Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 77-беті
77
жəне меңгерілетін кредиттер көлемі көрсетілген білім алушылардың жалпы контингентіне
қабылдаудың ұқсас рəсімдерінен өтеді.
118. Білім алушының жеке оқу жоспарына оқу пəндерінің тізбесі, олардың көлемі
(кредиттер мен сағаттар бойынша), семестрлер, бағдарлама меңгерілетін əріптес жоғары оқу
орындары бойынша бөлу, қайта есептеу тəртібі кіреді.
119. Екі дипломдық білімнің білім беру бағдарламасы модульдік принцип бойынша
құрылады. Бұл ретте əрбір əріптес жоғары оқу орны модульдерді, олардың ақпараттық-
əдістемелік жəне дидактикалық сүйемелденуін əзірлеуді, оқытушыларды даярлауды жəне
сертификаттауды қамтамасыз етеді.
120. Екі дипломдық білімнің білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының
мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім
стандарттарының талаптарын жəне əріптес жоғары оқу орнының талаптарын ескереді.
121. Əріптес жоғары оқу орнындағы оқу төлемақысы жасалған келісім негізінде жүзеге
асырылады.
122. Екі дипломдық білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы мамандықтың
үлгілік оқу жоспарының міндетті компонентіне кіретін барлық пəндерді меңгеруі, сондай-ақ
таңдау бойынша пəн ретінде əріптес жоғары оқу орнының білім беру бағдарламасы бойынша
оқу жоспарына кіретін пəндерді меңгереді.
Екі тараптың білім беру бағдарламалары пəндерінің қамтылуы білім алушының жеке
оқу жоспарын жасау кезінде ескерілуі тиіс. Білім алушы практикалардың жəне қорытынды
аттестаттаудың барлық түрінен толық өтеді.
123. Екі дипломдық білім беру бағдарламасы бойынша оқу кезінде оқытудың əртүрлі
технологиялары, оның ішінде қашықтықтан оқыту технологиясы қолданылуы мүмкін.
124. Білім алушының жеке оқу жоспары қосымша білім беру модульдерін жəне жазғы
семестрлерді қамтиды.
125. Екі дипломдық білімнің оқу жоспарларын əзірлеу кезінде əріптес жоғары оқу
орындары оқыту траекториясын пəнді меңгеру, оқу жəне кəсіби практикалардан өту, аралық
аттестаттау рəсімдерінің тəртібін қоса отырып дербес айқындайды.
126. Екі дипломдық білім беру бағдарламаларын əзірлеу кезінде міндетті компонент
пəндерін меңгерудің еңбек сыйымдылығы мақсаттылық жəне кəсіби бағдарлылық
принциптері негізінде əріптес жоғары оқу орындарының келісімі бойынша ұлғаяды.
127. Пəндерді жəне олардың өзара есебін тану рəсімі олардың мазмұны мен оқыту
көлеміне сəйкес жүзеге асырылады.
128. Оқытудың барлық кезеңі ішінде білім алушылардың əрбір модуль бойынша оқу
жетістіктері (академиялық көрсеткіштер) семестр аяқталған соң əріптес жоғары оқу
орындарына жіберіледі.
129. Əрбір оқу жылының соңында бағдарламаның тиісті модулін іске асыратын əріптес
жоғары оқу орны білім алушыға транскрипт береді.
130. Əріптес жоғары оқу орнында меңгерілген кредиттерді қайта есептеу, оқу жоспары
пəндеріндегі айырмашылықты жою тəртібі мен мерзімдері деканның өкімімен ресімделеді.
131. Офис регистаторесептелген пəндер мен кредиттер санын əріптес жоғары оқу
орнының белгісімен академиялық транскриптке енгізеді.
132. Оқу аяқталып, бағдарламаның əрбірі бойынша барлық талап орындалған соң білім
алушыға академиялық дəреже беру туралы белгіленген үлгідегі екі диплом жəне екі
транскрипт беріледі.
Бұл ретте дипломның жеке құжат ретіндегі нысаны (бір немесе екі ұлттық жоғары оқу
орнының дипломдарына қосымша берілетін), бірыңғай құжат ретіндегі нысаны (ұлттық
дипломдар берілмейтін, аталған білім беру бағдарламасы бойынша оқытуды жүзеге асыратын
əріптес жоғары оқу орындары беретін) немесе бір мезгілде берілетін бірнеше ұлттық
дипломдар ретіндегі нысаны болады.
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 78-беті
78
133. Екі дипломдық білім беру бағдарламалары əртүрлі нысандарда іске асырылады:
1) екі білім беру бағдарламасы бойынша бірлескен диплом;
2) мəртебесі əртүрлі екі диплом;
3) мəртебесі бірдей екі диплом.
133. Екі білім беру бағдарламасы бойынша бірлескен диплом нысаны бір мезгілде екі
мамандық бойынша оқыту негізінде іске асырылады. Бұл жағдайда бір диплом беріледі (бұл:
екі мамандық бір мезгілде жəне екі транскрипт əрбір мамандық бойынша жеке көрсетілетін
жоғары оқу орындарының бірінің дипломы не өз жоғары оқу орнының транскрипті
көрсетілген бір дипломы жəне екіншісі нысаны əріптес жоғары оқу орындарының
арасындағы келісім бойынша анықталатын, транскрипті бар бірлескен диплом).
134. Мəртебесі əртүрлі екі дипломның нысаны екі əртүрлі білім беру бағдарламасы
бойынша оқыту негізінде іске асырылады (сендвич-бағдарламалар). Бұл жағдайда өз жоғары
оқу орнының транскрипті бар бір негізгі дипломы беріледі.
Қосымша екінші мамандық бойынша білім алушы екінші академиялық дəреже беру
туралы диплом (сертификат) жəне нысаны əріптес жоғары оқу орындарының арасындағы
келісім бойынша қабылданатын транскрипт беріледі.
135. Мəртебесі бірдей екі дипломның нысаны бір мамандық бойынша оқыту негізінде
іске асырылады. Бұл жағдайда өз жоғары оқу орнының, сондай-ақ əріптес жоғары оқу
орнының транскрипттерімен мəртебесі бірдей екі диплом беріледі.
136. Білім алушылардың қазақстандық жоғары оқу орындарының дипломдарымен бір
мезгілде алған шетелдік əріптес жоғары оқу орындарының дипломдары Қазақстан
Республикасында қолданыстағы заңнамаға сəйкес танылады.
Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру
қағидаларына 1-қосымша
Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін төрт балдық жүйе бойынша сандық
эквивалентке сəйкес бағалаудың əріптік жүйесі
Əріптік жүйе
бойынша бағалау
Балдардың
сандық
эквиваленті
Пайыздық
мазмұны
Дəстүрлі жүйе бойынша
бағалау
А
4,0
95-100
Өте жақсы
А-
3,67
90-94
В+
3,33
85-89
Жақсы
В
3,0
80-84
В-
2,67
75-79
С+
2,33
70-74
Қанағаттанарлық
С
2,0
65-69
С-
1,67
60-64
D+
1,33
55-59
D
1,0
50-54
F
0
0-49
Қанағаттанарлықсыз
Достарыңызбен бөлісу: |