Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет38/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   135

Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 

114 



2. Құрылыс, сәулет саласындағы мамандықтарға 

негізделген мәтіндер мен тапсырмалар 

 

250-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударып, 

мазмұндаңыздар. 

 

Сәулет өнері және оның зерттелуі 



 

Сәулет  өнері  ескі  замандардан  бері 

адамзатпен  бірге  жасап  келеді.  Архитектор 

гректің 


«архитектон» 

деген 


сөзінен 

алынған.  Алғашқы  мағынасы  құрылыс 

өнерінің  бас  шебері  деген  ұғымды 

білдірген. 

Ал,  Даль  –  архитектор  деген  терминге 

«ғалым-құрылысшы», «суретші-құрылысшы» 

деген  анықтама  береді.  Сәулет  өнерінің 

мақсаты  –  адам  өмірі  мен  қызметін 

материалдық  құрылым-құрылыс  конструкциялары  арқылы 

ұйымдастырып іске асыру. 

Өзінің  атқаратын  қызметіне  қарай  архитектура  негізі  үш 

түрге  бөлінеді:  көлемдік  ғимараттар  құрылысының  архитек-

турасы  (тұрғын  үй,  театр,  мектеп,  дүкен);  қаланы  көріктендіру 

немесе жасыл-желек архитектурасы (бақ-парк, фонтандар); қала 

құрылысының  архитектурасы,  яғни  қала  салу  өнері  (жаңа 

қалалар салу, ескі аудандарын жаңарту). 

Ғасырдан    ғасырға  мұра  болып  келген    сәулет  өнерінің 

туындылары  сәулеттік  ескерткіштер  қатарына  жатады.  Ондай 

ескерткіштер  өз  дәуірінің  құрылыс    салу  тәсіліне  сай  бітім-

пішіні  бар  белгілі  үлгімен  салынады.  Дүниежүзі  халықтарының 

архитектурасындағы  мұндай  ерекшелік  оның  ең  бірінші 

қоғамдық 

даму 

сатысына, 



тұрмыс-салты 

мен 


мәдени 

өркендеуіне,    ұлттық    дәстүріне,  табиғаты  мен  ауа  райына, 

сондай-ақ жергілікті құрылыс материалына байланысты болады. 

Құрылыс  –  жер  шарындағы  ең  ежелгі  өнердің  бірі.  Адам 

өзінің  бірінші  үйін  ежелгі  тас  дәуірінің      палеолит  кезеңінің 

басында   тұрғызған. Түнемелікке жатар жерді қалың шөптесінді   

немесе қалқалау жерді таңдаған, содан кейін күрке, лашық сала 



Қазақ тілі 

 

 



115 

бастады.  Қазірдің  өзінде  өте  ежелгі      құрылымдар,  көне  жұрт, 

баспана-жайлар кейбір жерлерде сақталған. 

Алғашқы  өркениет  пайда  болғанға  дейін  адамдар  осындай 

құрылыстарда тұрып келген. Кейіннен қалалар салынып, әртүрлі 

құрылыстар жүргізілсе де, сол күркелер мен лашықтар әлі де өз 

қызметін жалғастырып келе жатыр. 

 

Кулибаев А., Бишімбаев У., Қасымов Е ., Бисенов Қ . Сәулеттік 

      материлтану. − Алматы: ИздатМаркет, 2006. – 504 б. 

 

сөздік: 



сәулет өнері – архитектура  

адамзат – человечество  

бас шебер – главный мастер  

ежелгі – древний  

түнемелік – ночлег  

күрке, лашық – шалаш 

баспана-жай – жилище, укрытие, убежище  

 

251-тапсырма. Төмендегі термин сөздерді жаттап алыңыздар. 

 

ғимарат – здание 



жобалау – проектирование 

көлемдегі ғимарат блогы – объемный блок здания 

ескерткіш – пандус 

пішін – профиль 

үлгі, нұсқа – образец 

ескерткіш ғимараттар – мемориальные сооружения  

ескерткіш саяжайлар  – мемориальные парки  

 

252-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер. 

 

1) «Архитектор» сөзі қайдан шыққан? 



2) Осы сөздің алғашқы мағынасы қандай? 

3) Даль архитектор деген сөзге қандай анықтама береді? 

4) Сәулет өнерінің мақсаты не? 

5) Сәулет өнері қай өнермен тығыз байланысты? 



 

253-тапсырма.  Мәтін  мазмұны  бойынша  «Не?  Қайда? 

Қашан?» ойынын ұйымдастырыңыздар.

                                                  

 



Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 

116 



254-тапсырма. Берілген сөзге синонимдік қатар жасаңыздар. 

Олармен бірнеше сөз тіркестерін құраңыздар. 



 

Ежелгі... 

 

255-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыздар, тақырып қойыңыздар. 

 

Болашақ  үйдің  іргетасын  қалау 



үшін  ең  алдымен  экскаваторлар  үлкен 

шұңқыр 


қазады. 

Ал 


іргетас 

үй 


қабырғасының  негізі,  тірегі  болып 

табылады.  Онсыз  үй  тұрғызу  қиын. 

Өйткені  бос  жер  үй  қабырғасының 

салмағынан  отыруы  мүмкін,  ондайда 

үй қисайып, құлап қалады. Сондықтан 

шұңқырға  темір-бетон  қалың  плиталар, 

яғни  іргетас  қаланады.  Іргетас  дайын 

болғаннан  кейін  оның  үстіне  үйдің  қабырғалары  тұрғызылады. 

Терезесі  немесе  тіпті  самалдығы  (балконы)  бар  дайын  үй 

қабырғасын  зауыттан  тікелей  жүк  машинасымен  алып  келеді. 

Бұл  қабырғаларды  құрастырушыларды  монтаждаушылар  дейді. 

Көтергіш  кран  темір-бетон  плиталарды  іліп  алып,  қажетті 

жеріне  апарып  қояды,  ал  құрастырушылар  оларды  бір-бірімен 

қиюластырып  бекітеді.  Осылайша,  үй  бөлмелері  пайда  болады. 

Оның  төбесі,  яғни  қабат  аралығы  тұтас  дайын  плитамен 

жабылып  отырады.  Үй  баспалдағын,  ваннаны,  шатыр  бұғатын, 

күнқағарды 

қалақшаға 

дейін 

көтергіш 



кранмен 

автотіркемелерден  абайлап  көтеріп  алады  да,  керекті  жеріне 

құрастырады.  Монтажшы-құрастырушыдан  кейін  әрлеушілер 

келеді.  Олар  үйдің  төбесін,  есіктер  мен  терезелерді  сырлайды, 

қабырғаларға түсқағаз жапсырып, еденге паркет төсейді. 

Үй  салу  да,  орасан  зор  машинаны  құрастырғандай,  күрделі 

шаруа.  Үй салған кезде аса жаңа материалдар: болат, тұтас темір-

бетон,  пластмасса,  алюминді  қолданылады.  Үйдің  қабырғасымен 

жылытқыш жүйесінің ыстық және суық судың, газ бен канализация-

ның құбырлары, электр, телефон, радио желілері жүреді.  

сөздік: 

іргетас – фундамент 

тірек – опора 



жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау