«Өзін-өзі тану» ПӘнінен оқу- әдістемелік кешен



жүктеу 346,5 Kb.
бет2/3
Дата13.02.2020
өлшемі346,5 Kb.
#28960
1   2   3

Конформ этносы жеке адамдардың, адамдар тобының ұлттық әдет –ғұрыптарға, жүріс –

тұрыстарына ұлттық ерекшеліктерді және стереотиптерді ішкі кедергісіз меңгеру және жеткілікті мағынасын түсіну арқылы көрінетін бейімділігі.



Кросс мәдени этнопсихологиялық зерттеу – түрлі ұлттарға, этностық қауымдарға жататын

бірнеше топтарда қатарынан сыналатын адамдардың психологиялық және әлеуметтік мәдени ерекшеліктері.



Менталитет (діл) – этнос қабылдаған көзқарастар, пікірлер, стереотиптер, жүріс – тұрыс формалары мен әдістері осы этностың қауымға тән өмір сүру стилі, мәдениеті.

Мәдени релятивизм – даму деңгейіне қарамастан дербестік пен толық құндылық құнын мойындайтын түрлі халықтардың мәдени құндылықтарының салыстырылмаушылығы мен барлық моральді – бағалау критерийлерінің қатыстылығы туралы американдық этнологиядағы этнопсихологиялық бағыты.

Маргинал тұлға – екі ұлттың мәдени өмірі мен салттарына саналы түрде қатысып өмір сүретін адам.

Негізгі тұлға – осы этностық топтың жеке тұлғаларымен туыстастыратын әрбір жеке тұлғада бар қасиеттер ұғымы. Осы қоғамнан негізін және оның мәдени базасын құрайтын әрбір нақты қоғамда басым келетін адамдардың «орташа» психологиялық типі.

Тұлғаның этностық құрылымы– адамның ішкі мазмұнын білдіретін және іс– әрекетіне, жүріс–

тұрысына әсерін тигізетін иерархия түрінде құрылған белгілі ұлт өкілінің қасиеттер жиынтығы.



Топ – қоғамдағы адамдардың белгілі сипаттары мен ерекшеліктеріне орай бірлесіп атқаратын істеріне сәйкес бірлесуі.

Топ жетекшісі – жора – жолдастары мен қатар құрбыларына өзінің беделімен , іс-әрекетімен, мінез-құлқымен ықпал етіп отыратын адам.

Тәрбие – тәрбиеленетін адамда мінез-құлықтың, дүниеге көзқарастың, мінездің және ақыл-ой қабілеттілігінің қалыптасуы үшін мақсатқа бағытталған жүйелі ықпал жасау. Тәрбие оқылудың ажыратылмайды . Бірақ, оған дәлме-дәл де келмейді, тәрбие таптық сипатта болады.

Тума белгі – адамның дүниеге өзімен бірге келетін белгісі.

Тәртіптілік – адамның жеке басының дағдысы, үнемі тәртіп сақтауды қажет ететіндігі, өзі және қоғам алдындағы міндетін түсіне білуі.

Тианақталған сөйлеу - әрбір сөздің немесе сөйлемнің дәл анықталған, мазмұны жағынан аяқталған сөйлеу.

Түрлестік – 1) индивидке ықпал ететін топпен іштей немесе сырттай келісу; 2) жеке адамның ішкі позициясына қарамастан топпен сырттай келісу.

Түсіндіріп сөйлесу- заттың, құбылысты немесе ережені айқынырақ дәлірек түсінуге мүмкіндік беретін сөйлеу. Түсіндіру тәсілдер жиынтығы. Жағдайларға байланысты мұндай тәсілдер ретінде салыстыру, сипаттау, себебін көрсету, қарапайым модельді құрастыру т.б. атауға болады.

Түсінік – болмыстың заттары мен құбылыстарының өткен бір кездегі сезім мүшелеріне тигізген әсерінің сезім-көрнекілік бейнесі.

Шовинизм – ұлтшылдықтың жеткен формасы, ұлт араздық пен өшпенділік тудыруға бағытталған ұлт артықшылығын уағыздайтын саясат.

Халықтық психология – адамның тұрмыстағы және өмірдегі психологиялық әрекеті жайлы халықтың рухани мәдениетінде көрініс беретін білімдер жинағы.

Халық рухы – белгілі бір ұлтқа жататын жеке тұлғалардың психологиялық қасиетін білдіретін

ерекше білім, сол ұлттың тілін, фольклорын, дінін, мәдениетін салыстырмалы түрде зерттеу арқылы маңызы ашылады.



Ұғым – заттар мен құбылыстардың мәнді белгілері мен ерекшеліктерін бейнелейтін жалпылаушы ойлау формасы. Ғылыми пәндердің бәрі ұғымдар жүйесінен құралады. Кез келген ұғымның мазмұны мен көлемі болады және ол қолдану ретіне қарай өзге ұғымдармен түрліше байланыста болады. Ұғым дерексіз ойлау нәтижесі арқылы жасалып, оның мазмұны мен көлемі анықталады.

Ұғымталдық –сезімталдық, әсер етуші нәрселер мен құбылыстарды сезім мүшелері мен ақыл-ой арқылы тез қабылдап, олардың мән-мағынасын жете түсіну қабілеті.

Ұжым –қоғамдық пайдалы іспен шұғылданатын, жоғары деңгейде дамыған адамдардың ұйымдасқан тобы. Ұжымдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың бірлесіп атқаратын қоғамдық істері мен мақсат-мүдделерінің бірыңғай болуында.

Ұлттық мақтаныш- тілінің, дінінің, мәдениетінің ортақтылығын ұғыну арқылы өзінің белгілі бір

ұлтқа жататындығын саналы түрде зерттеу арқылы маңызы ашылады.



Ұлттық психология- қоғамдық сана сезімнің маңызды компоненті, қоғамдық психологияның

құрамды белгісі. Адамдармен топтардың қимыл әрекетінде көрінетін олардың қоғамдық сана – сезімінің барлық формасын қамтитын идеология, мораль, дін,ғылым, өнер,философия.



Ұлттық әдет-ғұрып – белгілі бір ұлт ортасында болатын және олардың мүшелеріне үйреншікті

тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыс әдісі.



Ұлттық мінез құлық өмір сүрудің нақты жағдай барысында және адамдардың жүріс– тұрысын,

өмір сүру типін, олардың еңбекке, басқа халықтарға, өз мәдениетіне қарым– қатынасын белгілейтін тарихи қалыптасқан мінезінің этносқа тән психологиялық қасиеттерін анықтайтын жиынтықтары.



Ұлттық психологиялық ерекшеліктер –этнопсихологиялық ғылымның ұлттық психиканың

негізгі мағынасын ұлттық психикалық тұрпатын, ұлттық сипатын құраушы элементтерді білдіретін категория.



Ұлттық лидер (көшбасшысы) –белгілі бағдарламамен белгілі ұлт мүддесін жүзеге асыруда

практикалық әрекеттері үшін ұлтты ұйымдастыруда маңызды және жетекші ролі бар беделді тұлға.



Ұлт –аймақ, бірлігімен, экономиялық байланысымен, тіл ортақтығымен, мәдениетімен, кейбір

психиологиялық эрекшеліктерімен және рухани қасиеттерімен сипатталатын адамдардың тарихи қалыптасқан қауым түрі.



Ұлтшылдық – ұлттың ерекшелігі мен артықтылығы (үстемдік) туралы уағыздан тұратын кері тартпа идеология мен саясат. Бір ел ішінде ұлттар мен халықтар арасында ұлттық араздық тудыратын форма, сондай – ақ бір елдің халқын басқа елдің халқына қарсы шағыстыру формасы ретінде қолданылады.

Ұлттық мақтаныш – мәдениетінің, тілінің, дінінің ортақтылығын ұғыну арқылы өзінің белгілі бір ұлтқа жататындығын саналы түрде сезінуі, өз Отанына, халқына деген патриоттық сүйіспеншілік сезімі.

Ұлттық психология – қоғамдық сана сезімнің маңызды компоненті, қоғамдық психологияның құрамды белгісі. Бұл ақиқат құбылыс адамдар мен топтардың қимыл – әрекетіне және жүріс – тұрысында көрінетін олардың қоғамдық сана –сезімінің барлық формасын қамтитын идеология, мораль, дін, ғылым, өнер,философия.

Ұлттық өзіндік сана сезім – жеке тұлғаның белгілі бір әлеуметтік – этностық қауымдастыққа қатыстығы жататындығын сезінуі және идеяларда, көзқарастарда, сезімде, эмоцияда, көңіл– күйде көрінетін қоғамдық қатынастар жүйесіндегі оның орны.

Ұлттық лидер (көшбасшысы) –белгілі бағдарламамен белгілі ұлт мүддесін жүзеге асыруда практикалық әрекеттері үшін ұлтты ұйымдастыруда маңызды және жетекші рөлі бар беделді тұлға.

Ұлттық нигилист – барлық орнықтылық нормасын, өз этносының салт – дәстүрін терістейтін, өз халқына бөтен, патриоттық сезімі жоқ, халқының мәдениетін менсінбейтін адам.

Ұлттық әдет-ғұрып – дәстүр белгілі бір ұлт ортасында болатын және олардың мүшелеріне үйреншікті (әдетті) тарихи қалыптасқан таптауырынды жүріс-тұрыс әдісі.

Ұлттық соқыр сезім – этностық қауымның басқа қауымға олардың сипаттамасына қатысты жасайтын ақиқатты дәл жеткізбейтін, бұрмаланған нұсқаулар болып табылатын қоғамдық психологиялық құбылыс.

Ұлттық салт– тарихи қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан жүріс – тұрыс формасы тұрмыс санасында әбден тамырланған ережелер, құндылықтар, адамдардың қатысу түрлері.

Ұлттық сана сезім – адамдардың өз этностық қауымға, оның мүдделері мен құндылықтарына деген ұлттық қарым–қатынасы, олар жағымды да жағымсыз ренкте де болуы мүмкін.

Ұлттық ақыл тұрпаты – ұлттық өзіндік сол немесе басқа ұлт өкілдерінің көпшілігінің ойлау ерекшелігі.

Ұлттық мінезқұлық – өмір сүрудің нақты жағдай барысында және адамдардың үйреншікті жүріс – тұрысын, өмір сүру типін, олардың еңбекке, басқа халықтарға, өз мәдениетіне қарым– қатынасын белгілейтін тарихи қалыптасқан мінезінің этносқа тән психологиялық қасиеттерін анықтайтын жиынтықтары.

Ұлт – аймақ, бірлігімен, экономикалық байланысымен, тіл ортақтығымен, мәдениетімен, кейбір психологиялық және рухани қасиеттерімен сипатталатын адамдардың тарихи қалыптасқан қауым түрі.

Ұлт қатынастарының этикасы – этнос қауымдары мен топтар өкілдері арасындағы түрлі байланыстарды қалыпқа келтіретін ішкі ұлт аралық қатынастардың нормалар мен ережелер жиынтығы.

Үйлесім , сыйымдылық – бұл әлеуметтік психологиядағы түсініктер, яғни сырт қарағанда дара адамның өзінің ішкі қарсылығына қарамастан топтың ырқана саналы түрде бейімделіп, көнбістік көрсетуі.

Үнсіз сөйлесу – сөйлеу әрекетінің ерекше түрі. Үнсіз сөйлеуді кейде іштей сөйлеу дейді. Үнсіз

сөйлеуде адамның ойы мен білдірмек болған пікірі дыбыссыз айтылады. Іштей сөйлеуде сөйлемнің баяндауышы не бастауышы айтылады да, ой жүйесі үзінді-кесінді сипатта болады. Қарым-қатынас жасауда дауыстап сөйлеу тәсілі қолданылса , ал үнсіз, іштей сөйлеуде адамның ойлауы құрал қызметін атқарады да, ол өзінің іс-әрекетін реттейді.



Этникалық дискриминация (кемсіту) – нәсілдік немесе ұлтына қарай белгілі бір азаматтар

категориясының құқыларымен мүдделеріне қасақана қысым көрсету.



Этникалық бірігу – этникалық қауымдарды жақындату процесі.

Этносаралық мәміле (компромисс) – этностардың, этникалық топтар арасында олардың

өкілдерімен өзара келісімге келу.



Этникалық контакт – түрлі ақпараттар және мәдени құндылықтармен алмасу барысында нақты

халықтар өкілдерінің бір – біріне ықпалын тигізетін этносаралық әрекеттестіктің формасы.



Этносаралық қарым қатынас мәдениеті – әр түрлі этностық қауымдар өнімдерінің

тұлғааралық байланысында және өзара әрекетінде көрінетін тез және ешбір ауыртпашылықсыз өзара түсінушілік пен келісімге әкелетін арнайы білім мен дағдылар, сондай – ақ соларға тән іс – әрекеттердің жинағы.



Этностық маргинал – қос этностық өзіндік сана тудыратын екі этностық мәдинетке бірдей тән болу.

Этностық ұтқырлық – мақсатты түрде этностық өзіндік бекіту және өзіндік бағытталған жұмысты белгілеу үшін қолданылатын термин,

Халықтық педагогика – әр түрлі буын өкілдерінің өзара қарым – қатынасы мен әрекеттестігінің ұлтқа тән тиянақты формасы сақталған этностық мәдениеттік салт – дәстүрде, халықтық және көркем шығармашылықта сақталған білім мен тәрбие дағдысының жинағы.

Халықтық психология – адамның тұрмыстағы және өмірдегі психологиялық әрекеті жайлы халықтық рухани мәдениетінде көрінетін білімдер жинағы.

Халық рухы – белгілі бір ұлтқа жататын жеке тұлғалардың психологиялық қасиетін білдіретін ерекше тұйық білім сол немесе басқа этностың тілін, фольклорын моралін дінін, мәдениетін салыстырмалы түрде зерттеу арқылы манызы ашылады.

Этностық топтар – тілдің, діннің, мәдениеттің тұрмыстық маңызды ерекшеліктерін сақтаған ұлттың оқшау бөлігі.

Этностық ауызбірлік – этнос ішіндегі қарым – қатынастар нәтижесі, этностық топтардың, қауымдардың нығаюы.

Этностық сана – сезім – нақты ұлттар мен халықтардың өкілдері ретінде адамдардың іс әрекеттері арқылы этнос ерекшелігін зерттейтін әлеуметтің психология мен этнология қилысында пайда болған ғылымның дербес саласы.

Этномәдениеттік бейімделу – психологиялық немесе әлеуметтік дағдылануы, адамдардың жана мәдениетке, жаңа ұлттық әдет – ғұрыпқа, өмір салтына, тәртіпке бейімделуі.

Этникалық ассимиляция (үндесу) – бір халықтың екінші халықпен оның тілін әдет – ғұрпын, мәдениетін меңгеру арқылы өз тілін, мәдениетін және ұлттық сана сезімін жоғалту жолымен бірігу нәтижесінде ұлттық психологиялық ерекшеліктердің белгілі бір өзгерістері (трансформациясы) пайда болады.

Этностық топтар – тілдің, мәдениеттің, діннің, тұрмыстық маңызды ерекшеліктерін сақтаған халықтың немесе ұлттың оқшау бөлігі.

Этностық дифференциация – басқа халықтардың тарихына, мәдениетіне, ұлт салттарына, мүдделері мен құндылықтарына деген индифференттік қатынасы мен сипатталатын этнос белгілері бойынша адамдардың ажырасуындағы эмоционалды – когнитивті процесс.

Этностық ұқсастыру (идентификация)– субьекттің бір этностық топтағы басқа өкілімен бірігудегі эмоционалды – когнитивті процесі, содай–ақ оның тарихына, мәдениетке, ұлт салттары мен барлық халықтар дәстүрлеріне, оның идеалдарына, сезімі мен мүдделеріне, фольклоры мен тіліне, этностық мекендейтін аймағы мен оның мемлекеттілігіне деген жағымды көзқарасы.

Әлемнің этностық көрінісі – нақты этностық қауым мүшелерінің қоғамдық болмыс, өмір туралы оймен тұрақты, байланысты ой мен көзқарастар жиынтығы.

Этностық ауызбірлік – этнос ішіндегі қарым–қатынастар нәтижесі, этностық топтардың, қауымдардың нығаюы.

Этностық мәртебе – этносаралық қарым-қатынас құрылымындағы жеке тұлғаның, топтың, қауымның орнын белгілейтін әлеуметтік мәртебенің элементі.

Этностық таптауырындар– түрлі этностық қауымдар өкілдеріне тән моральдық ақыл–ой, физикалық сипаттары туралы салыстырмалы түрде тұрақты ұғым.

Этностық толеранттық – жалпы толеранттықтың жеке оқиғасы яғни адамның басқа этнос өкілдерінің бейтаныс өміріне, мінез–құлқына, салт–дәстүрлеріне, сезіміне, пікірлеріне, сенімдеріне шыдамдылық білдіретін қабілеті.

Этностық бағдарлар – тұлғаның ұлт өмірімен ұлтаралық қатынастарының сол немесе басқа құбылыстарын қабылдауға дайындығы және нақты бір жағдайда осы қабылдауына сәйкес әрекет жасау.

Этностық кикілжің – этностық белгі бойынша қарсы мүдделі топтардың қарама–қайшы келетін топ аралық кикілжің формасы. Қарулы қақтығыстарда және ашық соғыстарға дейін әкелетін өзара наразылығымен сипатталады.

Этностық сана сезім – нақты ұлттармен халықтардың өкілдері ретінде адамдардың іс–әрекеттері арқылы этнос ерекшелігін зерттейтін әлеуметтік психология мен этнология қиылысында пайда болған ғылымның дербес саласы.

Этностық мәдени біліктілік – өзара әрекеттестіктің өзгешелігі мен шарттарын басқа ұлт өкілдерімен араласу кезінде өзара келісімдік және сенімдік атмосферасын ұстану мақсатында ынтымақтастықтың барабар (адекватты) формасын табуға, дұрыс ұғынуға көмектесетін білім, дағды, тәжірибені пайдалану дәрежесі.

Этнопсихолингвистика – этнос психологиясының қалыптасуындағы негізгі фактор ретінде оның тарихи тәжірибесін көрсететін тілдің ықпалын қарастыратын психология, этнология және лингвистика қиылысында пайда болған ғылыми білім саласы.

Этнопсихология – адамдар психикасының этностық ерекшеліктерін зерттейтін психологияның саласы, түрлі нақты этностық бірлестіктерге жататын адамдардың психологиялық өзіндігі туралы ғылым.

Этнос – тілі бір, салыстырмалы түрде тұрақты мәдени және психика ерекшеліктері ортақ. сондай–ақ жалпы өзіндік атауы бар (өзінің бірлігі және өзгешелігі туралы түсінігі бар) тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты жиынтығы.

Этноцентризм – барлық өмірлік құбылыстарды жалпы этап болып өз этнос қауымының салт –дәстүрі және құндылықтарымен салыстыра отырып қабылдау және бағалау қабілеті, өзінің өмір сүруін басқалардан артық көру.

Эмпатия - өзге адамдардың жан дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Эмпатияның айқын көрінісі – идентификация. Бұл – адамның өзге адамның психикалық жай-күйін өз басынан кешіргендей халде болуы.

Эгоизм (франц) – жеке басы мүддесін басқалардың, қоғамның мүддесін жоғары қоюшылық.

Эгоцентризм (латын) - өзімшілдік пен менменсудің шектен шыққан формалары.

Эйдетизм (грке) – бейнелерді еске өте дәл айқын түсіру.

Эйфория (грек) – шындыққа сәйкес клмейтін көңіл – күйдің шамадан тыс көтеріліп, шаттануы.

Эмоция (франц. emation, лат. enoveo — толғану) – адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым – қатынас негізінде пайда болатын көңіл – күй. \Эмпатия* (лат. empatheia — әсерлену) — өзге адамдардың жан дүниесінің сыры мен күй – жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Эмпатияны алғаш американдық психолог Э.Титченер ашып көрсетті.
2. ДӘРІСТЕР
3. ТӘЖІРИБЕЛІК ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР.

а) Тәжірибелік сабақтарының тақырыптары.

Тақырып 1. Өзін-өзі танудың мәні

Мақсаты: Өзін-өзі тану пәні туралы толық мәлімет жинау.

Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында өзін-өзі тану пәні, өзін-өзі тану пәнінің мақсат-міндеттері, өзін-өзі тану курсының авторлары туралы толықтай мәліметтерді білу керек. Пайдаланылған әдебиеттерді міндетті турде дәптердегі конспектінің соңына жазып отыру керек.

Бақылау сұрақтары:

  1. Тақырыпқа байланысты қандай жаңа терминдер білесіз?

  2. Өзін- өзі танудың даму тарихы.

Әдебиеттер:

  1. Нұркеева С.С, Нұрбекова С.Ж, Кашкарова Л.О. Өзін-өзі тану. Студент дәптері. 1курс. Алматы, 2007 жыл

  2. Нұркеева С.С, Нұрбекова С.Ж, Кашкарова Л.О. Өзін-өзі тану. Оқытушыларға арналған әдістемелік құрал. 1курс. Алматы, 2007 жыл

  3. Құдышева Б.Қ, Жұманова Г.Ж, Нұркеева С.С, Серовайская Д.Е. Өзін-өзі тану пәніне кіріспе. Оқу құралы. Алматы, 2007 жыл

  4. Өзін-өзі тану. Хрестоматия. Алматы, 2003 жыл

Тақырып 2. Өзін –өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының шарты ретінде.

Мақсаты: Өзін –өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының шарты ретінде екендігін түсіндіру, тұлғаның дамуының әртүрлі жас кезеңдері жайлы мәлімет беру.

Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы, тұлғаның дамуының әртүрлі жас сатылары және өзін-өзі тану пәнінің жеке тұлғаға әсері туралы толықтай мәліметтерді білу керек. Пайдаланылған әдебиеттерді міндетті турде дәптердегі конспектінің соңына жазып отыру керек.

Бақылау сұрақтары:

  1. Жеке тұлға дегеніміз не?

  2. Жеке тұлғаға әсер ететін факторларды атап көрсету

Әдебиеттер:

  1. Нұркеева С.С, Нұрбекова С.Ж, Кашкарова Л.О. Өзін-өзі тану. Студент дәптері. 1курс. Алматы, 2007 жыл

  2. Нұркеева С.С, Нұрбекова С.Ж, Кашкарова Л.О. Өзін-өзі тану. Оқытушыларға арналған әдістемелік құрал. 1курс. Алматы, 2007 жыл

  3. Құдышева Б.Қ, Жұманова Г.Ж, Нұркеева С.С, Серовайская Д.Е. Өзін-өзі тану пәніне кіріспе. Оқу құралы. Алматы, 2007 жыл

  4. Өзін-өзі тану. Хрестоматия. Алматы, 2003 жыл


Тақырып 3. Адамның ішкі дүниесінің бірегейі.

Мақсаты: Адамның ішкі жан дүниесі, рухани және материалдық мәдениеті, оның ішкі дүниесінің бірегейі жайлы түсінік беру.

Әдістемелік нұсқау: тақырыпқа дайындалу барысында адамның басқа тіршілік иелерінен айырмашылығын, адамның ішкі жан дүниесіне әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды және адамның ішкі дүниесінің бірегейі туралы жан- жақты қарастыру керек. Пайдаланылған әдебиеттерді міндетті турде дәптердегі конспектінің соңына жазып отыру керек.

Бақылау сұрақтары:

  1. «Адам – күн, ал сезімдері оның планеталары» тақырыбында сурет салу.

  2. «Мен қандай адаммын?» деген сұраққа тезистер түрінде жауап қайтару.

Әдебиеттер:

  1. Нұркеева С.С, Нұрбекова С.Ж, Кашкарова Л.О. Өзін-өзі тану. Студент дәптері. 1курс. Алматы, 2007 жыл

  2. Нұркеева С.С, Нұрбекова С.Ж, Кашкарова Л.О. Өзін-өзі тану. Оқытушыларға арналған әдістемелік құрал. 1курс. Алматы, 2007 жыл

  3. Құдышева Б.Қ, Жұманова Г.Ж, Нұркеева С.С, Серовайская Д.Е. Өзін-өзі тану пәніне кіріспе. Оқу құралы. Алматы, 2007 жыл

  4. Өзін-өзі тану. Хрестоматия. Алматы, 2003 жыл

Тақырып 4. Кәсіби өсу және өзіндік даму- тұлғаның жетістігінің негізі ретінде.

Мақсаты: Кәсіби өсу, кәсіби біліктілік, жеке тұлғаның дамуы, мұғалімнің кәсіби өсуі жайлы мағлұмат беру.

Әдістемелік нұсқау: тақырыпқа дайындалу барысында кпедагогтың кәсіби өсіу, кәсіби біліктілігі дегеніміз не және жеке тұлғаның кәсіби өсуі дегеніміз не деген сұрақтарға жауап беру керек. Пайдаланылған әдебиеттерді міндетті турде дәптердегі конспектінің соңына жазып отыру керек.

Бақылау сұрақтары:

  1. Тақырып бойынша глоссарий.

  2. Мұғалімнің өзін-өзі жетілдіру мақсатындағы жұмыстары

Әдебиеттер:

  1. Нұркеева С.С, Нұрбекова С.Ж, Кашкарова Л.О. Өзін-өзі тану. Студент дәптері. 1курс. Алматы, 2007 жыл

  2. Нұркеева С.С, Нұрбекова С.Ж, Кашкарова Л.О. Өзін-өзі тану. Оқытушыларға арналған әдістемелік құрал. 1курс. Алматы, 2007 жыл

  3. Құдышева Б.Қ, Жұманова Г.Ж, Нұркеева С.С, Серовайская Д.Е. Өзін-өзі тану пәніне кіріспе. Оқу құралы. Алматы, 2007 жыл

  4. Өзін-өзі тану. Хрестоматия. Алматы, 2003 жыл

Тақырып 5. Қарым-қатынас - адамдар арасындағы өзара түсіністікке жетудің құралы ретінде.

Мақсаты: Қарым-қатынас, оның түрлері, адам өміріндегі қарым-қатынастың маңызы жайлы түсінік қалыптастыру.

Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында қарым-қатынас, оның түрлері және адамзат өміріндегі қарым-қатынастың рөлі туралы айту қажет. Пайдаланылған әдебиеттердің авторы, жылы, беті дәптердегі конспектінің соңында жазылуы керек.

Бақылау сұрақтары:

  1. Демократиялы сипаттағы қарым-қатынас қандай болу керек? Талдау.

Әдебиеттер:

  1. Нұркеева С.С, Нұрбекова С.Ж, Кашкарова Л.О. Өзін-өзі тану. Студент дәптері. 1курс. Алматы, 2007 жыл

  2. Нұркеева С.С, Нұрбекова С.Ж, Кашкарова Л.О. Өзін-өзі тану. Оқытушыларға арналған әдістемелік құрал. 1курс. Алматы, 2007 жыл

  3. Құдышева Б.Қ, Жұманова Г.Ж, Нұркеева С.С, Серовайская Д.Е. Өзін-өзі тану пәніне кіріспе. Оқу құралы. Алматы, 2007 жыл

  4. Өзін-өзі тану. Хрестоматия. Алматы, 2003 жыл

Тақырып 6. Адам өмірінде отбасы және туыстық қатынастың ролі.

Мақсаты: Адам өмірінде отбасы және туыстық қатынастың ролін түсіндіру.

Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында адам өміріндегі отбасының рөлі мен адам өміріндегі туыстық қатынастың рөлі туралы мәліметтер жинау қажет. Пайдаланылған әдебиеттердің авторы, жылы, беті дәптердегі конспектінің соңында жазылуы керек.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазіргі заманғы қазақстандық отбасының образы.

  2. Менің өзімнің болашақ отбасымды қалай елестетемін?

  3. Қазіргі заманғы күйеудің образы.

  4. Қазіргі заманғы әйелдің образы.

  5. Қазіргі заманғы ата – ана: олар қандай?

Әдебиеттер:

  1. Нұркеева С.С, Нұрбекова С.Ж, Кашкарова Л.О. Өзін-өзі тану. Студент дәптері. 1курс. Алматы, 2007 жыл

  2. Нұркеева С.С, Нұрбекова С.Ж, Кашкарова Л.О. Өзін-өзі тану. Оқытушыларға арналған әдістемелік құрал. 1курс. Алматы, 2007 жыл

  3. Құдышева Б.Қ, Жұманова Г.Ж, Нұркеева С.С, Серовайская Д.Е. Өзін-өзі тану пәніне кіріспе. Оқу құралы. Алматы, 2007 жыл

  4. Өзін-өзі тану. Хрестоматия. Алматы, 2003 жыл


жүктеу 346,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау