Парадигмы современной науки. №1 (3) / 2017 45 2



Pdf просмотр
Дата14.12.2017
өлшемі72 Kb.
#4133


Парадигмы современной науки. № 1 (3) / 2017 

45 


2. 

Жанабаев З.Хмель Н. Синергетическая сущность педагогического 

процесса//Поиск (Алматы)-1996.№1-61-64с. 

3. 


Досмұхамедұлы Х. «Қазақ-қырғыз білім кәмисиесінен»// Таңдамалы еңбектер. 

А.,2008. 92б . 

4. 

Аймауытов Ж. Тәрбие // шығармалары. А., 2013. 366 бет. 



5. 

Қожанов  С.  Бұл  әдеттен  арылу  керек  //  шығармалары.    А.,  2009.  136,342,346- 

беттер. 

6. 


Шоқай 

М.  Атамекен  жайында  //Таңдамалы  шығармалар  2-том.  А., 

2007.126 бет.  

 

UDC 37.014.21 



Problems of improving reforms in education 

 and upbringing on the basis of national privileges 

 

L. K. Zhanysbek 

South Kazakhstan Branch of “Orleu” National Centre for Professional Development 

Shymkent,  Kazakhstan 

lazzat_1900@mail.ru 

 

Summary.  This  article  discusses  the  changes  and  find  ways  to  improve  the  national 

priorities in the educational process by examining  the views Alash intellectuals. 

Keywords:  Educational process, Alash, national education 

 

 



УДК 373.31 

 

БАСТАУЫШ СЫНЫП САБАҚТАРЫНДА СЫН 

ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ СТРАТЕГИЯЛАРЫН 

ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 

 

А. А. ШАУКЕРОВА

 

 



Аннотация. Статья «Эффективность применения стратегий критического мышления на 

уроках  в  начальной  школе»  посвящена  эффективности  описываемой  образовательной 

технологии.  

Ключевые  слова: критическое мышление, пробуждение  интереса , диаграмма Венна, «I. N. 

S. E. R. T.». 

 

Біз  Тәуелсіз  Қазақстан  Республикасындағы  XXI  ғасырдың 

ұрпақтарын  дайындап  жатырмыз.  Қазақстанның  болашағы  өзіміз 

                                                           

  Анаргүл  Амангелдіқызы  Шаукерова  –  бастауыш  сынып  мұғалімі,  Мамлют 



санаторлық орта мектеп-интернаты, Мамлютка  қаласы, Мамлют ауданы, Солтүстік 

Қазақстан облысы 




Қазіргі ғылымның парадигмалары. № 1 (3) / 2017 

46 


 

оқытып,  тәрбиелеп  отырған  оқушыларымыздың,  жастардың  қолында. 

Сондықтан  Президенттің  2030  бағдарламасындағы  жастарға  қойылып 

отырған  7  міндетін  іске  асыру  үшін  сауатты  да,  білімді,  жан-жақты, 

мемлекеттік  тілді  меңгерген  жаны  таза,  дені  сау,  сол  тілде  жұмыс  істей 

алатын, айналасындағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай білетін 

ұрпақ  қажет.  Тіліміздің  мәртебесі  –  еліміздің  мәртебесі,  сондықтан 

сауатты, мемлекеттік тілді жетік білетін саналы, адамгершілігі мол азамат 

тәрбиелеу – бастауыш сынып  мұғалімдерінің негізгі міндеті. 

Тек  мемлекеттік  тіл  –  қазақ  тілі  арқылы  ғана  қазақ  халқының 

тарихын,  әдебиетін,  мәдениетін,  ұлттық  салт-дәстүрін,  әдет-ғұрпын, 

болмысын  үйретуге  болады.  Осы  мақсатқа  жетсек  қана  Қазақстанды 

дамытып, көркейтетін саналы, білімді, дені сау, жан-жақты дамыған, 50 

елмен бәсекелестікке жарайтын қабілетті, ұлтжанды, иманды, инабатты 

азамат тәрбиелейміз. 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  «Білім  беру 

жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, 

ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға 

және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар 

жасау;  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді 

ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық  желілерге 

шығу» делінген. 

Бүгінгі  күн  талабына  сай  жан-жақты  дамыған,  өмірге  реалистік 

тұрғыдан  қарайтын,  жан  дүниесі  сұлу,  рухани  бай,  сезімтал,  терең 

біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін қажырлы еңбек ететін 

жаңашыл  ұстаз  керек.  Өз  мақсатына  жету  үшін  Ұстаздың  қолында  екі 

мықты қаруы болу керек. Бірі – терең ғылыми білім, екіншісі – сол білімін 

оқушы бойына, санасына жеткізетін, дарытатын әдіс-тәсілі. Осы екеуінің 

басын қатар ұштастыра білген мұғалім жаңа технологиялардың тиімдісін, 

ең  керектісін  таңдап,  қолданады.  Бұл  жөнінде  А.Байтұрсынұлының 

«Мектеп  керектері»  мақаласында  «Мұғалім  қандай  болса,  мектеп  Һәм 

сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен көбірек білім 

алып  шықпақшы.  Солай  болған  соң  ең  әуелі  мектепке  керегі  –  терең 

білімді,  педагогика  мен  методикадан  хабардар,  жақсы  оқыта  алатын 

мұғалім. Екінші – оқыту ісіне керек құралдар һәм сайлы болуы. Құралсыз 

іс істелмейді, һәм құралдар қандай болса, істеген іс те сондай болмақшы» 

деп көрегендікпен айтқан пікірі бүгінгі оқыту ісіндегі өзгерістерге дәлел 

болып отыр. 

Білім  беру  саясатының  тұжырымдамасына  сай,  мемлекеттік  тілді 

меңгерген, шығармашылық тұрғыда ойлай алатын танымдық мәдениеті 

биік, ұлттық мәдениетті жете меңгерген, интеллектуалдық өрісі жоғары 

кез келген қиындықты жеңе алатын, өз мәселелерін өздері шеше алатын, 




Парадигмы современной науки. № 1 (3) / 2017 

47 


өзін-өзі үнемі дамыта алатын белсенді, қабілетті жеке тұлғаны, жастарды 

тәрбиелеуде бастауыштың рөлі ерекше. 

Бастауыш  сыныптарының  сабақтарында  осындай  проблеманы 

шешуде өзім қолданып жүрген сын тұрғысынан ойлау стратегиялары 

оқыту  мен  тәрбиелеудің  тиімділігін  арттырады.  «Қыран  түлегіне 

қайырылмас  қанат  сыйлайды,  ұстаз  түлегіне  алға  бастырар  талап 

сыйлайды»  дейді  халқымыз.  Сын  тұрғысынан  ойлау  стратегияларын 

тиімді  пайдалана  отырып,еркін  сөйлеуге,  сауатты  жазуға  үйретіп,  жас 

ұрпақтың 

шығармашылық 

қабілетін 

дамытып,оқуға 

деген 

қызығушылықтарын,  ынтасын  арттыру  –  менің  алға  қойған  мақсатым. 



Егер  оқушыларда  пәнге  деген  қызығушылық  болмаса,  сапалы  білімді 

талап ету қиын болады. Бір сарынды тапсырмалар оқушылардың пәнге 

қызығушылығын  жоғалтып,  жалықтырады.  Осындай  жағдайларды 

болдырмау  үшін  жаңа  педагогикалық  технологияның  әдіс-тәсілдерінің 

ерекшелігіне  қарай  жеке  оқушының  қабылдау  деңгейі  мен  қабілетіне 

сәйкес іріктеп пайдаланамын. 

Соның  бірі  –  «Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды 

дамыту»  технологиясы.  Бұл  технологияның  тиімділігі  –  біріккен  іс-

әрекетті ұйымдастыра отырып, оқушылардың сын тұрғысына ойлау мен 

жазу  дағдысын  қалыптастыру.    «Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту»  - 

сынау емес, шыңдалған ойлау. Белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, 

оны зерттеп, салыстырып, белгілі бір жүйеге келтіре отырып, кез келген 

проблемаға деген өз көзқарасын білдіру. Осы СТО жобасының кез келген 

стратегияларын  сол  қалпында  алып  қана  пайдаланбаймын,  оларды  өз 

проблемама, сыныптың ерекшелігіне дамытып қолданамын. 

Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясы 

арқылы оқушы мынадай жетістіктерге жетеді: 

1. 


Өзіндік ойын ортаға салуға дағдыланады. 

2. 


Еркін сөйлеуге жол ашады. 

3. 


Алдына нақты мақсат қоя біледі. 

4. 


Тапсырманы жауапкершілікпен атқаруды үйренеді. 

5. 


Пікірталасқа белсенді түрде қатысады. 

6. 


Шығармашылық қабілеті дамиды. 

7. 


Өзгенің пікіріне құрметпен қарайды. 

8. 


Жұппен, топпен, жекелей жұмыс істей білуге үйренеді. 

9. 


Өмірге деген көзқарасы көзқарасы туады. 

10.  Оқиға немесе кейіпкерге деген сезімі оянады. 

11.  Мәдениетті, көркем тілде сөйлей алатын болады. 

12.  Жан-жақты мағлұмат алуына бағыт береді. 

13.  Өз ойын дәлелдеуге тырысады. 

14.  Өз бетімен ізденушілігін қалыптастырады. 




Қазіргі ғылымның парадигмалары. № 1 (3) / 2017 

48 


 

15.  Сыйластық, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. 

16.  Пәнге, тақырыпқа қызығушылығы артады. 

17.  Зерттеушілік қабілеті дамиды. 

18. 

Сыныпта жайлы психологиялық ахуал туғызады





Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы бойынша сабақ 

құрылымы үш кезеңнен тұрады: I. Қызығушылықты ояту. II. Мағынаны 

ажырату. III. Ой толғаныс. 



I.  Қызығушылықты  ояту  кезеңінде  әрекеттің  танымдық  түрлері 

орын  алады.  Бұл  оқушыны  өз  білімін  талдап,  жаңа  тақырып  бойынша 

ойлауға белсендіреді. Тақырып туралы ой қозғау бар ақпарат пен жаңа 

ақпаратты байланыстырып, қызығушылықты тудырады. 

Сабақтың  кезеңдерін  айқындау  үшін  мұғалім  қажетті,  мазмұнды 

сұрақтарды  дұрыс  қоя  білуі  керек.  Қызығушылықты  ояту  кезеңінде 

мынадай  сұрақтарды  қоямын:  Сабақтың  тақырыбы  қандай  деп 

ойлайсыңдар? Осы жайлы не білесіңдер? Не күтесің, нені білгің келеді? 

Не үшін білгің келеді? Суретке қарап не ойладың? Не туралы сурет? 

Дәл осы кезеңде тақырыптың мақсатын оқушының өзі ашады. 

Бұл  кезеңде  СТО-ның  мынадай  стратегияларын  қолданамын:  Ой 

қозғау, Ассоциация, Атаулар көмегімен болжам жасау, Көрнекілік т.б. 

Мысалы «Ой қозғау» стратегиясын «Наурыз» тақырыбын өткенде 

былай  қолдандым:  алдымен  Наурыз  мейрамы  жайында  оқушылар  не 

білетіндерін жұпта талқылап, ой қозғады. Оны жеке қағазға түсірді. 

Топқа  өз  пікірлерін  жеткізді.  Сөйтіп  олар  ортақ  пікірді  тақтаға 

жазып шықты. Мысалы: 

1. 


Найрыз мейрамы 22 наурызда тойланады. 

2. 


Наурыз – мұсылманша Жаңа жыл. 

3. 


Көктем мерекесі. 

4. 


Күн жылынады. 

5. 


Құстар ұшып келеді. 

6. 


Қыдыр ата келеді. 

7. 


Наурыз көже пісіріледі. 

8. 


Ұлттық ойындар ойналады. 

9. 


Бір-бірін қонаққа шақырады. 

Ал  әдебиеттік  оқу    сабағында  «Халық  ауыз  әдебиеті»  тақырыбын 

өткенде  ассоциация  жасатуға  болады.  Оқушылар  осы  тақырыпқа 

байланысты  қандай  ой  туындайтынын,  ойға  не  келетіндігін  жазады. 

Сонан  соң  солармен  сөз  тіркестерін,  сөйлемдер  құрастырады.  Осы 

ассоциация бойынша өтетін сабақтың не жайында болатындығын өздері 

айтып береді. Яғни өзіндік ізденуге үйренеді. 

 

 




Парадигмы современной науки. № 1 (3) / 2017 

49 


Мысалы:                                 шешендік сөздер 

мақал-мәтелдер                                                         аңыз-әңгімелер 

  қанатты сөздер                      Халық ауыз                  нақыл сөздер 

ертегілер                                  әдебиеті                 тиым сөздер 

                           айтыс                      

                                              жұмбақтар 

                                                                        жаңылтпаштар 

II. Мағынаны ажырату кезеңінде оқушының іс әрекетінің барлық 

түрлері қамтылады. Яғни, оның жаңа тақырыпқа көшуі, оны зерттеуі, оқу, 

жазуы, тәжірибе жасауы. Бұл кезең сабақтың ең негізгі кезеңі. Себебі жаңа 

тақырыпты  түсіну,  оны  әрі  қарай  дамыту,  ой  елегінен  өткізіп,  керекті 

ақпарат  ретінде  қолдану  осы  кезеңге  байланысты.  Мағынаны  ажырату 

кезеңінде оқушылар мәтіннің мазмұнын зерттеп оқиды, өз білімдерінен 

жауап  іздейді.  Сабақта  қолданылған  көрнекіліктер  арқылы  ақпаратты 

өздері  тауып,  мазмұнын  қалай  түсінгендерін  қолданады.  Бұл  кезеңде 

СТО-ның  мынадай  әдіс-тәсілдерін  пайдаланамын:  Топтастыру,  Түртіп 

алу  немесе  I.N.S.E.R.T.,  Болжам  кестесі,  Кубизм,  Венн  диаграммасы, 

Галлереяға саяхат, ББҮ (білемін, білгім келеді, үйрендім), Қарама-қайшы 

элементтер, семантикалық карта, Елес жетелеу, Екі қадамды сұхбат т.б. 

Оқушылардың 

ойлау 


қабілеттерін 

арттыруда, 

пікірлерін 

дәлелдеуде, білім сапасын арттыруда Венн диаграммасының тиімділігі 

мол. Бұл әдіс бойынша оқушылар екі кейіпкердің немесе екі заттың т.б. 

ұқсастығы  мен  айырмашылығын  ажыратады.  Жақсылық  пен 

жамандықты  айыра  білуге  үйренеді.  Мысалы  әдебиеттік  оқу  пәнінен 

«Кім  болам?»  әңгімесін  қорытындылау  кезінде  Венн  диаграммасын 

қолдандым. 

 

 



        Мұғалім                 Ортақ                 Дәрігер 

оқытушы          Адамдарға пайдасы         емдеуші 

білім беру            бар мамандық иесі         адам өмірімен  күресуші 

тәрбие 


білім негізін 

салушы 


 

 

 



Бұл салыстырудан адамгершілікке жат қылықтардан аулақ болып, 

жақсы  қаиеттерді  бойына  дарытуға  тәрбиелейді.  Оқытудың  тиімді 

әдісінің  бірі  –  «I.N.S.E.R.T.»  стратегиясы.  Бұл  әдісті  әдебиеттік  оқу 

пәнінен  «Адамның досы  тақырыбын» өткенде балалар былай қолданды: 




Қазіргі ғылымның парадигмалары. № 1 (3) / 2017 

50 


 

 

V  - сәйкес келу 



- мен ойлағаннан бері  + - жаңа ақпарат 

?  таңғалдым 

-кітап 

адамның 


досы екендігі; 

-көп 


жақсы 

нәрселерді 

үйренеміз; 

-  кітапты  жасап 

шығару өте қиын 

Оқулықтарымыз 

сияқты 

басқа 


кітаптардың 

бізге 


тигізер 

пайдасын 

білдім. 

Кітаптан  көп  ақыл 

аламыз 

Сөздер  қалай 



ақыл береді? 

 

Мұндай  әдіс  білетін  материалды  еске  түсіртіп,  жаңа  тақырыпты 



қаншалықты  меңгергендігін  көрсетеді,  әрі  есте  сақтау  қабілетін 

арттырады. 



III. Ой толғаныс кезеңі . Бұл кезеңде оқушы жаңа үйренген білімін 

қайталап, қалыптастырады. Алған ақпаратты саралап, пікір алысады, өз 

пікірлерін  дәлелдейді,  ой-өрісі,  шығармашылық  ойлау  қабілеті  дамып, 

кеңейеді, қорытындыны өздері шығарады. Бұл кезеңде «Бес жолды өлең» 

т.б. стратегияларды қолданамын. «Бес жолды» өлең» әдісі – ақпаратты 

жинақтау  қабілеттілігін,  аз  ғана  сөзбен  күрделі  ойын,  сезімін,  үмітін 

білдіру. Бұл әдіс ақпараттың талданғанын және материалдың аз сөзбен 

көп ойды білдіретіндігін талап етеді. Берілген әдіс мынадай жолдардан 

тұрады: 1-жол - тақырыпты білдіретін 1 сөз -1 зат есім, 2-жол - тақырып 

мазмұнына байланысты 2 сөз – 2 сын есім, 3-жол – тақырып бойынша іс-

әрекетті білдіретін 3 сөз – 3 етістік, 4-жол – тақырыптағы сөзден тұратын 

сөз  тіркесі  немесе  көңіл-күйді  білдіретін  сөйлем,  5-жол  –  тақырыптың 

болмысын  білдіретін  синоним  сөз.  Мысалы,  Ы.Алтынсариннің  «Өзен» 

деген  тақырыпты  өткенде  оқушылар  «Өзен»  деген  сөзге  «Бес  жолды 

өлеңді» былай жасады: 

Өзен 


мөлдір, таза 

сарқырайды, гүрілдейді, ағады 

Сарқырап аққан өзеннің дауысы – ай! 

бұлақ 


  Сонымен  «Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды 

дамыту»  технологиясы  негізінде  өткізілген  сабақтар  оқушының 

тақырыпты  түсінуге  қызығушылығын,  танымдық  белсенділігін 

арттыруға,  өз  бетінше  білім  алуға,  жұптық  және  ұжымдық,  бірлесіп  

жұмыс  жасауға,  ізденушілік,  зерттеушілік,  шығармашылық  ойлау 

қабілеттерін  қалыптастыруға  ықпал  етеді.  Ең  бастысы  тілді меңгертуде 

оқушы  білімінің  тереңдігі  мен  тиянақтылығын  арттырып,  елін,  жерін, 

тілді  сүйетін  елжанды,  шығармашылығы  жағынан  дамыған,  егеменді 




Парадигмы современной науки. № 1 (3) / 2017 

51 


еліміздің ертеңін нұрлы етер «Барыс текті», намысты, инабатты, білімді, 

дені сау ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді. 

 

Қолданылған әдебиеттер 

1.  З.  Қ.  Кульбаева,  Ана  тілі  сабағында  «Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту» 

технологиясын қолданудың тиімділігі. Бастауыш сынып №7.

 [2013 жыл, 2 бет], 

 

2.  К.  Талдыбаева  «Білім  беру  үрдісінде  жаңа  технологияны  пайдалану  жолдары», 



«Бастауыш сыныпта оқыту»  №5 .

 [2005 жыл, 3 бет],

  

3.  А. Отарбай  «Оқытудың  жаңа әдістерімен», Бастауыш мектеп №3.  



[2004 жыл, 27  бет]

 

4.  Б .Баратова. «Оқытудағы тиімді тәсілдер» Бастауыш мектеп № 4.  



[2004  жыл, 28-29 бет]

 

  



 

UDC 373.31 

 

Effectiveness of critical thinking strategies in the classroom in elementary school 

 

A.A. Shaukerova 

Mamlyut sanatorium secondary boarding school, 

Mamlyut district, North Kazakhstan 

 

shaykerova78@mail.ru



 

 

Summary.  The article is devoted to strategies for developing critical thinking. 



 

Keywords: critical thinking, the awakening interest , Venn diagram , "I. N. S. E. R. T.".  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау