Рудаларда парагенетикалық минералдық ассоциацияларын бақылау мақсатымен рудаларды бітімдік-құрылымдық талдау. Кесек үлгітастарда, ӛңделген және мӛлдір тастілімдерде ең алдымен минералдық парагенезистерге тән рудаға қосылғандарды бақылайды. Рудадағы бітімдердің оларға тән морфологиялық типтерін және әрбір минералдық парагенезистері үшін минералдардың типоморфтық ерекшеліктері мен рудадағы пішінінің (таңдақ, жолақтар, желішіктер) байқалуын анықтайды. Осылайша ары қарай минералдық парагенезистердің ӛлшемдерін тағайындайды, макро- және микробітімдерін анықтайды (2 мм-ден артық не кем).
Бітімдік-құрылымдық талдау рудадағы минералдық парагенезистерде байқалатын құрылымдарды толық жете зерттеумен басталады. Бұл үшін әр минералдық парагенезистерде поляризациялық жарық кӛмегімен немесе құрылымдық ӛңдеу минерал бӛліктерінің пішіні (идиоморфты, гипидиоморфты, аллотриоморфты, коллоидты) және олардың ішкі құрылымдарын байқайды.
(белдемділік, қосарлану, пластиналы). Бұл минералдық парагенезистерде минералдар тізбегінің бӛлінуін кӛрсететін құрылымдардың морфологиялық типтерін анықтауға мүмкіндік береді. Одан кейін минералдық бӛлінудің минералдық парагенезистерде морфогенетикалық ерекшеліктері белгіленеді (кристалдық түйірлер, метатүйірлер, бластотүйірлер, коллоидты пішіндер, кластар) және алғашқы немесе туынды генетикалық топтарға жататындығы құрылымдардың морфологиялық типтері (метатүйірлі, метаколлоидты және т.б.) анықталады.
Құрылымдардың генетикалық топтары құрылымның бекітілген қандай морфогенетикалық бітім тобына (таңдақты – қуыстарды толтыру, жолақты - седиментация және диагенез, желілік – метасоматитті орын басу т.б.) жататындығын кӛрсетеді. Уатылу, жаншылу, бластикалық сияқты және басқа туынды құрылымдар минералдық парагенезистердің метаморфизм дәрежесін кӛрсетеді. Қатты ерітінділер шӛгуінің туынды құрылымдары геологиялық термометр ретінде қолданылуы мүмкін. Минералдар жаралуының температура реті туралы мӛлдір минералдарда температура негізінде сұйық кірмелердің гомогенизациясын айтуға болады.
Әдетте рудалардың бітімдік – құрылымдық талдауын жүргізгенде зерттеуші ең алдымен рудада пайдалы компоненттері бар минералдық парагенезис қалай пайда болғанын және ол рудалық минералдары жоқ минералдық парагенезистерінде қандай байланыста болатынын анықтау қажет. Минералдық парагенезис ӛнеркәсіптік минералдардан тұратындықтан, бұл минералдық парагенезис сипаттау ретінде алынады. Оның пішіні, ӛлшемі және басқа минералдық парагенезисін үйлестірушісі болғандықтан рудалардың бітімі (таңдақты, макротекстура, желілік микротекстура, жолақтық немесе цементтік макротекстура және т.б.) морфологиялық типтерін сипаттайды.
Рудалардың құрылымдары минерал жаралу процесінің физикалық-химиялық жағдайын кӛрсетеді және рудаларда минералдардың бӛлінуін анықтау негізін береді. Рудалардың бітімдері минералдық парагенезистердің арасындағы қатынасын кӛрсетеді. Құрылымдарын және бітімдерін зерттеу рудада минералданудың этаптарын және стадияларын бӛлуге мүмкіндік туғызады (әрбір этап және стадия рудаларда ӛздеріне сәйкес минералдық парагнезистерімен кӛрсетіледі). Бітімдерді жалпы геологиялық жағдайымен байланыстыра отырып, кенорындарда минералдық парагенезистердің таралу заңдылықтарын айтуға болады.
нег.. [128-202 б.]; 9 қос. [511 б.]; 11 қос. [272 б.]
Бақылау сұрақтары:
Минералдардың парагенетикалық ассоциациясы және минералдық ассоциация деген ұғымға анықтама беріңіз және олар уақыттың қандай бӛлігіне сәйкес келеді.
Типоморфтық минералдық ассоциация түсінігіне анықтама беріңіз.
Қандай талдама (анализ) рудаларда парагенетикалық минералдық ассоциация және минералдың бӛліну тізбегін анықтайды?
Достарыңызбен бөлісу: |