26
4.3.1.2
Хабарларды спам деп белгілеу
Электрондық пошта клиентінде қарап шыққан кез келген хабарды
спам деп белгілеуге болады. Бұлай істеу үшін контекстік мәзірді
пайдаланыңыз (тінтуірдің оң жақ түймесін басыңыз) да,
ESET Smart
Security > Таңдалған хабарларды спам деп қайта жүйелеу)
немесе электрондық пошта клиентінде орналасқан ESET Smart
Security спамға қарсы құралдар тақтасынан
Спам параметрін
таңдаңыз.
Қайта жүйеленген хабарлар автоматты түрде «Спам» қалтасына
жылжытылады, бірақ жіберушінің электрондық пошта мекенжайы
қара тізімге қосылмайды. Осы сияқты, хабарларды «спам емес»
деп жүйелеуге болады. Егер
Қоқыс-хат қалтасындағы хабарлар
спам емес деп жүйеленсе, олар өздерінің бастапқы қалтасына
жылжытылады. Хабарды спам емес деп белгілеу жіберушінің
мекенжайын автоматты түрде рұқсатты тізімге қоспайды.
4.4 Бағдарламаны жаңарту
Жүйені тұрақты түрде жаңартып тұру ESET Smart Security
бағдарламасы ұсынатын қауіпсіздіктің ең жоғары деңгейіне
ие болудың негізгі шарты болып табылады. Жаңарту модулі
бағдарламаның үнемі жаңартылып отыруымен қамтамасыз етеді.
Бұл екі жолмен жүзеге асырылады: вирус қолтаңбасы дерекқорын
жаңарту және жүйелік компоненттерді жаңарту арқылы.
Ағымдағы жаңарту күйі туралы ақпаратты, соның ішінде вирус
қолтаңбасы дерекқорының ағымдағы нұсқасы мен жаңарту қажеттігі
не қажетсіздігі туралы мәліметті
Жаңарту түймесін басу арқылы
табуға болады. Сонымен қатар, Жаңарту үрдісін дереу іске қосуға
арналған —
Вирус қолтаңбасы дерекқорын жаңарту — опциясы
және ESET жаңарту серверлеріне қатынауға арналған пайдаланушы
аты мен құпиясөз сияқты негізгі жаңартуды орнату параметрлері
де қолжетімді.
Ақпараттық терезеде, сондай-ақ, соңғы сәтті жаңарту күні мен уақыты
және вирус қолтаңбасы дерекқорларының саны сияқты мәліметтер
болады. Сандық көрсеткіш берілген жаңарту бойынша қосылған
барлық қолтаңбаларды тізімге беретін ESET веб-торабына белсенді
сілтеме болып табылады.
Жаңа лицензияңыздың ESET серверінде тіркелгенін және нәтижесінде
түпнұсқалық растама деректеріңіздің электрондық поштаңызға келіп
түсуімен қамтамасыз ететін тіркеу формасын ашу үшін
Тіркеу
сілтемесін пайдаланыңыз.
Ескертпе: Пайдаланушы аты мен құпиясөз ESET Smart Security
бағдарламасы сатып алынғаннан кейін ESET арқылы беріледі.
4.4.1
Жаңарту параметрлері
Жаңарту параметрлері бөлімі жаңарту серверлері және осы сервер
үшін түпнұсқалық растама деректері сияқты жаңарту көздері туралы
ақпаратты орнатады. Әдепкі мәні бойынша
Жаңарту сервері: өрісі
Автоматты түрде таңдау параметріне орнатылады. Бұл мән жаңарту
файлдарының автоматты түрде ең аз желілік трафик жүктемесімен
ESET серверінен автоматты түрде жүктеледі. Жаңартуды орнату
параметрлері Қосымша параметрлер (F5) тармағынан
Жаңарту
параметрінің астынан қолжетімді.
Ағымдағы қолданыстағы жаңарту серверлерінің тізімі
Жаңарту
сервері: ашылмалы мәзірі арқылы қолжетімді. Жаңа жаңарту
серверін қосу үшін
Өңдеу… опциясын
Таңдалған профильдің
параметрлерін жаңарту бөлімінен таңдап,
Қосу түймесін басыңыз.
Жаңарту серверлеріне арналған түпнұсқалық растама өнім лицензиясын
сатып алынғаннан кейін ESET жасаған және пайдаланушыға жіберген
Пайдаланушы аты және Құпиясөз арқылы беріледі.
4.4.1.1
Жаңарту профильдері
Түрлі жаңарту конфигурациялары үшін берілген жаңарту тапсырмасына
пайдалануға болатын пайдаланушының жаңарту профильдерін
жасау мүмкін. Интернетке қосылу сипаттары өзгеріп отыратындықтан,
әр түрлі жаңарту профильдерін жасау ұтқыр пайдаланушылар үшін
өте пайдалы. Ұтқыр пайдаланушылар жаңарту тапсырмасын өзгерте
отырып,
Менің профилім ішінде көрсетілген конфигурация арқылы
бағдарламаны жаңарту мүмкін болмаған жаңдайда жаңартудың
балама профиль арқылы орындалатынын көрсете алады.
27
Таңдалған профиль ашылмалы мәзірі ағымдағы таңдалған
профильді көрсетеді. Әдепкі мәні бойынша бұл жазба
Менің
профилім опциясына орнатылады. Жаңа профиль жасау үшін
Профильдер… түймесін, сосын
Қосу… түймесін басып, жеке
Профиль атауыңызды енгізіңіз. Жаңа профиль жасау кезінде
параметрлерді
Параметрлерді профильден көшіру: ашылмалы
мәзірінен таңдау арқылы қолданыстағы бірінен көшіруіңізге болады.
Профиль параметрлерінде бағдарлама қосылып, жаңартуларды
жүктейтін жаңарту серверін көрсетуге болады, қолжетімді серверлер
тізіміндегі кез келген серверді пайдалануға немесе жаңа серверді
қосуға болады. Қолданыстағы жаңарту серверлерінің тізімі
Жаңарту
сервері: ашылмалы мәзірі арқылы қолжетімді.
Жаңа жаңарту
серверін қосу үшін
Өңдеу… параметрін
Таңдалған профильдің
параметрлерін жаңарту бөлімінен таңдап,
Қосу түймесін басыңыз.
4.4.1.2
Кеңейтілген жаңарту параметрлері
Кеңейтілген жаңарту параметрлерін көру үшін,
Орнату… түймесін
басыңыз. Кеңейтілген жаңарту параметрлері
Жаңарту күйі, HTTP
прокси, LANжәне
Айнаны конфигурациялауды қамтиды.
4.4.1.2.1 Жаңарту режимі
Жаңарту режимі қойындысы бағдарлама компоненттерін жаңартуға
қатысты опцияларды қамтиды.
Бағдарлама компоненттерін жаңарту бөлімінде үш опция бар:
•
Ешқашан бағдарлама компоненттерін жаңартпау
•
Бағдарлама құрмдастарын әрдайым жаңарту
•
Бағдарлама компоненттерін жүктеу алдында сұрау
Ешқашан бағдарлама компоненттерін жаңартпау опциясын
таңдау ESET компаниясы жаңа бағдарламаның компоненттерін
жаңартуды шығарғаннан кейін оның жүктелмейтінін және ешқандай
бағдарлама компонентінің берілген жұмыс стансасында орын
алмайтынына кепілдік береді.
Бағдарлама компоненттерін әрдайым
жаңарту опциясы жаңа жаңарту ESET компаниясының жаңарту
серверлерінде қолжетімді болған сайын бағдарлама компоненттерінің
жаңартылатынын және бағдарлама компоненттерінің жүктелген
нұсқаға жаңартылатынын білдіреді.
Пайдаланушының бағдарлама компоненттерінің жаңартуларын
жүктеуді осындай жаңартулар қолжетімді болған сәтте растауын
бағдарламаның сұрайтынына кепілдік беру үшін үшінші
Бағдарлама
компоненттерін жүктеу алдында сұрау опциясын таңдаңыз.
Мұндай жағдайда, қолжетімді бағдарлама компоненттерін жаңарту
туралы ақпараты диалогтық терезе растау немесе бас тарту
опциясымен көрсетіледі. Егер растайтын болсаңыз, жаңартулар
жүктеліп, жаңа бағдарлама компоненттері орнатылады.
Бағдарлама компоненттерін жаңартуға арналған әдепкі опция —
Бағдарлама компоненттерін жүктеу алдында сұрау.
Бағдарлама компоненттерін жаңарту орнатылғаннан кейін, барлық
модульдердің толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жүйені қайта
жүктеу қажет.
Бағдарлама компоненттерін жаңартқаннан кейін
қайта жүктеу бөлімі сізге төмендегі үш параметрдің біреуін таңдауға
мүмкіндік береді:
•
Ешқашан компьютер қайта жүктемеу
•
Қажет болғанда компьютерді қайта жүктеуді ұсыну
•
Қажет болғанда компьютерді ескертусіз қайта жүктеу
Қайта жүктеуге арналған әдепкі опция —
Қажет болғанда
компьютерді қайта жүктеуді ұсыну.
Жаңарту режимі
қойындысындағы бағдарлама компоненттерін жаңартуға арналған
ең сәйкес келетін опцияларды таңдау осы параметрлер қолданылуға
тиісті болғандықтан, әрбір жеке жұмыс стансасына байланысты.
Жұмыс стансалары мен серверлердің арасында айырмашылық
болатынын ұмытпаңыз, мысалы бағдарламаны жаңартқаннан кейін
серверді автоматты түрде қайта жүктеу күрделі зақым келтіруі мүмкін.
4.4.1.2.2 Прокси сервер
Берілген жаңарту профиль үшін прокси сервердің орнату
параметрлеріне қолжеткізу үшін: Қосымша параметрлер тармағында
(F5)
Жаңарту опциясын басыңыз да,
Кеңейтілген жаңарту
параметрлері тармағының оң жағында орналасқан
Орнату…
түймесін басыңыз.
HTTP прокси қойындысын таңдап, төмендегі үш
опциядан біреуін таңдаңыз:
•
Ғаламдық прокси сервер параметрлерін пайдалану
•
Прокси серверді пайдаланбау
•
Прокси сервер арқылы қосылу (қосылым сипаттарымен
анықталатын қосылым)