81
Бақылау сҧрақтары:
1.
CorelDraw-да объектілерді қалай белгілеуге болады?
2.
CorelDraw-да объектілерді қалай реттестіруге болады?
3. Бірнеше объектілерді бір топқа қалай біріктіруге болады?
4. біріктіру, қиылыстыру және шегеріп тастау операцияларын қалай қолдануға
болады?
5.
Көлеңке түсіру,
Перспектива жасау сияқты құралдары қалай жұмыс істейді?
6.
Клон деп нені айтамыз?
7. Эффектер клонын салу дегеніміз не?
13-ші лекция. PhotoShop графикалық редакторы. Негізгі қҧралдары.
1.PhotoShop терезесі.
2.Тҥс палитралары.
3.Қҧралдар панелі мен атрибуттар панелі.
4.Белгілеу қҧралдары.
5. Сурет салу қҧралдары.
11.1.PhotoShop терезесі.
Редакторды іске қосқаннан кейін монитор экранында PhotoShop-тың негізгі
терезесі пайда болады. (1-сурет). Осы терезе бағдарлама интерфейсінің бірінші
элементі
болып табылады. Бұнда дизайнерлер мен суретшілер үшін қажетті құралдардың бәрі бар.
Бағдарлама ашылғанда басқа қосымша бағдарламалар сияқты автоматты түрде жаңа
құжат құрылмайды, себебі PhotoShop негізінде бейнелерді құру үшін емес, оларды ӛңдеу
үшін қолданылады.
1-сурет. Photoshop редакторының негізгі терезесі.
Мәзір қатарында редактордың кӛптеген мүмкіндіктерін орындайтын командалар
бар: тақырып қатары, қалып-күй қатары, мәзір т.с.с. Стандартты элементтердің қысқаша
сипаттамасы:
Тақырып қатары. Бағдарламаның атауы мен белгісін кӛрсетеді, яғни Adobe
82
PhotoShop. Қатардың оң жағындағы батырмалар бүктеу-толық ашу, ӛлшемін ӛзгерту және
бағдарлама терезесін жабу үшін қолданылады.
Жүйелік мәзір. Бағдарлама атауы қасындағы бағдарлама белгісіне тышқан
кӛрсеткішіне апарып шерткенде ашылады. Онда: қайта қалпына келтіру, жылжыту, жабу
және ӛлшемін ӛзгерту сияқты тереземен жұмыс істейтін командалар бар. Жүйелік мәзір
командалары операциялық жүйе меншігі, сондықтан да олардың тілі графикалық редактор
тілінен ӛзгеше болуы мүмкін.
Қалып-күй қатары (терезенің тӛменгі шекаарасының бойында орналасқан).
Ашылған құжат, жұмыс дискілері, ағымдағы құрал туралы ақпараттарды кӛрсетеді. Егер
бағдарламада ашылған құжат жоқ болса, қалып-күй қатарында ақпарат та жоқ болады.
Мәзір. Бейнелермен құжаттарды басқару үшін, орындайтын функцияларына сәйкес
біріктірілген командалар тобы. Бас мәзір командаларының жеке тӛгілмелі мәзірі болуы
мүмкін.
Негізгі командалар топтарын қарастырайық.
File (Файл). Файлдарды кӛшіру, файлдарды ашу және жабу, басқа бағдарламаларға
тасымалдау сияқты файлдармен жұмыс істейтін операциялар орындайды. Осы мәзірде
енгізу құрылғыларынан бейнелерді жүктеу, басқа қосымша бағдарламаларға ауысу,
құжатты баспаға шығару алдында тексеру операциялары да орындалады.
Edit (Редакциялау). Редакциялау командалары - қиып алу, кӛшіру және т.с.с.
ӛлшемдерді ӛзгерту мен бейне түрін және оның фрагменттерін қисайту. Осы командалар
тобында фигура ӛрнегімен бояу құралы түрлерін анықтау, буферді тазарту,
бағдарламаларының барлық мүмкіндіктері (баптау, түс бояуларын және үлгі жиындарын
басқару) бар.
Image (Бейне). Бейнемен жұмыс істейтін командалар тобы. Мұнда тондық және
түстік ӛзгертулер, бейне типін ӛзгерту, бейнеден қажетті бӛлігін қиып алу (кадирование),
фоннан фрагментер қиып алу командалары бар.
Layer (Қабат). Бейне қабаттарымен жұмыс істеу, басқару командалары.
Select (Белгілеу). Белгіленген аймақтармен жасалынатын жұмыстар.
Filter (Фильтр). Бейнені арнайы ӛңдеуге арналған командалар. Бұнда PhotoShop
құрамындағы фильтрлер бар және қосымша орнатылған фильтрлер болуы да мүмкін.
View (Түр). Жұмыс бетінің сыртқы кӛрінісін басқаратын командалар масштаб және
бейнеленудің түстік модельдері, бағыттауыштар, сызғыш және т.с.с. командалар
жиынынан тұрады.
Window (Терезе). Бас терезе түрін басқару PhotoShop палитрасын экранға шығару
және баптау, Құжат терезелерін орналастыру.
Help (Көмек). Компьютерде жұмыс істеп отырған адамның іс-әрекетіне сәйкес және
жалпы графикалық редактор терезесі анықтама ақпараттарын ашу.
11.2. Тҥс палитралары.
Бағдарламаның кӛптеген функциялары палитралар кӛмегімен орындалады.
Палитралардың басқа сухбат терезелерінен айырмашылығы, үнемі экранда кӛрініп
тұрады. Бұл жұмыс істеп отырған адамның бейнеден палитраға және керісінше ауысуын
жеңілдетеді, команданы таңдау уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Егер палитра қажет
болмаса, оны экраннан алып тастауға болады. Палитраларды
бір топқа жинауға да болады,
сонда олар экранда кӛп орын алмайды.