Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
264
2. Ісім өнсің десең – ретін тап.
3. Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,
Әр нәрсеге өзіндей баға бермек.
4. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
Дауысты дыбыс
1. Дауысты дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысына
еш кедергіге ұшырамай, еркін шығуынан жасалады.
2. Дауысты дыбыс буын жасауға қатысады.
3. Дауысты дыбысқа екпін түседі.
4. Тіліміздегі дауысты дыбыстар: а, ә, е, и, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э.
5. Дауысты дыбыс тіл, жақ және еріннің қатысына қарай
жуан – жіңішке, ашық – қысаң, еріндік – езулік болып жіктеледі.
Жуан: а, о, ұ, ы, у
Жіңішке: ә, ө, ү, і, е, и, (у), э
Ашық: а, ә, о, ө, е, э
Қысаң: ы, і, и, у, ү, ұ
Еріндік: о, ө, ұ, ү, у
Езулік: а, ә, е, ы, і, и, э
19-тапсырма. Дауысты дыбыстар қалай жасалады.
Дауысты дыбыстарды жазып шығыңыздар.
20-тапсырма. Мәтіннен дауысты дыбыстардың астын
сызыңыздар.
Ұзақ жолды қысқарту үшін, айдалада жортқан Ақан Мөңкеге
неше түрлі қызықты ертегі, дастандар айтып, ара-тұра ән салып,
кішіпейіл ақын баламен тең құрбысындай сыр шерткен. Ақтоқты,
Ұрқия, Жамалдардың қайғысын айтып, ара-тұра күрсініп,
жапанның сары даласында ұзақ мұңды күйге түскен.
(С. Жүнісов)
21-тапсырма. Мәтіндегі жуан дауыстылардың астын бір,
жіңішке дауыстылардың астын екі сызықпен сызып шығыңыздар.
Қазақ тілі
265
Ағайдың биыл отыз жеті мүшеліне толып, кемеліне келген кезі.
Алтын зерлі айыр қалпақ пен екі өңіріне, жаға-жеңіне зер тұтқан
жібек шапан тал бойына құп жарасып, тақ үстінде айбындап отыр.
(Қ. Жұмаділов)
22-тапсырма.
Мақал-мәтелдер
жазып,
мағынасын
түсіндіріп, ашық пен қысаң дауыстыларды жазып шығыңыздар.
23-тапсырма. Мәтінде не туралы айтылған? Мәтінге өз
ойларыңызды жалғастырып жазыңыздар. Туған жердің қадірін
туғалы түзге шықпаған кісі қайдан білсін?
Туған жердің қадірін алыс жерге ұзатқан, ұзатқанына әлде
талай жыл өткен қыз білмесе, кім білсін?
(Ж. Аймауытов)
24-тапсырма. Дауысты дыбыстарға жұмбақ жазыңыздар.
Көкте бар,
Жерде жоқ.
Көзде бар,
Қолда жоқ.
(--)
25-тапсырма. Мәтіндегі сөздерді жақтың қатысына қарай
және еріннің, езудің қатысына қарай топтап жазыңыздар.
Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен
кіріссеңіз, сөз жоқ, жеңіске жетесіздер. Сіздің мінез қасиетіңізде
адамгершілік бірінші болып орын алса, шыншыл, батыл,
тиянақты, жігерлі және кішіпейіл адам болған болар едіңіз.
(Қ. Сәтбаев)
26-тапсырма. Ашық, қысаң, езулік, еріндік, дауыстыларды
жазып шығыңыздар.
27-тапсырма. Дауысты дыбыстардың басты ерекшелігін
түсіндіріп, мысалмен дәлелдеңіздер.
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
266
28-тапсырма. Тіл туралы айтылған ұлағатты ойларды
жазып, осы сөздердегі дыбыстарды дауысты дыбыстың
түрлеріне қарай топтап жазыңыздар.
Үлгі: Тіл жоқ жерде ұлт жоқ.
(Ш. Айтматов)
Жуан – о, ұ
Жіңішке – і, е
Ашық – о, е
Қысаң – і, ұ
Езулік – і, е
Еріндік – ұ, о.
29-тапсырма. Өлеңнің авторы кім? «Отырардың күйреуі»
деген тақырыпта әңгіме жазыңыздар.
Алты ай бойы ерлік салтқа орын берген Отырар,
Алты ай бойы алапатта жеңілмеген Отырар
Алты-ақ күнде жермен-жексен қирады.
Ақыл-ойын жалындатқан,
Өнер, ғылым шамын жаққан
Ұлы қала Азияның маңдайына сыймады.
Дауыссыз дыбыс
1. Дауыссыз дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз
қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады.
2. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к,
қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, (у).
3. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай
ұяң, үнді және қатаң болып 3-ке бөлінеді.
Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з, һ
Үнді: й, л, м, н, ң, р, (у)
Қатаң: к, қ, п, с, т, ф, х, ч, ц, ш, щ
30-тапсырма. Қатаң дауыссыздарды жазыңыздар.
31-тапсырма. Мәтіннен дауыссыз дыбыстардың астын
сызыңыздар.
Қазақ тілі
267
Абай – өз заманының жаршысы. Оның шығармалары – сол
заманның шежіресі. Оларда сол кездегі қазақ қауымының
тұрмыс-тіршілігі барлық ерекшеліктерімен, тек өзіне ғана тән
белгі-бедерімен, өзіндік бояу өрнектерімен мейілінше айқын да
толық бейнеленген. Абайға баратын жол – ұзақ жол.
(Ж. Смағұлов)
32-тапсырма. Үнді және ұяң дауыссыздарды жазып
шығыңыздар.
33-тапсырма. Төмендегі сөздерге керекті дыбыстарды
жазып, қандай дыбыс екенін айтыңыздар.
Бота ...өз, ше...ара, бейсе...бі, қысты...үні, Жомарт...ек,
қа...арман, гау...ар, Сар...арқа, ба...ыт.
34-тапсырма. Дауыссыз дыбыстарға байланысты жұмбақты
шешіңіздер.
Алтында бар,
Күмісте жоқ.
Алмада бар,
Жемісте жоқ.
(--)
35-тапсырма. Бірде дауысты, бірде дауыссыз болатын
дыбыстарды жазып, мысалдармен дәлелдеңіздер.
36-тапсырма. «Алматы – алманың атасы» деген
тақырыпқа шағын шығарма жазыңыздар.
37-тапсырма. Төмендегі сөздерді пайдалана отырып, [и]
дыбысының ерекшелігін түсіндіріңіздер.
Бидай, кеш түсті, ери бастады, айна, жайдары, сөйлейді.
38-тапсырма. Дауыссыз дыбыстарды ретімен жазып
шығыңыздар. Дауыстыдан дауыссыздың айырмашылығы неде?
Мысал келтіріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |