Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
10
Адамның
экологиялық
қажеттігі
–
экологическая
потребность человека
Адамның экологиялық құқығы – экологическое право
человека
Апаттық төгінді – аварийный сброс
Атырау – дельта
Ауа ағыны – сток воздуха
Ауа алабы – воздушный бассейн
Ауа ластануын үлгілеу – моделирование загрязнения воздуха
Ауа тозаңы – аэрозоль
Ауасыз тұншығу – асфиксия
11-тапсырма. Мәтіннен етістіктерді тауып, мағынасына
қарай топтап жазыңыздар.
Экологиялық шаралар
Елімізде экологиялық шаралар әр бағытта жүргізіліп, өз
орнын табуда. Қазіргі уақытта Арал тағдыры елдің тағдыры
болып отыр. Арал теңізінің суы азайып, оның жағалауындағы
тұз жел арқылы көптеген елдерге таралып, олардың ауасын,
топырағын, суын ластауда. Осыған
орай Қазақстанда, Өзбекстанда және
дүние жүзінде ғылыми зерттеулер
жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Балқаш
көлінің суы тартылып, ластанып кетті.
Ол да халықтың денсаулығына зиянын
тигізіп отыр.
Семей облысындағы жерасты ядролық жарылыстардың
адам денсаулығына өлшеусіз зардап тигізгені белгілі. Арал
мәселесін көтерген ақын М. Шаханов болса, Семей полигонын
жабуға ат салысқан жазушы О. Сүлейменов болды.
Жер бетінде ауасыз тіршілік жоқ. Адам бір рет тыныс
алғанда 500 мл ауа жұтады. Бір тәулікте 11 мың л ауаны, ал
адам 70 жыл өмір сүрсе, онда ол өмір бойы 280 миллион
литрден артық ауаны тыныс алу мүшелерінен өткізеді екен.
Ауаның таза болуы үшін өсімдіктердің маңызы зор.
Қазақ тілі
11
1980 жылы ауаның тазалығын сақтау туралы арнайы заң
қабылданды. Бұл заң бойынша өндірістерде ауаны тазартқыштар
және улы газдарды ұстап қалатын арнаулы құралдар орнату
көзделді. Қоршаған ортаны, табиғатты қорғау және оның
байлығын тиімді пайдалану − әрбір адамның борышы.
А. Т. Қуатбаев . Экология: Оқулық. −Алматы: 2008. – 312 б.
12-тапсырма. Сөздердің мағынасын түсіндірме сөздік
негізінде жазыңыздар.
табиғи қор – природный ресурс тиімді – выгодный
су тартылу – уменьшение водных
ресурсов борышы – обязанность
өлшеусіз – безмерный жарылыстар – взрывы
құрлық – материк өткізеді – пропускает
тазартқыштар –фильтры шаруашылық – хозяйство
13-тапсырма. Мәтінді мағынасына қарай екі мағыналық
бөлікке бөліп, әр бөлігіне тақырып қойыңыздар. Етістіктерді
мағынасына қарай ажыратыңыздар.
Табиғаттағы зат айналымдары
Табиғаттағы зат айналымдарының негізгі қозғаушы күші –
Күн энергиясы. Күн энергиясы болмаса, биосфера тіршілігі
бірден тоқтайды. Күн энергиясын ең алдымен өсімдіктер әлемі
қабылдайды. Өсімдіктер Күн энергиясын сіңіріп, оны тірі
организмдерге берілетіндей қоректік энергияға айналдырады.
Энергия
одан
әрі
тірі
организмдер арқылы тасымал-
данып, әртүрлі қызмет ат-
қарады. Сондықтан табиғат-
тағы энергия жоғалып кет-
пейді, тек бір күйден екінші
күйге ауысады.
Табиғатта барлық заттар үнемі қозғалыста болады.
Биосфера шегінде оның үлкен және кіші айналымын бөліп
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
12
көрсетеді. Заттардың үлкен айналымы биосфера шегінде жүзеге
асады. Үлкен айналым жер шары пайда болғаннан бастап ұзақ
геологиялық
жылдарды
қамтиды.
Соның
нәтижесінде
құрлықтағы заттар мұхиттарға жетіп, одан жер астына қарай
жылжып, қайтадан жер бетіне көтеріліп отырады. Заттар газ,
сұйық зат, шөгінді жыныстар, түрі өзгерген массаларға айналып
жатады.
Заттардың кіші айналымы үлкен геологиялық айналым
құрамына ене отырып, бүкіл биосфера шегінде әрекет етеді. Бұл
процесс экожүйе және организм шегінде зат және энергия
айналымы түрінде жүзеге асады. Яғни, биологиялық айналым
бір-біріне қарама-қарсы екі процестен − органикалық заттың
түзілуінен және оның ыдырауынан тұрады. Органикалық
заттардың алғашқы қоры жасыл өсімдіктерден пайда болады.
Олардың көзі – көмірқышқыл газы, су және минералды заттар
мен Күн энергиясы. Сол сияқты өсімдік топырақтан еріген
күйдегі күкірт, фосфор, кальций, магний, т.б. элементтерді
жинақтап, органикалық заттар түрінде өсімдік қоректілерге
қажетті нәруыз, май, аминоқышқылдар, т.б. заттар түзеді. Одан
әрі микроорганизмдер өсімдіктер мен тірі организмдердің
қалдықтарын ыдыратып, қайтадан топырақ пен су құрамына
береді. Осылайша табиғатта биологиялық айналым үздіксіз
қайталанып отырады.
Бүкіл жер шарындағы су Күн энергиясының әсерінен кіші
және үлкен айналымға түседі. Судың булануы су бетінен
топырақ және өсімдіктер арқылы жүреді. Одан соң су булары
атмосфераға көтеріліп, салқындап, қайтадан жауын, қар, бұршақ
түрінде жерге түседі.
Судың кіші айналымы кезінде мұхиттар, теңіздер, көлдер
бетінен көтерілген су булары қайтадан сол жерге, ал судың
үлкен айналымы кезінде буланған судың біразы алыстағы
құрлыққа түседі.
Құрлықтағы су айналымының тұрақты болуы көбінесе
өсімдіктерге және адамның суды тиімді пайдалануына
байланысты. Мәселен, Арал теңізі түбінен мыңдаған тонна
тұзды шаң-тозаң ұшып, табиғи қоршаған ортаға зиян тигізуде.
Қазіргі кезде аса қауіп төндіретін мәселелердің бірі –
теңіздер
мен
мұхиттардың
мұнаймен
ластануы.
Біздің