Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 199-беті
199
Əкімшілік, ректорат тарапынан берілген:
ескерту - 30
сөгіс – 50
қатаң сөгіс - 80
Жалпы балл саны - 6 блок бойынша - 160
БАРЛЫҒЫ 1-6 блок бойынша - 2330
II. ПОҚ рейтингілік көрсеткіштері анықталғаннан кейін осы 6 блок бойынша жинаған
балдары негізінде кафедралардың жəне факультеттердің рейтингілік көрсеткіштері
анықталады.
III. Рейтингілік көрсеткіштері бойынша жоғары балға қол жеткізген ПОҚ -ына
əкімшілік тарапынан қаржылай қолдауға ие болады, яғни айлығына үстеме ақша қосылады.
4 ТƏРБИЕ ЖƏНЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАР МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ТƏРТІБІ
ЕРЕЖЕЛЕРІ
4.1 ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІНІҢ
ЕРЕЖЕСІ
1 Жалпы ережелер
Бұл типтік ереже Қазақстан Республикасының 27.07.2007ж. №319-III ҚР «Білім
туралы» Заңына 09.01.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтыруларға, білімді
ұйымдастыру əрекеттерінің типтік ережелеріне негізделіп жасалынған. (2005ж, 2 наурыз, №
195).
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 200-беті
200
2 Негізгі ережелер
Университет - оқытушысы қызметінің басты бағыты - студенттермен жұмыс, олардың
білімі мен мəдениеті туралы қамқорлық көрсету, өз Отанының шынайы патриоттары ретінде
тəрбиелеу. Оқытушы өзінің теориялық білімі мен педагогикалық шеберлігін арттыру үшін
тұрақты еңбек етуі қажет, ол зерттеушілік жəне ғылыми қызметті белсенді жүргізеді.
Оқытушы - əдептілік пен зиялылықтың, мораль мен адамгершіліктің үлгісі, Қазақстан
мемлекеттілігінің
белсенді
насихатшысы,
кез
келген
сыбайлас
жемқорлықтың,
тəртіпсіздіктің, жауапсыздықтың пайда болуына принципті тұрғыда қарсылық
көрсетуші.
Оқытушы жеке басының үлгісімен студенттерге еңбек жəне оқу тəртібінің ережесін
сақтау, əріптестеріне құрметпен қарау, өзіне, айтқан сөздері мен жасаған əрекеттеріне
жауапты болу қажеттілігін көрсетеді, өзінің қателіктерін ашық мойындайды жəне оларды дер
кезінде түзейді.
Оқытушы өзінің əріптестері мен студенттерін кəсіптік бағалауда əділ болуы тиіс, оның
айтқан сөзі жасаған ісімен сəйкес келуі тиіс, қызмет бабында принципті мəселелер бойынша
өз ұстанымын ашық білдіреді, өз көзқарастарын дəлелді түрде жеткізе біледі.
Оқытушы төменде көрсетілген ұстанымдарды міндетті түрде орындауы тиіс:
-жоғары оқу орнындағы студенттердің, əріптес оқытушылардың, қызметкерлердің ар-
намысына құрметпен қарау жəне олардың пікірлеріне төзімділік көрсету;
- жалған ақпараттар тарату арқылы жəне əдейі зиянды əрекеттермен айналасындағы
адамдарға моральдық жəне материалдық нұқсан келтірмеу;
- əріптестерінің немесе студенттердің іс-əрекетіне баға бергенде немесе кемшіліктерін
айтқанда нақты дəлелдерге сүйену;
- оқу орнының мүліктерін сақтау жəне ішкі тəртіп ережелерін мүлтіксіз орындау;
- ұжымның арасындағы өзара сыйластық, жариялылық жəне сенім ахуалын қолдау;
- еңбек ұжымының мүшесі ретінде жоғары оқу орнының маңызды мəселелерін
шешуде,талқылауда ( ректорат, Ғылыми кеңес арқылы) қатысуға құқығы бар;
-
жоғары
оқу
орнының
профессор-оқытушылар
құрамындағы
лауазымдық
қызметтердің байқауына (конкурс) қатысу;
- жоғары оқу орнындағы басшы қызметтерге тағайындалуға (факультет деканы,
кафедра меңгерушісі, құрылымдық бөлім басшысы, т.б;).
- жоғары оқу орнының Кеңестерінде, ректоратта, кафедра мəжілістерінде университет
басшылығының жұмыс əдісі жəне сапасы туралы пікір айтуға жəне оны дамытуға ұсыныстар
енгізуге;
- жоғары оқу орнының басшылық жəне қоғамдық ұйымдарының атынан облыстағы
жоғары мемлекеттік қызметтерге, ҚР білім жəне ғылым министрлігіндегі қызметтерге,
мемлекеттік марапаттауларға ұсынылуға;
-
оқытушы
өзінің
кəсіптік
даярлық
деңгейін
білім
жетілдіру
жүйесі
арқылы тұрақты көтеруге;
- ғылыми кітапханалардың қорларын пайдалануға, оқу-əдістемелік жəне техникалық
кабинеттер мен лабораториялардың техникалық құрал-жабдықтарын пайдаланып, ғылыми-
зерттеу тəжірибелерін жүргізуге, ғылыми-тəжірибелік жəне əдістемелік конференцияларға,
байқауларға қатысуға;
- ҚР білім жəне ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»
байқауына қатысуға;
- егер қажет болған жағдайда құқық қорғау жəне сот органдарының алдында өзінің ар-
ожданын, кəсіби біліктілігін дəлелдеуге.
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 201-беті
201
4.2 СТУДЕНТТЕРДІҢ АР-НАМЫС (ОЖДАН) КОДЕКСІ
1 Жалпы ереже
Бұл типтік ереже ҚР-ның 2007 жылдың №319-III «Білім туралы» Заңына 09.01.2012
жылы берілген өзгерістер мен толықтырулар, кəсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге
асыратын білім беру ұйымдарының қызметінің типтік ережелеріне (2005 жылдың 2 наурызы,
№195) сай жасалған.
Ереже кредиттік технология негізінде жоғарғы жəне жоғарғы оқу орнынан кейінгі
кəсіби білім беру бағдарламалары бойынша оқытылатын студенттерге бірыңғай талапты
бекітеді.
2 Негізгі терминдер мен олардың анықтамалары
Студент
жоғары оқу орнының білім алушысы (оқушысы).
Ар-намыс (ождан)
жеке адамның абыройы, ізгілік, шыншылдық, əділдік,
адалдық сияқты қасиеттерімен байланысты моральдық-
этикалық жиынтық жəне əлеуметтік ұғым
Интеллектуал
ой өрісі жоғары дамыған адам
Миссия (міндет)
негізгі арнау.
3Негізгі ережелер
1.Жоғары кəсіби білім алатын оқу орнына құрмет көрсете отырып, университеттің,
ережесін қатаң сақтайды. Университет студенті болу - бұл біздің Отанымыздың болашақ
зиялылар өкілі екенімізді жəне ҚР Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың
жетекшілігімен жасалған бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысатынымызды ескере
отырып, біз кəсіпқой, жалпы білімді, мəдениетті, парасатты жастарға арналған миссияны
орындауды өзімізге міндеттейміз. Студенттік ортада жүре отырып, əрқайсымыз бүгінгі таңда
біздің негізгі міндеттеріміз мыналар екенін білеміз:
- біздің басты еңбегіміз білім алуға, оқуға жауапкершілікпен қарау;
- сапалы білім алуға талпыну, кəсіби қызметке бейімделу, дағдылану сапаларын
меңгеру;
- -ата-бабаларымыздың рухани, мəдени мұраларымен танысу, себебі өткенді білмеу
болашаққа балта шабу;
- өз Отанымызды сүюді үйрену, сенімді жəне шынайы патриоттық сезімге толы, адал
азамат болуға тырысу;
- біздің əрқайсымыздың тəн жəне жан саулығымыздың келешек ұрпаққа əсер
ететіндігін ескере отырып, денсаулықты сақтау жəне күту.
2.Біз студенттерге қатысты төменде келтірілетін кұқықтар жəне міндеттер мазмұнымен
келісетіндігімізді мəлімдейміз:
- Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сай білім алуға;
- келісім бойынша қосымша ақылы қызметтерді алуға;
- өзінің адами құқықтарын сыйлауға, ар бостандығына, өз ойы мен пікірін еркін
жеткізуге;
- оқу орны қызметінің маңызды сұрақтарын шешуге жəне талқылауға қатысуға (соның
ішінде студенттердің қоғамдық ұйымдары мен оқу орнын басқару органдары арқылы);
- оқу орнының кітапханаларының акпараттық қорларын, оқулық, ғылыми,
медициналық жəне т.б. бөлімдердін қызметін тегін пайдалануға;
- барлық
ғылыми-зерттеу
жұмыстарына
конференцияларға,
симпозиумдарға,
жиналыс, байқауларға қатысуға мүмкіндік алуға;
Достарыңызбен бөлісу: |