеу  әдістері, 
сонымен қатар аспан денелері мен олардың физикалық табиғатын 
зерттеу әдістері мен нәтижелері, әлем құрылысы мен оның дамуы 
туралы мағлұматтар енгізілді. 
Ал,  курстың  құрылымын  анықтағанда  онда  оқылатын 
тараулардың  реті  олардың  базалық  ғылымдағы  орналасуына 
сәйкес,  яғни  материя  қозғалысы  формаларының  күрделенуі 
тәртібімен орналастырылған. 
Физика  мен  астрономияның  біріккен  курсының  тұжырым-
дамалық  негізіне  мына  ұстанымдар  мен  қағидалар  басшылыққа 
алынған: 
-   оқушылардың  жасына  қарай  түсінікті  мазмұнда  жазылған 
оқу  материалы  қазіргі  заманға  сай  ғылыми  білімнің  іргелі 
негіздерін  қамтуы  тиіс,  сонымен  қатар,  белгілі  бір  логикалык, 
жүйеде толық аяқталған болуы керек; 
- оқу  материалы  ғылыми  дүниетанымды  қалыптастыра-
тындай болуы керек; 
-   физиканың  қолданбалы  мәселелері  қамтылып,  қазіргі 
технология жөнінде кейбір мәліметтер берілуі тиіс; 
-   зерттеудің  ғылыми-танымдық  әдістері  туралы  түсініктер 
берілуі керек. 
Осындай  ұстанымдар  мен  қағидаларға  сүйеніп  құрылған 
«Физика  және  астрономия»  курсының  басты  ерекшеліктерін 
былай сипаттауға болады; 
1)  бұл  курс  интеграцияланған,  яғни  ол  физиканың  негізгі 
ұғымдары,  заңдылықтары  және  теориялық  қағидаларымен  қатар 
астрономияның  негізгі  мәселелерін,  әлемнің  дамуы  мен 
құрылысы туралы мәліметтерді қамтиды; 
2)   курс  логикалық  аяқталған,  біртұтас  курс,  яғни  ол  бізді 
қоршаған  әлемнің  ғылыми  бейнесін  жасауға  мүмкіндік  беретін 
қазіргі  заманғы  физиканың  негізгі  ұғымдары  мен  заңдылықта-
рын және теориялык, қорытындыларын кешенді түрде қамтиды; 
3)  мұнда  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  байланысты 
танымдық  мүмкіндіктері,  сонымен  бірге  олардың  жараты-
лыстану-математика пәндерінен алған білімдері ескеріледі; 
4) курс көп деңгейлік ішкі  саралауға бағдарланған, яғни оқу 
материалы  оқушылардың  басым  көпшілігіне  түсінікті  болумен 


 
62 
қатар,  физика  мен  астрономияны  тереңдете  оқуға  қабілеті  мен 
қызығушылығы  бар  оқушылардың  да  қажеттілігі  мен  талап-
тілектерін ескереді. 
Осы  аталғандар  негізінде  таңдалып  алынған  мазмұн  жаңа 
буын оқулықтарында келесі ретпен орналастырылды. 
7-сыныптың  «Физика  және  астрономия»  оқулығында  оқушы-
лар  зат  құрылысымен,  денелердің  қозғалысы  және  олардың  өзара 
әсерімен  танысады;  бұл  білімдер  физика  курсының  барлық,  басқа 
бөлімдерін  оқу  кезінде  пайдаланылады.  Зат  құрылысымен  танысу 
сұйықтар  мен  газдардағы  қысымды  түсіндіруде  пайдаланылады. 
Жұмыс,  қуат,  механикалық  энергия  ұғымдары  жай  механизмдер 
мысалында қарастырылады, механизмдердің п.ә.к.-і енгізіліп, энер-
гияның  сақталу  заңы  оқытылады.  Рычагтар  мен  біліктерге  байла-
нысты күш моменті, денелердің тепе-теңдік шарттары енгізіледі.  
8-сынып  оқулығының  негізгі  мазмұнын  жылу,  электр, 
электромагниттік және жарық құбылыстары құрайды. 
Ал,  9-сыныптың  "Физика  және  астрономия"  оқулығы  негі-
зінен  тербелістер  мен  толқындарды,  атом  және  атом  ядросы 
физикасын, аспан механикасы элементтерін оқыуға арналған. 
 
 
3.2. Физика курсының мазмұны мен құрылымын  
анықтаудың принциптері 
Оқу  пәні  мазмұнының  проблемасы  әлі  күнге  дейін  пікір-
таласты  болып  отыр.  Осыған  қарамастан,  дидактикада  физика 
пәнінің мазмұнды және процессуальды блоктардан тұрады:   
 
Сұлба 5.  
 
  
  
  
  
 
   
 
 
«Физика» оқу пәні  
 
Мазмұнды блок 
 
Процессуалды блок 
 
Пән 
бойынша 
негізгі 
ғылыми 
білім 
 
Қосалқы білімдер: 
логикалық, 
методологиялық, 
философиялық, 
тарихи 
мәліметтер, 
пәнаралық,  
бағалаулық 
 
Іс-әрекет 
түрлері: 
теориялық 
және 
практикалық 
қызмет 
тәсілдері 
 
Білім мен 
іскерлік 
қалыптастыруды 
ұйымдастыру 
формалары 
 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау