Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 75-беті
75
кəсіпкерлік, экономикалық;
мəдени, сондай-ақ қосымша қабілеттер: сын тұрғысынан ойлау, креативті,
(шығармашылық), инновациялық өлшем, белсенді өмірлік ұстаным);
4)
əрбір
модуль
бөлінісінде
қалыптасатын
құзыреттіліктерді,
қазақстандық
кредиттердегі жəне ECTS кредиттердегі көлемін, оқыту кезеңін, модуль компоненттерін
(құрамдас модульдің (пəндер, практикалар жəне т.б.) коды жəне атауы), пəндер топтамасын
(ДБП, БП, ПП), міндетті компонентке немесе таңдау бойынша компонентке тиістілігін,
кредиттердің санын жəне əрбір құрамдас модульге қатысты бақылау формасы) көрсете
отырып, модуль түрлерінің шеңберінде білім беру бағдарламасының мазмұны;
5) білім беру бағдарламасының модульдері бөлінісінде игерілген кредиттердің көлемін
көрсететін жиынтық кестесі осы ереженің 9-қосымшасына сəйкес.
104. Оқу пəндеріне модуль құруда оның бағдарламасы білім алушылардың қажетті
білім, іскерлік, дағды жəне құзыреттілік алуына бағытталған модульге (кіші модульдер,
бөлімдер) құрылады.
Сонымен қатар, оқыту пəндерінің модульдік бағдарламасы білім алушылардың
дəрісханалық пен өзіндік жұмысы ретінде оқытылады жəне оқытушыларды ақпараттық
функциялардан босатады.
105. Модульдік оқу бағдарламасы мыналарды қамтиды:
1) оқу пəндерінің мақсаты мен міндеттерінің тізбесі;
2) білім алушылардың «түсу алдындағы» жəне пəндерді меңгергеннен кейінгі
(пререквизиттер жəне постреквизиттер) дағдыларына (құзыреттілігіне) қойылатын талаптар;
3) пəндердің əрбір модуліне сипаттама (модульдік бірліктер тізбесі, яғни олардың
қысқаша мазмұны, семинарлық жəне зертханалық-практикалық сабақтардың жоспарлары,
студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары мен сұрақтары, оның ішінде оқытушының
жетекшілігімен, тапсырманы орындау жəне тапсыру кестесі);
4) қысқаша ұйымдастыру-əдістемелік сипаттама (оқыту мен оқу жетістіктерін
бақылаудың негізгі формалары мен əдістері, оқытушының талаптары, курстың саясаты мен
рəсімі);
5) білім алушылардың оқу жетістіктері нəтижелерін бағалау жүйесі.
106.Білім бағдарламалары жалпы білім беру жəне қосымша құзыреттіліктер
қалыптастыруға бағытталған өзіндік оқыту модульдерінен (кіші модульдер, бөлімдер,
тақырыптар) тұратын пəнаралық модульдерді қамтиды. Бұл ретте мақсаттары бір болған
жағдайда бірнеше пəндер бір модульге бірігуі мүмкін.
107. Модульдік тəртіппен жасалған оқу жоспары: ЖББП, БП, ПП кезеңдерінің
пəндерінде қалыптасатын, жалпы мамандықтардан, қосымша жəне пəнаралық модульдерден,
қосымша оқыту модульдерінен тұратын білім беру мазмұнының моделін көрсетеді жəне
міндетті компонент пен таңдау бойынша компонент пəндерін қамтиды.
108. Модульді зерделеп аяқтаған соң қорытынды бақылау модуль бойынша кешенді
емтихан нысанында не əрбір компонент – оқу пəні бойынша өзіндік емтихан нысанында
өткізіледі.
Егер кешенді емтихан өткізілген жағдайда қорытынды бақылау бағдарламасына негізгі
компонент бойынша сұрақтар кіреді, ал басқа компоненттер бойынша қорытынды бақылау
нысаны реферат, эссе немесе курстық жұмыс (жоба) болып табылады.
Кешенді емтихан кезінде баға тұтас модуль бойынша да, оның əрбір компоненті – оқу
пəні бойынша да жеке қойылады.
109. Модуль бойынша кредиттер алудың шарты əрбір компоненттегі жұмыстың барлық
түрлерін орындау жəне қорытынды бақылау бойынша оң баға болып табылады.
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 76-беті
76
Егер тұтас бір модуль бойынша қорытынды бақылаудан қанағаттанарлықсыз деген баға
алған жағдайда, білім алушылардың оның жеке компоненттері – оқу пəндері бойынша оң
бағасы, онда олар қайта есептеледі. Келесіде білім алушылар бұл пəнді оқымайды.
7 Екі дипломдық білім беру бағдарламаларын жəне бірлескенбілім беру
бағдарламаларын əзірлеу жəне іске асыру тəртібі
110. Əлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасу процестері қазақстандық азаматтардың
шетелдік білімге кеңінен қол жеткізуіне, оның сапасы мен тартымдылығын арттыруға, білім
алушылардың, оқытушылар мен академиялық персоналдың академиялық ұтқырлығын
кеңейтуге бағытталған.
111. Жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің нысаны екі диплом
бере отырып, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру болып табылады.
Екі дипомдық білім бір жоғары оқу орнының ішіндегі сияқты екі əріптес жоғары оқу
орнының арасында да іске асырылуы мүмкін.
112. Екі дипломды білімнің бағдарламалары – əріптес университеттердің білім беру
бағдарламаларының салыстырмалылығы мен үйлесімділігіне негізделген жəне тараптардың
бағдарлама мақсаттарын айқындау, оқу жоспарын дайындау, оқу процесін ұйымдастыру,
берілетін дəрежелер немесе берілетін біліктіліктер сияқты мəселелер бойынша ортақ
міндеттерді қабылдауымен сипатталатын бағдарлама.
113. Екі дипломдық білім беру бағдарламалары екі əріптес жоғары оқу орны
арасындағы келісім негізінде əзірленеді.
Бұл ретте екі дипломдық білім беру бағдарламаларын іске асырудың маңызды
шарттары мыналар болып табылады:
1) екі əріптес жоғары оқу орнының келісілген білім беру бағдарламасын жəне оқу
жоспарын əзірлеуі жəне бекітуі;
2) екі дипломды білім беруге енгізілген студенттердің əріптес жоғары оқу орнындағы
білім беру бағдарламасының бөліктерін меңгеруі;
3) уағдаластықтар, жалпы принциптер мен сапаны қамтамасыз ету стандарттары
негізінде əріптес жоғары оқу орнында оқыту кезеңдері мен нəтижелерін міндетті тану жəне
автоматты түрде сынақтан өткізу;
4) оқытушыларды екі дипломдық білім беруге тарту: білім беру бағдарламасы мен оқу
жоспарын бірлесіп əзірлеу, əріптес жоғары оқу орнында оқыту, жалпы қабылдау жəне
аттестаттау комиссияларына қатысу;
5) екі дипломдық білім беру бағдарламасын толық меңгерген студенттерге əрбір əріптес
жоғары оқу орнының дəрежесі не уағдаластық негізінде бір бірлескен дəреже беріледі.
114. Қажет болған жағдайда білім алушылардың екі дипломдық білім беру
бағдарламасын іске асырудың таңдалған моделіне қарай оны меңгеруінің ұзақтығы
бакалавриатта – 1-1,5 жылға, магистратурада – 0,5-1 жылға ұлғаяды.
115. Білім алушыларды екі дипломдық білім беру бағдарламасына енгізу рəсімдерін
өзара уағдаластық негізінде əріптес жоғары оқу орындары əзірлейді.
Аталған рəсімдер білім алушыларды өз жоғары оқу орнындағы екі дипломдық білім
беру бағдарламасына енгізу процесін жəне екі дипломдық білім беру бағдарламасына
шетелдік білім алушыларды қабылдау процесін көрсетеді.
116. Білім алушыны екі дипломдық білім беру бағдарламасына енгізу оның өтініші
негізінде жəне əріптес жоғары оқу орнымен жасалған келісімге (шартқа) сəйкес жүзеге
асырылады.
Білім алушылар əріптес жоғары оқу орнында қабылдау рəсімдерінен өтеді.
117. Екі дипломдық білім беру бағдарламасына енгізілген шетелдік білім алушылар
«білім алуға енгізілген» деген ерекше белгісі бар жəне оқытудың кезеңі, мерзімі, пəндер саны
Достарыңызбен бөлісу: |