119
5. Бейнені терезеде бір орыннан екінші орынға ауыстыру үшін, қызыл раманы
жылжытыңыз (2-сурет, д). Рамамен қоршалған бейне бӛлігін үлкейту үшін, тышқан
бағыттауышын
Ctrl пернесін басып тұрып жылжытыңыз.
4 тапсырма. Бейне параметрлерін редакциялау.
1.
Adobe Photoshop графикалық редакторын ашыңыз. Программа интерфейінің
барлық элементтерін табыңыз.
2. Экранда құралдар панелін, параметрлер панелін және палитраны
оңға-солға,
жоғары-төмен жылжытып жаттығыңыз.
3. Құралдар панелін, параметрлер панелін, қалып-күй қатарын (Status Bar) және
палитраны (
Window) Терезе мәзірі арқылы жасырып, экранға қайта шығарып жаттығыңыз
.
4. Палитралармен мынадай жұмыстарды істеңіз: бүктеп тастаңыз, бүктеуін ашыңыз,
жабыңыз, палитралар тобын ашыңыз. Бір палитраны палитралар тобынан бӛліп алыңыз.
Палитраны бір топтан екінші топқа жылжытыңыз. Палитралардың бастапқы күйін
Терезе→ Проект→ Палитра орындарын алып тастау командасы арқылы қайта
орнатыңыз.
5. Кез келген бір графикалық файл ашыңыз. Жоғарыда айтылған тәсілдердің бірімен
масштабын ӛзгертіңіз. Содан соң масштабты,
(Viev) Түр мәзірінің
Үлкейту, Кішірейту,
Толық экранды көрініс сияқты командаларымен ӛзгертіңіз.
Навигатор (Navigator)
палитрасы арқылы да масштабты ӛзгертіңіз.
6.
Түр → Бағыттауыштар сызғышын орнатыңыз (3-сурет). Вертикалды және
горизонталды бағыттауыштар сызғыш астынан алынады.
Түр → Көрсету →
Бағыттауыштар командасы қатарында жалауды қойыңыз немесе алып тастаңыз.
3-сурет. Бейне бағыттауыштары.
4 тапсырма. ―Тіктӛртбұрышты ерекшелеу‖ құралы кӛмегімен бір
фотографиядан екі
фотография жасаңыз.
1. Ол үшін Adobe Photoshop реакторында суретті
ашыңыз, ―Тіктӛртбұрышты ерекшелеу‖ құралын
пайдаланып, суреттің сол жағын ерекшелеп алып,
Редакциялау — Көшіру командасын орындаңыз
.
2. Жаңа файл құраңыз, содан соң
Редакциялау —
Орнына қою командасы арқылы алмастыру
буферіндегі суретті қойыңыз.
3. Бірінші файлдан суреттің оң жығын әкеліп
қойыңыз, файлды сақтаңыз.
120
Есте ұстайтын бір жағдай, бӛлінген суреттердің
ӛлшемдері бірдей болулары керек.
5 тапсырма. ―Эллипсті ерекшелеу‖ құралын қолдану.
1.Суретті ӛзіңіздің бумаңызда сақтаңыз.
2.―Эллипсті
ерекшелеу‖ құралын алып,
alt
пернесін басып тұрып, суреттің бӛлігін ерекшелеңіз.
3.
Редакциялау — Көшіру командасын орындаңыз
.
4.Жаңа файл құраңыз, содан соң
Редакциялау —
Орнына қою командасы арқылы алмастыру
буферіндегі суретті қойыңыз.
Бақылау сҧрақтары:
1. Растерлік графикада бейненің негізгі элементі не?
2. Векторлық графиканың растерлік графикадан айырмашылығы неде? Векторлық
графика мен растерлік графиканың ең кішкентай элементтерін салыстырыңыз.
3. Adobe Photoshop программасы интерфейсінің элементтерін атаңыз.
4. Photoshop программасында орындаған операциядан қалай бас тартуға болады?
5. Параметрлер панелінде нелер орналасқан?
6. Палитра дегеніміз не?
№10 Лабораториялық жҧмыс. Бейне аймақтарын ерекшелеу тәсілдері
Жҧмыс мақсаты:
студенттерді бейне бӛліктерін ерекшелеуге үйрету;
студенттерді бейне бӛліктерінің ерекшеленген аймақтарымен жұмыс істеуге:
жылжытуға, кӛшірмесін алуға, бұруға және қиып алуға үйрету.
Select (Ерекшелеу)
Select (Ерекшелеу) мәзірінің
All (Барлығы) командасы қабаттың бәрін ерекшелейді
Deselect (Ерекшелеуден бас тарту) командасы керісінше, барлық аймақтардың
ерекшеленуін алып тастайды.
Reselect (Ерекшелеуді қайта қалпына келтіру) командасы,
Deselect командасы
қолданылған соңғы аймақты қайта ерекшелейді.
Color Range (Түс диапазоны) командасы түске байланысты ерекшелейді.
Бейнені толық ерекшелеу үшін
+ пернелерін басуға да болады
.
Шеңбер немесе квадрат түріндегі аймақтарды ерекшелеу үшін
Shift пернесін
басыңыз
.
Егер
Alt пернесін басып тұратын болсақ
, бастапқы нүкте ерекшелеу аймағының центрі
болады. Егер
Alt + Shift пернелерін басып тұрып ерекшелейтін болсақ, ерекшелеу аймағы
центрден бірдей қашықтықта орналасады.
1 тапсырма. Лассо құралымен
әртүрлі формалы аймақтарды ерекшелеу.
Adobe
Photoshop графикалық редакторын жүктеңіз
.
1. Файл→Ашу (File→Open) командасын орындаңыз
.