6 – лекция. Рудалардың бітімдері. Бітімдердің морфогенетикалық топтары және морфологиялық түрлері.
Бітім деп, белгілі бір пішіні бар, минералдық агрегаттарының мӛлшері
қосарланып тұтасуымен сипатталатын руданың құрылысы. Бітімнің морфологиялық бірлігі болып, жаралуы белгілі бір генетикалық жағдайда болған минералдық агрегаттар саналады.
Минералдық агрегаттар деп - белгілі бір парагенетикалық ассоциацияда қосарланып ӛскен минералды айтуға болады. Минерал агрегаттары рудада белгілеріне байланысты бӛлінеді (заттық құрамы, пішіні, ӛлшемі және агрегаттың ішкі құрылымы).
Достарыңызбен бөлісу: |