Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1



жүктеу 3,11 Mb.
Pdf просмотр
бет94/102
Дата20.11.2018
өлшемі3,11 Mb.
#21840
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   102

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 194-беті 
 
194 
 
ғылыми мақалалар көшірмесі қосымша ретінде ұсынылуы мүмкін. Сонымен қатар конкурсқа 
ғылыми  жаңалығы  бар  немесе  қорытындысы  өндіріс  пен  оқу  үдерісіне  енгізуге 
қарастырылған диплом, курстық жұмыстар мен жобалар ұсынылуы мүмкін.  
4.14 Арнайы жабық пакетте автор (авторлар) мен ғылыми жетекші (жетекшілер) жайлы 
мəліметтер,  сонымен  қатар  ашық  конкурстың  бірінші  туры  жайлы  ректор  (проректор)  қол 
қойған  хат  немесе  ЖОО  Ғылыми  кеңесінің  жұмысты  СҒЗЖ  конкурсына  ұсыну  туралы 
шешімі  ұсынылады.  Егер,  жұмысты  авторлық  ұжым  орындаса,  авторлар  тізімі  оның 
əрқайсысының жеке үлесіне сəйкес беріледі.  
4.15  Жұмысты ұсыну барысында осы Нұсқама талаптары бұзылған жағдайда базалық 
ЖОО  комиссиясы  жұмысты  конкурсқа  қатыстырмауға  құқылы  (міндетті  түрде  себебі 
көрсетілуі керек). 
4.16  Базалық  ЖОО-ның  конкурстық  комиссиясы  ОƏК  комиссия  құрамының  2/3 
қатысқан отырыста ашық дауыс беру арқылы шешім қабылдайды. Дауыс тең жағдайда төраға 
даусы шешуші саналады.  
4.17 Базалық ЖОО ОƏК-і министрліктің республикалық комиссиясына    студенттердің 
үздік  ғылыми  жұмыстарын  III  кезеңге  қатыстыру  үшін,  2  сəуірге  дейін  конкурс  бөлімінің 
талаптарына  сəйкес,   барлық  мүшелерінің  қолы  қойылған  ОƏК отырысының  протоколымен 
(№ 4 қосымша) ұсынады.   
4.18  Базалық  ЖОО  ОƏК  конкурстық  комиссиясы  протоколмен  қатар  министрліктің 
республикалық комиссиясына: 
1) конкурс қорытындысы бойынша мəліметтер базасы жинақталған дискет; 
2) базалық ЖОО студенттерінің жұмысына сырт мекемелер берген рецензия. 
3)  ғылыми  бөлімдегі  конкурстық  жұмыстың  мазмұны  мен  тематикасы  жайлы  қысқа 
сараптамалық материал. 
4.19  Базалық  ЖОО  ОƏК-і  СҒЗЖ  əр  бөлімі  бойынша  мынадай  ретте  жүлдегерлерді 
марапаттауға ұсыну құқығына ие: 
1 орын үшін – ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің I дəрежелі дипломы (1 жұмыстан 
артық емес); 
2 орын үшін – ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің II дəрежелі дипломы (2 жұмыстан 
артық емес); 
3 орын үшін – ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің III дəрежелі дипломы (3 жұмыстан 
артық емес). 
4.20  Республикалық  комиссияның  протоколды  шешімінің  негізінде  студенттердің 
ғылыми-зерттеу  жұмыстары  республикалық  конкурсының  қорытындысы  ҚР  Білім  жəне 
ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.  
4.21 Студенттердің конкурсқа ұсынылған ғылыми жұмыстары кері қайтарылмайды.  
4.22 Республикалық СҒЗЖ конкурсының жеңімпаздарын марапаттау тəртібі  
4.23  1,2,3  орын  иеленген  республикалық  конкурс  жеңімпаздары  үздік  ғылыми-зерттеу 
жұмысы  үшін  ҚР  Білім  жəне  ғылым  министрлігі  бұйрығы  негізінде  министрліктің  I,  II,  III 
дəрежелі дипломдарымен марапатталады.  
4.24  Жоғары  оқу  орны  басшылығы  ЖОО-ның  өз  есебінен  студенттерді  –  конкурстың 
бірінші, екінші, үшінші кезеңдері лауреаттарын марапаттау шаралары қолға алынуы мүмкін. 
Ақшалай  сыйақы  көлемі  берілу  жылына,  қаржылай  мүмкіндікке  қарай  беріледі.  Бірақ 
шəкіртақы  көлемінен  кем  болмайды.  Ақшалай  сыйақы  ұжымдық  жұмыстың  бірлескен 
авторларына тең көлемде бөлінеді.     
4.25  Кем  дегенде  марапатқа  ие  болған  үш  ғылыми  жұмысқа  жетекшілік  жасаған 
ғылыми жетекші ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің дипломдарымен марапатталады. 
 
 
 


Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 195-беті 
 
195 
 
 
3.6 
ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР 
ҚҰРАМЫНЫҢ 
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ 
ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕСІ 
 
1.Жалпы ережелер  
1.1 Профессор- оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу ережесі 
профессор-оқытушылар  кұрамының  ғылыми-жұмыстарының  нəтижелерін  бағалау  ғылыми 
потенциалдың эффективтілігін анықтайды.  
1.2  Профессор-оқытушылар  құрамының  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жүргізу 
ережесінің  мақсаты  материалды-техникалық  базаны,  ғылыми-зерттеудің  деңгейін  жəне 
динамикасын, құрылымның маңыздылығын, бəсекеге қабілеттілігін анықтайды. 
 
2.Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің мінддеттері: 
-    Аймақтық  əлеуметтік-инновациялық  университеттің  Ғылыми    кеңесі    бекіткен, 
университеттің  негізгі  ғылыми  бағыттары  аясындағы  ғылыми-зерттеушілік   жұмыстарды 
жүргізу үшін университеттің ғылыми əлеуетін тиімді пайдалану;  
-    Білімді  кеңейту  жəне  жаңа  білім  алу,  ғылыми  гипотезаларды  тексеру,  табиғат  пен 
қоғам  дамуының  заңдылықтарын  анықтау,  жобаларды  ғылыми  жинақтау,  ғылыми  негіздеу 
мақсатында ғылыми ізденіспен, зерттеулер, эксперименттер жүргізу; 
-  Ғылым  мен  өндірістік  ықпалдастық  үдерісті  күшейту  мақсатында  ғылыми 
ұйымдармен,ассоцациалармен,  қазақстандық  жəне  шетелдік  ЖОО-лармен    ғылыми 
байланысты дамыту; 
-  ҒЗЖ  нəтижелерінің  бəсекеге  қабілеттілігі  мен  коммерциялық  тартымдылығының 
маңызды  көрсеткіші  болып  табылатын  патенттік-өнертабыстық  қызметті  жолға  қою 
мақсаттарын түсіндіру; 
-  Республикалық  жəне  халықаралық  байқау,  жарыстардың  жеңімпаздарын  арттыру 
мақсатында  студенттердің ғылыми жұмыстарға белсенді қатысуын қамтамасыз ету; 
- ПОҚ-тың,  ҒЗЖ нəтижелерін оқу үдерісіне ендіруге ықпал ету; 

Импакт-факторлы 
ғылыми 
журналдарда 
жарияланымы 
бар 
профессор-
оқытушылардың  пайыздық  үлесін  жоғарылату  мақсатында  құрылтайшылар  тарапынан 
қаржылай ынталандыру жұмыстарын ұйымдастыру. 
 
3.Ғылыми-зерттеу  жұмыстарының ұйымдастырылуы  
-  университеттің   ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  стратегиялық    жоспарын  жасауға 
материалдар дайындау, олардың орындалуын бақылау, кеңес  беру; 
-  ҚР  Білім  жəне  ғылым  министрлігіне,  ҚР-ның   статистикалық  мемлекеттік 
ұйымдарына университеттің ғылыми жұмыстарының нəтижелері туралы есеп беру; 
-  республикалық  жəне  халықаралық  конференциялар,  олимпиадалар,  ғылыми 
жұмыстардың байқауларын жоспарлау жəне өткізу; 
- университеттің Жас ғалымдар кеңесінің  іс-əрекетін үйлестіру; 
- студенттер мен  жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, түрлі 
деңгейдегі  ғылыми   іс-шараларға,  байқауларға,  олимпиадаларға  қатысуларын  қадағалау, 
үйлестіру; 
 
4. Ғылыми-зерттеу жұмыстардың есебі 
Университеттің    ғылыми-зерттеу  жұмыстардың  есебі  жарты  жылға  жəне  бір  жылға 
арналып жасалады. Есептің негізіне төмендегідей бөлімдер қамтылады: 
Университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі көрсеткіштері 
1.1. Негізгі ғылыми бағыттары. 
1.2. Бюджет қорымен қаржыландыратын ҒЗЖ (Жобаға қатысу) 


жүктеу 3,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау