Пайдалы қазбаларды зерттеудің лабораториялық Әдістері


Типоморфтық минералдық ассоциация түсінігі



жүктеу 1,49 Mb.
бет50/83
Дата22.01.2022
өлшемі1,49 Mb.
#34618
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   83
dyusembaeva paidaly umk kz 2012

Типоморфтық минералдық ассоциация түсінігі жақын геологиялық және физикалық-химиялық жағдайларда бірге жаралған минералдардың заңды
әрекеттесуі болып табылады. Минералдық ассоциация құрамына саны бойынша басты, қосымша, сирек және ӛте сирек типоморфтық минералдар тобы кіреді. Мұндай ассоциация арасында басқа жағдайда жаралған және басқа ассоциацияға жататын реликтілік, метаморфтық және туынды минералдар кездесуі мүмкін.
Геологиялық-минералогиялық зерттеулерде минералдық ассоциация ішінде минералдардың санаулы парагенетикалық топтары не минералдардың парагенезисі бӛлінеді. Парагенетикалық минералдық ассоциация тура шекараларымен бітісе жаралатын және тең салмақты жағдайларда біруақытта түзілетін, кейде бір минералдың басқа минералмен шамалы коррозия белгілерімен екі немесе бірнеше минералдың минералдар ассоциациясында заңды түрде бірге кездесіп табылуын кӛрсетеді.
Сондықтан, минералдық ассоциацияларда минералданудың белгілі бір стадиясында қалыптасуы ӛтетін, бір немесе бірнеше парагенезисті бӛлуге
болады. Рудатүзуші минералдарды анықтағанда парагенетикалық ассоциациялардың заттық құрамын ескеріп білу ӛте қажет, ӛйткені әрбір минерал, минерал ассоциация тобының сипаттаушы бір бӛлігі болып табылады.
Типоморфтық минералдар ассоциациясындағы минералдар тізімі ұқсас кенорындар тобын зерттегенде белгіленеді. Жекелеген кенорындар берілген ассоциацияның минералдар құрамының тек кӛп немесе аз бӛлігін ғана қамтуы мүмкін.
Жоғарыда берілген парагенезис анықтамаларынан бірге жаралған минералдар генетикалық байланыстары тек кеңістікте (бірге кездесуі) ғана емес белгілі бір жас тізбектерімен бӛлініп уақыттарын анықтайды. Минералжаралу

69

процестері минерал ассоциацияларының түзілімдерінің кезеңдеріне сәйкес уақыт үзінділеріне бӛлінеді: этаптар, стадиялар, стадия бӛлікшелері.


Этап, минералдық ассоциация қалыптасуының уақытымен сәйкес келетін ең ұзақ кезең; стадия – минералдардың парагенетикалық ассоциацияларының түзілу уақыты; стадия бӛлігі – парагенетикалық ассоциацияларының тең салмақты бӛлінуі. Бұл реттілікте олардың арасындағы үзілістердің ұзақтығы және сипаттамасы азаяды. Әрбір парагенетикалық ассоциацияны белгілі бір температура (Т), қысым (Р) және заттардың концентрациясы (С) мәндерінде жүйе ретінде қарастыруға болады.
Бұл факторлар минералдық ассоциациялардың жаралу жағдайын анықтайды, олардың ӛзгеруі басқа минералдық ассоциациялардың жаралу және жүйенің теңесуінің бұзылуына әкеледі.
Минералдардың парагенетикалық ассоциациялары туралы ілім минералогия, петрография және пайдалы қазба туралы ғылымында үлкен мәнге ие. Минералдардың парагенетикалық ассоциация білімі іздеу жұмыстарын жүргізуге кӛмектеседі. Мысалы, хромдық рудаларды тек аса негізді таужыныстар таралған жерлерден іздейді. Әктастармен жапсарларында пироксенді және анартасты таужыныстар (скарндар) табылса, оларда осы сияқты таужыныстарында шеелит немесе басқа минералдар бар ма жоқпа соған мұқият қарау қажет. Шлихтарда пироп табылса, алмазды кимберлиттер болу мүмкіндігін кӛрсетеді; пегматиттерде полихромды турмалиннің кездесуі, литий, бериллий, цезий, тантал және ниобийдің бағалы минералдарын табу мүмкіндігін кӛрсетеді. .
Минералдық ассоциацияларды жаралуының басты типтері бойынша топтау қабылданған. Тек осылай жаралуы магмалық (қышқыл, негізгі және сілтілі таужыныстары үшін), пегматиттерде (қышқыл және сілтілі), скарндарда, гидротермалық ӛнім әрекеті, минералдарының ассоциациялары, сонымен қатар теңіздік химиялық шӛгінділер, мору, метаморфизм ӛнімдері, минерал ассоциациялары бӛлінеді.


жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау