Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 73-беті
73
коммуникативтік мүмкіндіктер;
оқу дағдылары немесе оқуға деген қабілеттілік.
Оқыту нəтижелері барлық бағдарлама бойынша да, жеке модуль мен жеке пəн бойынша
да анықталады.
91.Модульдік оқытудың мазмұны дегеніміз оқытудың мазмұнын жеке ұйымдастыру-
əдістемелік модульдерге айналдыру болып табылады. Олардың мазмұны мен көлемі
дидактикалық мақсаттарға, білім алушылардың бейіндік жəне деңгейлік саралануына қарай
өзгеріп отыруы мүмкін.
Модульдердің бірігуі білім алушылардың белгілі санаттарының оқуы (жəне өздігінен
оқуы) үшін жəне арнайы дидактикалық, кəсіби мақсаттарда іске асуы үшін талап етілетін
нақты оқу материалын таңдау жəне құрастыру еркіндігі мен икемділігінің қажетті деңгейін
қамтамасыз етеді.
92.Модульдік оқытудың негізгі принциптері мыналар:
1) білім беру бағдарламаларын, нақты пəндерді құрастырудың жəне олардың мазмұнын
анықтаудың жүйелі тəсілдері;
2) білімді жеке элементтерге бөлшектеу жəне білім берушілер мен білім алушылар
ынтымақтастығының нақты көрінуі;
3) əр модуль ішінде жəне олардың арасында оқу сабақтары түрлерінің əдістемелік
тұрғыдан дұрыс үйлесуін қамтамасыз ету;
4) модульдік курс пен білім беру бағдарламалары құрылымының икемділігі;
5) білім алушылардың білімін бақылаудың тиімділігі мен бақылау іс-шараларының
семестр барысында дұрыс бөлінуі;
6) студенттердің шығармашылық қызметі үшін алғышарттар құрылатын дамыта
оқытудың əдістемелік принциптерін іске асыру мүмкіндіктері болып табылады.
93.Білім беру бағдарламасының əрбір модулі оқытудың белгілі нəтижелеріне, яғни
құзыреттілікке қол жеткізуге бағытталған. Бұл ретте модульдер пəндердің мазмұндық бірлігі
негізінде «көлденең» немесе «тік» сызба бойынша құрастырылуы мүмкін.
94.«Көлденең» модульде барлық құрамдас пəндер параллель оқытылуы мүмкін білім
беру нəтижелеріне тең дəрежеде жəне біршама тəуелсіз қызмет етеді.
«Тік» модуль іргелі жəне жалпы кəсіби деңгейден арнайы тар қолданбалы деңгейге
дейін белгілі бір білім беру нəтижесіне қол жеткізуге бағытталған бірінен кейін бірі (ретімен)
оқытылатын пəндерді қамтиды.
95.Модульдік білім беру бағдарламалары мамандарды даярлаудың құзыреттілік
моделінің контексінде əзірленеді. Бұл жағдайда жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру барысында қалыптастырылатын құзыреттіліктер пəн саласына қатысты жəне
əмбебап (жалпы жəне пəннен тыс) құзыреттіліктерге бөлінеді.
Құзыреттіліктер білім мен түсінікті (академия саласындағы теориялық білім, білу жəне
түсіну қабілеті), қалай əрекет етуді білуді (нақты жағдайларға білім мен дағдыларды
практикалық жəне жедел қолдану) жəне қалай болатынын білуді (əлеуметтік контексте
өзгелермен өмірдің ажырамас бөлігі ретіндегі бағалық аспект) қамтиды.
96.Модульді білім беру бағдарламасының құрылымы мыналарды көздейді:
1) оқу пəндерінен қайталау фрагменттерін алып тастау мақсатында қолданыстағы білім
беру бағдарламаларының мазмұнын алдын ала терең пəнаралық тексеру;
2) МББ кіретін оқу модульдерінің тізбесін анықтау;
3) бір МББ аясында ықтимал білім беру траекторияларын белгілеу (бағыттарды,
магистрлік бағдарламаларды, элективті пəндер мен қосымша білім беру бағдарламаларын
есепке ала отырып);
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 74-беті
74
4)
профессорлық-оқытушылық
құрамның
еңбек
шығынын
жəне
ЖОО-ның
материалдық-техникалық, ақпараттық-кітапханалық жəне баспа-полиграфиялық базасының
сапалы жаңартылуын талап ететін оқу модульдерін іске асыру жүйесін əзірлеу;
5) оқу үдерісінің қазіргі заманға сай жаңаруына жауап беретін жаңа қағидаттарда
əкімшілік-басқару қызметін іске асыру.
97.Білім беру бағдарламаларының модульдері нақты салалар немесе пəндер бойынша
оқыту бағдарламаларының логикалық өзара байланыстағы компоненттерін білдіреді.
98.Бір модульдің көлемі 5 жəне одан да көп қазақстандық кредитті немесе 8 жəне одан
да көп ECTS кредиттерін құрайды жəне екі немесе одан да көп оқу пəндерін қамтиды.
99.Кəсіптік практикалардың түрлері, дипломдық жұмыстар жəне магистрлік
диссертациялар өзара байланысына жəне оқу пəндерімен мақсаттарының бірлігіне қарай
білім беру бағдарламаларының тиісті модуліне қосылады. Сонымен қатар, кəсіптік
практиканың əрбір түрі əртүрлі модульдерге жатуы мүмкін.
100.Модульдің құрамында кредиттегі əрбір құрамдас компоненттің модульдің жалпы
еңбек көлеміндегі оның тікелей пропорционалдық үлесі анықталады.
101.Модульдік қағидаттарға сəйкес білім беру бағдарламасын жəне оқыту пəндерін өзге
нұсқалық бөліктерден (міндетті оқыту үшін модельдер) жəне вариативті, яғни еңбек
нарығының, жұмыс берушілердің жəне студенттердің қажеттілігін есепке алатын ауыспалы
модульдерден құрау мақсатты болып табылады.
Сонымен бірге білім беру бағдарламасының оқу пəндері үш топқа бөлінеді:
− А тобы міндетті пəндер, олар қатаң берілген бірізділікпен оқытылады;
− В тобы міндетті пəндер, олар еркін бірізділікпен оқытылады;
− С тобы таңдау бойынша пəндер, кез келген академиялық мерзімде оқытылады.
102.Модульдер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) жалпы модульдер – мамандығымен, сондай-ақ əлеуметтік-этикалық, мəдени
құзыреттілікпен (тұлғааралық, мəдениетаралық, азаматтық), экономикалық (кəсіпкерлік)
жəне ұйымдастыру-басқару құзыреттілігіне тікелей байланысы жоқ жалпы білім беретін
құзыреттіліктерді қалыптастыратын жалпы білім пəндері (бұдан əрі – ЖБП) жəне базалық
пəндер (бұдан əрі – БП) кезеңдерінің пəндерін қамтиды;
2) мамандық модульдері – мамандықтың негізін құрайтын жəне нақты жалпы білім
беру бағдарламасының, сондай-ақ жалпы құзыреттіліктердің (сын тұрғысынан ойлау,
креативті, шығармашылық), белсенді өмірлік ұстаным, инновациялылық) шеңберінде жалпы
кəсіптік жəне арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған БП жəне кəсіптік
пəндер (бұдан əрі – ПП) кезеңдерінің пəндерін қамтиды;
3) біліктілік шеңберінен шығатын қосымша модульдер – мамандығына қатысы жоқ
жəне қосымша құзыреттіліктерді (ақпараттық технологиялар, шетел тілдері жəне т.б.)
қалыптастыруға бағытталған пəндер кезеңдерін қамтиды;
103.Модульді білім беру бағдарламасының құрылымы мынадай компоненттерді
қамтиды:
1) білім беру бағдарламасының атауы;
2) білім беру бағдарламасының деңгейі: (бакалавриат/магистратура);
3) білім беру бағдарламасының паспорты, сондай-ақ білім беру бағдарламасының
бітірушілері меңгеруі тиіс негізгі құзыреттер:
ана тілі саласында;
шет тілдері саласында;
іргелі математикалық, жаратылыстану-ғылыми жəне техникалық дайындық;
компьютерлік;
оқу;
əлеуметтік (тұлғааралық, мəдениетаралық, азаматтық);
Достарыңызбен бөлісу: |