Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
126
Халық мұндай шеберлерді тас қалаушылар деп атады. Әр
ауылда атақты тас шеберлер болды. Олар тас қалаудың, оны
ұқсатьш шабудың, өрнектеудің қарапайым болса да тәсілдерін
шебер меңгерді. Соның нәтижесінде шеберлер қалаған тас
қалалар, бейіттер, әртүрлі мұнаралар мен күмбездер бірнеше
жүздеген жылдар бойы сол қалпында сақталды. Тастың қырын
келтіріп, берік қалаумен бірге оның сәнді, сәулетті болуын
шеберлердің өздері орындады. Мәселен, тасты таңдайлап қалау,
белдеулеп қалау, бағандап қалау, әртүрлі тастарды шатыраштап
ойыстырып (шахматша) қалау арқылы сәнді өрнектер жасалды.
Қазақ халқының сәулет өнерінде кездесетін тастан еден
төсеу, таспен күмбездеу, тас діңгектерін қалау, сәкілер жасау
әдістері ертеден келе жатқан тас шеберлерінің өнерін
дәлелдейді. Бізге дейін сырын да, сынын да сақтап келген өте
ескі заманғы бұл мұнараларының бірі Айша бибінің,
Алашаханның, Ахмет Яссауидің, т.б. мазарлары.
275-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Қазақ халқы тасты неге пайдаланған?
2. Тас қалаушылар қандай тәсілдерді меңгерді?
3. Шеберлер қалаған тас үйлер қанша жыл сақталды ?
4. Шеберлер сәнді өрнектерді қалай қалаған?
5. Сәулет өнерінде
қандай әдістер тас шебердің өнерін
дәлелдейді?
276-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөз тіркесін
қойыңыздар.
Тас қалау, таспен басқа затты өрнектеу, тастан ....
өнерлерінің ертеден пайда болғаны мәлім.
Қазақ халқы тасты........, ...., ........ шегендеуге пайдаланады.
Халық мұндай шеберлерді ........ деп атайды.
Тастың қырын келтіріп, берік қалаумен бірге оның ........
...................................................................., .........
болуын
шеберлердің өздері орындады.
277-тапсырма. Термин сөздерді жаттап алыңыздар.
Қазақ тілі
127
Қалаудың айқастыра байлауы − перекресная перевязка кладки
Қалаудың ретсіз байлауы − нерегулярная перевязка кладки
Қалаудың бір қатарлы байлауы – однорядная перевязка кладки
Қалаудың үшкір қыр байлауы − тычковая перевязка кладки
Қалаудың көлденең байлауы − поперечная перевязка кладки
Қалаудың көп қырлы байлауы − многорядная перевязка кладки
278-тапсырма. Төмендегі сөздердің түсініктемесін біліп
алыңыздар.
Сәкі − саты, басқыш, орындық; төр алдында болатын
отырғыш тақтай, яғни қалаған кірпіш, нар.
Оба − тастан қалаған қарақшы, меже, белгі.
Баған (бағана) − қораның төбесінің арқалығын астынан
тіреп тұратын діңгек ағаш.
Белдеу − киіз үйдің туырлығын айналдыра белінен орап
байлайтын арқан.
Сүтін − тіреу, бағана, діңгек.
Ұрма (соқпа) − қалыпсыз кесек былжырдан соққан құрылыс.
Қойма тас − құмнан, цементтен құйып біріктерген тас;
жасанды тас.
Шалдуар − тастан, балшықтан қалаған ашық қора.
279-тапсырма. Ғибрат сөздерді жаттап алыңыздар.
Көркем өнер біздің ішкі дүниемізге, жан жүйемізге әсер
етіп, адамдық қалпымызды тәрбиелейді.
М. Әуезов
Таза өнердің иесі жомарт келеді
Сайф Сараи
Жігіттер, өнер үйрен заманыңда,
Денсаулық, әлің келген аманыңда
Ақансері Қорамсаұлы
Осынша өнер тауып асқан − адам
Әлемнің қиын сырын ашар − адам...
Ш. Құдайбердиев
Өнерсіздің өнбегі жоқ.
Ж. Баласағұн
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
128
Қандай болмасын өнердің теориясын меңгеру дегеніміз −
бұл өнер мәселелерін ақылмен білу және тану қабілеттілігін
меңгеру болып табылады.
әл-Фараби
Мал жұтайды, өнер жұтамайды.
Абай Құнанбаев
Дүниеде түрлі өнер көп, өнерді тапқан шебер көп.
Сәбит Дөнентаев
280-тапсырма. Мәтінді оқып, сұраулы сөйлемдерге
айналдырыңыздар.
Қазақстан аймағында құрылыс ісі жоғарғы палеолит
дәуірінде
пайда
болды.
Қаратаудағы,
Баянауылдағы,
Ұлытаудағы, Маңғыстаудағы үңгірлер тұрақтары шағын топтар
болып өмір сүрген, бірігіп еңбек еткен алғашқы қауымдық
құрылыс аңшыларының,
кейінірек ертедегі рулық қауымдарды
құраған адамдардың тіршілік жайын сипаттайды. Бұл дәуірде
ортасында дөңгелек ошағы бар, тастан немесе топырақтан
қалаған, аласа қабырғалы төбесі сырықтармен жабылған
алғашқы тұрғын үйлердің іздері сақталып қалды.
281-тапсырма. Термин сөздерді жаттап алыңыздар.
құрылыс − строителъство
тұрғын үй − жилой дом
қалау тәсілі − способ кладки
қалау тас − кладочный камень
қабырға − стена
төбе, шатыр – крыша
қорғаныс құрылыс – фортификация
тас құрылыс – дольмен
жылтырату – лошение
282-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдердегі есімше
тұлғалы етістіктердің астын сызыңыздар.