«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру»



жүктеу 176 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі176 Kb.
#12658



Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2015 жылғы

№ бұйрығына

7-қосымша

«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына

куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштерді қабылдау:

1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларындағы Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлік беру - емтиханды табысты тапсырған кезден бастап 10 жұмыс күні ішінде;

өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәліктің телнұсқасын беру - құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап 2 жұмыс күні ішінде;

бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына жаңа куәлікті беру - құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап 3 жұмыс күні ішінде;

ХҚО-ға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

2) ХҚО-да құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;

3) ХҚО-да көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - қағаз түрінде өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік, өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасы.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу орны мен күні туралы хабарлама жолданады.

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде жеке тұлғаларға көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) ХҚО - еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - сенбі аралығында, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін.

Қабылдау және нәтижелерді беру қызмет алушының қалауы бойынша жедел қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезек броньдалуы мүмкін;

2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (егер қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш берсе, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні іске асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттігін куәландыратын құжат бойынша заңды тұлға; нотариат куәландырған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

ХҚО-ға:

1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік алу үшін:



осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы дипломның не шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктің (анықтама) көшірмесі;

№ 083/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі;

2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет;

жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

2) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі бір фотосурет;

жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

3) бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлік;

№ 083/у нысаны бойынша медициналық анықтама;

2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет;

жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).

порталға:

4) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы дипломның не шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктің (анықтаманың) электрондық көшірмесі;

№ 083/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;

2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосуреттің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқасы ХҚО-ға ұсынылады);

5) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі бір фотосуреттің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқасы ХҚО-ға ұсынылады);

6) бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде ХҚО-ға ұсынылады);

№ 083/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;

2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосуреттің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқасы ХҚО-ға ұсынылады).

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметін ХҚО қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

Көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттар түпнұсқада көшірмелермен бірге ұсынылады. Құжаттар түпнұсқалары көшірмелермен салыстырып тексерілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады. Құжаттар түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, нотариат куәландырған көшірмелер ұсынылады.

Құжаттарды ХҚО арқылы берген кезде ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыны осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 1-тармақшасында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін тапсыруына тексергеннен кейін ХҚО өтініш қабылдаған сәттен бастап бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыны шағын көлемді кемені басқару құқығына теориялық білімін тексеру үшін емтихан тапсыруға (бұдан әрі - емтихан) жібереді.

Құжаттарды портал арқылы берген кезде ХҚО қызметкері электронды нысандағы (фотографиялардан басқа) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 4) тармақшасында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне емтихан өткізу орны мен уақыты туралы хабарламаны жібереді. Бұл ретте, емтихан көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне хабарлама жіберген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде өткізіледі.

Емтиханды жақсы тапсырған кезде емтихан нәтижесі мен осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 1) тармақшасында және/немесе 9-тармағы 4) тармақшасында көрсетілген құжаттар бір жұмыс күні ішінде шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлікті ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі.

ХҚО арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

ХҚО-да дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жеке куәлікті ұсынған кезде (немесе оның өкіліне нотариат куәландырған сенімхат бойынша) беріледі

ХҚО бір ай ішінде нәтиженің сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде, ХҚО сұрау салғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін ХҚО-ға жібереді.

Портал арқылы электронды сұрау салған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебесі көрсетіледі.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО-ның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушы мынадай:

1) теріс нәтижесі бар соңғы емтихан тапсыру күнінен бастап жеті жұмыс күні - уақытша интервалы болмаған;

2) кеме жүргізуші курстарын аяқталғаннан кейін он екі ай өткен және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды қайта өтпеген;

3) емтихандарды он екі ай iшiнде үш реттен артық тапсыра алмаған және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курсты қайта өтпеген;

4) жергілікті атқарушы органда есепте тұрмаған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәлікті (анықтаманы) ұсынған;

ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде есепте тұрған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашқан ұйымдар берген шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін жарамды болып табылады;

5) он сегіз жасқа толмаған адамдар құжаттарды ұсынған;

6) сот шешімінің негізінде шағын көлемді кемелерді басқару құқығынан айыру мерзімі бітпеген жағдайларда емтихан тапсыруға жіберуден бас тартады.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, ХҚО-ның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, немесе облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органының басшысының атына осы мемлекеттік қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) шағым қабылданғанын растау болып табылады.

ХҚО қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым ХҚО басшысына ХҚО www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.

Қолма-қол, сондай-ақ поштамен түскен шағымдардың ХҚО кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).

Көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚО-ның немесе жергілікті атқарушы органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы мәліметті бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Портал арқылы шағымданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» мемлекеттік қызметті берушінің шағымды өңдеу барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын шағым туралы ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Жеке тұлғаның шағымында тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошта мекенжайы көрсетіледі.

Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық түрде және ХҚО арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет анықтама бюросы, күтуге арналған креслолар және дене мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсетуге арналған пандустар көзделген ғимаратта көрсетіледі.

Заңнамамен белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет ету, өз бетімен жүріп-тұру, бағдарлай алуды жүзеге асыру мүмкiндiгiн толық немесе iшiнара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефонымен жүгіну арқылы ХҚО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар қабылдауды көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) ХҚО-ның: www.con.gov.kz интернет-ресурстарында;

2) www.egov.kz «электрондық үкімет» порталында орналастырылған.

15. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда электронды түрде алуға мүмкіндігі болады.

16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі болады.

17. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға да болады.

«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша

Фотосуретке арналған орын


Жергілікті атқарушы органының басшысына

________________________________
(Т.А.Ә.)

________________________________

(Т.А.Ә. туған күні, ЖСН)

Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына

куәлікті беруге арналған өтініш
Маған_______________________________________________ауданында (жүзу ауданын (аудандарын): ТЖ, ІСЖ, ІСЖӨ және ІСЖК, ТЖ және ІСЖ көрсету керек)

__________________________________________________________________

(шағын көлемді кеменің үлгісін көрсету керек: гидроцикл, желкенді қайық, механикалық қондырғысы бар шағын көлемді кеме)

басқару құқығына куәлік беруіңізді сұраймын.

Жүзу (білемін/білмеймін) _______________________________________

Мынадай құжаттарды ұсынамын:

1. ____________________________________

2. ____________________________________

3. ____________________________________

4. ____________________________________.


Мекенжайы, байланыс телефондары (факс) _______________________ _____________________________________________________________
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
20 ____ ж. « ____ » ___________ _____________________________

(өтінім берушінің қолы)



Емтихан нәтижелері


Пәндердің және жүзу аудандарының атауы

Білімді бағалау (сынақтан өтті, сынақтан өткен жоқ)

Емтиханды қабылдау күні

Ескертпе

1

2

3

4

ТЖ – теңіздердің аумақтық және ішкі сулары













ІСЖ – кеме жүретін ішкі су жолдары













ІСЖӨ және ІСЖК – Қазақстан Республикасының кеме қатынасы үшін ашылған ішкі су жолдарының тізбесіне енгізілмеген ішкі су айдындары







ТЖ және ІСЖ – теңіздердің аумақтық ішкі сулары және кеме жүретін ішкі су жолдары













__________________________________________________________________                    (кеме жүргізушінің тегі, аты, әкесінің аты, туған күні)

Басқару құқығына емтихан нәтижесі (сынақтан өтті / сынақтан өткен жоқ)

__________________________________________________________________

(кеме-(лер) санаты (үлгісі))

Жүзу ауданында (аудандарында) ________________________________

20____ ж. «____» _____________
М.О.

«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша

Жергілікті атқарушы органының басшысына

________________________________

(Т.А.Ә.)

________________________________

(Т.А.Ә. туған күні, үйінің мекенжайы,

байланыс телефоны, ЖСН)



Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына

куәліктің телнұсқасын беруге арналған өтініш

Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын беруіңізді сұраймын.

20__ жылғы «__» ________ шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік мынадай мән-жайларда жоғалған: _______________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Мынадай құжаттарды ұсынамын:

1. ____________________________;

2. ____________________________;

3. ...

Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.


20 ____ жылғы « ___ » _______ _______________________________

(өтініш берушінің жеке қолы)

«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымша


(Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,

болса әкесінің аты не көрсетілетін

қызметті алушы ұйымының атауы)

________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №__ бөлімшесі (мекенжайын көрсету керек) «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атауы:

1. _______________________________;

2. _______________________________;

3. ...

Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.


Т.А.Ә. (ХҚО қызметкерінің) (қолы)
Орындаушы. Т.А.Ә.

Телефон.


Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызмет алушының қолы

«__» _________ 20__ж.
жүктеу 176 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау