Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет45/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   135

Қазақ тілі 

 

 



135 

Қытайдағы Аспан храмы – бірнеше сәулет ескерткіштерінің 

басын  қосып  тұрған  бірегей  кешен.  Сонау  1406  жылы 

құрылысты Юнлз деген император бастапты. Храмның оңтүстік 

бөлігі  тіктөртбұрыш  түрінде  салынған.  Ал  өр  жақтағы 

ғимараттары  жартылай  шеңбер  түрінде  бой  көтерген.  Кезінде 

қытайлықтар  жер  –  төртбұрыш,  ал  аспан  −  дөңгелек  деп 

түсініпті. Храм құрылысы сол түсінік бойынша жүргізілген.  

Аспан  храмына  келіп,  императорлар  көк  тәңірімен 

тілдесетін. Олар жаңбыр, астық сұрайтын болған. Екі ғимаратта 

императордың аспанмен сөйлесетін орны сақталған.  

Храмның  жоғары  өрлейтін  баспалдақтарының  тоғыз-

тоғыздан  басқышы  бар.  Дөңгелек  алаңқайдағы  тастар  да 

тоғыздан  қиыстырылып  төселген.  Храмның  жоғары  жағында 

уық  міндетін  атқаратын  ағаш  айдарлар  да  тоғыз-тоғыздан 

тырмысып  барады.  Бұл  қытайлықтардың  тоғыз  санын  кие 

тұтатынын танытады.  

 

298-тапсырма. Термин сөздерді жаттап алыңыздар. 

 

автобетон араластырғышы – автобетоносмеситель  



автоерітінді тасушы – авторастворовоз  

автоцемент тасушы – автоцементовоз  

цементтің белсенділігі – активность цемента  

темірбетон құрылымдарының арматурасы – арматура   

железобетонных конструкций  

сәулет объектісі – архитектурный объект 

топырақ балансы – баланс грунта 

мұнара – башня   

бетонтөсегіш – бетоноукладчик 

құрылысты-технологиялық блок – строительно-технологический  

блок 

 

299-тапсырма.  Мәтінді  мәнерлеп  оқып,  мазмұнын  айтып 

беріңіздер. 

 

 

 



Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 

136 



Қолөнер – мол  өнер 

 

Қазақ  халқының  қолөнері  деп  халық  тұрмысында  жиі 

қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты 

шығармашылық  өнер  жиынтығын  айтады.  Шын  мәнінде  осы 

қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар. 

Қазақ  халқы  өзінің  күн  көріс  тіршілігіне  қажетті  үй-жай 

салуды,  киім-кешек  тігуді,    азық-түлік  өндіруді  өзінің 

тұрмыстық  кәсібі  етіп,  оларды  күнбе-күнгі  тіршілік  барысында 

орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат 

та  құра  біледі.  Бұдан  біз  халық  шығармашылығының  қандай 

түрі  болса  да,  халық  өмірімен,  сол  халықтың  қоғамдық 

тарихымен,  күн  көріс  кәсібімен  тығыз  байланысты  екенін 

көреміз. 

«Халықтың  қолөнеріне  әдет-ғұрып  жабдықтарымен  қатар, 

аң  аулауға,  мал  өсіруге  және    егіншілікке  қажетті  құрал-

жабдықтар  да  кіреді.  Киіз  үйдің  сүйегін,  ағаш  керует,  кебеже, 

сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, түрлі бау-басқұрлар тоқып, 

арқан,  жіп  есіп,  көннен  және  илеулі  теріден  қайыс,  таспа  тіліп, 

өрім  өріп,  қолдан  әралуан  ыдыс-аяқ,  адалбақан,  асадал,  бесік 

және  т.б.  көптеген  заттарды  халық  шеберлері,  өнерпаздар  өз 

қолдарымен  жасап  түрлі  нақыштармен  әшекейлейтін  болды. 

Қолөнерінде 

көңілге 

қонымды 


мәнерлер 

мен 


ондағы 

қолданылған  әдістер  сәулет  өнерінде  кеңінен  қолданылып 

келеді. 

Ежелден біздің заманымызға дейін сақталған мазарлар мен 

ескірткіштердегі, діні әртүрлі құрылыстардың қабырғалары мен 

мұнараларындағы  сәнді  ою-өрнектер,  ағаштан  қиюлап,  тастан 

қашалып жасалған діңгектер − халық қолөнерінің  асқан тамаша 

туындылары. 

Саз  балшықты  күйдіріп,  ағашты  майлап  кептіру  шақпаққа 

қу  жасап,  оны  тұтанғыш  ету,  бейіт,  қорған,  мешіт  және  т.с.с. 

салуда 

қолданылған 



балшықты 

қыл, 


жүн, 

шөп-шалам 

араластырып  илеу  тәсілдері  де  өте  ертеден-ақ  халықтың  іздену 

талабынан,  қоғам  дамуы  үрдісінен  туған  айла-тәсілдер. 

Батырлық пен саяхатшылыққа қажетті садақ  пен жебе, айбалта 

мен  шоқпар,  сойыл  мен  босмойын,  аңшыларға  қажетті  құстың 




Қазақ тілі 

 

 



137 

тұғыры  мен  томағасы,  балдағы  мен  аяқ  бауы  сияқты  көптеген 

жабдықтар  да  қазақ  халқының  тұрмыс-салтын,  кәсібіне 

байланысты туғандығы сөзсіз. 



 

           (Тәтіғұлов Ә. Ш ., Тәтіғұлов Ә. Ә ., Тәтіғұлов А. Ә.  

            Архитектура мен жобалау негіздері. Қазақстанның  

            сәулет өнері. – Алматы:Рауан, 2 т, 2000. −460 б. 

 

300-тапсырма. Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыздар. 

 

301-тапсырма.  Көп  нүктенің  орнына  тиісті  сөздер  мен  сөз 

тіркестерін қойыңыздар. 

 

Қазақ халқының қолөнері деп .... жиі қолданылатын.....,  ...., 



........,  ......., ......, ........,  сияқты  шығармашылық  өнер  жиынтығын 

айтады.  Қолөнер  түрлерінің  әрқайсысының      ....  тарихы  бар. 

Казақ  халқы  өзінің  күнкөріс  тіршілігіне  қажетті  ....  салуды,    ….  

тігуді,  ....  өндіруді  өзінің    тұрмыстық  кәсібі  еткен.  Бұдан  біз 

халық  шығармашылығының  қандай  түрі  болса  да  .....  ,  сол 

халықтың  қоғамдық….,  күн  көріс….  тығыз  байланысты  екенін 

көреміз.  Көптеген  заттарды  халық  шеберлері,  өнерпаздар 

.........жасап,  түрлі  ........әшекейлейтін  болды.  Қолөнерінде 

көңілге  қонымды  .......мен  ондағы  ......  сәулет  өнерінде  кеңінен 

қолданылып келеді. 



 

302-тапсырма.  Термин сөздерді жаттап алыңыздар. 

 

балшық жабынқышы – глиняная черепица 



балшық  тектес қабат − глинобитый слой 

балшық-ғаныш ерітіндісі − глино-гипсовый раствор 

балшық-топырақ – глинозем 

балшық қоспа − глинистая примесь 

балшық құмтас − глинистый песчанник 

балшық топырақ − глинистый грунт 

балшық еріткіш – глинорасворитель 

балшықты негіз − глинистое основание 

 

303-тапсырма.  Мәтіннен  көмектес  септігінде  тұрған 

сөздерді тауып, астын сызыңыздар. 




жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау