Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет108/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   135

Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

336 


(Әл-Фараби) 

 

Еңбекжанды адам үнемі өзіне-өзі сұрақ қоюмен болады, ал 

басқалар ондай сұрақтарға қашан да дайын жауап алады.  

(Шыңғыс Айтматов)  

 

...  Біліміңді  еңбек  пен  өмірдің  өзінде  шыңдап  отыр!  Сонда 

ғана  білім  деп  аталатын  асыл  тас  ешқашан  тот  баспастан 

жалтырай да, жарқырай да береді.  



(Қаныш Сәтбаев)  

 

Етістік 

 

Етістік заттың іс-әрекетін, қимылын білдіреді.  

Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті?  

 

Тұлғасына қарай: 

 

Негізгі етістік 



Туынды етістік 

Заттың қимылын білдіретін төл 

етістік. Сөздің түбірі етістік 

болады.  

Мысалы: кел, кет, көрген, 

айтпады, т.б.  

Түбір етістікке және басқа сөз 

таптарына жұрнақ жалғану 

арқылы жасалған етістік.  

Мысалы: ой-ла, сан-а, күл-імсіре, 

көг-ер, т.б.  

 

Құрамына қарай: 

 

Дара етістік 

Күрделі етістік 

 

Бір ғана түбірден (негізгі / 

туынды) тұрады. Мысалы: 

баста, кес, тасы, тара, аяқта, 

байы 

Кемінде екі етістіктің тіркесуі 



арқылы жасалады. Мысалы: алып 

кел, жазып отыр, уәде берді, т.б.   

 

 

 

 

 



Қазақ тілі 

 

337 



Іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай: 

 

Болымды етістік 



Болымсыз етістік 

 

Іс-әрекеттің жүзеге 

асқанын білдіреді. 

Мысалы: алды, 

жаздыр, өшірді  

Іс-әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын 

білдіреді.  

1.  Етістікке -ма,-ме,-па,-пе,-ба,-бе 

жұрнақтарының жалғануы арқылы 

жасалады: өшірмеген.  

2.  Етістік пен жоқ, емес сөздерінің 

тіркесуі арқылы жасалады: өшірген жоқ, 

өшірген емес  

 

Мағынасына қарай: 



 

Салт етістік 

Сабақты етістік 

 

Өзінің алдынан табыс 

септігіндегі сөзді қажет етпейтін 

етістік. Мысалы: үйге кел, үйден 

шық, үйде отыр, үймен хабарлас 

Алдындағы сөздің табыс 

септікте тұруын қажет ететін 

етістік. Мысалы: хатты оқы, 

ақшаны сана, есепті шеш, 

шашыңды тара   



 

Есімдерден туынды етістік жасайтын жұрнақтар: 

 

№ 

Жұрнақ 

Мысал 

-ла,-ле,-да,-де,-та,-те 



аяқта, ретте, өкпеле, ойла, 

қолда 


-лан,-лен,-тан,-тен 

ойлан, үйлен, әдеттен, рақаттан 

-лас,-лес,-дас,-дес,-тас,-



тес 

көмектес, пікірлес, сырлас, 

ақылдас 

-лат,-лет,-дат,-дет 



әндет, дауылдат, түнделет 

-а,-е 



ата, деме, сына 

-ай,-ей,-й 



күшей, мұңай 

-қар,-кер,-ғар,-гер 



басқар, ескер 

-ар,-ер,-р 



жаңар, ескір 


Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

338 


-ал,-ел,-ыл,-іл,-л 

жоғал, сұйыл-тарыл, теңел  

10 


-ық,-ік 

бірік, дәнік, тынық 

11 

-сы,-сі,-ымсы,-імсі 



үлкенсі, пысықсы 

12 


-сын,-сін 

жатсын, көпсін 

13 

-сыра,-сіре 



әлсіре, қансыра, жетімсіре 

14 


-ыра,-іре 

бұрқыра, күркіре, жарқыра 

15 

-ырай,-ірей 



кішірей, бақырай, бажырай 

 

232-тапсырма. Мәтінді оқып, етістіктерді тұлғасына қарай 

ажыратыңыздар.  

 

Машинажасау  саласы  шаруашылықтың  барлық  салаларын 



еңбек құралдарымен қамтамасыз етеді. Алуан түрлі өнімдер шығар-

ғанымен,  машинажасау  зауыттарының  бәрінің  технологиялық 

процесі  біртектес.  Олар  дайындама  жасау,  тетіктер  өндіру  және 

дайын тетіктерді құрастырудан тұрады. Соған сәйкес, машинажасау 

зауытында  құю,  ұста-пресс,  механикалық  және  құрастыру  цехтары 

болады.  

Машинажасау  зауыттарының  әрқайсысы  өзі  маманданған 

өнім түрін шығарады.  

Машинажасау  зауыттарының  мамандану  түрлерінің  бірі  – 

технологиялық мамандану. Технологиялық мамандану дегеніміз 

–  дайын  тетіктерден,  бөлшектерден  машина,  автомобильдер 

құрастыру.  Мысалы,  Алматыда  құрылған  «Іскер-ГАЗ»  кәсіпорны 

«Камаз», автобустарды тек дайын тетіктерден құрастырады.  

 

233-тапсырма.  Етістіктерді  тұлғасына,  түрлеріне  қарай 

ажыратыңыздар. 

 

Тұздың  бірнеше  түрі  бар.  Солардың  ішінде  көбірек 



қолданылатыны – ас тұзы.  

Әрбір  адамның  тамағына  күнделікті  20  г  шамасында  ас 

тұзы жұмсалады.  

Тұз  түссіз,  мөлдір  жеке  түйіршіктерден  тұрады.  Түйіршіктің 

беті жылтыр, тегіс текшеге ұқсайды. Бұл – тұз кристалдары. Текшені 

жеке алғанда мөлдір, түссіз. Бір жерге үйсе, ақ түсті болып көрінеді.  

Тұз суда тез ериді, дәмі ащы.  

Мұхиттар  мен  теңіздер  суында  тұз  ерітінді  түрінде 

кездеседі.  Бірақ  теңіз  суынан  тұзды  айырып  алу  көп  еңбек 



жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау