«Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары


-тарау. Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар



жүктеу 195,15 Kb.
бет3/19
Дата07.01.2022
өлшемі195,15 Kb.
#37085
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
0 840

3-тарау. Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар
6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері паразиттік аурулардың алдын алу бойынша іс-шаралар кешенін жүргізеді, ол мыналарды қамтиды:

  1. науқастар мен паразит таратушыларын анықтауды және есепке алуды бақылау;

  2. паразиттік аурулар қоздырғыштарына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу;

  3. Қазақстан Республикасының аумағына паразиттік аурулардың сырттан әкелінуінің алдын алу;

  4. халықты гигиеналық оқытуды жүргізеді.

7. Науқастарды және паразит таратушыларды анықтау:

1) тұрғындардың медициналық ұйымдарға жүгінуі, медициналық көмекті үйде көрсету, байланыста болғандарды ошақта медициналық бақылау; үйлерді (пәтерлерді) аралауды жүргізу; профилактикалық жоспарлы, алдын ала, мерзімдік медициналық тексеру жүргізу кезінде; кез келген меншік нысанындағы клиникалық-диагностикалық зертханаларда тексеру кезінде жүзеге асырылады;

2) ведомстволық тиесілілігіне және меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлері жүргізеді;

3) паразиттік аурудың (таратушылық) әр жағдайы анықталған жері бойынша ведомстволық тиесілілігіне және меншік нысанына қарамастан медициналық, білім беру, сауықтыру және басқа да ұйымдарда тіркелуге және есепке алуға жатады.

8. Паразиттік ауруларды зерттеу үшін материал жинауды медицина қызметкерлері жүргізеді.

9. Халықтың декреттелген топтары ішінен анықталған паразиттік аурулармен ауыратын науқастарды жұмыстан шеттету емдеу кезеңінде және алғашқы теріс нәтижеге дейін, контагиозды гельминтоз, қышыма, дерматомикоздарда – емдеу кезеңінде және емдеуден кейін зертханалық тексерулер кезінде жүргізіледі немесе инвазияланған жұмыскерлер эпидемиологиялық қауіп төндірмейтін жұмысқа ауыстырылады.

10. Паразиттік ауруларды зертханалық диагностикалау жүргізіледі, клиникалық-диагностикалық зертханалар мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық ұйымдар, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары рұқсаты бар топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге III - IV топтардың патогендігі. Зертханалық диагностика жүргізіледі сәйкес белгіленген номенклатура бойынша зерттеулердің қолданыстағы әдістемелерін зерттеу.

11. Клиникалық диагностикалау ауру анамнезі, эпидемиологиялық анамнез, шағым, симптомдар, аурудың жойылған, қалыптан тыс нысандары ескеріліп тексеру деректері негізінде жүргізіледі.

12. Эпидемиологиялық анамнез жинау кезінде науқаспен немесе таратушымен байланыстың болуы, қайнатылмаған суды, күдікті тамақ өнімдерін пайдалануы, ауру жануармен байланыста болуы немесе жануарлардан алынған шикізатты пайдалануы (орны және уақыты көрсетіле отырып) анықталады.

13. Сирек кездесетін гельминтоздар мен ішек протозойлық аурулардың диагнозын растау үшін медициналық ұйым зерттелетін материалды және зерттеу нәтижелерін санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік ұйымдарына жібереді.

14. Медициналық ұйымдар науқастар мен паразит таратушыларын анықтау нәтижелері бойынша мәліметтерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне жібереді.

15. Паразиттік ауру ошағында инвазия көзін, факторларын және берілу жолдарын анықтау үшін зертханалық әдістерді қолдану арқылы эпидемиологиялық зерттеу жүргізіледі.

16. Сыртқы орта жағдайын зертханалық бақылау және паразиттік аурулардың берілу факторлары мен жолдарын анықтау мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің мамандары санитариялық-паразитологиялық зерттеулерге сыртқы орта (топырақ, құм, көкөніс және жеміс, аскөк, су, шайындылар, шаң және басқалар) сынамаларын алуды жүргізеді. Сынамалар алуы сыртқы ортада паразитологиялық зерттеулер жиілігісімен осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес жүргізіледі.

17. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша (ошақтарда) халықты гельминтоздарға тексеруді санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік ұйымдарының мамандары жүргізеді.

18. Ошақта жүргізілген эпидемиологиялық тексеруден кейін Паразиттік ауру ошағын эпидемиологиялық тексеру картасы толтырылады.

19. Барлық анықталған науқастар мен паразиттік ауру қоздырғыштарын таратушылар медициналық ұйымдарда емделуге және диспансерлік бақылауға жатады. Медициналық ұйымдардың басшысы паразиттік аурулардың уақытылы және толық тіркеу, есепке алу жағдайларының, емдеу және диспансерлік қадағалау, жауапты болып табылады.

20. Гельминтоздарға және ішек протозооздарына зертханалық тексерілуге паразитологиялық әдістері копроовоскопия және перианальдық қырынды пайдалануға мыналар жатады:

1) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына баратын балалар – қабылдау алдында және басқа топқа ауысу кезінде, одан әрі жылына бір рет;

2) білім беру ұйымдарының персоналы жұмысқа кірген кезде, одан әрі жылына бір рет;

3) ұйымдастырылған ұжым бір ай бойы және одан көп бармаған балалар;

4) ұйымдастырылмаған балалар – жылына бір рет;

5) білім беру ұйымдарының бастаушы сыныптарының оқушылары – жыл сайын жазғы демалыстан кейін, сыныптардың құрылуы кезінде;

6) диспансерлеу және медициналық тексеру кезінде халықтың декреттелген топтары;

7) мектепке дейінгі және басқа да білім беру ұйымдарына, жетімдер үйіне, сәбилер үйіне, балалар үйіне, мектеп-интернаттарға, санаторий-курорттық емделуге, сауықтыру лагеріне, ауруханалардың балалар бөліміне ресімделетін балалар мен жасөспірімдер;

8) емделуге келіп түсу кезінде балалар ауруханаларының стационарлық науқас балалары;

9) ересек адамдар емханаларындағы және ауруханалардағы амбулаториялық және стационарлық науқастар клиникалық айғақтар болғанда;

10) стационарлық емделіп жатқан балаларға күтім жасайтын адамдар;

11) патогенді ішек қарапайымдыларына этиологиясы анықталмаған жіті ішек инфекцияларымен ауыратын науқастар;

12) науқаспен (паразит таратушымен) байланыста болған адамдар;

13) судағы спорт түрі бойынша спорт топтарына баратын адамдар – спорттық секцияларға баруы кезінде және одан әрі жылына бір рет.

21. Жұқпалы-тері (қышыма, дерматомикоздар) ауруларына тексерілуге мыналар жатады:

1) балалар үйлеріндегі және сәбилер үйлеріндегі балалар, мектеп-интернаттардың оқушылары – апта сайын;

2) білім беру ұйымдарына жаңадан келетін және әртүрлі себептермен ұзақ уақыттан кейін (бір аптадан аса) оларға қайта келетін балалар; білім беру ұйымдарының персоналы – жылына бір рет міндетті медициналық тексеруден өткен кезде;

3) сауықтыру ұйымдарына баратын балалар;

4) білім беру ұйымдарының оқушылары – демалыстан кейін тоқсан сайын;

5) диспансерлеу және профилактикалық тексеру кезінде халықтың декреттелген топтары;

6) стационарлық науқастар;

7) судағы спорт түрі, шығыс жекпе-жегі және күрестің басқа да түрлері бойынша спорт топтарына баратын адамдар – спорттық секцияларға баруы кезінде және одан әрі жылына бір рет.

22. Амбулаториялық және стационарлық емделуге келіп түсетін пациенттерді жұқпалы-тері ауруларына тексеру нәтижелерін пациенттің амбулаториялық және стационарлық карталарында тіркейді. Ұзақ уақыт бойы стационарлық емделу жағдайында пациенттерді тексеруді медицина персоналы кемінде 10 күнде 1 рет жүргізеді.


жүктеу 195,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау