90
Қабаттарды жылжыту үшін, қажетті қабатты таңдап,
Правка/ Вырезать
командасын таңдап, курсорды қабатты орналастыратын жерге апарып
Правка/Вставить
командасын орындау керек.
Басқа қҧжаттан қабат кӛшіру
PhotoShop бейне үзінділерін бір құжаттан екінші құжатқа апаруға мүмкіндік
береді. Ол үшін:
- қабаттар палитрасында
Layers (қабаттар) тышқан кӛрсеткішін қабат үстіне апарып,
тышқанның сол жақ пернесін басу керек.
- тышқанды құжат терезесіне апарыңыз. Сол жағдайда құжат айналасында жіңішке
қара тор пайда болады.
- тышқан батырмасын жіберіңіз. Құжатта басқа құжаттан алып келген
жаңа қабат
пайда болады.
Қабаттардың орналасу ретін ӛзгерту. Қабаттар құжатта бірінің үстіне бірі
орналасады. Олардың орналасу реті
Layers (Қабаттар) палитрасында кӛрініп тұрады;
қабат қатары палитрада неғұрлым жоғары орналасса, соғұрлым ол құжатта да жоғарыда
болады.
Тышқан бағыттауышын
Layers (Қабат) палитрасында бір қабаттың үстіне апарып, сол
жақ батырмасын басып тұрып, қатарды таңдаған қабатыңыздың астына апарыңыз. Қабат
жаңа орынға ие болады.
Қабатты трансформациялау. Объектілердің қабаттағы тәуелсіз жағдайы оны
жылжытуға, трансформациялауға (ӛлшемін ӛзгертуге, айналдыруға, қисайтуға) мүмкіндік
береді. Қабатты трансформациялау операциялары программада ерекшеленген аймақтарды
трансформациялауға ұқсаған. Оны
Edit (Редакциялау) мізірінің
Free Transform (Еркін
трансформациялау) командасы арқылы орындауға болады. Пернетақтада
+
пенелерін басу арқылы орындауға болады.
Қабаттарды байлау. Трансформациялауды бір мезгілде ӛзара байланған бірнеше
қабаттарға орындауға болады. Қабаттарды байлау үшін, миниатюра мен қабаттың кӛріну
пиктограммасының арасында орналасқан бос квадраттың ішінде шерту керек. Квадрат
ішінде шынжыр тесіктерінен тұратын пиктограмма шығады. Бұл сіздің қабаттарды
байлағандығыңыздың белгісі (2-сурет).
Edit (Редакциялау) мәзірінің Free Transform (Еркін трансформациялау) командасы
кӛмегімен трансформациялауға болады. Үлкен кӛлемді қоршау тек ағымдағы қабаттағы
объектіні емес, сонымен қатар онымен байланған барлық қабаттардағы объектілер
жиынын кӛрсетеді (3-сурет).
Қабатты ӛзгертуден сақтау (блокировка слоя). Photoshop программасында
кӛбінесе бейнелерді қабаттарды редакциялау арқылы ӛңдейді. Жұмыс істеу барысында
кейбір қабаттарды ӛзгертуден сақтау қажеттілігі туады. Қабаттарды ӛзгертуден сақтаудың
бірнеше түрлері бар:
Lock transparent pixels (Мӛлдірлілікті ӛзгертпеу). Мӛлдір аймақтарды ӛзгертуге
мүмкіндік бермейді. Барлық командалар мен құралдар қабаттың пикселмен толтырылған
бӛлігінде ғана жұмыс істейді.
Lock image pixels (Редакциялауға мүмкіндік бермеу). Қабаттың кез келген пикселін
түрлендіруге тиым салады.
Lock position (Орнын ӛзгертуге тиым). Қабатты бір орыннан екінші орынға
жылжытуға, қозғауға тиым салады.
Фондық қабат. Background (фондық деп аталатын) қабаттың ерекше қасиеттері бар.
Бұл қабатта мӛлдір пикселдер болмайды және ол барлық қабаттардың астында
орналасады. Егер біз қабаттарды бейне салынған мӛлдір холсттарға теңесек, фондық
қабат — олардың астында жатқан қағаз.
91
3-сурет.Байланған қабаттарды
трансформаиялау.
2-сурет. Қабаттарды
байлау.
15.3. Эффектілер мен қабаттарды Photoshop-та орналастыру
Эффектілер мӛлдірлілік пен үстінен басып салу режимдері сияқты қабат атрибутына
жатады, оларды кез келген типті қабаттарға қолдануға болады (кәдімгі, текстік, контурлы
тс.с.). Бірақ эффект қабаттың кӛрініп тұрған бӛлігіне ғана әсер ете алады, жасырылған
және мӛлдір аймақтары ӛзгертілмейді. 4-суретте эффект қабаттың тек кӛрініп тұрған,
текст орналасқан мӛлдір бӛлігіне ғана қолданылып тұр.
4-сурет. Кӛлеңке эффектісі: қабаттың тек кӛрініп тұрған бӛлігіне қолданылған
Эффект параметрлері пикселмен беріледі. Бұл параметрлері бірдей эффектінің
мүмкіндіктері әртүрлі бейнелерде бірдей болмайтынын кӛрсетеді.
Арнайы параметрлі эффектілер жиынын программада
стиль деп атайды
. Photoshop –
та стилдер
кітапханасы бар, оны ӛзіндік үлгілермен де толықтыруға болады.
Эффектілер терезесін шақыру үшін:
Layers (Қабат) палитрасындағы қабат атының үстінде екі
рет шерту керек;
Layer (Қабат) мәзірінің
Layer Style (Қабат стилі) командасын таңдап, тізімнен бір
эффектіні орындау керек.
Layer Style сұхбат терезесінде 14 қатпар бар (5-сурет). Олардың тізімі сол жақта
орналасқан. Егер эффект атауының тұсында жалау тұрса, эффект қолданылады дегенді
білдіреді.
92
5-сурет.
Layer Style сұхбат терезесі.
Бақылау сҧрақтары:
1. Қабат дегеніміз не?
2. Қабаттар панелін қалай шақыруға болады?
3. Қабатты қалай жасыруға болады?
4. Қабат палитрасы не үшін қолданылады?
5.
Қабатты басқа құжатқа көшіру және жылжыту технологиясын
түсіндіріңіз
.
6.
Қабаттарды байлау, Қабатты өзгертуден сақтау, Қабатты трансформациялау
технологияларын түсіндіріңіз.
7.
Эффектілер және қабаттарды Photoshop-та орналастыру технологиясы қалай
орындалады?