I. Жақынбіруақытты түзілімдерді дәлелдеу.
1. Біруақытта шӛгу
а) аллотриоморфты түйірлердің агрегаттары, егер әсіресе олар барлығы бірдей ӛлшемді болса;
31
б) концентрлік және жолақты құрылымдар, гель қоймалжыңдарынан бірқалыпты шӛгуді түсіндіруге болады.
Түзілімдердің үздіксіздігі
а) түйірлер аралығындағы түзу немесе қисық жапсарласуы;
б) рудалық компоненттерді интерстицияларында (аралық) немесе басқа минералдың түйір аралықтарында орналасуы, әдетте неғұрлым ірі ӛлшемділерінде;
в) графикалық бітісе ӛсудің болуы;
г) бір минералдың басқаларда кездесуі мынадай жағдайларда егер: а) кірмелер, жұқа ӛлшемдері домалақ не сопақша шариктер, сирек пішінсіз болып келеді; б) кірмелер симметриялы бағытталған және олар кӛп емес; в) минерал түйірлері концентрлік кезектесіп жолақтармен орналасқан; г) бір минералдың түйірлері белдемді құрылымды.
Достарыңызбен бөлісу: |