Оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлескен педагогикалық жұмыстары жоспар кіріспе І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарымен жүргізілетін педагогикалық ЖҰмыстары



жүктеу 0,71 Mb.
бет1/3
Дата17.11.2017
өлшемі0,71 Mb.
#692
  1   2   3

Оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлескен педагогикалық жұмыстары
ЖОСПАР


КІРІСПЕ.................................................................................................................3
І ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ
1.1 Оқушылардың ата-аналарымен жүргізілетін педагогикалық насихаттың мазмұны ..................................................................................................................7
1.2 Кіші мектеп жасындағы оқушыларға берілетін жанұялық тәрбиенің педагогикалық мәні ...............................................................................................33
ІІ ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫ
2.1 Бастауыш мектеп жасындағы балалардың жанұядағы оқуын ұйымдастырудағы ата-ананың рөлі .......................................................................49
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................59
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...........................................61
V. ҚОСЫМШАЛАР ..............................................................................................62

КІРІСПЕ

Бастауыш сынып мұғалімі мен ата-аналар баланың негізгі тәрбиешілері болып табылады. Сондықтан да педагог жүргізетін тәрбие жұмысының нәтижелілігі оның ата-аналармен жұмыс істей білуіне, олармен ортақ тіл тауып, олардың көмегімен қолдауына сүйене білуіне байланысты.

Мұғалімнің ата-аналармен жұмысының түрлері мен әдістері әр түрлі. Оған ата-аналардың жиналысын өткізуде, оларды балалармен жұмысқа тікелей қатыстыру да, ата-аналармен топтап, жеке-жеке өткізілетін әңгімелер де, олардың арасында педагогикалық білімдерді тарату да жатады. Бірақ бұл түрлер мен әдістердің барлығы жұмыстың табысты болуын қамтамасыз ете бермейді. Мұны мұғалім жақсы түсінуі тиіс. Тәрбие қажетінің мазмұнымен және әдістерімен бірге мұғалім мен оқушылар ата-аналардың арасында қалыптастаны қарым-қатынас стилі де шешуші рөлге ие болады. Мұғалім мен ата-ананың қарым-қатынасында бастауыш рөлді педагог атқарады, өйткені тәрбие жұмысы – оның негізгі мамандығы. Оның арнаулы дайындығы бар. Әр түрлі педагогикалық ситуацияларда іскерлікпен қолданатын тәрбие құралдарының бай арналарына ие.

Мұғалім ата-аналармен жұмыс істей жүріп балаға оның қылықтарын, оқудағы табыстары мен ұтылыстарына, өз міндеттеріне, көзқарасына тағы басқаларға баға беріп отырады. Мұғалімнің ата-аналармен өзара түсінісуі жайы оның дұрыс және бұрыс бағаларды беру дәрежесіне байланысты. Бұл жерде педагог үнемі мына жайды есте ұстауға тиіс: әр жолы баланың жеке басына емес, оның нақты қылығына баға беруі керек, міндетті түрде ата-аналармен бірлесе отырып әрбір жағдайдан шығудың, оны түзеудің жолдарын табуы қажет. Екіншіден мұғалім балаға теріс баға беру арқылы еріксізден-еріксіз ата-анаға да баға береді. Оның үстіне ата-анаға әрі әке-шеше, әрі тәрбиеші ретінде баға беріледі. Мұғалімнің балаға және ата-аналардың тәрбиелік ықпалына дұрыс талап қойып, дұрыс баға беруі педагогикалық тұрғыдан мақсатты, әділетті түрде болуға тиіс. Сонда ғана педагог пен ата-аналардың арасында дұрыс қарым-қатынасқа қол жететін болады. Педагогикалық тұрғыдан дұрыс қарым-қатынас орнату үшін мұғаліам мен ата-ана тәрбие мақсаттары мен міндеттерін бірдей дәрежеде түсінуі, балалардың дамуына бірдей көзқараста болуы, әр баланың дамуының перспективалары мен қиындықтарын көре білуі қажет. Оқушының әкесі мен не шешесімен қысқа әңгіме кезінде мұғалімнің балаға наразылығын, оның қылықтарын асығып-аптығып айтып салып жатқанын байқауға болады. Мұғалімнің бұл ойы түсінікті де, ол уақыты аз болғандықтан ата-ана назарын бірден тәрбие ісіндегі ең басты, ең қиын жағдайға аудармақ болады. Ал ата-ана болса мұндай кездесуден жақсы, ғибратты жаңалық ала аламайды, олар: «Мұғалімнің өзін кінәлап, менің ұлымның (немесе қызымның) бойындағы жақсы жақтарын, ширақтығын, жаңалыққа құштарлығын, жолдастарына жақын тұратын қалайша байқамайды екен» - деп ойлайды. Осыдан келіп дұрыс қарым-қатынас орнамайды, ата-ана мұғалімге сенімсіздікпен қарайды. Әсіресе үлгермейтін және тәртіпсіз оқушылардың ата-аналарының жағдайы қиын. Іскерлікпен әңгімелесудің орнына мұғалім барлық ата-ананың көзінше әлгіндей оқушы туралы ашуланып айтып береді, оны күлкіге айналдырады. Ал ол балының ата-анасы болса ұялып, өкініп, реніш үстінде келесі жолы мектепке келмеуге бел байлайды. Сондықтан да мектепте тәртібі мен үлгерімі жақсы оқушылардың ата-аналарының үй ішін әлекке салатын балалардың ата-аналарынан гөрі жиірек және ықыластана келетініне таңдануға болмайды. Педагогтың ата-анамен қарым-қатынасының мәні дегеніміз – балаға тәрбиелік ықпалдардың бағытын белгілеуіне көмектеседі және оны жасаудың белгілі бір принциптеріне негізделген жұмыс әдістері мен құралдарының тұрақты жүйесі.

Педагог та, ата-анада әрбір оқушыға оның бойындағы одан әрі дамытуға болатын жақсы жақтарына деген оптимистік сеніммен қарауға тиіс. Баланың өз күшіне сенуіне көмектесу - мұғалім мен ата-ананың міндеті. Өзіне өзінің сенуі оқушыны тәрбие субъектісіне айналдырады, ол біртіндеп өзінің алдына әр түрлі міндеттер қойып оны шешудің жолдарын іздеп табатын болады.

Педагог пен ата-ана қарым-қатынасының адамгершілік стилінің негізгі белгісі бір-біріне деген терең сенім және шыншылдық болса керек. Ата-ана өзінің мұғалімге айтқан қорқынышы немесе баланың мінез-құлқы мен бейімділігіне бірден бағасы өзінің ұлы мен қызына зияндық жасамайтынына сенімді болуы тиіс.

Педагогтың ата-аналармен жұмыста әрқашан және кез-келген істе педагогикалық нормалар мен мәнерді сақтауға балалардың бойында өзі қалыптастыруға тиісті адамгершілік қарым-қатынастар мұратын берік ұстауға міндетті екенін және бір ескерткен жөн. Мұғалімнің ата-аналармен жұмысы баланы мектепке жазу кезіндегі алғашқы кездесуден басталады. Алғашқы әңгімені ата-ана мұғалім кеңесін пайдаланылатындай, сөйтіп сабақ басталғанға дейінгі уақыт ішінде баласын мектепке толық әзірлейтіндей етіп өткізу керек. Оқу жылы бойында мұғалім өз орқушыларының жанұяларында болып отыруы қажет. Оқушы үйлеріне баруға мұқият әзірленуі, онда барғанда нелерге назар аудару керектігін, ата-анадан нқандай сұрақтар сұрап, қандай кеңес беру керек екендігін ойластырып алуы шарт. Мұғалім жанұя жөнінде өзінің байқағандарына сүйеніп, ата-ананың баланы мектепке әзірлеуі кезінде нелерге баса назар аударуы керек екендігі жөнінде байыпты түрде ақыл кеңестерін айтады. Мұғалім ата-ананы бала мектептен қорқытатын теріс әдептерден сақтандырады. Мәселен, оған былай деседі: « Неменеге тыныш тұрмайсың? Сыныпта да осылай тыныш тұрмасаң, сені қуып шығады » немесе «Тыңдамасаң, мұғалім көресіні көрсетеді» т.с.с. Тіпті кейбір ата-аналар мұнан да асып түсіп жатады, сөйтіп баланың бойында мұғалімнен қорқу, үрей сезімдерін тудырады. Соның салдарынан келіп бала сыныпта тектен текке жылап, үйге қайтқысы келеді. Іс жүзіде ол ата-ананың үрейлендірген жазадан қорқып жылайды. Ата-ана баланың бойында мұғалімге деген сыйласымдық сезімін (қорқыныш сезімін емес) егуге тиіс. Сабақ үстінде өзін қалай ұстау керек екендігі жайлы, түсіндіргендерін ынта қойып тыңдап алу, мұғалімнің талап еткендердің бәрін де орындау туралы айтуы керек.

Бірінші сынып оқушыларының жанұяларында баланың мектепке, сол қоғамдағы өмірге араласып кетуіне қалай көмектесу керек екендігі жайлы егжей-тегжейлі айтып беру қажет. Оқуды жақсы оқуы үшін баланы шыдамдылққа және ілтипатты болуға тәрбиелеу керек екенін әңгімелейді. Бірінші сынып оқушысын белгілі бір жұмысты орындауға уақыт белгілеп, бұл үшін сағатты пайдалануға үйреткен тиімді. Мәселен, балаға былай деу керек: «Өзіңнің ойыншықтарынның орны қайсы, жинау үшін он минут уақыт беремін», «Математикадан тапсырманы жиырма минутта орындайсың – сағатқа қарап бақылауыңа болады» т.б. Баланы үлкендердің сөзін тыңдай білуге баулудың маңызы зор. Ойынды былай ұйымдастыруға болады: «Қызыл кубиктерді ал да, бір қатарға қой, енді көк кубиктерді сол қызыл кубиктердің үстіне қой, оларды біртіндеп қызылдарын және көктерін оң қолыңмен содан соң сол қолыңмен ал». Бұл баланы мұғалімнің сөзіне құлақ асуға, тапсырманы дәл орындауға үйретеді. Мұғалімнің баланың сөйлеу қабілетін дамыту жөніндегі кеңестері де маңызды. Ата-ана балаларының шыдамды тыңдаушысы болуға, олармен тұрақты түрде әңгімелесіп отыруға, сөйлеудегі кемшіліктерін түзетуге, оларды өз ойын мәселені анық түсіндіре білуге үйретуге тиіс.

Мұғалім ата-аналарға асықпаудың сәл ғана қиындыққа кездескен балаға дереу көмекке келмеудің қажеттілігін ескертеді. Қиындықтарды өз бетімен жеңе білу баланың қажетті ерік күшін тәрбиелеуіне көмектеседі. Баланың ойлау қабілетінің жаттықтырудың маңызы зор. Балалар көп ретте аз-кем бақылап, ойланса жауабын өздері ақ табатын сұрақтарды қоя береді. Мұғалімнің оқушы жанұясына барып тұруы баланың өзіндік ерекшеліктерін, жанұядағы тәрбие жайын тереңірек түсінуіне көмектеседі. Мұғалім мұны білу арқылы балалар ұжымымен және барлық ата-аналармен тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастырады.

Біздің бұл жоғарыдағы пікірлеріміздің дәлелі ретінде 1998 жылдың 7-наурыз айында жарияланған «Жарты ғасыр әліппе үйреткен» атты мақаладан үзінді келтірмекпін. Онда ОңтүстікҚазақстан облысының, Төлеби ауданындағы №1 қазақ орта мектебінің бастауыш сыныптарында елу төрт жыл ұстаздық еткен адам алдында, алды алпысқа келген азаматтар, соңы әлі балғын ұл-қыз бірнеше буын өкілдері өздерін шәкірт санайтыны ерекше құбылыс.

Бұл ұстаздың қызметі өте ерекше. Себебі, Әбиба Назарова тек сауат аштырушы ғана емес, ата-аналардың педагогикалық білім алуына да зор мән берген ұстаз. Біз осы жоғарыдағы құбылысты есепке ала отырып бұл ғылыми жұмысты жазуға кірістік.
1.1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НАСИХАТТЫҢ МАЗМҰНЫ
Үздіксіз білім беру жүйесінің бір буыны болып табылатын бастауыш білім беретін қазақ мектебі де, қоғамның басты міндеті – жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға қатысады. Бұл әлеуметтік педагогикалық міндетті орындау үшін тәрбие жұмысымен тікелей айналысушылардың жүргізетін тәрбие мазмұны қоғамның бүгінгі талабына сай болуы керек. Біздің еліміз сияқты көп ұлтты мемлекет жағдайында әрбір мұғалім, мектеп, ұлттық мазмұнда болуы тиіс.

Қазақ мектебі «Ұлттық» деген атқа лайық болу үшін онда жүргізілетін тәрбие мазмұны да Республикамыздың, ұлтымыздың әлеутеттік экономикалық, мәдени-тарихи даму ерекшеліктерінен көрінуі керек. Қазақ бастауыш мектебі өзінің міндетін толық атқару үшін, қоғамның оған қоятын әлеуметтік сұранысын ескере отырып, тәрбие мазмұнын жақсарту үшін оқушылардың ата-аналарының педагогикалық білімін жетілдірулері – мұғалім беделі.

Сынып жетекшісі өз жұмысын ең алдымен оқушыларды, олардың арасындағы қарыс-қатынастарды, оқушылардың отбасын зерттеу арқылы бастайды. Зерттеу барысында сынып оқушыларының тәрбиелік дәрежесі анықталады. Соған байланысты тәрбиелік мақсат пен міндеттер айқындалады. Белгіленген мақсатқа сәйкес тәрбие жоспары жасалады: жоспар ол ұжымдық еңбектің белгісі, сынып жетекшісі өз жоспарын жасағанда сыныбының ерекшеліктерін (жас ерекшеліктері, тәрбиелік дәрежесі, қызығушылығы), өзінің қабілетін ескергені жөн.

Ата-аналармен ұйымдастырылатын педагогикалық тұрғыдан насихат негізі және оларды өткізу жөніндегі жалпы әдістемелік жұмыстар әр алуан. Ата-аналар жиналысында олармен педагогикалық тақырыптарды жүйелі түрде өткізіп отырған тиімді.

Ата-аналарды сауаттандыру ісі олардың педагогикалық мәдениетін арттыруға, баланың жеке басын қалыптастыру процесі туралы, оның дамуының жалпы заңдары туралы білімдермен қаруландыруға, бала тәрбиесіне мектеппен біртұрғыда қарауға мүмкіндік береді. Әңгіме тақырыптары тәрбиенің жалпы міндеттерімен және ата-аналар мен балалардың нақты ұжымымен тәрбие жұмысының ерекшеліктерімен анықталады. Ата-аналармен әңгіме өткізу үшін төмендегі мазмұндағы тақырыптар тиімді болмақ демескпіз. Олар:


  • Баланың жеке басын қалыптастыру;

  • Білімді игеру және жақсы оқуын қадағалау;

  • Балалардың мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу;

  • Балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың беделі, жеке басының үлгісі және жауапкершілігі.

Бұл тақырыптардың әрқайсысын бірнеше әңгіме арқауы етіп ұйымдастыруға болады. Мәселен, «Білімді игеруде және жақсы оқуда балаларға қалай көмектесі керек» деген тақырыптан бірнеше тақырыпты бөліп алуға болады: балалардың бойында оқуға деген сүйіспеншілікті баулу, «Балаларды өзін-өзі бақылауға үйрету», тағы басқа да «Балаларды мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу» деген тақырыпта бірнеше әңгіме өткізуге болады: «Төменгі сынып оқушыларының сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу.

Елімізде болып жатқан өзгерістер мектептің өз жұмысын ғылыми тұрғыдан басқаруды ұйымдастырудың тиімді әдістерін іздестіруді, басқару рөлінің өсе түсуін талап етеді. Мектептің басқару жүйесіне мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар ұжымы кіреді. Сондықтан оқу жылының басында әр сыныпта ата-ана, ұстаз, оқушы бірлесе отырып білім берудегі ұстаздың, оқушының, ата-ананың міндетін анықтайды. Оны реттеуші сынып жетекшісі болғандықтан оның жұмысының мазмұнын өзгертіп, жаңа тұрғыдан қарастыруды қажет етеді. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында тәрбие заңдылықтарын басшылыққа алып отыру тиіс. Олар:

- Басты мәселе жеке тұлға қалыптастыру.

- Жалпы біліммен кәсіптік білімнің үздіксіздігі.

- Тәрбиенің табиғатпен байланысы.

Сынып жетекшісі – ол кім? Қазақстан Республикасында сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп, өткізетін педагог. Бастауыш сыныптарда сынып жетекшісінің қызметін сынып мұғалімі атқарады. Бүгінгі күні сынып жетекшісі – кәсіпкер – педагог, ол өсіп келе жатқан бала үшін:


    • Жалпы адамзаттық мәдениеті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы;

    • Сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында олардың өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы;

    • Оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы; тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші; мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер жасаушы;

    • Оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық, саяси ерекшеліктерін түсінуде – көмекші, кеңесші;

    • Сыныпта қолайлы, жайлы моральдік – психологиялық ахуал қалыптастыру үшін, сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы;

    • Оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын барлық тәрбиелік күштердің (мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші.

Мектепте оқу жылының басында негізгі пәндер бойынша әр баланың білім деңгейі анықталады. Әр айда баланың білім деңгейінің өзгерісі бақыланып, сарапталады. Ол үшін, пән мұғалімдері сынып жетекшісіне ай сайын жекелеме жұмыстың нәтижесі, баланың үлгерімі жайлы есеп береді. Яғни, сынып жетекшісі ата – ана, оқушы, пән мұғалімдерін байланыстырушы ғана емес, қарым – қатынастарын басқарушы, бақылаушы, кеңесші.

Сынып жетекшісі әр оқушының бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырып,, потенциалды қабілетін ашып, интеллектісінің дұрыс дамып жетілуіне жағдай жасайды. Ол сыныптың оқу – тәрбеи жұмысын іске асыратын, оқушының ұжымдағы өміріне басшылық жасап, ата-анамен мектептің ынтымақтастық тенденциясы қамтамасыз ететін басты тұлға.

Тәрбиеші – педагог өз назарынан тыс қалдырмайтын бірінші объект – тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Бұл бастапқы міндет. Себебі, ұйымдастыру қызметі болмаған жерде тәрбиеде болмайды, ал сонымен қатар, тұлғаның даму барысында кездейсоқ жағдайлар орын алады.

Ұжымды ұйымдастыру және дамыту – сынып жетекшісінің назарындағы екінші объектісі мен міндеті. Оқушы тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау – сынып жетекшісінің тәрбиелік ықпалдарының үшінші міндеті.

Кейбір зерттеушілердің пайымдауы бойынша, сынып жетекшілері оқушылар және олардың ата-аналарымен қарым-қатынастар ұйымдастырғанда төрт түрлі міндеттер атқарады екен:

Бірінші топ міндеттері. Оларды әлеуметтік міндеттер деуге болады. Бұл баланы қорғау, көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу, отбасымен және басқа да тәрбие институттарымен баланың дамуына және оның даралық қасиеттерін қалыптастыруға қолайлы жасау үшін байланыс орнату.

Екінші топ міндеттері. Диогностикалық-әдептік-этикалық деуге болады. Сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін, сынып жетекшісі өз оқушыларын, олардың ерекшеліктерін, дара қасиеттерін білуі керек.

Үшінші топ міндеттері. Адамгершілік міндеттер деп атауға болады. Олар баланың жақсылық пен жамандықтың белгілерін ажырата алуына бағытталған, белгілі жағдаяттарды оқушының адамгершілік шешімдер қабылдай алуына мүмкіндік береді.



Төртінші топ міндеттері. Жеке-дара практикалық сипаттағы міндеттер деуге болады. Оларға оқушылармен жұмыс ұйымдастырудағы тиімді педагогикалық құралдары таңдап алуды, өз жұмысын жоспарлауды, талдап түзетуді және педагогикалық рефлекцияны жатқызуға болады.

Ата-аналар жиналысында әңгіме өткізуге мұғалім мұқият дайындалуға тиіс. Бұл дайындық әңгіменің тақырыбын анықтаудан басталады. Тақырып таңдау мына жағдайларға: ата-аналардың балаларды тәрбиелеуге дайындығына, олардың педагогикалық мәдениетіне, мұғалім алдында тұрған нақты тәрбиелік міндеттерге, балалардың тәрбиелік дәрежесіне байланысты. Әңгіме педагогикалық насихаттың жүйелілігі сыныптағы оқиғалардың, ата-аналар жұмысында туатын қиындықтардың жетегінде кетпей, ата-аналарды білім жүйесімен қаруландыратындай дәрежеде болуы керек. Бірақ бірінші әңгіменің тақырыбы барлық сыныптарда бірдей. Мұғалім жаңа оқу жылын бастай отырып, ата-аналарды, балаларды осы сыныпта тәрбиелеудің әдістерімен және мазмұнымен таныстырады. Ол ата-аналарды тәрбиеші ретінде алға қойып отырған міндеттермен таныстырады, тәрбие жұмыстарында қандай нәтижелерге қол жеткізуді мақсат етіп отыратындығы туралы, бұл мақсатқа қол жеткізу үшін қандай әдістер мен жолдарды пайдаланатынын айтады. Осы алған әңгіме ата-аналар үшін аса маңызды, әрі олардың түсінуіне қиын да. Мұғалім ата-анаға өзінің кәсіптік ойларын түсіндіреді, ал оны тыңдаушылардың арнайы педагогикалық мамандығы жоқ және тәрбие берудегі практикалық тәжірибиелері де біркелкі емес. Сол себепті де негізгі нұсқаулар мен тәрбие перспективаларын ата-аналарға түсінікті етіп айту керек, сонда олардың әрқайсысы педагогтың идеясына шыңдап қосыла алады, оның мәнін дұрыстығын түсінеді, мектепте жүргізілетін жұмысқа орай жанұядағы тәрбиені қалай құру керек екенін біледі. Бұл тәрізді қиын міндетті шешу әңгіменің жоспарын, материалдық түсіндіру түрлерін, ата-аналардың алдына қойылатын проблемалардың тұжырымдарын ойластырып алуды керек етеді. Осы айтылған тақырыптардың қай-қайсысы бойынша өткізілетін әңгіменің тиімділігі мұғалімнің әр жанұядағы бала тәрбиесіндегі жағдайларын, оқушылардың тәрбиелік дәрежесін өз тәрбиеленушілерінің жеке басын қалыптастырудағы жетістіктер мен қиындықтарды жақсы білуіне байланысты болады. Мұғалім әңгімеге дайындық үстінде, әңгімедегі негізгі педагогикалық қағидаларды растайтын айқын және нанымды деректерді іріктеп алады. Көптеген ата-аналар мектептегі мен жанұядағы тәрбие практикасынан алынған мысалдармен дәлелденген педагогикалық идеяларды жақсы қабылдайды. Жекеленген жағдайларда ата-аналарды сабаққа қатыстырып, мұғалімнің жұмыс тәсілдерімен таныстырудың пайдасы зор. Мәселен, мұғалім ата-аналармен балалардың өзіндік дербестігін және өзін-өзі бақылауын тәрбиелеу туралы әңгіме өткізетін болса, ата-аналарға педагогтың осы қасиеттерді балалардың бойында қалай баулитынын математика және орыс тілі сабағында көрсетуге болады. Бұл сабақтарда ата-аналар мұғалімнің бала қиналған бетте көмекке келмейтінін, қайта дұрыс жауап іздестірудің, шығарылатын есеп пен оның орындалатын жаттығудың дұрыстығын тексерудің жолдарын ғана көрстеуге тырысатынын байқайды. Мұғалімнің ата-аналармен жиналыстағы әңгімесіне ата-аналардың өздерінің шағын сөздерін қосуға болады. Ата-аналарды мұндай сөздерге дайындау (сөз мазмұнын анықтау, тәрбие практикасынан тиісті деректер іріктеуіне көмектесу) керек.

Әңгімеге дайындық үстінде мұғалім әңгіме тақырыбына байланысты жанұя тәрбиесін қалай құру, оқушылардың бойында түрлі іскерліктерді, әр түрлі қасиеттерді қалай қалыптастыру керектігі туралы нақты кеңестер мен ұсыныстарды тұжырымдап алады. Ата-аналар жиналысындағы әңгіме ұзақ болмауға, әдетте жиырма-жиырма бес минутқа ғана созылуы тиіс. Әңгіме бір жағынан ата-аналарға педагогикалық білімдер жүйесін хабарлайтындай, екінші жағынан ата-аналарды өз тәжірибиесі жайында ойлануға, оны талдап, жақсы жақтарын қоса мүмкін болатын кемшіліктерін де көре білуге мәжбүр ететіндей болып құрылады. Мұғалімнің әңгіме үстінде пайдаланылатын деректері аз болады. Олар типтік жағдайларды бейнелейді, ата-аналар оларды талдау арқылы нақты ережелерді түсінеді, жанұя тәрбиесінің жемісті болуына қажетті ақыл-кеңестерді естиді. Әсіресе теріс қылықтарды талдаған кезде оқушылар мен олардың ата-аналарын атауға сақ болу керек. Баланың дамуындағы алшақтықтар, оның кемшіліктері мен теріс қылықтары жөнінде ата-аналармен жеке сөйлескен дұрыс.

Әңгімеде тек ғана даусыз қағидалар хабарланбай, сұрақ, пікір тудыратын мәселелерді де қозғау тиімді болады. Бір сөзбен әңгіме ата-аналардың «жанды жеріне» тиюі керек, олар үшін көкейкесті проблемалар қозғалуы тиіс. Әңгіме процесінде балалардың жұмысын, дәптерлерін, қол өнерлерін, солар шығарған қабырға газеттерді, монтаждарды көрстекен дұрыс.

Балалардың жұмысымен танысу арқылы ата-аналардың өз балалары орындаған жұмысты басқалардікімен салыстыруға, баласының нені жақсы атқаратынын, ал қандай істерде көмек пен қолдауға мұқтаж екенін көруіне жағдай жасалады.

Әңгіме барысында мұғалімнің әдістемелік қағидалар мен нақты мысалдар келтіруде де балалардың мінез-құлқы мен жанұя тәрбиесін ұйымдастырудағы дұрыстық пен бұрыстықты хабарлап талдау да асыра сілтеуден сақ болуы тиіс.

Ата-аналармен ұйымдастырылатын педагогикалық насихаттың негізін қорытындылап оның қағидаларын әдістемелік нұсқау ретінде оларға ұсынуға болар еді демепіз.

Ата-аналар семинары біз барған № 7 Қ.Сыпатаев атындағы, №65 Ы.Алтынсарин атындағы мектептерде үнемі болып тұратыны анық. Осындай «ата-аналар семинары» туралы «Егеменді Қазақстан» газеті 7 наурыз 2003 жылы былай деп жазды: «АТА-АНАЛАР СЕМИНАРЫ ӨТТІ».

Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы №127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі, тәжірибиелі ұстаздарымыздың бірі З.Жаппасованың ұйымдастыруымен жақында ата-аналар мен мұғалімдердің бірлескен семинары болып өтті. Семинарға қатысушылар теориялық сабақтан соң «Мен анамның қолқанатымын», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» әдеби – музыкалық көріністі тамашалады. Семинарға қатысушылар З.Жаппасованың ұстаздық шеберлігіне ризашылық білдірді.

Ұлы чех ғалымы «Ұлы дидактика» - атты педагогикалық шығарманың авторы Я.А.Коменский «Тәртібі жоқ орта, сусыз диірменмен тең» деген болатын. Шынында тәртіп болмаған жерде балаға еш нәрсені айтып түсіндіруге де, жұмыс істеуге де, одан тиянақты нәтиже шығаруға да мүмкіндік болмайды. Сондықтан оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеу бүгінгі мектеп тәжірибиесінің ең негізгі түйінді мәселелерінің бірі болып табылады. Өйткені, саналы тәртіп – ұйымшылдықтың, іскерліктің, ілтипаттылықтың, сыйластықтың, өнегеліліктің ұйтқысы.

Негізінде оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеу ісі – оқыту процесімен бірлікте жүргізіледі. Мұны атақты педагог К.Д.Ушинскийдің «Кім жақсы оқыта білсе, ол тәртіпке де бағындыра біледі» деген ұлағатты сөзінен аңғаруға болады. Демек, оқушылардың сабаққа белсене қатысуы, оған ынта-назарын салуы, мұғалімдердің әр-түрлі педагогикалық методикалық әдістерді дұрыс қолдана білуіне байланысты. Егер сыныптағы сабақтың мазмұны өте жеңіл, не түсініксіз ауыр болса, оның үстіне мұғалім еркін түсіндіре алмаса, онда сыныпта сөз жоқ тәртіп өзінен-өзі бұзылады. Болмаса, сабақ үстінде оқушылардың ешбір жұмыссыз қарап отырып қалуы оларды жалқаулыққа, бей-жайлыққа ұшыратады. Сондықтан мұғалімнің сабақ түсіндіруі айқын, анық, дәлелді, ұғымды болуы керек. Бүгінгі өмірмен, тұрмыспен, тәжірибиемен дәлелді, ұғымды астасып түсіндірілген сабақ ұғынықты, әрі қызықты болатыны белгілі.

Орта мектептегі оқушылармен ұйымдастыратын тәрбие жұмысының негізгі формасы – сынып немесе тәрбие сағаты деп аталады. Соның негізінде оқушылардың қоршаған өмірге жүйелі қатынасын қалыптастырады, арнаулы ұйымдастырылған тәрбиелік әрекеттерге қатыстырады.

Сынып сағаты – оқушылардың адамгершілік қасиеті мен дұрыс көзқарасын қалыптастыруға, өнер саласындағы талғам-тілектерін тәрбиелеуге, елжандылық сезімдерін шыңдауға арналған сабақтан тыс кезде өткізілетін тәрбие жұмысы Оның тәрбиелік қызметіне: ағартушылық, бағыттаушылық, болжамдылық, және қалыптастырушылық жатады. Ағартушылық қызметі оқушылардың оқу бағдарламасында қамтылған білімдерінің көлемін кеңейтеді. Яғни, онда қарастыратын нысана өмірдің барлық құбылысын қамтиды. Болжамдылық оқушыларда белгілі бір заттық және рухани құндылықтардыжасау қызметін атқарады. Егер де сынып сағатының ағартушылық қызметі айналада қоршаған өмірмен танысуға м үмкіндік берсе, ал болжамдылық оны бағалауға көмектеседі. Бұл оның негізгі қызметі. Дегенмен де ол ағартушылық қызметпен өзара байланыста болады.

Бағыттаушылық қызметі оқушылардың өмірін шынайы практикалық әрекетке бағыттауға көмектеседі. Сынып сағатын өткізу барысында белгілі бір нақты бағыт болмаса, онда оның ықпал ету әсері төмендейді, білім сенімге айналмайды, соның нәтижесінде тұлғаның мінез-құлқында жағымсыз әрекеттердің пайда болуына жағдай туады. Ал қалыптастырушылық жоғарыда аталған 3 қызметтің орындауымен байланысты. Сонымен қатар оқушылардың өздерін, өз өмірлерін бағалауды дағдыға айналдыруын және топпен диалог құра білуін көздейді.

Сынып сағаты негізінен екі бағытта жүргізіледі. Біріншісі, әдетте өткен апта негізінде сыныптағы оқушылардың үлгерім нәтижелері, олардың сабаққа қатысуы, тәртібі, оқуы, қоғамдық істері және бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы мәселелер. Оны ұйымдастыру тек сынып жиналыстары негізінде атқарылады. Екіншісі, әртараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар. Олардың қатарына қызықты әңгімелер, кездесулер, пікірталас, пен оқырмандар конференциясы, т.б. бағыттағы жұмыстарды жатқызуға болады.

Әдетте сынып сағаты аптаның бір күні өткізіледі, онда сыныптың нақтылы жағдайына және тәрбиеғ жоспарына байланысты ұйымдастыру формасы анықталады. Мысалы, сынып жиналысы, тақырыптық тәрбие сағаты немесе сыныптан, мектептен тыс жұмыс т.б. Соған орай тәрбие сағаты мен сынып жиналысының міндеттері, ұйымдастыру формалары мен тәсілдері әр түрлі болып келеді. Тәрбие сағатының сынып жиналысынан ерекшелігі, талқыланып отырған мәселеге қатысты соңынан шешім қабылданбайды.

Сынып сағаты – оқушылардың қабілетін анықтаудан басталады. Бұған дайындық барысында оқушылар сурет салады, альбом жасайды, өткізу орнын әзірлейді, жоспарын құрады т.б. Әрине, тақырыптық тәрбие сағатын өткізу барысында, сынып жетекшісі оның тақырыбын, сыныптың нақты жағдайын, оқушылардың тәрбиелік деңгейін, олардың адамгершілік сапасының көлемін, көзқарасын, қызығушылығын, талап-тілегін алдын-ала анықтап, белгілейді (сауалнама, әңгіме жүргізу арқылы, зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша т.с.с.)

Тәрбие сағатын дайындау және өткізу жұмыстарында әр түрлі формалар мен әдістер және тәсілдер қолданылады: әңгіме, газет, журнал материалдарын оқып, соңынан талдау жасау, мамандардың белгілі бір тақырыптарға лекциялары, дөңгелек стол өткізу, туындылармен танысу, оқушылардың өздері жасаған шығармашылық жұмыстары т.б.

Сынып немесе тәрбие сағаттарын өткізуде жетекшілердің еске алатын негізгі міндеті осы істерге оқушылардың өздерін қатыстыру, оған олардың белсене араласуын, кез-келген оқушының тәрбиелік шаралар барысында, яғни дайындау және өткізу кезінде қалыс қалмауын қадағалау. Ол үшін оқушылардың өздерін қатыстыра отырып, оларға белгілі бір бағытта нақтылы тапсырма беріп, ақылдасып, кеңесіп отыру керек. Сондай-ақ, жетекші сынып белсенділерімен алдын-ала атқарылатын тәрбиелік шаралар төңірегінде әңгімелесіп, олардың қорытындысын барлық оқушылармен бірге тұжырымдап, әрқайсысына жеке-дара топтап тапсырмалар беріп отыруы қажет. Солнда ғана ол қызықты, әрі табысты өтеді.

Сынып сағатын өткізуде дайындық жұмыстарының тәрбиелік маңызы да ерекше. Онда оқушылардың жауапкершілігі мен ынтасы артып, ой-сезімін тәрбиелеуге ықпалын тигізеді. Сынып сағатын дайындау және оны өткізу жеке басты қалыптастыруда бірыңғай тәрбиелік міндеттерді атқарады. Мұнда қайсыбіріне ғана баса назар аударуға болмайды. Барлық кезең тәрбиенің негізгі құралы болып табылады. Себебі, сынып сағатын дайындау барысында оқушылар оның материалдарын өз беттерінше іздеп тауып, оған қатысты альбомдар, қабырға газеттерін шығарып, сыныпты безендіруге атсалысса, кейбір жекелеген топ оның мазмұны мен өткізу бағдарламасын жасайды. Мұндай тапсырмалар оқушыларды іскерлікке, тапқырлыққа шыңдап, дағдыларын қалыптастырады. Білім дәрежелерінің артуына да оң ықпалын тигізеді.

Кейбір жағдайда мектеп көлемінде бір мезгілде бірнеше тәрбие шаралары белгіленеді. Осы орайда кейбір сынып сағатының мерзімі басқа уақытқа өзгертіледі. Мұндай жағдай оқушыларда салғырттық пен немқұрайдылық мінездің пайда болуына әкеп соқтырады.

Бұдан шығатын қорытынды оқушыларды тәрбиелеу процесі тек сынгып сағатын өткізу барысында ғана емес, оның өң бойында, яғни оған дайындық кезеңінен, өткізу және одан кейінгі мерзім аралығында бірыңғай, тұтас жүйеде атқарылатындығын естен шығармауымыз керек.

Тәрбие сағатында ең көп қолданылатын тақырып – адамгершілік тәрбиесі. Ол этикалық тақырыптаға арналған. Соған орай этикалық әңгімені ұйымдастыру: жолдастық және достық, әділеттік және әділетсіздік, қарапайымдылық пен озбырлық, жомарттық және қатыгездік қасиеттеріне байланысты жайлар қаралады. Осы мәселеге қатысты өткізілген әңгіме оқушыларға жалпы адамдық мораль ұстанымдарын жақсы ұғынуға, өмір тәжірибиесін дұрыс та нәтижелі қорытуға көмектеседі. Мұғалімнің әңгімесі оқушылардың жауап-пікірлерімен ұштасып отырады. Мұндай әңгімені, ең алдымен адамгершілік ұғымдардың мазмұнын анықтап түсіндіруден бастаған жөн. Сонымен бірге әңгіме барысында адамгершілік ұғымдарының мәнін түсінуге нәтижелі мүмкіндік туғызатын нақтылы мысалдар мен деректерді келтірген дұрыс.

Оқушылардың адамгершілік түсініктері және сенімдерін қалыптастыруда тәрбие сағатын пікірталас түрінде өткізудің маңызы ерекше. Әсіресе, қызықты кездесулер өткізілген тәрбие сағаты нәтижелі болады. Дегенмен де мұндай кездесу оқушылардың қызығушылығын қанағаттандырып, тәрбиешінің педагогикалық ойын іске асырған жағдайда ғана табысты болмақ. Сынып жетекшісі кездесуді дайындау барысында тәрбиелік жағдай туғызады: алын-ала шақырылған қонақпен әңгімелеседі, оған тәрбие сағатының мақсатын, оның идеялық бағытын, сынып ұжымының ерекшелігін түсіндіреді, оқушылар алдында сөйлейтін сөзінің мазмұны мен формасы жайында кеңес береді. Сонымен қатар кездесуге оқушыларды да даярлайды, қызығушылығын оятып, шақырылған қонақ жайында құнды мағлұмат айтады. Кездесу өткізілетін орынды безендіреді, жоспарын жасайды.

Тәрбие сағатының мазмұны, формасы, әдіс-тәсілі және оларды дайындау мен өткізу әдістемесі әр түрлі болып келеді. Тәрбие сағатын дайындап, өткізуде мұғалімнің рөлі қаншалықты екенін үш түрге жіктеп, қарастыруға болады. 1) Тәрбие сағатын өткізуде кең көлемде білім, мағлұматтың, өмірлік және педагогикалық тәжірибиенің болуы талап етіледі. Балалар әңгіме барысында кейбір сұрақтар мен деректерді талқылауға және мысалдар келтіруге тартылады. Мысалы, «Өзін-өзі тәрбиелеу туралы», «Өздігінен білім алу дегеніміз не?», «Есте сақтау қабілетін қалай дамытуға болады?», «Көркемөнер талғамы және сән», т.б. тәрбие сағаттарының тақырыптарын талқылауда ұстаздары, мамандарды, психологтарды, лекторларды шақырған жөн. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінің міндеті – оқушылар алдында олардың шығып сөйлеуіне көмектесу, жағдай туғызу; 2) мұғалімдер мен оқушылардың өзара бірлікте атқаратын әрекетіне байланысты. Ондағы негізгі ойды анықтау мұғалімге жүктелсе, оның жолджарын, амал-тәсілдерін құру әрі жүзеге асыру мұғалімнің оқушылармен бірлесіп атқаруымен сипатталады. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен тәрбие сағатының жоспарын және мазмұнын құрады, мұғалім оқушыларды талқыланып отырған сұраққа шақырып, олардың сөздерін үйлестіріп, бағытын қадағалап, әңгіме барысын өзі жүргізеді. Онда қаралатын мәселе тақырыбы: «Адамның сырт көрініс мәдениеті», «Адамның сырт көрінісі және ішкі мәдениетінің әдемілігіне тәрбиелеу», «Адам өміріндегі жолдастық, достықтың маңызы»; 3) Оқушылардың өзіндік, дербес белсенді жұмысымен сипатталады. Яғни, тәрбие сағатын дайындау, өткізу барысы оқушылардың өздеріне немесе белгілі бір нақты топқа тапсырылады. Сынып жетекшісі оқущылармен бірігіп, оның негізгі ойын, бағытын және жоспарын құруға көмектеседі. Тәрбие сағатын өткізу оқушылардың өздеріне жүктеледі.

Тәрбие сағатының мұндай түрі төмендегідей жағдайды ойластырғанда ғана мүмкін болады:


    • оқушыларда талқыланып отырған сұраққа қатысты белгілі бір деңгейде білім көлемі мен мағлұматтардың болуы;

    • оқушылардың көпшілік бөлігінде ұжымдық шығармашылық жұмыстарына қатысты біліктілік пен дағдының, сондай-ақ жауапкершіліктің болуы;

    • сынып белсенділерінің тәрбие сағатын дайындау және өткізу барысында ұйымдастыру және үйлестіру орталығы бола білуі.

Осындай жұмыстың соңында оның нәтижесін талқылап, қорытынды шығару, деңгейін, сапасын бағалау ұсынылады.

Айта кеткен жөн, тәрбие сағатының жоғарыда аталған түрлерін таңдау, тақырыпқа, материалдың мазмұнына, оқушылардың жас ерекшелігіне, қаралып отырған мәселеге байланысты. Бұл олардың білім дәрежесіне, ұжымдық әрекеттің тәжірибиесіне, сонымен қатар сынып жетекшісінің педагогикалық шеберлігі мен жеке басының ерекшелігіне және оқушылармен өзара қарым-қатынас сипатына байланысты. Тәрбие сағатын өткізуге дайындық барысына:

- оқушылармен бірлесе тәрбие сағатының тақырыбын, мақсат,

міндеттерін анықтау;

- тәрбие сағаттарының міндеттеріне сай оның мазмұнына қатысты материалдар жинау;

- тәрбие сағатын дайындау және өткізудің жоспарын құру;

- тәрбие сағатында талқыланып отырған мәселеге оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін оятуда, сана-сезіміне және мінез-құлқына әсер ететін түрлі амал-тәсілдерді ойластыру;

- көрнекі құралдармен музыкалық шығармалар таңдау, бөлмені даярлау;

- оқушылар ұжымында ашық әңгіме, жайма-шуақ жағдай туғызу;

- тәрбие сағатына олардың ата-анасын, жолдастарын, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерді шақырудың тиімділігін анықтау;

- сынып жетекшісінің тәрбие сағатын өткізу және оған дайындық барысындағы рөлін, орнын анықтау;

- оқушылардың келешек практикалық әрекеттерінде тәрбие сағатынан алған мағлұматтарын пайдалану және бекіту жолдары мен мүмкіндіктерін қарастыру жатады.

Сынып жетекшісі оқушылардың психологиялық даярлығына да баса назар аударады. Оқушылар тәрбие сағатынан ерекше бір нәтиже күтіп, өздерін маңызды әңгімеге даярлайды. Мұндай көңіл-күй сынып жетекшісінің тәрбие сағтын өткізу хабарламасынан бастау алады. Дегенмен де, дайындықтың ең тамаша тәсіліне оқушылардың өзара ұжымдық шығармашылық әрекетін жатқызуға болады. Белгілі бір тапсырма алып, топқа бөлінген оқушылар әзірлік жұмыстарына бірге атсалысып, оның нәтижесін бірге талқылайды.

Тәрбие сағатын өткізілу құрылымы негізінен 3 бөлімнен тұрады: ұйымдастыру, негізгі, қорытынды.

Ұйымдастыру бөлімінде оқушылардың назарын талқылап отырған тақырыптың маңыздылығына аударып, оның барысымен таныстырады. Кіріспе сөзді оқушыларға ой тастайтындай, проблемалық жағдаяттан немесе тақырыпқа қатысты кейбір деректерден мысал келтіру арқылы бастаған жөн. Ол шамамен 5-7 минут уақыт мөлшерін алады.

Негізгі бөлімнің міндеті тәрбие сағатының міндеттері мен қызметі арқылы анықталады. Бұл бөлімде жоспардағы талқыланатын мәселелердің мазмұны ашып көрсетіледі. Оқушылар тақырыпта қаралып отырған мәселеге қатысты жаңа мағлұматтар алады, оған өздерінің көзқарастарын білдіріп, пікірлерін қосады, сонымен бірге алдын-ала даярлаған материалдары бойынша жұмыс істейді. Белсенділік көрсетіп, қызу талқылайды. Соған орай тәрбие сағатының басым уақыты осы бөлімге беріледі.

Қорытынды бөлімінде оқушылардың тәрбие сағатынан алған әсерлерін, қанағат сезімдерін орнықтыру, олардың жеке бастарына және сынып өміріне немесе мінез – құлқына сипат ендіруге деген ықыластарын ояту, келешекке талпыныс – сенімдерінің пайда болуына әсер ету. Бұл бөлім уақыт мөлшері жағынан шектелуі, онша ұзақ болмайды. Себебі, оқушылардың негізгі бөлімнен алған әсерлеріне кері ықпал етпей, олардың көңіл-күйіне баса назар аудару қажет. Сонымен бірге сынып жетекшісі тәрбие сағатының қорытынды бөлімінде оқушыларға кеңес беріп, жұмысын қорытындылайды.

Тәрбие сағатын жоспарын құру барысында жоғарыда көрсетілген бөлімдердің өзара логикалық байланысын, жүйелілігін қамтамасыз етуді бірінші кезекте ойластыру қажет. Мәселені айқын қою – бірінші бөлімнің міндеті болса, оның шешімін табу – екінші бөлімнің міндеті, ал үшінші бөлімнің міндеті – ондағы шешімнің маңыздылығын анықтау.

Тәрбие сағатын нәтижелі өткізу көбінесе мына шарттарды еске алған жағдайда табысты болмақ: 1. Сынып жетекшісі тәрбие сағатының ұйымдастыру формалары мен мазмұнын, амал-тәсілдерін түрлендіріп отырғаны абзал. 2. Тәрбие сағатының мазмұнын құрастыруда оқушыларға жаңа мағлұмат бере отырып, біртіндепбағалау, талдау әрекетіне көшу. 3. Сынып жетекшісі тақырыпты немесе мәселені талдау барысында оқушылардың сөзіне аса жауапкершілікпен назар аударып, кез-келген жағдайда түзетулер енгізіп, қосымша сұрақтар қою арқылы көмектесіп отыруы қажет. 4. Оқушылардың материал мазмұнын қабылдаудағы психологиялық ерекшеліктерін ескеру керек. Әсіресе, тәрбие сағатын өткізу кезінде оқушылардың белсенділігін бәсеңдесе, мазмұны қызықты жаңа мәселе айту, таңқаларлық жағдаят ойластырып, әрекет түрін өзгерту керек. 5. Сынып жетекшісінің сөз мәнері, дауыс ырғағы, оның қарым-қатынаста тілектестігін ескерудің маңызы өте –мөте ерекше. 6. Тәрбие сағатының барысында оқушылардың орналасуы, кіммен парталас болуды таңдау құқығын өздеріне қалдыру. 7. Тәрбие сағатын өткізу тәжірибиесін жинақтауды біртіндеп дәстүрге айналдыру қажет. 8. Тәрбие сағаты кезінде оқушылардың жағымды қарым-қатынасын тәрбиелеу керек. (тыныштықты сақтау, сөйлеушілердің сөзін бөлмеу, жақсылап тыңдау, өкпе-наз, талас тудырмау). Мұндай дәстүрлі тәртіптің орнығуы оларда жалпы мінез-құлық мәдениетінің қалыптасуына ықпалын тигізеді:

Жұмысты басқару кезінде мыналарды ескерген жөн:



    • Сенім білдіре отырып тексеруді ұмытпа: жалпы іс барысын қадағалап қана қоймай, жеке оқушылардың жұмысты қалай орындап жатқанына көңіл бөліп, кемшіліктерді уақытылы түзетуге күш сал. Өзіңнің жақсы ісіңмен үлгі болып, басқаларға өнеге көрсет.

    • Мақтауға, жақсы ықылас – пейіл білдіруге сараңдық жасама, мұндайда мейлінше әділ бол, жұмысқа баға бергенде өзіңнің жеке басыңның жақсы көру не ұнатпау сезімдеріне билетпе, біреуге ескерту айтқанда әдеп шеңберінен аспа, алғашқы ескертпені ел көзіңше емес, оңаша айтқан жөн.

Мектептегі сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілітеін тәрбие жұмысындағы негізгі міндеті – оқушылардың жеке басын қоғамның талабына сай тәрбиелеу. Бұл міндетті орындау, әдетте оқушылар ұжымын қалыптастырудан басталады. Оқушылар ұжымы – оқушылардың жалпы мақсатпен және қоғамдық пайдалы бірлескен еңбекпен топтасқан тұрақты бірлестігі. Оқушылар ұжымына тән қасиет: мақсаттылығы, ауызбіршілігі, белсенділігі, іскерлігі, жауапкершілігі.

Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлағанда оның басты, шешуші саласы балалардың достығы жарасқан тату-тәтті, іскер ұжымын құру екендігін ұмытпауы тиіс. Оқушылар ұжымының өмірін қызықты ұйымдастырмайынша мектеп алдында тұрған міндеттерді орындау мүмкін емес.

Оқушылар ұжымын тәрбиелеудің маңыздылығы, мектеп қабырғасынан шыққаннан кейін олар әртүрлі ұжымға тап келеді. Сондықтан да, олардың сынып және мектеп ұжымдарына жеке бастарының қаншалықты үйлесіп, қалыптасуына байланысты оның кейінгі уақыттардағы психологиялық жағдайы сәйкестенеді, қайсыбір әрекеті нәтижелі болады. Сынып ұжымында бала өзінің үлкендермен қарым-қатынасын тәрбиелейді. Соған орай ұжымдағы өзара қарым-қатынас жүйесі бір-бірімен байланысты іскерлік және достық жағдайында болып келеді. Олар негізнен ұжым болып қалыптасу кезеңінің алғашқы мерзімінен бастау алады. Аристотельдің айтуынша адам баласы қоғамның ірі организмі болғандықтан, тек қоғамда ғана ол өзінің табиғатына дамыта алады. Олай болса, ол қарым-қатынас жасау барысында өмір сүруге және ғылымға қатысты білімдерді алады. Әртүрлі әрекетке қатысты білік пен дағды қасиеттерін меңгереді, қоршаған ортаның тылсым құбылыстарын түсінеді және соған өзі де бейімделеді.

Сыныптағы оқушылардың өзара дұрыс қарым-қатынасы тұрақты көңіл-күйді, бір-біріне сенім мен сыйластықты қалыптастырады. Дұрыс қарым-қатынаста ғаға адамның өзін-өзі дамуына мүмкіндік туады. Ол үшін адамға қолайлы жағдай негізінен оқушының жолдастары арасында, өзара достық қарым-қатынаста мүмкін болады. Осындай қарым-қатынастағы балалар тобын оқушылар ұжымы деп атауға болады.

Педагогика ғылымында балаларды ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу идеясы 1920-1930 жылдардан бастау алып, бүгінгі күні ол толық зерттеліп, мектеп тәжірибиесінде жүзеге асып отыр. Қазіргі қоғамдағы реформалау, нарық жағдайында бұл идея жиі-жиі сынға ұшырап жүр. Ондағы негізгі себеп, ұжымдық қатынас тұлғалық ерекшелікті басады, оның пікірін көпшіліктің пікіріне бағындырады. Соның негізінде тұлғаның белсенділігі азайып, ұжымға жалтақтау, яғни, кронформизмнің тууына ықпал етеді. Демократиялық, жариялылық, тұлға дамуындағы еркіндік идеяларымен үйлеспейді деген көзқарасты дәлелдейді. Мұндай көзқарас кейбір мектептердегі мұғалімдердің авторитарлық әрекетінен туындайды. Себебі, 80-жылдардың орта кезеңіне дейін мұғалімдер оқушылардың нақты өмір жағдайына қатысты қызығушылығын, талап-тілектерін ескермей, біржақты қатаң жүйемен оқу-тәрбие үрдісінде ұйымдастырып келді. Бүгінде жағдай бөлек. Көптеген мұғалімдер педагогикалық әрекеттегі тұлғалық-бағдарлық көзқарасқа сай сыныптың көңіл-күйі мен психологиялық жағдайын жақсартуға көңіл бөле бастады. Олай болса, нағыз оқушылар ұжымын қалыптастыруды нәтижелі ұйымдастыру, мұғалімдермен өзара әрекеттесуінде ынтымақтастық сипат орын алған жағдайда ғана өз жемісін берері анық.

А.С.Макаренконың тұжырымдауынша, ұжым – ол түрлі әлеуметтік организм, ондағы даму, «қозғалыс – ұжымның өмір сүру формасы», «тоқтау – оның өлу формасы». Ұжымның ондағы әрбір мүшесіне ол – «тұлға әсер ету құралы». Олай болса, ұжымның тәрбиелік қызметі кең көлемді міндеттерді шешеді:

а) қоғамдық маңызы бар ортақ мақсатты және соған сәйкес өзара әрекеттесу болашағын ойластыруды;

ә) оның әрбір мүшесінің өзара тіршілік етуінде белсенді қатынасын қамтамасыз етуді;

б) жоғары адамгершілік мекелері мен жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарды меңгеруді;

в) оның жекелеген мүшесіне өзін-өзі дамытуға мүмкіндік туғызуға, ол үшін ұжымда жағымды көңіл-күйді қамтамасыз етуге, т.с.с.

«Ұжым» латын тілінен енген ұғым. Ол бізде әртүрлі түсінікті ұғындырады: жиылған жұрт, жиын, топ, бірлестік, т.с.с. Нақтылығанда - оны әрекеттің түріне байланысты адамдардың тобы деп түсінген дұрыс.

Дегенмен, қандай да бір топты «ұжым» деп айтуға болады ма? Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде мұны екі түрде түсіндіреді. Біріншісі, қандай да бір ұйымдаасқан адамдар тобы, мысалы, өндірістегі еңбек ететін адамдар тобы, екіншісі, тек жоғары деңгейдегі ұйымдасқан адамдар тобы немесе бірлестік. Оқушылар ұжымына келсек, оның өзіндік белгілері бар.



  1. Жалпы әлеуметтік маңызы бар ортақ мақсаттың болуы. Мақсат қандай да болмасын топта болады. Мысалы, көлікке отырған жолаушыда, балалардың тұрғын жайындағы жолдастары ортасында, тіпті қылмыскерлер ортасында да болады. Ал, біз әңгіме қозғап отырған оқушылар ұжымына келсек, ондағы мақсаттың сипаты олардан тіпті бөлек. Ол қоғам және мемлекет тарапынан қолдауға ие болып, басымдылық танытатын мемлекеттік идеялогия және заңдар мен Ата заңға қайшы келмей, солардың шеңберінде әрекет жасайды. Себебі, ондағы мақсат – міндетті түрде қоғамның мақсатымен сәйкес келеді. Мәселе, адамның тағдыры үшін қандай мақсат нәтижелі, әрі дұрыс, соны айыра білуде.

  2. Әрекет етуде өзара бірлескен іс-қимылдың болуы. Балалар ортақ мақсатқа жетуде бірлесе іс-қимыл жасайды. Ол үшін оның әрбір мүшесі бірлескен өзара әрекетке белсенді қатысуы міндетті.

  3. Өзара қарым-қатынаста жауапкершіліктің болуы. Яғни, өзара әрекеттесу барысында оның әрбір мүшесінен жоғары жауапкершілік талап етіледі. Соған сәйкес, ұжымның әрбір мүшесінің өзара ерекше қарым-қатынасы белгіленеді: көңіл-күйдегі әсерленушілікте, моральдік межеде, өзара пікіралмасуда, белгілі бір мәселеге қатысты бірыңғай ортақ көзқарастың болуы.

  4. Ортақ сайланған басқару ұйымының болуы. Ұжымда демократиялық қатынас орнайды. Соған сәйкес белгілі бір басқару ұйымы құрылады. Ол тікелей және ашық сайлау негізінде қалыптасады.

Ұжымды қалыптастырудың жоғарыда аталған белгілерінен басқа өзгешіліктердің болуы мүмкін. Бұл белгілер ұжымның ішкі қалыптастыру құрылымы мен психологиялық жай-күйдің және оның әрбір мүшесінің бір-бірімен өзара қарым-қатынасының көрінісі немесе өлшемі ретінде сипатталады. Сондықтан жақсы ұйымдасқан ұжымда өзара көмек жауапкершілік, бір-біріне тілектестік, сын мен өзара сын орнығады. Сонымен қатар еңбекке, қоғамдық пайдалы жұмыстарға, жолдастарына, тіпті өзінің міндетіне жауапкершілігі мұқият қалыптасады. Татулық пен достығы жарасқан ұжымда өзара қарым-қатынас жеке бастың мүддесін қоғамдық мүддеге бағындырумен анықталады. Мұндай көзқарас белгілі бір әлеуметтік, объективтік және субъективтік құбылыстарға, ұжымның әрбір мүшесінің айқын да сенімді қатынасының қалыптасуына оң ықпалын тигізеді.

Мектеп ұжымы құрылымындағы ең тұрақты ұжым – сынып ұжымы соның негізінде оқушылардың негізгі оқу әрекеті жүзеге асады. Тек сынып ұжымында ғана оқушылар арасында өзара байланыс және қарым-қатынастың алғы шарттары пайда болып, берік қалыптасады. Соның шеңберінде жалпы мектеп ұжымының іргесі қаланады. Олай болса, оқушылар ұжымы деп ортақ әлеуметтік маңызы бар мақсатта біріккен, соған сай белсенді әрекет ететін және ортақ сайланбалы ұйымы бар, барлық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері бірдей және өзара жауапкершілікке негізделген оқушылар тобын айтамыз.

Оқушылар ұжымын қалай ұйымдастыруға болады? Оқушылар ұжымының күнделікті ісі белгілі бір сыныптағы балалардың басым көпшілігінің мінез-құлқына, аңсары ауып тұратын ісіне жауап беретіндей ұйымдастырылуы қажет. Тәрбие жұмысын осылай құру оқушының дүниетануын, рухани байлығын, моральдік тазалығын, дене тәрбиесінің жетілуін, бір сөзбен айтқанда жас ұрпақтың жан-жақты үйлесімді қалыптасуын қамтамасыз ететін тәрбиелік шаралардың белді саласы болып табылады.

Сынып жетекешісі оқушылар ұжымын құруда, олардың сапалы білім алуы мен саналы тәртібін қамтамасыз етеді. Саналы тәртіп болмаған жерде сапалы білім де болмайды. Саналы тәртіп – мақсатты тәртіп. Ол қоғамның мақсатымен ұштасады. Саналы тәртіпке тән сипат - өз мақсатын қоғам мақсатына, жеке бастың мүддесін ұжым мүддесіне бағындыра білу.

Оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеудегі негізгі міндет – білім алу мен оқу әрекетінің савпасын үнемі арттырып отыру. Сынып жетекшісінің бұл бағыттағы тәрбие жұмысы «Оқушыларға арналған ережелердің» мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету және пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, оқушылардың жоғары үлгерімге жетудегі оқу әрекеттерін ұйымдастыру.

Оқушылардың оқу –тәрбие үрдісіндегі әрекеттерін жандандыруда сынып жетекшісі белсенділер тобына арқа сүйейді. Бұл сынып жетекшісінің ұжымды топтастырудағы атқаратын жұмысының маңызды екінші кезеңі. Сынып белсенділері бір жағдайда қоғамдық тапсырмаларды атқара алатын қабілетті балалар тобы. Олар - ұжымның ұйытқысы.

Сынып жетекшісінің шеберлігі дегеніміз - оқушылар ұжымының алдына қызықты мақсат қойып, ұжымдық іске ұйытқы бола білу. Әрі оны ұйымдастырудағы білімі мен қабілеті. Сынып белсенділері неғұрлым күшті болса, сынып жетекшісіне тәрбие жұмысын ұйымдастыруға соғұрлым жеңіл болады. Оқушылардың ынтымағы жарасқан іскер ұжымын ұйымдастыруда, олардың жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру қажет. Ол үшін оларды ұстамдылыққа, сенімділікке тәрбиелеу керек.

Бұл тұрғыда, сыныпта қоғамдық пікірді орнықтырудың маңызы ерекше. Оқушылар арасындағы қоғамдық пікір өздеріне деген шынайы ортақ көзқараста, оқу әрекеттері мен қоғамдық жұмыстарының сапасын бағалауда, әділ сын мен өзара сын орын алғанда, жекелеген оқушының жағымсыз қылықтарын сынып алқасына салып отырған жағдайда ғана қалыптасады.

Қоғамдық дұрыс пікір орныққан сыныптарда жолдастарының оқу тәртібіндегі кемшіліктерін оқушылардың өздері-ақ талқыға салып отырады. Демек ұжымдық талқылау, бағалау, жариялылық, әрекеттік, қоағмдық пікірдің негізгі ерекшелігі. Қоғамдық пікірдің ұйымдастырушылық, ынталандырпушылық мәнін жоққа шығаруға болмайды.

Ұжым өмірін қызықты етіп ұйымдастыруда жақсы дәстүрлердің тәрбиелік мәні ерекше. Дәстүр оқушылар ұжымының өмірін, белсенділігін нығайтады және дамытады. Дәстүр – бұл жақсы әдет-ғұрып, ұжым өмірінде орныққан істің жағымды тәжірибиесі. Мектеп өмірінде қалыптасқан жақсы дәстүрлер көптеп кездеседі. Егер мектеп жағдайына келетін болсақ, олар мыналар: соңғы қоңырау, алтын күз мейрамы, жаңа жыл шыршасы, махаббат күні, көрокем өнерпаздар байқауы, спорттық жарыстар, мейрам күндерін тойлау, Наурыз мерекесін атап өту, көрмелер ұйымдастыру, денсаулық күні. т.б.

Сынып жағдайына келсек, оқушылардың белгілі бір сыныпта өз шежіресін жүргізу, туған күндерін атап өту, алыс немесе жақын шетелдегі достарымен хат алысу, қарттарды қамқорлыққа алу, қысқы және жазғы демалыс кездерінде туристік саяқат жасау, т.б. дәстүрлер бар.

Сынып жетекшілері дәстүрлі шараларды өткізгенде оқушылардың өздерінің белсенділіктері мен іскерліктеріне сүйеніп, қалыптасқан жақсы дәстүрлерге ұқыпты қарағаны жөн. Оларды сырттай тануға болмайды. Ондай жағдайда оқушылар тарапынан қолдау таппайды. Дәстүрлерді оқушылар қолдаған жағдайда оқушылар тарапынан қолдау таппайды. Дәстүрлерді оқушылар қолдаған жағдайда ғана сақталып, дамып отырады.

Мұндай шаралар өткізу және ұйымдастыру барысында оқушылардың ата-аналары тарапынан оны қолдау немесе оларға қатынасуларының тәрбиелік маңызы ерекше. Мысалы, балалармен бірге туристік жорыққа шығу, спорттық жарыстарға қатысу (Мама, папа және мен ойыны), тәрбие сағаттарын бірлесе өткізу, т.б.

Өмір жағдайына байланысты дәстүрлердің түрі, сипаты, мазмұны өзгеріп, толығып жаңарып отарды. Оқушылардың санасымен белсенділіктерін арттыру, оларды қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатыстыру, тапсырмалар берудің ықпалы мен тәрбиелік мәні зор. Қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындау барысында оқушыларда жауапкершілік пен іскерлік қасиеттері қалыптасады. Бұл үшін сынып жетекшісі оларды қоғамдық жұмысқа мүмкіндігінше көбірек тартуға тырысқаны жөн. Қоғамдық жұмыстарды атқару барысында жекелеген оқушылардың қабілеттері мен жеке басының ерекшеліктерін танып білуге мүмкіндік туады. Екіншіден, қоғамдық тапсырмаларды орындау барысында балалардың бір-бірімен араласуы, оны атқаруға деген ынтасы артып, өзара тез тіл табысып кетуі мүмкін. Қандай да бір жаңа іс сынып өміріне қозғау салып, оның мазмұнын да жарқын етеді. Сондықтан да сыныптың әрбір мүшесі белгілі бір тапсырманы өзінің шамасына қарай орындауы керек.

Оқушылар ұжымын қалыптастыруда оның жекелеген мүшелерінің өзін-өзі тәрбиелеуі маңызды. Өзін-өзі тәрбиелеу баланың белгілі бір нақты мақсаты мен көздеген саналы әрекетінің нәтижесі. Ол үшін балада міндетті түрде қоғамдық - әлеуметтік мотив болуы керек.

Оқу-тәрбие жұмысының барысында оқушылардың сана-сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету сынып жетекшісінің негізгі міндеттерінің бірі. Ол әрбір оқушының білімге, өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын анықтайды, өзін-өзі тәрбиелеуге сай осы бағыттағы жұмыстарын ұйымдастырып, ақыл-кеңес беріп отырады. Оқушылардың мәдени ой-өрісін кеңейтуде, құштарлығын және білім сапасын арттыруда олардың бос уақыттарында әдеби көркем шығармаларын оқуға дағдыландыру қажет. Сынып жетекшісі мектеп кітапханашысымен ақылдаса отырып, қай оқушыға қандай кітаптарды, оқу қажеттігі туралы кеңес беріп, оны таңдауға, оқу дағдысын игеруіне көмектеседі. Жақсы көркем шығармаларды сынып болып талқылайды. Оқушылардың ата-аналарына сыныптан тыс оқуды ұйымдастыру туралы кеңес беріледі.

Көркем шығармаларды аз оқитын оқушыларға оқыған кітаптары бойынша әңгіме ұйымдастырып, олардың қызығушылығын арттырып отыру міндетті.

Өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстары барысында оқушылардың театрға, киноға, мұражай және көрмелерге барып тұрулары мен оның нәтижесін ұжым болып талқыға салуды дәстүрге айналдырудың да маңызы ерекше. Табиғатқа және өндіріс орындарына жорықтар жасап, еңбек жәнек соғыс ардагерімен, өнер қайраткерлерімен қызықты кездесулер, кештер ұйымдастырудың да тигізер пайдасы зор. Атақты адамдардың үлгі-өнегесінде тәрбиелеу – оқушылардың сана-сезімін, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың басты құралы. Қоғамымыздың бүгінгі таңдағы жаңаруы мектеп өміріне де өз ықпалын тигізуде. Сондықтан сынып жетекшілері оқушылар ұжымын жақсы тәрбиелеуде бүгінгі қол жеткен табыстармен шектелмеуі қажет. Жаңа жағдайға бейімделіп, жаңа білім, тәжірибиелер жинақтап оқушылар өмірін қызықты ұйымдастыруға, дәстүрлі тәрбие мәселелеріне айрықша мән берулері керек.

Сондай-ақ оқушыларды саналы тәртіпке баулуда олардың туған үйінің, ондағы ересек адамдардың бере тәлім, көрсетер өнегесінің де орны бөлек. Өйткені бала өмірінің көп уақытын өз үйінде, ата-аналарымен туған туыстарының ықпалында өткізеді. Баланың үлгілі, тәртіпті, өнегелі болуына өз үйіндегі өмірдің, ондағы түрлі көріністердің тигізер әсері үлкен. Сондықтан ата-ана өз еңбегіне қандай жауапкершілікпен қараса, баласының тәрбиесі туралы көзқарасы – адамдардың қоғам алдындағы ғанибетті борышының бірі. Әрбір жанұя баласын Отанның адал перзенті, халықтың сүйікті азаматы болып өсуін тілейді.

Баланы үйде қалай болса солай тәрбиелеуге ешкімнің хақысы жоқ. Әрбір ата-ана баласын дұрыс тәрбиелеуге, ол үшін бойындағы бар қабілеті мен қасиетін сарп етуге міндетті. Олар баласы үшін ел-жұртының алдында жауапты. Сондықтан оқушының тәртіпті болуы, сабақты жақсы үлгеруі – ата-ананың оған көрстекен қамқорлығына тікелей байланысты. Бірақ кейбір ата-аналар мектепке, мұғалімге жәрдемдесудің орнына олардың айтқанын орындамай, өзінің парызына, азаматтық борышына селқос қарайды. Мұғалімнің айтқан ақыл-кеңесіне құлақ аспайды. Бала тәрбиесінің үлкен тұлғасы өздері екенін жадынан шығарады. Кейде олар балаларының көзінше мектепті, болмаса мұғалімді орынсыз жазғырып, артық әңгімелер айтады. Міне, мектеп пен жанұя арасындағы осы сияқты келіспеушілік балаларға өте жаман әсер етеді. Оқушылардың алдында мұғалімнің беделін түсіреді. Кейбір оқушылардың қиястыққа ұрынуы, сабақ үлгіре алмауы ата-аналардың сол мәнсіз әңгімелерінің әсерінен болуы мүмкін.

Қазіргі кездегі мектептің қойып отырғңан талабы – жеткіншек ұрпақтарды негізгі пәндермен терең де, берік қаруландыру, ал меңгерген ілімдерді күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлік – шеберліктермен қолдана білу. Мұндай күрделі мәселені мектеп тек ғана ата-ананың бірігіп жұмыс істеуі нәтижесінде шеш алады.

Мектепке барған бала еңбектің жаңа түрі – оқумен шұғылдана бастайды. Бірінші сынып оқушыларының көбінің оқуға деген талабы болады. Бұл бірақ алғашқы мектепке, оқуға деген сыртқы еліктеу. Сондықтан оқушының осы бастауыш сыныптан бастап оқуға деген қызығушылығын қалыптастырмаса, оқу жылының соңында бірінші сынып оқушысының оқуға, тіптен мектепке бару талабы жойылдады. Сол себепті ата-ана баласының оқып жүргеніне немқұрайды қарамауы тиіс. Амал жоқтықтан оқып жүрген оқушы өзіне жанұяға, мектепке де көптеген реніш әкеледі. Ата-ана осыған байланысты баласының мектепке барған күннен бастап оның оқуына, тәртібіне көңіл бөліп, тиісті дәрежеде қадағалап көмектесуі керек.

Бірінші сынып балаларына оқуға және алғашқы мұғаліміне деген сүйіспеншілік пайда болады. Ата-ана мұны әрқашан қолдауы тиісті. Мұғалім туралы айтқан дөрекі сөздер ол мұғалімнің абыройын төмендетіп, баласының мұғалімге, ол жүргізетін пәнге деген қызыушылығын жойып жібереді. Ата-ана баласының кейбір мәселені білмей, шеше алмай жатқан кезінде оны кекетпеуі керек, себебі ол баланың алғашқы қадамдары.

Егер бала ата-анасының сабақ дайындау барысында қиын мәселелерді шешуге көмектесетінін білсе, оларды сыйлаушылығы артады. Төмен баға алса, олардан ұялып қысылады. Сөйтіп, келесі жолы жақсы баға алып, ата-анасын қуантуға тырысады. Ата-ананың көп қателесетін мәселесі, ол мұғалімнің бірінші сынып оқушыларына қоятын баға жөнінде. Кейбір ата-ана баласын тек ғана «4» пен «5» алуы тиіс деп те айтады. Мұны естіген бала ата-анасының жазалауынан қорқып «2» немесе «3» бағасы тұрған күнделіктің бетін жыртуға, бағаны түзетуге немесе басқаша жолдар арқылы оларды алдауға барады. Сол себепті ата-ана баға баланың оқуындағы маңызды, бірақ басты мәселе емес екендігін білулері керек. Тек жақсы баға үшін оқыған балада танымдық қызмет пен қызығушылықтың жақсы дамуы екі талай. Сонымен қатар бала өтірік айтуға, тек өзіне пайдалы жаққа ғана әдістенуге, жағымсыз қылықтарға үйренеді. Ата-ана баласының сабақ дайындау барысында қиын мәселелерді шеше алмай жалғыз қалуына жол бермеуі керек. Егер баласы «2» алса, оның себебін біліп, оны тез арада жою шараларын қолдануы керек. Үштік бағамен де қаағаттанғаны дұрыс емес. Бұл баға да баланың біліміндегі олқылықты көрсетеді. Сол себепті «2» мен «3» деген баға оқушыға көмек керек екендігі жөніндегі хабарлама болып табылады. Ата-ана баланың үйде жасайтын өзіндік жұмысына қажетті жағдай жасауы керек. Бала өз оқуының туған-туыстары үшін аса маңызды екенін түсінуі тиіс. Ата-ана баланың бойына лайықты үстел, кітап сөре, оқу құралы, қалам, қара және түсті қарындаш, өшіргіш тағы басқа да құрал-ждабдықтары бар оқушы бұрышын жасауы керек.Оқуға барған күннен бастап бала үйге белгілі бір уақытта сабақ дайындауы үшін күн тәртібі болуы тиіс. Бала сабақ дайындағанда бөлмеде тыныштық болғаны жөн. Осыдан-ақ бала әке-шешесінің оның оқуына үлкен мән беретінін байқайды. Үйде сабағын тамақ ішетін үстелде дайындайтын балалар бар. Мұндай жағдайда ата-ана сабағыңды үстелдің үстінен басқа жаққа алып кет, не қоя тұр деп ұрсады. Тамақ ішіп болған соң ата-ана теледидар көреді, сабақ дайындауға қолайлы жағдайы болмаған бала да солармен теледидар көріп, ұйықтайды. Ертеңгі күні әрине сабақ дайындамаған бала «2» деген баға алып келеді. Сөйтіп, сабақ оқуына жағдай жасалмаған, мән берілмеген баланың сабақ оқуға қызығуы бірте-бірте азаяды.


жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау