Пайдаланылған кемелерді куәландыру қағидасын бекіту туралы



жүктеу 6,32 Mb.
бет6/24
Дата28.11.2017
өлшемі6,32 Mb.
#2289
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
9-қосымшада көрсетілген шектерден шықпаса;

2) қаптама қатпарлануы және жалғаулар үзілуі (мысалы, бұрандалы бекіткіш ұяшықтарында түсу немесе босауы) нәтижесінде су өткізбейтіндігі бұзылды;

3) қаптама және жинақ бойынша сызаттар пайда болды.

207. Егер орта қалдық қалыңдықтар осы Қағидаға 9-қосымшада көрсетілген нормативтерден 0,10 t кем болса, осы Қағиданың 128-тармағына сәйкес ағаш корпус жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шектеулермен пайдалануға жарамды деп саналады.



 

 

4-бөлім. Механизмдерді куәландыру



 

22. Жалпы нұсқаулар

 

208. Осы тарауда Кеме қатынасы тіркелімінің актісін ресімдеуде жеке топқа біріктірілген, шартты механизмдер деп аталған, объектілерді куәландыру бойынша нұсқаулардан тұрады.

Механизм құрамына мыналар қосылады: бас және қосымша қозғалтқыштар, редукторлар, реверстік-редукторлық беріліс, бөлектеу және басқа муфталар, білікөткізгіштер, қозғағыштар, компрессорлар, сорғылар, желдеткіштер, сепараторлар, палуба механизмдер, техникалық флот кемелерінің жұмыс құрылғыларының жетектері.

209. Жөндеуден немесе кемеге жаңа механизмдерді орнатқаннан кейін тиісті құжаттар ресімделе отырып, Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарымен сынақтар жүргізілуі тиіс.



Сонымен ауыстырылған жабдықтың, бұйым сертификаты мен қолданылған материалдардың құжаттарын тексереді.

210. Механизмдерді жұмыс барысында сынақтан өткізу барлық штаттық құралдармен, аппараттармен, қашықтық құрылғылармен және автоматты басқару, сигналдандырумен бірге жүргізіледі.

211. Куәландыру мен жұмыс барысында тексеру үшін механизмдер, оған алдағы немесе жөндеу жүргізу кезінде және авариялық жағдайларға байланысты куәландыруларды қоспағанда жарамды күйде ұсынылады.

Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері куәландыру алдында қажетті құжаттармен (сызбалар, сипаттаулар, нобайлар, формуляр, төлқұжаттар), сондай-ақ машина журналымен танысады.

212. Автоматтандыру жабдығының сынақ және жұмыс барысында куәландыру, осы жабдықтардың құрамына кіретін механизмдермен, құрылғылармен және жүйелермен бірге жүргізіледі.

213. Механизмдерді алғашқы куәландыру осы Қағиданың 3-тарауын § 1 ескере отырып, Кеме қатынасы тіркелімінің талабына сәйкес жүргізіледі.

 

 

23. Кезекті куәландыру



 

214. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері кезекті куәландыру алдында осы Қағидаға 25-қосымшада келтірілген металл корпустың техникалық жай-күйін анықтау әдістемесіне сәйкес механизмдердің ақауын анықтау нәтижелерін көрсететін, кеме иесінің ұсынатын құжаттарымен танысады.

215. Қозғалтқыштардың конструктивтік ерекшелігінің салдарынан иінді білікті қарау және өлшеу орындау мүмкін болмаған жағдайда, олардың ақауын анықтау кемеде орындалмайды.

216. Цилиндр мен төлкені қарау кезінде олардың жұмыс беттерінің техникалық жай-күйі тексеріледі.

Цилиндр блоктарының жоғарғы және төменгі отырғызу аралықтарының ауданында жарық анықтауға, сондай-ақ қаттылық және тасу қабырғаларына ерекше көңіл аударылады.

217. Иінді біліктерді қарау кезінде шатундық және түпкі мойыншалардың, әсіресе галтелдер мен май құю арналарының жұмыс беттері тексеріледі.

218. Қозғалу бөлшектерін қарау кезінде (поршень, поршендік саусақтар, шатундар, штоктар, тарату біліктері, тісті доңғалақ) жұмыс және отырғызу беттерінің техникалық жай-күйіне көңіл аударылады.

219. Түпкілікті, шатун мойынтіректері мен шатунның жоғарғы басы мойынтіректерін қарау кезінде жұмыс беттерін, галтелдерін, жағармай арналарын және арналардың техникалық жай-күйін, сондай-ақ мойынтіректердің төсенішке тығыз жанасуын тексереді.

220. Тіреуіш, аралық және есу біліктерін қарауда шпондық жік саңылауларының ауданында, есу біліктерінің конусы, мұрынды және артқы мойынтіректердің мойын арасындағы есу біліктері, әсіресе галтелдер учаскелеріндегі мойындардың жұмыс беттерінің, тіреуіш ескектердің, білік учаскелерінің техникалық жай-күйіне көңіл аударылады, ол үшін білікөткізу мойынтіректері ашылады, бұранда алынады және есу білігі дейдвуд құбырдан шығарылады. Дөңгелекті қозғағышы бар есу біліктері мойынтіректерден көтеріп алынады.

Бөлшектелген есу біліктері шаршау жарықтарын анықтау мақсатында дефектоскопия жүргізіледі.

221. Қосымша қозғалтқыштарды куәландыру бас қозғалтқыштардың куәландырылуына ұқсас жүргізіледі.



Басты және қосымша қозғалтқыштарға қызмет көрсету жүйелерінің элементтері көзбен бақылауға жатады.

222. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері конструкция, пайдалану нұсқаулығын, қызмет ету мерзімін, көп жұмыс жасауы, бұрынғы куәландыру нәтижелері, ертеректе жүргізілген жөндеу мен бөлшек ауыстыру, сондай-ақ осы Қағиданың 232-тармағында аталған жұмыс параметрлерінің мәнін ескере отырып, әрбір нақты жағдайда қарау, өлшеу және соған байланысты механизмдерді ашу, бөлу мен бөлшектеу көлемін өзгертеді. Осындай өзгертулердің себептері куәландыру актісінде көрсетіледі.

223. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері кеме иесінің ұсынған құжаттарында көрсетілген қарау, өлшеу және сынақ пен іріктеп бақылау нәтижелері бойынша осы Қағиданың 237—242-тармақтарының нұсқауларын басшылыққа ала отырып механизмдердің техникалық жай-күйін анықтайды, жөндеу жұмыстарының көлемін келіседі және жөндеу немесе бөлшектерді ауыстыру бойынша тиісті талаптарды ұсына отырып, кезекті куәландыру актісін құрастырады.

 

 

24. Сыныптамалық куәландыру



 

224. Сыныптамалық куәландыру кезінде атқарылған жұмыстың көлемі мен сапасын растайтын, жұмысты қабылдау актісін, агрегаттар мен бұйымдарды ауыстыру сертификаттарын, жүргізілген сынақ нәтижелерін, осы Қағиданың 233-тармағында көрсетілген параметрлерді өлшеу құжаттарын тексереді.

225. Сыныптамалық куәландыру кезінде, кезекті куәландыру уақытында қойылған талаптардың орындалғандығына, жөндеу және механизмдерді ауыстыру бойынша барлық жұмыстардың аяқталғандығына, ал құжаттар осы Қағиданың 224-тармағында көрсетілген үлгіге сәйкес толтырылғандығына көз жеткізеді.

226. Сыныптамалық куәландыру кезінде қажет болған жағдайда ашуға, бөлшектеуге және құрастыруға және әрекетте сынауды рұқсат етуді қамтамасыз етумен механизмдерді қарау жүргізіледі.

227. Сынау мезгілінде механизмдердің жағдайын бақылау, штаттық бақылау-өлшеу құралдарымен және индикаторлар көмегімен жүргізіледі.

228. Пайдаланудағы механизмдерді тексеру кезінде, осы Қағиданың 231-234-тармақтарындағы ережелерді басшылыққа алады.

229. Механизмдердің сыныптамалық куәландыру нәтижесі сыныптамалық куәландыру актісінде көрсетіледі.

 

 

25. Жыл сайынғы куәландыру



 

230. Жыл сайынғы куәландыру кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері механизмдердің мүмкіндік бар жерлерін қарайды және олардың әрекетін әртүрлі режимде тексереді.

231. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері қозғалтқыштың паспорттары мен формулярларын басты және қосымша қозғалтқыштармен жұмыс істеген сағат саны, иінді балдың раскепін өлшеу нәтижелері, сондай-ақ қозғалтқыштың жылу техникалық бақылау нәтижелері туралы мәліметтерімен бірге тексереді.

232. Энергетикалық қондырғыларды куәландыру және сынау кезінде басты және қосымша қозғалтқыштарды, білік жетектерді, жүйелерді және олардың құрылғысына қызмет ететін, сондай-ақ меңгерік орнымен бірге машиналық бөлімнің байланыс құралдарын пайдалануда әр түрлі режимде тексереді.

Сол немесе басқа жұмыс істейтін объект корпустың, басқа объектілердің, құбырлардың немесе жабдықтың дірілі жоғары болуын тексереді.

233. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері мәні ұйымдастырушы-дайындаушы орнатқан шектен шығып кетпейтін қозғалтқыштың жұмыс параметрлерін (айналым жиілігін, орташа тиімді қысымын немесе циклдың ең көп қысымын, процесс соңындағы сығылу қысымын, май қысымын, май және салқындатқыш, судың температурасын, шағыратын газдың температурасын және түтіндігін тексереді.

234. Басты қозғалтқыштың дистанциялық автоматтандырылған басқаруын (ДАБ) немесе дистанциялық басқаруын (ДБ) пайдалануда қарау және сынау кезінде:

1) Рубкадағы және көпір қанатындағы басқару постыларындағы тұтқаларды ауыстырудың ережеге және синхрондыққа сәйкестігіне көз жеткізу қажет, тұтқалар барлық берілген бағыттарда анық тіркелуі қажет;

2) 10 секундтан аспайтын рульдік рубкадан машиналық бөлім басқаруға басты қозғалтқыштармен басқарудың ауыстырып қосу уақытын тексеру;

3) шынжырмен сынау кезінде ДАБ (ДБ) жіберу бойынша барлық берілген тапсырмаларды айқын орындайтынына назар аударып, айналым жиілігінің өзгеруіне және қозғалтқыштың реверстеуін, қашықтық постынан басқару кезінде баллондарды толтырмай жіберудің жалпы санын анықтап жұмысқа қабілеттілігін тексеру;

4) басты қозғалтқыштың авариялық аялдама құрылғысын әрекетте меңгерімдік рубкадан тексеріп көру;

5) қозғалғыш сынақ кезінде берілген барлық команданың дұрыс және дәл орындалуына көз жеткізу қажет, 25 секундтан аспайтын реверстеудің толықтай алға жүрісінің ұзақтылығын тексеру, басқару тұтқасының орны алдын ала бірнеше рет өзгертілгеннен кейінгі соңғы команда жүйесінің орындалуын тексеру.

235. Автоматты түрде сигнал беру жүйесін (басты және қосымша козғалтқыштардың авариялық-сақтандырғыш сигнал беруі, су қатпарындағы сигналдың болуы, трюмдағы сулар) және басты және қосымша қозғалтқыштардың бақылау және қорғау қашықтық құралдарын қарау кезінде:



1) судың температура тетігін және майдың оларды «авариялық» температураға дейін қыздыру жолымен сыйымдылықта сумен таңдап тексеру;

2) қозғалтқыштарды жіберу және тоқтату кезінде қысым тетігінің жұмыс істеп тұрғандығына көз жеткізу (жұмыс істеу кезінде май қысымын бақылау - штаттық манометр бойынша);

3) сигнал берудің бір-екі тетігінің (іріктеп) жұмыс істеуін су қатпарлары арқылы тетікті сұйықтыққа батырып тексеру;

4) жарық және дыбысты белгі беру құралдарының жөнделгеніне көз жеткізу, қашықтық құралдарын бақылау параметрлерінің жөнделгеніне көз жеткізу, бақылау-өлшеуіш құрал көрсеткіштерінің қашықтық және жергілікті пост басқаруларға сәйкестігін тексеру, құралдар құзіретті ұйымдармен мерзімді калибрлеуге тап болатынына көз жеткізу;

5) қозғалтқыштардың авариялық қорғаушы жүйесінің орындаушы механизмдерін әрекетте тексеру.

236. Механизмдерді жыл сайынғы куәландыру нәтижесі жыл сайынғы куәландыру актісінде көрсетіледі.



 

 

26. Техникалық жай-күйін анықтау



 

237. Механизмдердің техникалық жай-күйі алдыңғы куәландыру актісін қолдану арқылы куәландыру және табылған тозу мәліметтері, ақаулар және бұзылған және кеме иесімен берілген құжаттама бойынша жүргізілген жөндеулер және ауыстырулардың нәтижесі бойынша белгіленеді (ақау актісімен, өлшеу нәтижесімен, сынақ актісімен, формулярмен, машиналық журналмен).

238. Тозу, ақаулар және бұзылған конструкция, торап және бөлшек параметрінің рұқсат етілетін нормасын Кеме қатынасы тіркелімі таныған, нормативтік құжаттар, ұйымдастырушы - дайындаушы нұсқаулықтармен және формулярмен, сондай-ақ осы тарауда көрсетілген нұсқауларға сәйкес техникалық шарттар бойынша анықталады.

239. Механизмдердің техникалық жай-күйі, егер олар жұмысқа қабілетті болып табылса және тозулар және ақаулар рұқсат етілген нормадан аспаған болса жарамды деп саналады.

240. Механизмдердің техникалық жай-күйі жарамсыз деп табылады, егер:



1) иінді балдың қирауы, сызаттануы, задиры;

2) иінді біліктің негізгі және шатунды мойны цилиндрліктен нормадан артық ауытқуы;

3) иінді біліктің осіне қатысты негізгі мойынның нормадан артық соғуы;

4) тозу салдарынан иінді бал мойнының диаметрінің азаюы немесе нормативтік құжатпен рұқсат етілетін ең кіші өлшем шегінен төмен өтуі;

5) нормадан артық иінді біліктің раскептері;

6) жанама қуыс немесе бөлшектердің сүйенішін және төлкесін сырларының бұзылуы, түрпіленуі, сызаттануы;

7) негізгі қозғалатын бөліктерде: біліктерде, шатунда, тарту күшінде, иінағашта, теңгергіште, тістергіште, жалғастырғышта қалдық түрлерінің бүлінуі және бұзылуы, түрпіленуі, сызаттануы;

8) тағайындалған ресурсты өндірген немесе коррозия, сызаттану, тығыз отырғызылмаған, шұңқырлар, зақымдалған бұранда, қалдық түрінің бүліну ізі бар шатунды бұрандалардың ұйымдастырушы-дайындаушымен белгіленген (норма болмаған жағдайда - алғашқы ұзындықтан 0,2 % жоғары) нормадан асып кетуі;

Шатунды бұрандаларды әрбір кезекті куәландыру алдында магнит ұнтақты дефектоскоппен немесе басқа келісілген тәсілмен тексеру қажет.

9) цилиндрлі-поршенді топ бөлшектерінің ақаулары және отынмен жабдықталған басқа бөлшек аппаратураларының нормадан артық саңылаулары, тозулары;

10) ұйымдастырушы-дайындаушы белгілеген, осы Қағиданың 233-тармағына сәйкес қозғалтқыштардың жұмыс параметрлерінің шегінен тыс ауытқуы;

11) маневрлік, жіберу және айналмалы білік құрылғыларының дұрыс қалыптаспауы;

12) жылдамдық реттегішінің дұрыс қалыптаспауы;

13) салқындату жолағынан цилиндр жолағына немесе картерге судың өтуі;

14) газды тығыздалған блок, бүріккі, жіберу клапандары басынан және басқа арматурадан өткізу және қозғалтқыштың ішкі жану картеріне газдың өтуі, бұзылу, сызаттану, жанама қуыс немесе цилиндр шатырын және цилиндрлік төлкелерді бояу;

15) басты және қосымша қозғалтқыштардың жұмысын қамтамасыз ететін жүйелердің (майлы, салқындату, жылу, жіберу, ДАБ, ДУ) және олардың элементтерінің (құбыр жүргізу, арматуралар, сорғылар, жылу ауыстырғыш аппараттар, сепараторлар, сүзгілер, реттегіштер) дұрыс қалыптаспауы;

16) сақтандыратын клапанның, қозғалтқыштың авариялық қорғау жүйесі және жылу беруді тоқтату үшін тиексіз клапанның қашықтық жетегінің дұрыс қалыптаспауы;

17) газ шығарушы жүйенің бұзылған газбен машиналық бөлімшеге өтуі;

18) егер ұйымдастырушы-дайындаушымен қозғалтқыштың құбыр компрессорының ротор тоқтатқышымен жұмыс істеуі көзделмесе құбыр компрессорларының жөнделмеуі. Егер мұндай жұмыс көзделсе онда шығарушы газдың температурасы ұйымдастырушы-дайындаушының рұқсат етілген нұсқаулығынан аспау қажет;

19) механизмнің жұмыс істеуі кезінде қалыпсыз тарсылдар мен шулар;

20) мойынтірек үстінің сыртқы және басқа бөліктердің ұйымдастырушы-дайындаушымен белгіленген температурадан артық қызуы, ал мұндай мәлімет болмағанда - 65 С жоғары;

21) мойынтіректің жылжуы антифрикциондық қабаттың жоғарғы жағында бекітулі контур қалыптастыратын балқу, бояудың кетуі немесе сызаттар, бояудың кетуі немесе ыдыстың, шарлардың, доңғалақшалардың зақымдануы және білік жетектерді айдайтын мойынтірек сепараторлары, реверстық-редукторлық беру;

22) іргетастарды, корпус элементтерін, кемелік техника объектілерін, құбырларды, электр жабдықтарын және т.б. зақымдануына әкелетін механизмдердің жоғары дірілі;

23) бұзылу, сызаттар, сондай-ақ нормадан асатын тісті бергіштің тістері, ал норма болмаған жағдайда 0,2/m асуы, ал m - модуль ілінісі;

24) берілетін қуатты бәсеңдету кезінде төмендетілмейтін редукторлық беру және муфтының шамадан артық қызуы және шуылы;

25) созылмалы муфтының дұрыс қалыптаспауы;

26) білік жетек иінінің жұмыс мойындарының цилиндрлік нормадан тыс ауытқуы, ал мұндай мәлімет болмаған жағдайда мойынның алғашқы диаметрінің - 0,002 асуы;

27) есеп болмағанда, алғашқы диаметрден 0,04 асатын, иіннің бұдан әрі пайдалану мүмкіндігін дәлелдейтін, тозу немесе ағу салдарынан құбыр иіні диаметрінің төмендеуі;

28) сынық, сондай-ақ түрінің бұзылуы немесе еспелі, аралық және тіректік иіннің дұрыс төселмеуі, үстіңгі жақтағы сызаттар, еспелі иіннің конусындағы фреттинг-коррозия іздері;

29) мәні осы Қағиданың 27-қосымшасындағы көрсетілген мәндерден асатын, еспелі иіннің мойынтірегіндегі саңылау;

30) иінге отырғызудың әлсіреуі, сынық немесе еспелі бұранданың қалақшалары түрінің бұзылуы немесе олардың жоғалуы, доңғалақ қуысы иініне отырғызудың әлсіреуі, қуыстардағы, эксцентриктегі, күпшектегі, шеңбердегі, білікшедегі және еспелі доңғалақ тізгініндегі сызаттар;

31) жөнделмеген немесе калибрден өтпеген бақылау-өлшеуіш құралдар.

241. Техникалық құжаттамада айтылған ресурстарды күрделі жөндеуге дейін өндірген, бірақ техникалық жарамды қозғалтқыштар, пайдалануға кейіннен жоспарлы куәландыруға ұсынылатын (жыл сайынғы және кезекті), жыл сайынғы куәландыру арасындағы аралыққа тең мерзімде жіберіледі. Осы Қағиданың 215-тармағында көрсетілген қозғалтқышты куәландыру кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері кеме иесінің қозғалтқыштың қарауға арналған бөліктерінің соңғысына жақын тозуларының жоқтығын, ал қозғалтқыштың жұмыс параметрлері нормаға сәйкес екендігін растайтын актісімен танысады. Кеме иесі қозғалтқышты одан әрі пайдалану мүмкіндігі туралы Кеме қатынасы тіркелімінің Тану туралы куәлігі бар мамандандырылған ұйымның қорытындысын әкелген жағдайда, қозғалтқыштар ұзақ мерзімге пайдалануға жарамды деп танылуы мүмкін.

242. Егер оларды әрекетте сынау кезінде (қозғалтқыштың жұмыс параметрінің иін айналымы жиілігінің төмендеуі) осы Қағиданың 240-тармағында көрсетілген қателік табылмаса, мынадай жағдайларда, қозғалтқыштар бұдан әрі пайдалануға шектеумен жарамды болып табылады:

1) егер иінді біліктің тозу және түрінің бүліну мәні 240-тармақтың 2) - 5) тармақшаларында көрсетілген 0,8 - 1,0 мәнінің шегінде болса;

2) егер қозғалатын бөліктерде немесе арқау бөліктерде шегін сақтаумен уақытша пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілімен Кеме қатынасы тіркелімімен келісіліп жойылған ақау болса;

243. Егер куәландыру нәтижесінде басты қозғалтқыштардың бірінің техникалық жай-күйі жарамсыз деп табылса, құрамы мынадай үш және одан жоғары басты қозғалтқыштар кіретін энергетикалық қондырғысы бар кеме, уақытша пайдалануға пайдалану шегін тағайындау арқылы жарамды болып танылады.

244. Сол және басқа механизм автоматикасы бұзылған жағдайда (қондырғы, жүйе) оның пайдаланылуы тоқтатылады немесе шектеу арқылы жіберіледі (автоматиканың бұзылған элементін өшіреді, командалық штатты көбейтеді).

 

 

5-бөлім. Қысымдағы ыдысты куәландыру және сынау



 

27. Жалпы нұсқаулар

 

245. Осы бөлім жұмыс жағдайында толықтай немесе ішінара жұмыс істеу қысымы 0,07 МПа және одан да жоғары газбен толтырылған, сыйымдылығы 0,025 м3 және жоғары немесе 0,03 МПа-м3 және одан жоғары құрайтын в м3 сыйымдылыққа МПа жұмыс қысымын туындататын қысымдағы ыдыстарды куәландыру және сынау жөніндегі нұсқауларды қамтиды.

Осы бөлім сондай-ақ ТБЖҚ (жалпы кемелік жүйенің пневмогидроцистерналары, өрт сөндіретін жүйе құрамындағы өрт сөндіретін сұйықтықты сақтауға арналған көмір қышқыл баллондар мен резервуарлар) келтірілген номенклатураға сәйкес қысымдағы ыдыстарға да қолданылады.

246. Қысымдағы ыдыстар:



1) сыртқы куәландыруға - жыл сайын;

2) ішкі куәландыруға - 5 жылдан кейін;

3) гидравликалық сынауға - 10 жылдан кейін ұшырайды.

Қысымдағы ыдыстарға функционалды байланысқан құбырларды, куәландыруға және сынауға қысым астындағы ыдыспен бір мезгілде жүргізіледі.

247. Қысымдағы ыдыстарды алғашқы куәландыру кезінде, кемеде ыдыстарды әрекетте тексеру кезінде ішкі куәландыру, гидравликалық сынау және сыртқы куәландыру жүргізіледі.



Бұрын мерзімділігі белгіленген уақыт шегінде жүргізілген, сыныптамалық ұйыммен танылған сертификаты болған кезде ішкі куәландыру және гидравликалық сынау есептеледі.

Мұндай жағдайда кейіннен кемені мерзімді куәландырумен қатар есепке алып, ішкі куәландыру және гидравликалық сынаудың келесі уақыты, сертификатта көрсетілген уақыттан саналады.

248. Әрбір куәландыру және сынау алдында Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері алдыңғы куәландыру нәтижесімен танысады және кеме иесінен ыдысты алдыңғы куәландырудан кейін (сынау) табылған ақауларды жойғандығы туралы мәліметті алады.



Сынау және куәландырудың нәтижелері, сондай-ақ қысымдағы ыдыстың ақаулық талаптарын жою актісінде жазылады.

249. Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің келісімі бойынша маңызды жөндеу және ауыстырудан кейін, ыдыс технологияларына мерзімінен бұрын ішкі куәландыру және гидравликалық сынақ жүргізіледі.



 

 


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау