Қазақ тілі
7
Балқаш су алабының экологиялық жағдайын шиеленістіріп
жіберді. Қапшағай су қоймасы өзінің ауқымын кеңейтіп,
мыңдаған гектар табиғи жайылымдар мен тоғайлар су
астында қалды. «Қызыл кітапқа» енген ағаштар жойылып,
көптеген аңдар мен құстардың саны азайып кетті.
Қазақстанның экологиялық жағдайы табиғатты тиімді
пайдалану, көркейту және қорғау мен қайта қалпына келтіру
жұмыстарын жүйелі әрі ғылыми негізде, кешенді тұрғыда
жүргізуді қажет етеді.
3-тапсырма. Мәтінге жоспар құрып, тақырыпша қойыңыздар.
4-тапсырма.
Мәтіндегі
сөздердің
синонимдерін
табыңыздар.
1. Мәселе 3. Көркейту 5. Әлемдік 7. Ластану
2. Қауіпті 4. Деңгей 6. Тіршілік 8. Күлу
5-тапсырма. Мәтіндегі негізгі ой-түйінді тауып, сұрақ
дайындап, жоспар құрыңыздар.
Табиғат – тәңірдің сыйы
Табиғатқа саяхат кезінде көпшілігіміз орман саясына барып
демалып, тынығатынымыз белгілі. Бізді орман алқабына
тартатын қандай күш? Ол – орман ауасының тазалығы, ондағы
сайраған құстар үні, алуан
түрлі ағаштар, жемістер,
шөптер мен гүлдер, ондағы
сылдырап
аққан
өзен
суының жарастығы және
тағы басқа тіршілік. Орман
саясына
келгенде
біз
өзімізді ерекше сезінетінбіз,
ұзақ жұмыс күндері мен оқудан қажыған кездерімізден лезде-ақ
арылатынымыз аян. Біз орманға келгенде өзімізді тек қонақ
ретінде ғана емес, орманның қожасы, мәпелеп күтуші иесі
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
8
ретінде сезінгеніміз жөн. Сонда ғана біз орманның бар игілігін
тиімді пайдалана аламыз, оның келешекте де біздің саялы
ормандарымыздың бірі болып қала беруіне мүмкіндік жасаймыз.
Өкінішке орай, қазір де жастардың тынығып қайтқан жерлерінде
кездесетін сынған ағаш бұтақтары, ағаш қабығына ойып жазылған
әріптер, үйілген қағаз, қалбыр, тағам қалдықтары, шыны-
шөлмектер орманды жақсарту мен жасартуға бағытталған шаралар
болмаса
керек.
Мұндай
тұтынушылық
әдеттен
мүлде
арылмайынша, біз орманның берерін, оның эстетикалық ләззатын
барынша пайдалана алмаймыз. Сондықтан да, жас дос орман
алқаптарында өткізетін сенің әр күнің, әр сағатың бұл байлыққа
қамқорлықпен қарап, оның бар игілігін өзің және басқалар да
көретіндей мақсатқа жұмсалғаны жөн.
6-тапсырма. «Жиырма бірінші ғасырдың жеткіншегі
қандай болу керек?» деген тақырыпта эссе жазыңыздар.
7-тапсырма. Табиғат, жыл мезгілдеріне байланысты мақал-
мәтелдер жазыңыздар. «Көктемнің әр күні жылға азық», «Сәуір
болмай,
тәуір
болмас»
сияқты
тақырыптарға
сұхбат
құрастырыңыздар.
8-тапсырма. Мәтінге ат қойып, мағыналық бөліктерге
бөліп, тақырыпша қойыңыздар. Мәтіндегі негізгі ойға қажетті
сөз тіркестерін табыңыздар.
Мен үшін қазақ жерінің,
Жаманы және жаты жоқ.
Мен үшін қазақ жерінің
«Анадан» басқа аты жоқ.
(Жұбан Молдағалиев)
Табиғат – тәңірдің сыйы – суды пайдалану, үнемдеу,
тазалығын қорғау мәселесі – адамзат алдындағы, халықаралық
ұйымдар алдындағы және БҰҰ-ның алдындағы ең маңызды
мәселе. Біріккен Ұлттар ұйымы жыл сайын әлем халқын
қоршаған ортаны қорғау күнін атап өтуге шақырады. Қоршаған
ортаны қорғау күні – 1972 жылдан бастап мерекеленуде, себебі
біз қазіргі таңда Жер-Ананы емдеу проблемасына тірелдік.
Қазақ тілі
9
Жер-Ана дәл қазір емге зәру. Нақты дәлелдер келтіретін
болсақ: Біз Чернобыль атом электр станциясының ғана
зардаптарын білеміз. Ал, Семей сынақ алаңының зардабына
Невада-Семей қозғалысына дейін аудардық па? Жоқ. Семейде
алғашқы жарылыс 1949 жылдың 29 тамызында жасалыпты. Ал
соңғысы 1989 жылдың 19 қыркүйегінде болды. Осы қырық жыл
ішінде 470 ядролық жарылыс жасалған. Олардың 90 әуеде, 26
жер бетінде, қалғаны жер астында өткізілген. Мұның сыртында
175 химиялық қару сынағы өткізілген. Бір ғана Абыралы аймағы
қаншама зардап шеккен. Бұл бұл ма, «Капустин Яр», «Азғыр»
сынақ алаңдарын қайда қоясыз? Қазақстанның бүкіл денесі
жаралы. Ойлап қарасаңыз, Байқоңыр да сынақ алаңы. Бұларға
Аралдың қасіретін қосыңыз. Сонымен қатар, еліміздің барлық
аймақтарында кейінгі жылдары өндіріс орындарының қоршаған
ортаға шығарған зиянды заттарының кесірінен ауаның ластануы
жоғарылап кетті. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстары
және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 1997 жылы
жариялаған бір мәліметіне сенсек, елімізде жыл сайын жан
басына шаққанда 50 тонна табиғи өнімдер өндіріледі. Өкінішке
орай, олардың 95 пайызы қалдыққа кететін көрінеді. Ендеше, ірі
өндіріс орындарының алдымен материалдық ресурстарды тиімді
пайдалануды басты бағдар етіп алуы тиіс.
Жалпы, Қазақстанның барлық аймағы көмекке зәру. Бұл
дегеніңіз Жер атты мекенге көмек керек деген сөз. Сондықтан
ХХІ ғасыр Жерді емдеу ғасыры болмақ.
9-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлемдер
құрастырыңыздар.
Оның зардаптары, үнемдеп пайдалану, қозғалыстың
тиімділігі, халықаралық мәселе, көңіл аудару, жарылыстың
зардабы, зиянды заттар, қалдық өнімдер.
10-тапсырма. Термин сөздердің мағынасын түсіндірме
сөздік негізінде жазыңыздар.
Аймақтық-әлеуметтік экожүйе – региональная социоэкосистема
Азайып бара жатқан түр – сокращающийся вид
Достарыңызбен бөлісу: |