Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 208-беті
208
соңғы жылдары жоғары оқу орындарының барлық салаларында, елде орын алған
ерекшеліктерін өзгерістерді ескере отырып, азаматтық-патриоттық білім берудіңəлеуметтік-
құқықтық мəртебесін, əрбір өкімет ұйымының, ведомствоның рөлін, орнын, міндетін,
қызметін анықтаудан тұрады.
11. Ғылыми-теориялық қамтамасыз ету:
− азаматтық-патриоттық білім беру саласына зерттеулер ұйымдастыру жəне оның
нəтижелерін практикалық кызметте пайдалану;
− патириоттық білімніңмазмұнын мəдени-тарихи, рухани-өнегелілік, əлеуметтік-
гуманитарлық ғылымдар саласындағы маңызды жетістіктер негізіндегі идеологиялық жəне
де басқа компоненттерді ендіру арқылы байыту.
− білім алушыларды патриоттық кұндылықтарға тартудың, оны рухани меңгерудің
жолдарын негіздеу;
12. Əдістемелік қамтамасыз ету.
− азамат тұлғасын қалыптастыру мен дамыту мəселелері бойынша əдістемелік
ұсыныстар жасау;
− жоғары оку орны іске асырып отырған білім беру формалары мен əдістерін дамыту
жəне жетілдіру;
− алдыңғы қатарлы отандық жəне шетелдік педагогикалық іс-тəжірибені ескеру.
13.Азаматтық-патриоттық білім беруді қаржы экономикалық жағынан қамтамасыз ету:
− өндірістік жəне кəсіпкерлік құрылымдарды азаматтық-патриоттық білім беру
тиімділігін көтеру мəселелеріне тарту.
− іс-шаралар мен мүмкінділігіне қарай қаржыландыру.
14. Студенттердің оқу жəне оқудан тыс уақытта білім алуы:
− Қазақстан халқына Президенттің жыл сайын жіберетін Жолдауының, ҚР Үкіметінің
əлеуметтік-саяси құжаттарының негізгі жағдайларын ашу, студент жастардың азаматтық
сапасының жоғары деңгейде дамуына септігін тигізетін ҚР мемлекеттік рəміздерін
насихаттау
− соғыс жəне еңбек ардагерлерімен, Қазақстан халықтары Ассамблеясы өкілдерімен,
бүгінгі күнгі көрнекті тұлғалармен кездесулер жүргізіп, өз Отанына деген мақтаныш сезімін
ояту;
− «Қазақ тілі» қоғамы жəне ұлттық мəдени орталыктар арқылы мемлекеттік тілге,
ұлтаралық қатынас тіліне, Қазақстан халықтары тілдеріне деген сүйіспеншілікті орнату;
−
студенттерді
Республиканың
экономика,
əлеумет,
мəдениет
саласындағы
жетістіктерімен, Қазақстанның халықаралық ұйымдардағы қызметімен таныстыру;
− білім алушыларды студенттердің ғылыми қоғамдарының жұмысына, қызығушылығы
бойынша клубтар мен үйірмелерге, қоғамдық бірлестіктерге тарту.
15. Студенттік өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру:
− білім алушылардың белсенділігін, көшбасшылық қасиеттері мен басқару қабілеттерін
қалыптастыру мақсатында жастар ісі бойынша комитеттің қызметін жүргізу, жастар
комитетінің дамуына қолдау жасау;
− білім алушылардың белсенділігін арттыру мақсатында студенттік өзін-өзі басқарудың
жоғары ұйымы-студенттік кеңесті сайлау, (студенттік ректор, проректорлар,);
− құрылым бөлімдеріндегі ағымдағы мəселелерді шешу үшін факультеттерде
студенттер деканатын ұйымдастыру;
− білім алушылардың азаматтық белсенділігін қалыптастыру үшін Дебат орталығын
ұйымдастыру;
16. Білім алушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру:
− жоғары оқу орнында адамдардың оғаш əрекеттер факторларын жойып, белсенді өмір
сүру жүйесін құруға бағытталған салауатты өмір орталығын ұйымдастыру;
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 209-беті
209
− салауатты өмір салтын насихаттау, іс-шараларын өткізу, спорт іс-шаралары, есірткіге,
шылымға, алкагольге қарсы насихаттау көрмелері ұйымдастырады. т.б.
− салауатты өмір салты мəселелері бойынша ақпараттық-əдістемелік материалдарын
шығару;
− Қазақстан Республикасының белгілі спортшыларымен, спорт ардагерлерімен, ҚР
еңбегі сіңген жаттықтырушылармен кездесулер ұйымдастыру;
− білім алушыларды денешынықтыру мен спорттың көпшілікке арналған сабақтарына
тарту мақсатында спорт секцияларын ашу, спартакиадаларға, денсаулық фестивальдеріне,
көпшілік жеңіл атлет жүгірістеріне байқауына қатысу.
4.6 СТУДЕНТТЕРДІҢ ІШКІ ТƏРТІП САҚТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1 Жалпы ережелер
Тəртіп бұзушылық жəне тəртіптік шаралар
Тəртіптік шаралардың түрлері мынадай:
а) ескерту: студентке студенттік міндеттері мен іс-əрекеттерінде барынша абай болу
керектігін жазбаша білдіру;
ə) сөгіс: студентке студенттік міндеттері мен іс-əрекеттерінде кемшілік жібергенін
жазбаша білдіру;
б) қатаң сөгіс: студентке студенттік міндеттері мен іс-əрекеттерінде өрескел қателік
жібергенін жазбаша білдіру;
в) оқудан шығару: студентке бұдан былай университетке оқуға қабылданбайтынын
ескерте отырып, оқудан шығарылғанын жазбаша білдіру. Оқудан шығарылған студент
университетке жəне оның ғимараттарына кірмейді, студенттік құқықтарын пайдалана
алмайды.
Ескерту
Ескерту берілетін іс-əрекеттер мен жағдайлар төмендегідей:
а) студенттік сипатына жат əдепсіз іс-əрекеттерге бару;
ə) адамдармен қарым-қатынас кезінде дөрекілік жəне құрметсіздік таныту, көпшіліктің
мазасын алатындай дəрежеде айқайлау, əн айту, сазды аспаптарда ойнау, шулау, айналасын
таза ұстамау;
б) құзыретті органдар тарапынан сұралатын сұрақтарға себепсіз, уақытылы жауап
бермеу;
Сөгіс
Сөгіс берілетін іс-əрекеттер мен жағдайлар төмендегідей:
а) студенттік сипаты мен беделіне жат ұстанымдар мен іс-əрекеттерге бару;
ə) университет ғиматтарының қабырғалары мен мүліктеріне жазу, белгі, сурет жəне т.б.
салу, жабыстыру, университет мүлкіне зиян келтіру;
б) университет басшыларының талап еткен мəліметтерін толық немесе дұрыс бермеу,
яки мүлдем хабарсыз кету;
в) университет басшылары белгілеген жерлерден тыс орындарға, университет
басшыларының рұқсатынсыз жарнама жəне хабарландыру ілу;
г) аудиторияда, зертханада, шеберханада жəне конференция залдарында өтіп жатқан іс-
шараларға кедергі келтіру;
д) университет ішінде алкогольді ішімдік ішу немесе аудиторияда, зертханада,
шеберханада жəне конференция залдарында өтіп жатқан іс-шараларға алкогольді ішімдік
ішіп қатысу;
Достарыңызбен бөлісу: |