Пайдаланылған кемелерді куәландыру қағидасын бекіту туралы



жүктеу 6,32 Mb.
бет4/24
Дата28.11.2017
өлшемі6,32 Mb.
#2289
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
26-қосымшасына сәйкес бір жылдан аспайтын ақауын анықтау материалдарын қолдану арқылы тікелей беріктік есебі түрінде орындалады.

«М-ПР» және «О-ПР» сыныпты мерзімі 15 жоғары ұзынды 50 м кемелер үшін ІЖКЖҚ 1-бөлімі 317-тармағына сәйкес жобаланған кеме үшін сәйкес келетін нормативтері бар түп және палуба белбеуінің көлденең қимасының 10 % азайтылған нормативтік жиынтық алаңының нақтылы мәнімен салыстыру жолымен корпустың жалпы беріктігінің негіздемесін орындауға рұқсат етіледі.

127. Егер кеменің барлық элементтері Кеме қатынасының тіркелімі Қағидасының талаптарына сәйкес болса, ал анықталған ақаулар параметрлері шекті мәндер шеңберінде болса, кеменің техникалық жай-күйі жарамды болып саналады, оған сынып (расталады, қайта жаңартылады немесе қалпына келтіріледі) беріледі және оның сыныбы мен мақсатына алдын ала анықталған жүзу жағдайына жарамды деп танылады.

128. Егер кеме элементтері Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына толық сәйкес болмаса, кеменің сыныбы төмендетіледі немесе жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, көрсетілген мынадай шектеулермен пайдалануға жарамды болып танылады:



1) су үсті бортының биіктігін көтеру (жүк көтерімділігін азайту);

2) жел-толқын режимі бойынша шектеулер;

3) жүзу ауданы мен пайдаланым маусымдылығы бойынша шектеулер;

4) тасымалданатын жүк түрі бойынша шектеу;

5) тиеу тәсілі бойынша шектеу;

6) бос және балластсыз жүзуге рұқсат бермеу;

7) балластау және жүкті орналастыру нобайын өзгерту;

8) мұз жағдайында жұмысқа тыйым салу немесе шектеу;

9) жолаушы сыйымдылығын азайту;

10) бас қозғалтқыштарының қуатын азайту;

11) машина бөлімінде тұрақты вахтасыз жұмысқа рұқсат бермеу;

12) электр энергиясын бір мезгілде тұтынатын қуатты шектеу;

13) жүк көтерімділігін, кеменің және жүзбелі крандардың жебесін шектеу;

14) жүк көтерімділігін төмендету немесе жүзбелі доктардың стапель - палубасына меншікті салмақтың азаюы;

15) келесі куәландыруға дейін уақыт аралығын қысқарту.

Осы Қағиданың 128-тармағының 1-ден 8-ге дейінгі тармақшаларына сәйкес кеме корпусына сыртқы жүктеменің азаюын көздейтін шектеулердің қажеттігі мен жеткіліктілігі осы Қағиданың 126-тармағында көзделген беріктік есептерімен негізделеді.

Кемені жаңартқаннан немесе тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін шектеулер алынады, соның салдарынан шектеу салу себептері жойылады.

129. Егер кеме элементінің кез келген біреуінің техникалық жай-күйі жарамсыз болып танылса, кемеге сынып берілмейді (расталмайды, қайта жаңартылмайды немесе қалпына келтірілмейді) және осы Қағиданың 130-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ол пайдалануға жарамсыз деп танылады.

130. Кеме бір немесе бірнеше элементтерінің техникалық жай-күйіне байланысты жарамсыз деп танылса, оны басқа мақсатқа қолдану кезінде пайдалануға жарамды деп танылады.

131. Сыныпты сақтау және бұдан әрі пайдалану мүмкін болмайтын бүлінулер болған кезде, кемені жөндеу немесе түсіру орнына бір жолғы өту бойынша мәселе осы Қағиданың 6-тармағына сәйкес реттеледі.

132. Кемені пайдалануға аса қауіп төндірмейтін ақаулар, бүлінулер немесе зақымдар болған кезде, алдағы жоспарлы жөндеу немесе Кеме қатынасы тіркелімімен белгіленген мерзімде жойылады.

Сонымен бірге Кеме қатынасының тіркелімі кемені қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін пайдалану шектеулерін белгілейді.

133. Егер кемені Қағиданың талаптарына сәйкес келмейтін бүлінген техникалық құралдар Кеме қатынасы тіркелімінің Қағидасымен регламенттелетін кеме элементтерінің қалыпты жұмысына кедергі болса және оларды қолдану оларды пайдалану кеменің жүзуіне, адам өміріне, қоршаған ортаға, жүктердің сақталуына қауіп төндірсе, онда көрсетілген техникалық құралдар кемені пайдалануға дейін дұрыс күйге келтіріледі.



 

 

11. Құжаттар



 

134. Кеме қатынасы тіркелімі сыныптамалық қызметін жүзеге асыру кезінде тиісті құжаттар береді.

135. Кеме қатынасының тіркелімі беретін мынадай құжаттар Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарын орындауды растайтын кемелік құжаттар болып табылады:



1) Сыныптамалық куәлік;

2) Жүзу жарамдылығы туралы куәлік;

3) Мұнай, пайдаланған су және қалдықпен ластануды болдырмау туралы куәлік;

4) Кеме қатынасы тіркелімінің Қағидасында көзделген басқа құжаттар.

136. Осы Қағиданың 135-тармағының 1)-3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, жыл сайын растап отыру арқылы, келесі сыныптамалық куәландыру мерзіміне дейін беріледі.

137. Мынадай құжаттар Кеме қатынасы тіркелімінің техникалық бақылауымен дайындалатын материалдар мен бұйымдарды Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар болып келеді:

1) Кеме қатынасы тіркелімінің материалдар мен бұйымдарға беретін сертификаттары;

2) Кеме қатынасы тіркелімінің өткізген сынақтары туралы актілері;

3) Кеме қатынасы тіркелімімен келісіліп, кәсіпорындарға және олардың өндіретін материалдары мен бұйымдарына немесе зертханалардың өткізілген сынауларына беретін құжаттары.

138. Кеме қатынасы тіркелімінің құжаттары куәландырудың оң нәтижелерінің негізінде беріледі.

139. Кеме қатынасының тіркелімі, басқа сыныптамалық ұйымдармен берілген құжаттарды толығымен немесе жартылай тануы мүмкін.

140. Кеме қатынасы тіркелімінің кемелік құжаттары, кеме иесінде сақталатын немесе итеру-кемесінің капитанында, итеру-кемесіне тұрақты бекітілген жағдайда, экипажсыз пайдаланылатын кеме құжаттарын қоспағанда, кемеде сақталады.

141. Кеме қатынасы тіркелімінің құжаттары мынадай жағдайда заңды күшін жояды:

1) кеме элементтерінің, түзетілмеген (бүлінулер) жағдайда пайдалану қауіпсіздігі қамтамасыз етілмейтін, бүлінулерден кейін;

2) кемені белгіленген мерзімде куәландыруға ұсынбаған жағдайда;

3) Кеме қатынасы тіркелімінің талаптары орындалмаған жағдайда;

4) Кеме қатынасының тіркелімі құжаттарында көрсетілген жүзу жағдайы бұзылған кезінде;

5) Кеме қатынасы тіркелімінің алдын ала келісімін алмай, кеменің конструктивтік өзгерісіне байланысты жұмыстарды жүзеге асырған кезде;

6) егер кеме Кеме қатынасы тіркеліміне сыныптамалық есепке қойылмаған жағдайда.

142. Кеме қатынасы тіркелімінің құжаттарын күшін қалпына келтіру үшін, осы құжаттардың күшін тоқтатуға әсер еткен себептер жойылғаннан кейін, кеме кезектен тыс куәландыруға ұсынылады.

143. Кеме қатынасы тіркелімінің сыныптамалық қызметін жүзеге асырған кезде жасалатын құжаттар тізбесі осы Қағиданың 24-қосымшасында келтірілген.

 

 

3-бөлім. Корпусты және қондырманы куәландыру



 

12. Жалпы нұсқаулар

 

144. Осы тарау болат, темірбетон, пластмасса, ағаш корпустарды, жеңіл қорытпалы корпустарды және кеме қондырмаларын куәландыру жөніндегі нұсқаулардан тұрады.

145. Кеменің жалпы иіліміне қатысатын қондырмалар, куәландыру кезінде корпустың бөлігі ретінде қаралады.



Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері алғашқы куәландыру құжаттарында жобаға және конструктивтік орындауға сәйкес кеменің жалпы иіліміне қондырманың қатысатынын немесе қатыспайтынын белгілейді.

146. Барлық кемелердің корпусы мен қондырмасын куәландыру кезінде тұрғын және қызметтік үй-жайлардағы, кинофильмдер көрсету үй-жайларындағы жабдықтардың техникалық жай-күйін, электр газ дәнекерлеу жұмыстарын және баллондарды сақтау, өрт сақтығы конструктивтік элементтерінің, өткелдердің, есіктердің, траптардың, комингстердің, люк және қылталардың қақпақтарын иллюминаторлардың, фальшбортты, леер қоршауларын, тұтқаларды, өту көпірлерін, түсу траптарын тексереді.

147. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері кемені пайдалануға жіберуден бұрын корпусты куәландырудың барлық түрлерін жүргізген кезде жүк маркасының дұрыс белгіленуін, сондай-ақ мыналардың бар болуын тексереді:

1) өздігінен жүзетін және жүзбейтін жүк кемелерінде тиеу және түсіру жөніндегі нұсқаулықтар;

2) жолаушы, жүріп-тұратын, сүйрегіш және кәсіпшілік кемелер, ұйымдасқан адамдар тобын тасымалдайтын жолаушы тасымалдамайтын кемелердің ауытқымаушылығына ІСКЖҚ 1-бөлімінің 65-тарауына сәйкес қосымша талаптар қойылатын жүк кемелерінде, аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін барлық кемелерде, сондай-ақ Кеме қатынасы тіркелімінің талап етуімен басқа типтегі және мақсаттағы кемелерге орнықтылығы және батпаушылығы жөнінде ақпараттар. Жүк маркасының дұрыс белгіленуі және олардың нөмірлерін көрсете отырып, жоғарыда аталған құжаттардың болуы куәландыру актісінде көрсетіледі.



Аталған құжаттардың болмауы, сондай-ақ Кеме қатынасы тіркелімінің кеменің су үстіндегі бортқа белгілеген жүк маркасын орналастырудың сәйкессіздігі пайдалануға жарамды деп танылмайды.

148. Корпусты алғашқы куәландыруды осы Қағиданың 3-тарауын ескере отырып, Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.



 

 

13. Кезекті куәландыру



 

149. Кезекті куәландыруды жүргізуге қатысты жалпы нұсқаулар осы Қағиданың 3-тарауының § 2 айтылған.

150. Корпусын кезекті куәландыру үшін кеме слипке, докқа қойылады және су асты бөлігін қарау үшін жағаға көтеріледі. Сонымен бірге кеменің түбін қарау және ақауын табу үшін түпке жетудің жағдайы қамтамасыз етіледі.

Слипте бірінші (жасаудан кейін) кезекті куәландыру кезінде тозулар көрінбеген жағдайда, байланыс қалыңдығын өлшеу жүргізбеуге рұқсат етіледі.

Егер ең тозуға шалдыққыш бөліктер мен орындарды қараған кезде корпустың ақауы мен бүлінулері байқалмаса, ішкі суда жүзетін кемелерді бірінші (жасаудан кейін) кезекті куәландыру жүзу барысында жүргізіледі.

Куәландыру барысы бөліктердің ішіндегі қарауға ыңғайлы жерлерді мұқият қарау және ыңғайлы жерлерді қалыңдық өлшегішпен бақылап өлшеу арқылы жүргізіледі.

Осындай кемелер үшін слипте осы Қағиданың 154-тармағының 1-тармақшасында көзделген екінші кезекті куәландыру жүргізудің мерзімін ұзарту берілмейді.

151. Ішкі су жолдарында пайдаланылатын, екі түбі жоқ өздігінен жүзбейтін кемелерді жағаға (слип, док) көтеру арқылы кезекті куәландыру, осы кемелерде сыртқы қаптаманы қарауды қиындататын жабдықтың болмауы және бұрынғы кезекті куәландыру кезінде корпустың су асты бөлігі қаптамасының қалдық қалыңдығы аспаптық әдіспен өлшенгенде және рұқсат етілмеген тозулар мен нысанының өзгеруі анықталмаған жағдайда, үшінші сыныптамалық куәландыруға дейін жүргізілмейді.

152. Егер корпустың бөліктерін қараған кезде су асты бөлігінің бүлінуі байқалмаса, темір бетонды корпустарды кезекті куәландыру жүзу барысында жүргізіледі.

153. Егер кеме иесінің ұсынатын, корпустың су асты бөлігін сүңгуірлік қарау және корпустың су асты бөлігі байланыстарының қалдық қалыңдығын аспаптық әдіспен өлшеу нәтижелері Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына сәйкес болса, болат доктарды кезекті куәландыру жүзу барысында жүргізіледі.

154. Корпуста су аққыштығы, жинақ немесе қаптама үзілуі, орнықтылықтың жоғалуы, жинақ қабырғаларынан қаптаманың ажырауы болмаған жағдайда, Кеме қатынасы тіркелімімен келісуі бойынша слиптегі кезекті куәландыру мыналардан артық болмайтын мерзімге ауыстырылады:



1) ішкі суда жүзетін кемелерге — екі жыл;

2) «М-СП», «М-ПР» және «О-ПР» сыныпты кемелерге — бір жыл.

155. Слипте корпусты кезекті куәландыру алдында Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен әдістемелік нұсқауларға сәйкес корпустың ақауын анықтау нәтижелерін көрсететін құжаттармен танысады (осы Қағидаға 25-қосымша).

156. Корпусты куәландыру кезінде трюм бөлімдерінің еден түбінің слан-табақтары мен оқшаулаулары, қаншалықты корпустың қалдық қалыңдық байланыстарының бүлінулерін анықтауға қажет болатын соншалықты дәрежеде бөлшектенеді.

Палубаның астындағы жинақты қарау мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Барлық цементтік бітеулер, сондай-ақ стандарттардың талаптары сақталмай белгіленген уақытша қосарланатын темір табақтары алынады.

Корпустың жалпы беріктігін немесе жекелеген байланыстарының жергілікті беріктігін үлкейту үшін қосарлы үстемелі жолақтар, сондай-ақ алдын ала дәнекерленген жарыққа орнатылған қосарлы темір-табақтар алынуға жатпайды.

157. Темір корпустарды кезекті куәландыру кезінде корпустар мен қондырмалардың келесі құрамды бөліктері іріктеліп қаралады:



1) сыртқы қаптамасы, су өткізбейтін аралықтары, борттық және түп жинақтары (әсіресе қазан асты, барлық мақсаттағы цистерналар, түп аралық және борты аралық кеңістіктер), борт қаптамасы (әсіресе тозбалар астын және газ шығару және пайдаланған су құбырының ауданын), екінші борт қаптамасы және екінші түп төсеніші;

2) палуба төсеніші (әсіресе палуба стрингері), палубалар жинағы, палубалық оймалар, люк комингстері;

3) штевндер, кильдер, ескек біліктердің тіреуіштері, дейдвудтық және гельмпорттық құбырлар, иілмейтін саптамалар, су атқыш құбыр мен арналар, су үсті қанатындағы кеменің қанатты құрылғылары, кеменің қалқымалы иілгіш қоршаулары (көзбен шолу);

4) осы Қағиданың 146-тармағында көрсетілген корпус пен қондырма элементтері.



Сыртқы қаптамада, палуба төсенішінде, аралықтарда, жинақта жарық анықтаған кезде олардың туындау себептері анықталады (дірілдеуі, тотығуы, мүжілуі).

158. Сынып формуласында жақшаға алынған («мұз») немесе («мұз жарғыш») сөзі жазылған кеме корпустарын кезекті куәландыру кезінде штевендер, сондай-ақ мұз белдігінің ауданындағы дәнекер жіктеріне және сыртқы қаптаманың, борт жинағының және көлденең аралықтардың күйіне көңіл аударылады.

159. Отын бөліктері, цистерналар, сондай-ақ жүк бөліктері куәландыру алдында тазартылады және газ сынамасын алып газдан тазартылады, ол жөнінде тиісті актілер құрастырылады.

160. Ағаш корпустарды кезекті куәландыру кезінде жинақтың барлық элементтері және сыртқы қаптама қаралады.



Әсіресе, шіруі ықтимал штевндер, транц рамалары, жинақ құлыптары, сыртқы қаптама таяқшаларының бұрыштары және басқа орындар мұқият қаралады, тығындау тығыздығы, сондай-ақ болт бекітулерінің техникалық жай-күйі тексеріледі.

Баклизделген фанера жасалған корпустарды куәландыру кезінде бекітудің техникалық жай-күйіне, сызаттар, қабаттасуы, мүжілуі  болмауын және қаптама, жинақтағы сызаттарды, сына аралығында, және кильді штевнмен жалғау орындарында жиырылуына көніл аударады.

161. Темір бетонды корпустарды кезекті куәландыру кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері бет жағында сызаттар, ойықтарды, бұзылуларды болмауын және бетонды арматурадан, су ағынынан және сүзгілеуден қалуы, сондай-ақ конструктивтік сызбада көрсетілуі тиіс зақымданған орындарда бітеу көлемі және сапасына көніл аударады.

162. Пластмассадан жасалған корпустарды кезекті куәландыру кезінде қаптамада, аралықтарда, жинақта, қондырма мен рубкаларда қабаттасу, мүжілу, тілік, жырық, сызат және басқа жергілікті ақаулардың, сондай-ақ ісіктің болуына көңіл аударылады.

163. Өртке қарсы конструктивтік қорғау элементтерін кезекті куәландыру кезінде, олардағы отқа берік және от ұстаушы құрылымдар мен ойық қақпақтары оқшаулауларының техникалық жай-күйі тексеріледі. Қажетті жағдайларда жекелеген учаскелердің жамаулары мен оқшаулауын ашады.



Шахталар, желдету арналары, түтін құбырлардың сақина кеңістігі, жарық люктерінің және басқа жүк оймаларының, машина және сорғы үй-жайларды және олардың жетектерінің есік жабуларының жарамдылығы тексеріледі.

164. Кеме қатынасының тіркелімі ақау анықтау материалдары мен іріктеп бақылау нәтижелері бойынша кезекті куәландыру актісін құрастырады және осы Қағиданың 16-21-тарауларының нұсқауларын басшылыққа ала отырып, корпустың техникалық жай-күйін анықтайды.



Актіде корпустың байланыс тобының қалдық қалыңдығы, нысанын өзгерту параметрлері, өртке қарсы конструктивтік қорғау элементтерінің жай-күйі көрсетіледі, сондай-ақ қойылған талаптар жазылады.

165. Егер кемені слиптеу кезінде корпустың (палуба төсеніші, екінші түбі, борт қаптамасы, аралықтар, комингстер, жинақ), техникалық жай-күйі мен жөнделуін жүзу кезінде орындауға болатын, жекелеген байланыстарының ақауын анықтау орындалмаған жағдайда, осы байланыстар немесе элементтері қосымша ұсынылады. Көрсетілген байланыстар мен элементтерді қарау нәтижелері корпусты кезекті куәландыруды жалғастыру ретінде актімен ресімделеді.

166. Кезекті куәландыру талаптары орындалғаннан кейін корпус сыныптамалық куәландыруға ұсынылады.

 

 

14. Сыныптамалық куәландыру



 

167. Сыныптамалық куәландыру жүргізуге қатысты жалпы нұсқаулар осы Қағиданың 3-тарауының § 3 айтылады.

168. Корпустарға сыныптамалық куәландыру жүзу барысында орындалады.

169. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері сыныптамалық куәландыру кезінде орындалған жөндеу жұмыстарының көлемі мен сапасын растайтын құжаттарды тексереді: қолданылған материалдар мен электродтардың сертификаттары, жұмыс қабылдау актілерін және сыртқы қаптама созбаларының, екінші түптің, палубалардың, ішкі борттардың және су өткізбейтін аралықтарының сызбасы.



Сызбаларда корпустың ауыстырылған байланыстары және жөндеуден кейінгі орташа қалдық қалыңдығының мәні мен нысанын өзгерту параметрлері көрсетілуі тиіс.

170. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері сыныптамалық куәландыру кезінде кезекті куәландыру қойылған талаптардың орындалғанын тексереді.



Сыныптамалық куәландыру кезінде дефектаскопты қолдану арқылы соңғы тексеру жүргізіледі.

171. Сыныптамалық куәландыру нәтижелері сыныптамалық куәландыру актілерінде көрсетіледі.



 

 

15. Жыл сайынғы куәландыру



 

172. Жыл сайынғы куәландыруға қатысты жалпы нұсқаулар осы Қағиданың 3-тарауының § 4 айтылған.

173. Корпустарды жыл сайынғы куәландыру жүзу барысында орындалады.

174. Кеме жыл сайынғы куәландыруға іші босаған жүк трюмдерімен ұсынылады. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері келісімі бойынша кеме үй-жайларындағы ағаштан жасалған төсеніштер мен борт қаптамалары жартылай алынады. Слан астындағы су мен қоқыстар жойылады, ал бөліктер тазартылады. Егер корпус үй-жайларының ішкі ағаштан қаптамаларында шіру, адырайма және ісу белгілері байқалса, онда осындай жерлерді ашу жүргізіледі.

175. Мұнай құю және рефрижераторлы кемелерді жыл сайынғы куәландыру кезінде, егер корпус сыртын қарау кезінде, куәландыру мен жою үшін корпус ішіне түсу талап етілетін ақау анықталмаған жағдайда, жүк бөліктерін зерттемеуге болады.

Осындай ақаулар табылған кезде, мұнай құю және рефрижераторлы кемелері 159-тармақтың нұсқауына сәйкес қарауға дайындалады.

176. Корпустарды жыл сайынғы куәландыру кезінде сыртқы қаптама, жинақ, су өткізбейтін аралықтары мен палубалар, қарауға болатын ұштар, бөліктер, қоршаулар және көбіне тозуға жататын конструктивтік элементтер қаралады.

Әсіресе, бұрынғы куәландыру кезінде ақау (тотығу, нысанын өзгерту, су аққыштығы, цемент бітеулер) анықталған корпус элементтеріне көңіл аударылады.

177. Егер жыл сайынғы куәландыру кезінде, бұрынғы куәландыруға қарағанда корпус нысанының өзгеруі немесе асыра тозуы байқалса, яғни техникалық жай-күйі елеулі нашарлаған жағдайда, Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері қалдық қалыңдығы мен нысанын өзгерту параметрлерін қарау және өлшеу үшін кеменің слиптелуіне және қалдық жуандықты өлшеуге және ақау анықтауының параметрлері дефектаскоппен және/немесе жуандықты қолдану арқылы талап етеді.

178. Жыл сайынғы куәландыру нәтижелері жыл сайынғы куәландыру актілерінде көрсетіледі.

 

 


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау