Оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлескен педагогикалық жұмыстары жоспар кіріспе І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарымен жүргізілетін педагогикалық ЖҰмыстары


БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҮЙДЕГІ ОҚУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ АТА-АНАНЫҢ РОЛІ



жүктеу 0,71 Mb.
бет3/3
Дата17.11.2017
өлшемі0,71 Mb.
#692
1   2   3

2.1 БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҮЙДЕГІ ОҚУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ АТА-АНАНЫҢ РОЛІ
Ата-ана балаға тәрбие бере отырып оның оқуын ұйымдастыруда үлкен рөл атқарады. Балалардың оқу жұмысын ұйымдастыруда ата-аналар көмегі үш бағытта жүзеге асады.

Ата-ана оқушылардың күн тәртібін ұйымдастырады және қадағалайды: үйге берілген тапсырмалардың орындалуын тексереді және балаларды дербестікке үйретеді.

Мұғалім күн тәртібін сақтаудың ата-аналардың көзін жеткізуге тиіс. Ол нанымды мысалдарға сүйене отырып күн тәртібін сақтаудың баланың оқушы міндетін орындауына, денсаулығының нығаюына, нерв жүйесін шаршаудан сақтандыруына жағдай жасайтынын дәлелдеп көрсетеді. Оқушылардың жиырма пайызының бастауыш сыныптарда сабақ үлгермеуі олардың денсаулығының нашарлығынан болып отыр. Оқушының оқу жұмысын, сабақтан бос кездегі үйдегі басқа да міндеттерін жоспарлау кезінде олардың бәріне де белгілі бір уақыт бөлу керек екенін ата-ана назарда ұстауға тиіс. Әрине, кейбір кезеңдерде ұлын неемесе қызын күн тәртібінен тыс шаруаларға жұмсауға тура келетін жағдайлар да кездесіп қалады. Бірақ, баланың дәл қазір немен айналысып ескерместен ылғи жұмсай беруге болмайды. Кейде мынадай жағдайлар кездеседі, оқушы кітаптарын жайып тастап сабақ оқуға енді ғана кіріскенде, оны дүкенге жұмсайды, ұлы қызық кітапты оқи бастаған еді, - гүл суаруға жұмсады, қызы отыра қалып кесте тіге бастаған еді \, - бауырын ойнатып кетуге жіберді.

Баланың нерв жүйесіне байланыстиы бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысу кейде тез, кейде баяу жүзеге асып жатады. Нерв жүйесі шапшаң жұмыс істейтін балалар мұндайда бір жұмыстан екінші жұмысқа оп-оңай ауысып, оны тез игеріп алып кетеді. Ал нерв жүйесі баяу жұмыс істейтін балалар мұндайда қатты қиналады. Төменгі сынып оқушысы өзінің жас ерекшелігіне сәйкес бір жұмыстан екінші жұмысқа оңай ауысып кете алмайды. Өзі кірісіп кеткен шаруаны тастап, екінші бір істі бастау үшін баланың өз дегенінде тұрып, ата-ананың айтқанын істемеу жөніндегі табиғи ішкі тілекті жеңуіне тура келеді. Ал мұның нәтижесінде жалпылама наразылық, өкініш сезімі пайда болады. Кейде бір шаруадан екіншісіне ауысудың қиындығына байланысты табиғи ішкі тілек дөрекілік арқылы көрініс табады. Шешесінің немесе әкесінің басқа бір жұмысты істеу жөніндегі ұсынысына бала күтпеген жерден: «Ешқайда да бармаймын. Қашан да қызықты бірдеңе істей бастасам міндетті түрде басқа жұмысты бастауға мәжбүр етесіңдер» - деп қалады. Ата-ана баланың басқа жұмысты бастауына, өзін сол жаңа іске психологиялық жағынан әзірленуіне уақыт беруге тиіс. Мәселен, қызық кітап оқып отырғанда, Ғалия сол бетті оқып болған соң, магазинге барып келуің керек. Міне, мына жерге ақша қойдым, - деуге болады.

Баланы негізсізден негізсіз бір жұмыстан екінші жұмысқа көшіре берудің (егер бұл әдетке айналып кетсе) зияндығы да бар. Бала бастаған жұмысты аяқтамастан тастап кетуге мәжбүр болады. Ал бұл жүйеге айналса оқушы бойында жаман қасиет бастаған істі аяқтамай тастап кету қасиеті тәрбиеленеді.

Бұл жайларды төменгі сыныптағы балалардың ата-аналары мұқият ескеруге тиіс. Өйткені балалардың өз міндеттеріне сабаққа, қоғамдық тапсырмаларға, еңбекке қарым-қатынасы дәл осы жаста қалыптаса бастайды. Күн тәртібі балалардың (өз міндеттеріне, сабаққа) таза ауада міндетті түрде болуын ескеріп жасалады. Мұғалім ата-аналардың бұл талапты бұзбауын атап көрсетіп отырады. Сайып келгенде ата-аналар өздерінің басты міндеті үйдегі уақытын ұйымдастыруда төменгі мектеп жасындағы балаға көмектесу екенін жақсы түсінуге тиіс. Жинақы, орнықты және зерек бала сабақ үстінде жақсы жұмыс істейтін болады. Мұғалім ата-аналарға оқушылардың үйге берілген тапсырманы орындауын қалай бақылап отыруға тиіс екенін айтады. Ең алдымен күнделіктегі үйге берілген тапсырманың орындалуы қажет. Содан кейін барып оның орындалу дұрыстығын қарау шарт. Үлкендер дәптердегі қатені байқасымен дереу көрсетуге асықпауы тиіс. Бала өзін-өзі бақылауға үйренуі қажет. Әуелі былау деу керек: «Сен мысалды қате шешіпсің, осындай есептердің дұрыс орындалуын қалай тексеріп едіңдер сыныпта, соны есіне түсірші, жұмысыңда қатенің бар жоғын қандай әдіспен тексеруге болады? » Бұдан ештеңе шықпағанда барып ғана қатесін көрсетуге болады. Көп ретте ата-аналар балаға мұғалімнің тапсырмаларынан тыс қосымша (өз ойынша өте қажет) сабақтық тапсырмалар жүктеп қояды. Мұндай ата-аналардың баласы тапсырманы алдымен басқа қағазға орындап алып барып, соңынан таза дәптерге көшіріп жазып жатады. Егер мұғалім үйде екі бағанды мысалды шешуді тапсырса ата-аналар көп шығарса жақсы болады деген оймен төрт бағанды мысалдарды шештіреді. Оның үстіне оның бәрі бос уақыттың есебінен орындалады. Бала діңкілдеп, тез шаршайды және жақсы оқудың орнына нашар оқитын болады. Оның өзі үшін ауыр әрі қызықсыз еңбекке айналған оқуға деген ынтасы төмендейді. Мұғалім ата-аналарға балаға қосымша берілетін тапсырманың саны мен мазмұнын міндетті түрде өзімен келісіп алып отыруы керектігін түсіндіріп қоюы қажет.

Балалар кейде мектептен келе салып, сабақ оқуға кіріседі. Баланың мұнысын ата-аналар құптап та жатады. Ал балалар бұған бір жұмысчтан екінші жұмысқа дұрыс ауыса білмегендіктен барады. Дұрыс жасалынған күн тәртібі баланың мектептен кейін дем алуы, қыдыруы содан кейін барып ғана сабақ оқуға кірісуі талап етіледі. Мұғалім ата-аналарға сабаққа дайындалуға орта есеппен қанша уақыт жұмсау керектігін, жекелеген балалардың жеке басының ерекшеліктеріне және дамуы барысына қарап қанша уақытқа ауытқуға жол беруге болатынын түсіндіріп отыруға тиіс. Сабаққа ұзақ уақыт дайындалу оған жақсы әзірлену деген сөз емес. Тез орындап тастауға болатын тапсырманы ұзақ уақыт дайындау әдетте балалар назарының тұрақсыздығын, оның орнықсыздығын көрсетеді. Бала мұндай жағдайда мәселен, бір жолды жазып алады да, басқаға алаңдап, сыныпта бүгін не болғанын айта бастайды; жазуға қайта айналып соғады да, тағы да алаңдап енді қарындашын ұштай бастайды, тағы сол сияқты. Әриен, бұл жай тапсырманы орындау сапасына әсер етеді. Ата-ана баланы орнықтылыққа баулу үшін тапсырманы орындау үшін уақыт белгілеп алдына сағат қойып береді, бала сағатқа қарап отырып, жұмысын уақытқа бөліп орындайтын болады.

Балалардың бәрі бірдей дәрежеде дами бермейді. Жекелеген балалар бірінші сыныптан бастап-ақ оқу материалын нашар игеріп, артта қала бастайды. Бұл оған дейін кемшілік тиісті уақыт өткен соң жойылар да еді, бірақ жекелеген ата-аналар шыдамастан бірнеше сағат бойына баланың жанына отырып алып сабақты миына құя бастайды. Ашуланып ұлына немесе қызына айқай салады, топас атандырады. Ақыр соңында іс ілгері басудың орнына кері кететін болады, бала өзінің сәтсіздіктеріне кінәлі оқуды, кейде тіпті мектепті жек көреді. Ата-ананың шыдамдылығы қарым-қатынастағы ізгі ниеттілік – балаға оқуда жемісті көмек көрсетудің маңызды шарты. Ата-аналардың басты міндеті - баланың сабақты әзірлеуге қашан отырғандығын, барлығын орындады ма, оны тексеріп сұраққа жауап қайдан іздеуді айтып, бірақ дайын жауабын айтпай балалардың дербестігін тәрбиелеу. Баланың оқуға ынтасын тәрбиелеу үшін оның кітап оқи білуінің, кітапқа деген ынтасын қадағалау керек. Қай кездер де бала дұрыс оқи алмағандықтан есепті шығаруға қиналып қалады. Сауатты жазу да дұрыс оқи білуге байланысты. Оқушылар бірінші сыныпта-ақ өз беттерімен оқи бастайды. Оларға мектеп кітапханасынан кітап алуға рұқсат етіледі. Көптеген балалар өздерінің үй кітапханасын жинай бастайды. Балалар бір-біріне өздері оқыған кітаптары жайлы әңгімелейді. Олардың өздері ұнатқан әдеби кейіпкерлерге ұқсағысы келеді. Ата-аналардың барлығы да кітап оқудың пайдасын жақсы біледі. Сондықтан да баласының кітап оқуды ұнатпауы олардың бойында үрей тудыруы - әрі табиғи, әрі заңды нәрсе. Баламыз кітап оқуды ұнатуы үшін не істеуіміз керек? – деп сұрап жатады. Олар көп ретте «көп кітап сатып аламыз, ал ұлымыз болса оларға қарамайды да». Әрине кітап сатып алған екенбіз, ол баламызға бірден ұнауға тиіс деп ойлаған ата-аналар қателеседі. Ата-аналар тарапынан төменгі сынып оқушысының кітап оқуына тұрақты назар аударылуы керек. Оның кітап оқуына көмектесіп, басшылық жасап отыруы керек. Балаларды кітап оқуды ұнатуға баулу тиіс.

Көптеген төменгі сынып оқушылары кітап оқуды ұнатады. Бірақ олар кітапты таңдай білмейді. Сондықтан да балалардың оқу үшін кітап таңдау алуын үлкендер қадағалап отыруы шарт. Кейбір ата-аналар былайша қателеседі, кез-келген кітапты оқу пайдалы деп есептейді, баланың кітап оқуын мұғалім мен кітапханашы қадағалауға тиіс, бұл жерде ата-ананың қатысы шамалы деп ойлайды. Шынында да мұғалім мен кітапханашы балалардың кітап оқуын қадағалап отырады, алайда олар оқушыны өздеріне арналмаған кітаптардан әрдайым сақтандырып отырмайды, кітапханашының, мұғалімнің және ата-ананың бірлесіп күш жұмсауы ғана балалардың кітап оқуының дұрыс дамуына ықпал жасайды.

Әр жастағы балаларға арналған кітаптардың ұсынылатын «Балаларға не оқу керек? » деген тізімдері болады. Олар мектпетегі және аудандық кітапханалардың бәрінде де бар. Балалардың жас ерекшелігін ескере отырып жасалған бұл тізімдерге көркем және ғылыми көпшілік әдебиет шығармалары, классиктер мен осы заманғы жазушылардың кітаптары, орыс және шетел әдебиеті, поэзия мен проза енгізілген.

Ата-аналар балалардың қолына олардың жасына сай кітаптардың ғана түсуін қадағалап отыруға тиіс. Сондықтан да жоғарыда айтылған тізімдерде көрсетілген ұсыныстарды ұстанған жөн. Кейбір ата-аналардың өз балаларының ересектерге арналған кітаптарды рахаттана оқитынына мақтануы орынсыз. Мұндай оқу арқылы бала үстірт оқып шығуға әдеттенеді, табиғат суреттерін, кейіпкерлер сипаттамасын, автордың ой толғауларын тастап кетіп отырады.

Балалардың кітап оқуын қадағалағанда олар оқитын кітаптардың міндетті түрде әр түрлі тақырыптарда болуын, олардың ішінде ертегілер, жануарлар мен өсімдіктер туралы әңгімелер, шытырман оқиғалы туындылар, соғыс және батырлар туралы, ұл-қыздардың үлкендер мен балалардың бейбіт еңбегі жайлы мектеп, ән, өнер жайлы әңгімелердің болуын ескеру керек. Балалар әсіресе ұлдар шытырман оқиғалы әдебиетті оқуды ұнатады. Шытырман оқиғаларға өткір және бірден баурап алатын сюжеттерге ынтық болу табиғи жай, бірақ мұны дұрыс арнаға салып отыру қажет. Балалардың тек ғана шытырман оқиғалы жанрдағы кітапты ғана оқып қоймауын, олардың қолдарына үлкендерге арналған кітаптардың түспеуін қадағалау шарт.

Егер баланы өсімдіктердің немесе жануарлардың өмірі, жаңа машиналар, саяхаттар ерекше қызықтыратын болса, ол үшін жаңа және қызықты деректер бере алатын кітаптарды таңдап беру керек. Балалардың бойында әсіресе ғылыми-көпшілік әдебиетке деген ынта-ықыласты дамытуға назар аударған жөн. 3 сыныптың оқушыларының география, табиғаттану, техника жөніндегі өздеріне түсінікті кітаптарды оқытуымызға болады.

Кіші мектеп жасындағы балаларға арналған журналдар («Ұлан газеті», «Балдырған», «Көңілді суретті кітапшалар») бар. Баланың газет немесе журнал жаздырып алып, оқып оқытғаны дұрыс. Ал ондай мүмкіндіктер жоқ болса баланы кітапты кітапханадан алып оқуға үйрету керек.

Балалар 3 сыныптан бастап оларға түсінікті түрде еліміздегі және шетелдердегі балалардың өмірін, олардың қоғамдық пайдалы жұмыстардағы істерін жүйелі түрде оқып отыруға, үйренуге тиіс. 1-2 сыныптағы балалар үшін бұл турасындағы мақалаларды ата-аналары мен үлкен ағалары және апалары дауыстап оқып бере алады.

Самат кітапты жек көреді деуге болмайды. Ата-анасы баласының кітап оқу техникасын дамытуына көметеседі. Бұл үшін оны кітапты дауыстап оқуға жаттықтыру, дұрыс оқуын үлкендердің қадағалап отыруы тиіс. Кейде балалардың өзі алғаш оқыған кітабы қызықсыз болады да, оның ойын өрбітіп сезімін оятпайды, содан келіп ол кітап оқуды ұнатпайтын болады. Сондықтан да ата-аналар балаларының өз бетімен оқитын алғашқы кітаптарын дұрыс таңдап алуына мұқият болуы керек. Бұл кітаптар әдемі суретті, қызық желілі көлемі шағын, бала тез оқып шыға алатындай болуы қажет. Егер де ата-ана кітап таңдауда қиналып қандай кітап сатып алу керек екенін білмесе, мұғаліммен немесе кітапханашымен ақылдасып алуы керек. Төменгі мектеп жасындағы балаларды кітап оқуды ұнататындай етіп тәрбиелеу үшін сырт қарағанда еленбейтін ұсақ жайлардың да елеулі рөл атқарып кетуі мүмкін. Мәселен, баланың өзінің жеке кітапханасының кітап қоятын сөресінің болуы, жолдастарымен кітап алмасуға болатыны баланың кітапқа деген ынта-ықыласын арттырады. Балаларды өз беттерімен оқуға оқуға үйретуге үшін мынадай тәсілді де қолдануға болады. Үлкендер балаға дауыстап кітап оқып береді де, ең қызықты жерге келгенде оқымай қояды. Кітаптағы оқиғаға еліктеп кейіпкерлердің одан әрі не істегенін білуге ынтыққан бала көп ретте кітапты одан әрі өзі оқып кетеді. Үлкендер одан кейін оның оқыған кітабы туралы сұрауы, өзі оқыған үшін мақтауы, бұдан былай баланың кітапты өзі оқи беретініне сенім білдіруі керек. Келесі кітапты да дәл осылай оқыған жөн. Онда бала біртіндеп кітапты өзі оқуға үйреніп кетеді. Балаға әлде бір кітаптағаы қызықты оқиға туралы айтып беру керек. Сонда төменгі кіші мектеп жасындағы оқушылар міндетті түрде: «Одан кейін ше? Одан әрі не болғанын айтшы» - деп өтінетін болады. Оған жауап ретінде кітапты ұсыну керек: «Міне, оқып шық. Сен бұдан көптеген қызықты жайларды оқып білетін боласың». Үлкендерді кітап оқуды ұнататын, кітаптар жайлы көп әңгімелейтін, бос уақыттарын кітап оқуға арнайтын жанұялардағы балаларды барынша кітап оқуды ұнататын етіп тәрбиелеу оңай және тез жүзеге асады. Егерде әкесі мен шешесі кітап оқуға уақыты жоқ болса немесе кітап болмаса балаларды кітап оқуға баулу қиынға түседі.

Мұғалім ата-аналарға баланың кітапты қалай оқу керек екенін айтып беруге тиіс. Бір кітапты оқыған кезде баладан бұл жазушының қандай еңбектерін оқығанын және ол жазушы туралы не білетінін, кітаптың суретшісі салғана суреттерді бұрын іздестіргенін, кездестірмегенін сұрап отырған пайдалы. Балаларды кітап оқуда оның мұқабасы мен автордың және кітаптағы суреттерді салған суретшінің аты-жөні, баспасы мен шыққан жылы жазылған титул бетін оқудан бастауға үйрету керек. Әдетте балалар онда жазылғандарға назар аудармайды, оларды есте сақтауға тырыспайды. Балалардан: «Кітапты кім жазғанын ұмытып қалдым», «Кітапты кім жазғанын еске сақтап не керек, не туралы жазылғанын білемін ғой», «Міне жазушыларды бір-бірімен шатастыра беремін, кімнің қандай кітап жазғанын есте ұстай алмаймын», - деген сөздерді жиі естуге болады.

Ата-аналар балаларының кітаптың авторы мен суретшісінің аты-жөнін, кітаптың атын есте сақтап қалуды шыдамдылықпен және тұрақты түрде талап етіп отыруға тиіс. Баланың кітапты зер сала отырып асықпай оқуы керек. Төменгі сынып оқушылары көп ретте бес-алты бет оқиды да немен аяқталғанын білу үшін кітаптың соңғы бетін оқиды. Кітаптың соңын оқып кейіпкерлердің тағдырын біліп алған соң, балалардың құралған жерін зер салып оқымайтыны, қажет жерлерін немесе тарауларын аттап кететіні, тіпті кітапты одан әрі оқымай қоятыны – табиғи нәрсе. Ата-ана балалардың мұндай зиянды әдетке дағдыланбауын қадағалауға тиіс. Балаларға кітаптағы оқиғалардың қалайша дамып, қалай аяқталатынын алдын-ала айтып қоймау керек. Төменгі мектеп жасындағы балалар үшін кітаптағы суреттерді қараудың тәрбиелік маңызы зор. Олар баланың оқығандарын түсінуіне, есте сақтауына көмектеседі. Көптеген суреттер балаға тікелей көре алмайтын оқиғалар мен заттар жөнінде мағлұмат алуына көмек береді. Суреттер арқылы Солтүстікте және Тропиктік елдерде болып қайтқандай әсер алуға болады, теңізден шалғайда тұрып-ақ кемелер мен тулаған мұқитты көруге, басқа мемлекеттегі балалардың қалайша өмір сүретінін білуге болады.

Балалардың кітап суреттерін қарай білуге, оларды қызықты бөлшектерді байқай білуге үйретудің маңызы зор. Көп ретте балалар суреттерді қарағанымен ондағылардың бәрін көре білмейді. Сондықтан ата-аналардың балаларды салынған суреттегілерді түгел көре білуге үйрететін сұрақтар беріп отырғаны абзал: «Мына суретте нелер салынған? Суреттердегі адамдардың аттары қалай? Олар не істеп жатыр? Олары дұрыс па? Бет әлпеттерінен нені байқауға болады?» Балалардың өзі оқығардары жайлы айтып беріп отырғаны дұрыс. Әңгіме арқылы балалардың сөйлеу қабілеті дамиды, кітаптағы басты жайларды көре білуге үйренеді. Әңгіме кезінде оның кейіпкерлер қылықтарына, баяндалатын оқиғаларға қатынасы анығырақ қалыптасатын болады. Бала алғашқы кезде оқығандары туралы айтып айтып беретін болса, әңгімелеуі кезіндегі қиыншылықтарын жою үшін сұрақтар беру арқылы көмектесу керек.: «Кітаптан не оқып білдің? Қашан және қай жерде болған оқиғалар туралы екен? Бәрінен көп ұнағаны не?» Оқығандары туралы сұрақтар беру ата-ананың баласының оқығандарына бақылау жасауына, оның кітапты түгел оқығанын, ондағыларды түгел ұққанын, кейіпкерлерің мінез-құлқы жөніндегі пікірлерінің дұрыстығын білуіне көмектеседі. Әдетте кітапханаларда осылар тәрізді сұрақтар беріп отырады. Мұның өзі оларды бір тәртіпке салады, зер сала оқып, оқығандарын есте сақтауға мәжбүр етеді. Жеті-сегіз жастағы балаға кітап туралы пікір жазу әзірге қиын, сондықтан олардың өздерінің оқығандары жайлы суреттер салуын мадақтап отыру керек. 3 сыныптағы балаларға оқыған кітаптары туралы пікір жазуға кеңес берген және жазуына көмектесу өте пайдалы. Төменгі сынып оқушысының кітап туралы пікір, түрлері мен мазмұны жөнінен күрделі болмауға тиіс. Бала көп жағдайда мына сұрақтарға жауап береді. «Кітап кімдер және нелер туралы жазылған екен? Кітаптағы қандай жайлар не үшін ұнады? Кейіпкерлердің қайсысы ерекше ұнады? » Пікірде міндетті түрде кітаптың аты мен авторы көрсетіледі.

Жанұяда тұрақты түрде бірлесіп дауыстап кітап оқу ұйымдастырылып тұрғаны өте жақсы. Бұл ата-аналар мен балаларды өзара жақындастырып ата-аналардың өз баласын жақсы білуіне оның мүдделері мен құмар істерін түсінуіне көмектеседі.

Бірлесіп қалай оқу керек? Ең алдымен қызықты және тартымды кітап таңдап алынады. Сонда балалар бірге отырып кітап оқитын кешті асыға күтетін болады. Кезек-кезек бүгін әжесі, ертең ұлы, одан кейін басқалары дауыстап оқығаны дұрыс. Дауыстап оқу – балалар үшін пайдасы көп жаттығу, олар мәнерлеп дауыстап және айқын етіп оқуға үйренеді.

Дауыстап оқу – балалар үшін мерзімі анықталған түрде алынуы керек. Оқудың балаларды шаршатпауы үшін олардың кітапқа ынтасын әлсіретпеу үшін бұл мерзімнің 45 минуттан аспағаны дұрыс. Ата-аналар мен балалардың кітап туралы пікір алмасып отырғаны жақсы. Егер дау туа қалса балалар қате пікірлер айтатын болса, сыпайы түрде олардың оқығандарды дұрыс түсінуіне көметесу керек. Жанұяда кітапты күтіп ұстау мәдениеті тәрбиеленеді.

Балаларды сол сияқты кітап оқу гигиенасының негізгі ережелерін сақтауға үйрету қажет. Балалар көзді сақтау керектігін білуі қажет. Әлсіз жарық кезінде оқуға болмайды. Шам баланың сол қолы жақта болуға тиіс. Оның жарығы тікелей көзге түспей кітап жақтан үстел үстіне бағыттлауы керек. Кітап оқығанда әрбір 45-50 минуттан соң көзді аздап демалдырып отырғаны дұрыс.

ҚОРЫТЫНДЫ

Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдері шағын комплектілі мектеп жұмысына да араласуына тура келеді, сондықтан да бұл мектептердегі мұғалімдер тек ғана білім берумен ғана шектелмей саяси-әлеуметтік, мәдени-ағартушылық жұмысымен де айналысатындығын қазақ бастаушы ауылдық мектептер тәжірибиесі көрсеткенін біз педагогика ғылымдарының кандидаттары мен докторларының еңбектерінен кездістеміз.

Біз өзіміздің бұл еңбегімізде төмендегі педагогикалық мәселелерді зерттеуге мұрындық болар деген мақсат пен пікірдеміз. Тәрбие мазмұнының мәніне арналған төмендегі пікірлерімізді ұсынамыз:


  1. Тәрбие барысында Егеменді Республикамыздың және оның

аймақтарының әлеуметтік – экономикалық даму деңгейінің маңыздылығын ескеру;

2. Мемлекттік тіл – қазақ тілін жан-жақты терең игеретін жаңа тәрбие мазмұнының бағдарламасын нақтылау қажеттілігі;

3. Халқымыздың педагогикалық ойлары мен педагогика тарихының келелі мәселелері белгілі бір жүйеге келсе және мұны қарауға мұғалімдер ата-аналардың да өмірлік тәжірибиелерін зерттеп жүйелей отырса;

4. Қандай халықтың болмасын өзіне тән ана-тілі, жаратылыс болмысы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, мәдениеті, өнері бар. Осы педагогикалық мәнді құбылыстарды ата-аналар арасында насихаттау мұғалімдердің оқытушылық қызметінің құрамдас бөліміне айналса педагогикалық жұмыс нәтижесін беретіндігіне ешбір күмән жоқ.

5. Болашақ мұғалімдерді дайындау барысында тек ғана жеке пәндерді оқытумен оның әдістемелерін үйретумен жүктелмей педагогика кафедрасы ата-аналарының педагогикалық әдістемелік шеберлігін тарттыруға арналған арнайы пәндік оқу енгізсе өте дұрыс болар еді.

Ата-аналармен ұйымдастырылатын педагогикалық жұмыс мазмұнының тиімділігі төмендегідей міндеттерді шешеуге байланысты демекпіз:



  • Ұлттық сана-сезімін, имандылық қадір қасиетін қалыптастыру, яғни туған

елін сүюге тәрбиелеу;

  • Жер тағдыры мен ел тағдырының табиғат пен адам өмірінің бірлігін

терең сақтайтын жер, су, ауа, ғарыш әлемінің қадірін бағалай білетін, табиғатты аялай оны қорғай алатын азаматты тәрбиелеу, яғни экологиялық тәрбие беру;

  • Эстетикалық тәрбие беру, сұлулыққа тәрбиелеу, тазалыққа үйрету;

  • Мемлекеттік заңдарды білу және оған сый-құрметпен қарау оны жүзеге

асыруға дайын және ынталы болу, қоғамдық тәртіптің заң ережелерін бұзушылыққа төзбестік білдіру, құқықтық тәрбие беру;

  • Еңбектің адам өміріндегі мәні мен мазмұнын түсіндіру, еңбек дағдысын

баланың бойына жастайынан сіңіру;

  • Жас ұрпақты кішкене күнінен үй болуға, шаңырақ көтеруге, яғни ұл бала

мен қыз баланы құрметтеуге, қыздарды ұл балалардың алдында иба сақтауға үйрету, адамгершілік имандылық тәрбие беру;

  • Ұлттық ойын, дене шынықтыру түрлерін кең қолдана отырып жастарды

дене тәрбиесі қажеттілігіне дағдыландыру;

  • Халқымыздың ерлік жауынгерлік тарихын, өз жерін, өз елін қорғай

алатын елжанды, ұлттық намысы мол жігерлі азамат тәрбиелеу;

  • Басқа ұлттардың өкілдері мен жастардың өзара сыйластық, достық

негізінде өмір сүруіне ықпал жасау, ұлтаралық қатынастардың жақсы дәстүрлерін үйрету.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. М.Азимов «Жанұя ықпалы» Бастауыш мектеп журналы, 1998 .6 12-13 б.

  2. З.Әсемжанова «Менің отбасым – менің үйім» Бастауыш мектеп журналы 2005, № 9 25-26 б.

  3. Квятковский Е.Ю. О путях повышения нравственно-эстетического влияния искусства слов на учащихся средней школы. − Сов.педагогика, 1981, №2, 22 с.

  4. Лихачев Б.Т. Формирование нравственно-эстетического отношения к действительности. − Сов.педагогика, 1981, №2, 36 с.

  5. Марьенко И.С. Основы процесса нравственного воспитания школьников: Учебное пособие для студентов педагогических институтов. − М.: Просвещение, 1980, 183 с.

  6. Харламов И.Ф. Нравственное воспитание школьников. Пособие для классных руководителей (из опыта работы). − М.: Просвещение, 1983, 160 с.

7. Момышұлы Б.Психология войны. Алматы, 1980-с. 109.

8. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы. Мектеп, 1992-122б.

9. Ата-аналармен байланыс жасау тәжірибиемнен Бастакуыш мектеп журналы №1, 2003, 25-27 б.


  1. Педагогика. Харламов. М.: 1999ж.

  2. Педагогика. Қоянбаев Ж.Б. Алматы., 1999ж.

  3. Спутник классного руководителя. М.: №2. 2000ж

  4. Сынып жетекшісі. Астана. №4, 2002ж.

  5. Білім мекемесі – оқу – тәрбие ордасы. Шымкент – Алматы 2002. Қожамжарова Р.Т., Бектенгалиева С.Х.

  6. Педагогика дәріс курсы. Алматы 2003ж.

  7. Общая педагогика. Сластенин В.А. М.: Владос, 2002ж.

  8. М.Валиева Білім беру технологиялары және оларды оқу тәрбеи үрдісіне енгізу жолдары. (әдістемелік нұсқау) – Алматы, 2002ж.

ҚОСЫМШАЛАР




Жұмыстың тақырыбы


Орындаушы, уақыты

1.

Ата-аналар жиналысын өткізу.

а) ІІ ширектегі қорытынды.

ә) Өткен жарты жылдықта орындалған немесе орындалмаған жұмыстар.

б) Баламен сөйлесіп отыру қажет.

в) Концерт: би, ән, хор.


Сынып жетекшісі

Ұжым (сынып)




Оқушының аты-жөні

Жұмыстың мақсаты

Ата-ана жауабы

Ата-ананың қолы

Байғұнысова Жадыра

Оқушының мүйіне барып сабақ үлгерімі тәртібі жөнінде ата-анамен пікірлесу

1. Жадыраның кейінгі кезде сабақ үлгерімі нашарлауына үй тапсырмасын орындамауына себеп не екенін айта аласыз ба?

2. Сабақта тыныш отырады, бірақ сабақтан кейін үзілісте қыздарды ренжітеді, мен өзімде бірнеше рет сөйлестім. Сізге де ескертуді жөн көрдім.


Ол үйдегі жалғызымыз. Уақытында бетінен қақапай еркелетіп едік, сол еркеліктен әлі де арыла алмай жүр. Ойынға көп алданады, сондықтан үй тапсырмасын орындамай барады. Келесі жолы яғни ылғи да шаман келгенше сізге көмектесейін.

Ол рас, бәрі еркелеткеннің салдары енді біз болып бірлесе тәрбиелейік, Қазір еркелетіп те жүргеніміз жоқ.











Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар


1


Оқушыларға тәрбие беру жүйесіндегі бастауыш білім берудің мазмұны.


2


Төменгі сынып оқушыларының дене және психологиялық ерекшеліктері. Төменгі сыныптағы дене тәрбиесі.

3


Оқу еңбегін, қоғамдық пайдалы еңбекті және дұрыс тынығуды ұйымдастыру.

4

Жанұяда және мектепте еңбекке тәрбиелеу.


5

Балалардың тәртібі.


6

Эстетикалық тәрбие.


7


Ата-аналар «Атамекен» бағдарламасы туралы не білу керек?


8

Әдеп сабағы.


9

Ата-ана бала тәрбиесі жөнінде не оқуы керек?






жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау