Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
318
Көмекші есім
Көмекші есім – лексикалық мағынасынан айырылып,
сөйлемде екінші бір сөздің шылауында қолданылатын зат есім.
Мысалы, сырт, іш, маң, алд(ы), үст(і), қас, жане, т.б.
(Ауылдың жаны терең сай)
Әдетте, көмекші есім тәуелдік жалғауында тұрып, негізгі
зат есіммен тіркесіп, сөйлемнің бір ғана мүшесі болады.
204-тапсырма. Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі
көмекші сөздердің тиістісін қойып, олардың мағынасын,
тұлғасын, қандай сөзбен байланысып тұрғанын анықтаңыздар.
(ұшында, ортасы, алды-артын, шеті, аяғы, айналасы,
ішінде, арасы)
Оның кішкене қара төбел құлыны енесінің ... орап
шапқылап жүр. Көз ... Мойынқұмның Көкшеқұм аталатын бергі
бөлігі мұнартып тұр. Сол құм мен өзіміз келе жатқан осы
жиектің ... жиырма-жиырма бес шақырымдай. Үй ... көк шарбақ.
Шарбақ ... отырғызған ағаш. Түн ... болып қалды, бірақ Әлияда
ұйқы жоқ. Істің немен тынары әлі белгісіз. Әскер тұтқындар
лагері Днепр маңындағы Хоцко селосы ... болатын.
205-тапсырма. Берілген көмекші сөздерді негізгі сөздермен
тіркестіріп, сол тіркесті қатыстырып, сөйлем құрастырыңыздар.
Маң, қас, орта, үст, аст, іш, шет, қыр.
Ауылдың маңы көкорай шалғын. (Маңы – көмекші есім, ол
ауылдың деген сөзбен байланысып тұр.
206-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, негізгі сөздер мен
көмекші есімдерді анықтаңыздар. Негізгі сөздер қай сөз табы
екенін талдаңыздар.
Ауылдың шеткері жағында шағын өзен ағып жатыр.
Өзеннің үстіне көпір орналасқан. Көпірдің жиегі цементпен
бекітілген. Көпір үстінде ағылып жатқан машиналар. Жамал
дөңестің төбесінде тұр. Кешкі ауада есік алдында еркін
сөйлескен үй ішінің әңгімесі Жамалдың құлағына анық естіледі.
Ауылдың сыртындағы жолмен жолаушылар кетіп барады.
Қазақ тілі
319
Сын есім
Сын есім – заттың түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін
білдіретін сөз табы. Сұрақтары: қандай? қай?
Түрі
Ереже
Тұлғасына қарай
Негізгі сын есім
Түбір сын есім (сары, таза, тәтті, терең)
Туынды сын есім
Жұрнақ арқылы жасалған сын есім
(көшпелі, сөзшең, оқымысты, әлсіз)
Құрамына қарай
Дара сын есім
Бір ғана сын есімнің сындық белгіні
білдіруі (ақ, бойшаң, жасыл, баласыз)
Күрделі сын есім
Тіркескен және қосарланған сын есімнің
сындық белгіні білдіруі
(ақ киімді, қара торы, көп балалы, тап-таза)
Мағынасына қарай
Сапалық сын есім
Сындық белгіні анықтайтын төл сын есім
(сұр, қызылдау, биік, үлкен, көкпеңбек)
Қатыстық сын есім
Басқа сөз таптарынан жасалған туынды
сын есім (бойшаң адам, өнерлі бала)
Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар
Жұрнақ
Мысал
Есім сөздерден
сын есім
жасайтын
1. -лы,-лі, -ды,-ді,-
ты, -ті
2. -сыз,-сіз
3. -ғы,-гі,-қы,-гі
4. -лық,-лік,-дық,-
дік,-тық,-тік
5. -шыл,-шіл
6. -шаң,-шең
7. -дай,-дей,-тай-
тей
8. -қой,-қор, -паз,-
1. Далалы, орманды;
2. Баласыз;
3. Жазғы, ішкі;
4. Балалық;
5. Кекшіл;
6. Бойшаң;
7. Тастай, судай;
8. Сәнқой, әуесқой;
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
320
кер,-гер
9. -и,-ы,-і
9. Тарихи, қазақы.
Етістіктен сын
есім жасайтын
жұрнақ
1. -ғақ,-гек,-қақ,-
кек,-ақ,-ек
2. -ық,-ік,-қ,-к
3. -ғыш,-гіш,-қыш,-
кіш
4. -ғыр,-гір,-қыр,-
кір
5. -шақ,-шек
6. -ынды,-інді,-
нды,-нді
7. -малы,-мелі, -
палы,-пелі,-балы,-
белі
8. -ымды,-імді,-
мды,-мді
9. -аған,-еген
10. -улы,-улі
11. -ма,-ме,-па,-
пе,-ба,-бе
12. -ыңқы, -іңкі,-
ңқы,-ңкі
1. Жабысқақ, үркек;
2. Ашық, ақсақ;
3. Білгіш, айтқыш;
4. Тапқыр, алғыр;
5. Ұялшақ;
6. Асыранды, үйінді;
7. Созбалы, аспалы;
8. Шыдамды;
9. Қабаған;
10. Ілулі, асулы;
11. Қызба, бөспе;
12. Басыңқы,
көтеріңкі.
Сын есімнің шырайлары
Екі заттың сын-сипатының бір-бірінен артық немесе кем
екенін көрсету үшін шырай қолданылады. Шырайдың екі түрі
бар: салыстырмалы шырай және күшейтпелі шырай.
Ереже
Жасалу жолдары
Салыстырмалы
шырай
Бір заттың сындық
белгісін екінші затпен
салыстырғанда кем,
не артық екенін
білдіретін шырайдың
түрі
1. -ырақ,-ірек,-рақ,-рек
(кіші рек)
2. -лау,-леу,-дау,-деу,-
тау,-теу (ақтау)
3. -қыл,-ғыл,-қылт,-
ғылт,-ғылтым,-аң-
шыл,-шіл,-қай,-ғыш,-
Достарыңызбен бөлісу: |