Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет28/61
Дата16.02.2018
өлшемі5,03 Kb.
#9758
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   61

 
85 
малар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұксас, бірақ оларды орындау 
үшін  алғашкы  алған  білімдерін  түрлендіріп  пайдалану  қажет 
болады. 
Мұндай іс-әрекетке келтіретін тапсырмалар: мәтінмен беріл-
ген  кері  есептер;  кері  байланыс  функциясын  атқаратын  тексеру 
тапсырмалары, т.с.с. 
2.  Оқушылардың  ойлау  қабілетін  жетілдіруге  берілетін  тап-
сырмалар.  Оларда  біздің  ұлттық  ерекшеліктеріміз  ескеріліп, 
танымдық қию үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар: 
логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар. 
Үшінші  эвристикалық  деңгейдегі  тапсырмалар  түрлері 
мыналар:  танымдық  іздену  (эвристикалық)  түрдегі  тапсырма-
ларды  орындау  барысында  оқушылар  жаңа  тақырып  бойынша 
меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (заңдылықтар шығару, 
аныктамалар,  формулаларды  жаттау,  т.с.с.)  жетілдіріп,  терең-
детумен  қатар,  ол  тағы  да  жаңа  білімді  меңгеріп,  өзі  үшін 
жаңалық ашуы тиіс. Эврика! Мұндай жұмыс - анализ бен синтез 
және  салыстыру  арқылы  негізін  анықтау,  қорытындылау  сияқты 
ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай есептерді шешу барысында 
оқушылар  жаңа  есептерге  тап  болады  да,  проблемалық  жағдай 
туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек. 
Әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер құрастыру және 
оны  өздігімен  шығару,  өмірден  алынған  мәліметтер  негізінде 
диаграмма,  графиктер  салу,  жергілікті  жағдайда  өлшеу  жұмыс-
тарын  жүргізу,  көрнекі  құралдар  дайындауға  берілетін 
тапсырмалар.  Ой  қорытуға  арналған,  дағды  қалыптастыратын 
тапсырмалар. 
Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары: 
Оқушылардың  жинаған  өмірлік  тәжірибесі  мен  қалыптас-
тырған  ұғым,  түсініктерінің,  қиялы  мен  белсенді  ой  еңбегінің 
нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде 
олардың  жеке  басының  икемділігін  байқататын  дүние  жасап 
шығуына  негізделген  (теорема  дәлелдеу,  заңдылықтарды 
оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару). 
Сонымен, қорытып айтатын болсақ, бұлар 3 кезеңінің бірінші 
деңгейі  үшін  -  1,2  кезеңдерде  игерілген  теориялық  материалды 
пысықтау  мен  қайталауға,  ережелер  мен  анықтамаларды, 
формулаларды  жаттауға  арналған  тапсырмалар  және  олар  сынақ 
арқылы бағаланады. 


 
86 
Жоғары деңгейлер үшін - алған білімдерін өз бетімен қорыту 
мен  жүйелеуге,  оларды  тереңдетіп  дамытуға  және  тәжірибеде 
қолдануға арналған тапсырмалар. 
Технология  бойынша  жүргізілетін  оқушылардың  өз  бетімен 
білім  алу  процесі  «басқаруға  ыңғайсыз»  -  делініп,  сыналып 
жатады.  Сондағы  айтатындары:  «оқушы  осы  кезеңде  өз  білгенін 
істейді, оның іс-әрекеті көбінесе, қате болады» дейді. 
Мүмкін,  дәстүрлі  оқу  процесінде  оқушыларды  дәстүрлі 
оқулықтар  бойынша  өздігімен  оқытуға  тырысып,  өздік 
жұмыстарын жүргізген кезде солай болса, болған шығар. 
Бірақ, оқытудың жаңа технологиясы жағдайында: 
-  оқушылардың  өздігімен  жүргізетін  танымдық  іс-әрекеті 
үшін 
тапсырмалар 
күрделілігі 
төрт 
деңгей 
бойынша 
құрастырылып; 
- оқыту-проблемалық принциптер бойынша жүргізіліп; 
- барлық деңгейдегі тапсырмалар  қызғылықты мазмұндалған 
болса, оқушыларда ынталану пайда болады. 
Сондықтан  да,  жаңа  технология  бойынша  сабақ  беруші 
мұғалімдер,  үзіліс  кезінде  де  оқушылардың  сабақтан  бас  алмай-
тындығын  байқаған.  Оларға  өзара  бәсекелесе  отырып  жұмбақ, 
сөзжұмбақ,  ребус,  математикалық  басқатырғыштар  сияқты  әр 
деңгейдегі  тапсырмаларды  шешіп,  өтіп  жатқан  тақырыптан 
барынша  көп  ұпай  алуға  тырысқан,  себебі,  ертең  жаңа  тақырып 
басталады. Нәтижесінде «екіліктер» жойылуымен қатар, «үштік» 
алып жүрудің өзі де ұят саналатын болған. 
Осы жерде, «үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын, белгілі 
бір  себептермен,  қуып  жете  алмайтын  оқушылармен  қалай 
жұмыс  істеуіміз  қажет?»  -  деген  сұрақ  туады.  Бұл  мәселенің  де 
шешуі қарастырылған. 
Мұндай  жағдайда,  барлық  тапсырмаларды  мезгілінде 
орындаған оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі; 
Сыныптың  басқа  оқушылары  өздігімен  жұмыс  істеп  жатқан 
кезде  мұғалімнің  де  үлгерімі  төмен  оқушыларға  дербес  көмек 
көрсетуіне  уақыты  табылады.  Ол  сынып  оқушыларының  өздік 
жұмыс  іс-әрекеттерін  тек  ұйымдастырып,  басқару,  жалпы 
бақылау  жасау  және  балалардың  өз-өзін  бағалауын  бақылау 
функциясын атқарады. 
Бұл  қалайша  жүзеге  асырылады?  Бізге  үйреншікті  бақы-
лаудан  бағалауға  қарағанда  деңгейлеп  оқыту  барысындағы 
бақылау мен бағалаудың ерекшелігі неде? 


 
87 
Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат - сынып 
оқушыларын  «қабілетті»  және  «қабілетсіз»  деп  жасанды  түрді 
әртүрлі топтарға бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және 
дербес  оқыту  принциптерімен  қатар,  барлық  оқушыға  қатысты, 
ізгілендіру принципі де сақталады. 
Деңгейлеп  оқыту  барысында  оқушының  бірінші  деңгейдегі 
тапсырмаларды дұрыс орындағаны «есепке» алынып отырылады. 
Қандай  оқушы  болмасын,  мысалы  өзінің  жақсы  оқитынды-
ғына қарамастан, жұмысын «оқушылык», «міндетті», I ші деңгей-
дің,  ол  үшін  жеңіл  болса  да,  тапсырмаларын  орындаудан 
бастайды. 
Барлық  оқушылар  жұмысын  бір  мезгілде  бастап;  әрқайсысы 
білім игерудегі өз қабілетіне қарай, өз билігіне жетеді бұл нақты 
пән  бойынша  ең  нашар  үлгіретін  оқушыға  тірек  білімін  ғана 
меңгеріп,  үй  тапсырмасын  орындау  барысында  тек  сүйікті  пәні 
жоғарғы  шығармашылық  деңгейге  дейін  көтерілуіне  уақыт 
үнемдеуіне себеп болады. Нақтырак айтсақ: 
Әр  оқушының,  әр  пәннен  100  %  үлгеріміне  қол  жеткізудің 
кепілі  болады  және  оқу  пәнінің  барлық  тақырыбы  бойынша  ең 
болмағанда  міндетті  бірінші  деңгейді  игеруін  толық  жүзеге 
асырады.  Бұл,  өз  кезегінде,  мемлекеттік  стандарттардың  мини-
малды  талаптарының  орындалуына  кепілдік  беріп,  Қазақстан 
Республикасының Білім туралы Заңының талаптарына сай келеді 
және  дәстүрлі  оқытудағы  оқушылардың  артық  жүктеме  арту 
проблемасын шешеді. 
«Есепке алу» (зачеттік) жүйесін жүргізу нәтижесінде үлгерімі 
нашар  оқушылар  да,  кем  дегенде,  «оқушылық»  деңгейге  сәйкес 
білімді  толық  меңгеріп  алатынын  өз  тәжірибемізден  байқадық 
(себебі  ол  осы  деңгейдің  тапсырмаларын  толық  және  дұрыс 
орындап,  өткізбегенінше,  келесі  деңгейге  көшпейді).  «Міндеті» 
деңгейді  толық  меңгергеннен  кейін  оқушы  әрі  қарай,  ілгері 
ұмтылады; өзіне өзінің сенімі артады. 
Олардың әрқайсысы деңгейлік тапсырмаларды орындауға мін-
детті және жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы. 
Осылайша  әр  оқушы,  әсіресе  өзіне  ұнайтын  пәндерден,  бір 
деңгейден келесі деңгейге өз білімін біртіндеп толықтыра отырып, 
өз  қабілетін  де  жетілдіреді.  Бұл  жағдайда  жоғары  деңгейлік 
тапсырмаларды  орындау  әр  оқушының  күнделікті  мақсатына 
айналады.  Басқа  пәндерден  1-деңгейлік  тапсырмаларды  толық 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау