Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94


ХVІ-ХVІІ­ғасырлардағы­Қазақ­хандығы



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет62/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

ХVІ-ХVІІ­ғасырлардағы­Қазақ­хандығы
Шайқастың нәтижесінен хабардар болған ордаежендік әулеттің бас-
шылары Әбілқайыр тарапынан болатын қарсы әрекеттерді алдын-ала сез-
ген. Мұхаммед Хайдар Дулати бір дерегінде: «Жошы әулетінің кейбір 
сұлтандары одан келер бір пәлені сезіп, оны болдырмауға тырысты», – 
десе, келесі бір дерегінде: «Жошы ұрпағының сұлтандары жорық жасап, 
Жәнібек хан мен Керей хан одан қашты», – деп жазады. Әбілқайыр хан өзін 
қолдамағандарға қарсы жазалау шараларын жүргізген. Керей мен Жәнібек 
Әбілқайыр ханға қарсы топтың жетекшілері болғандықтан ханның негізгі 
соққы бағыттары өздері мен ұлыстарына бағытталғанын көре біліп, оны 
болдырмаудың жолы деп Моғолстанға кетуді ұйғарған.
Егерде Керей мен Жәнібек аздаған адамдармен кетсе, онда олар жылдың 
қай мезгілі болғанына қарамастан көшкен болар еді. Олардың соңында 
ордаежендік ру-тайпалардың бір бөлігі болуы себепті олар жылдың қай 
мезгілінде болса да ауа көшіп кете алмайтын еді. Көшпелі мал шаруашылығы 
ол тайпалардың негізгі шаруашылық түрі болғандықтан, олар тек жайлау-
дан қайтар кезде ғана көтеріле көшіп, бұрынғы дәстүрлі қысқы тұрақтарына 
емес, Моғолстанға бет алған. 
Керей мен Жәнібек бастаған ру-тайпалар Сығанақ түбіндегі шайқастан 
кейін Әбілқайыр ханның қаһарынан қорқып, сол жылдың күз айының 
соңында дәстүрлі қыстауларына бармай, Шу өзенінің бойына келеді. 


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
172
Мұхаммед Хайдар Дулати: «Есенбұға хан оларды құрметпен қарсы алып, 
қоныстануға Моғолстанның батыс жағындағы Шу өзені алқабындағы 
Қозыбасыны берді», – деп айтады. Ал Махмуд бен Уәли бұл өңірді берудің 
себебін былайша түсіндіреді: «Сол кездерде Моғолстанда Шағатай хан 
ұрпақтарынан Уәйіс ханның ұлы Есенбұға хан билік жүргізіп тұрды. 
Сол тұста Әмір Темір курэканның ұлы Мираншахтың, оның ұлы Сұлтан-
Мұхаммед мырзаның ұлы Әбу Сайд мырза Ирактан Жүніс ханды шақыртып, 
оған көмек пен жәрдем береді де, інісіне қарсы жібереді. Сол себепті 
Есенбұға хан билігінің негізіне сызат түсіп, соған байаланысты бұл хан 
Жәнібек хан мен Керей хандардың келуін адамдар /үшін/ қайырымдылық 
пен ізгіліктің көзі деп санады. Ханзадалардың келуіне құрмет көрсетіліп, 
келісім берілгеннен кейін, хан оларға Моғолстанның батыс өңірін берді. Ол 
өңір Есебұға ханның /иелігі/ мен Жүніс ханның иктасы арасында болды. 
Бұл өңір Шу және Қозыбасы деген /атаумен/ белгілі болатын». Қозыбасы 
– Тарғаптың қарсы бетіндегі Қордайда орналасқан тау жайлауы. Енді 
осы географиялық атауларды карта бойынша анықтасақ, онда Керей мен 
Жәнібектің Есенбұға ханнан алған аймағының шекарасы – Балқаш көлінің 
оңтүстік-батыс жағалауы мен Шудың төменгі ағысы бойындағы алқаптар 
арқылы, батысы – Талас өзенінен, шығыста Іле өзеніне дейінгі, ал оңтүстікте 
– Іле Алатауының солтүстік тау жоталары мен қыраттары арқылы өткен. 
Бұл аймақ – Есенбұға хан үшін біріншіден, оның Моғолстанның Жетісу 
жағындағы иеліктерін Андижан маңындағы Жетікент деген жерді иелікке 
алған Жүніс хан тарапынан болатын жорықтардан қорғап тұрса, екіншіден, 
дәл сондай міндетті Әбілқайыр хан тарапынан болар жорықтарға байланыс-
ты атқарып тұрды. Жүніс ханның Моғолстан аймағына жақын келуіне бай-
ланысты билігінің іргесі сөгіле бастаған Есенбұға хан жоғарыда айтылған 
аймақты Керей мен Жәнібекке беру арқылы өзіне сенімді одақтас табады да, 
өмірінің соңына дейін тақ билігіне ағасын жолатпайды. Махмуд бен Уәлидің 
мынадай мәліметі осыны дәледейді: «Есенбұға ханның тірі кезінде /оған/ 
жоғарыда айтылған хандардың (Керей мен Жәнібекті айтып отыр – Б.К.) 
көмегі мен тірегі арқасында Жүніс хан тәкәппарлықпен аяғын үзеңгіге сала 
алмады». Басқаша айтқанда, бұл дерек мәліметі Жүніс ханның Моғолстанда 
Есенбұға ханның тірі кезінде хан бола алмағанын көрсетеді. Мұхаммед 
Хайдар Дулати өз еңбегінің бір жерінде былай дейді: «Сұлтан Жүніс хан 
екінші рет Мырза Сұлтан Әбу Сайдта Моғолстанға келгенде, мұндағы 
әмірлердің барлығы тағы да хан маңына жиналды. Хан Моғолстанда біраз 
тұрды. Жетікентте тұрақтап қалды. Бірақ Есенбұға ханға тиеселі иеліктерге 
кіруге батылы бармайды». Осылайша, 1457 жылдың соңында Керей мен 
Жәнібектің Моғолстанның батыс жағындағы Шу өңіріне келіп қоныс тебуі 
арқасында, Есенбұға хан ағасы Жүніс ханға қарсы өзіне сенімді одақтас та-
бады да, 1461-1462 жылы қайтыс болғанға дейін оның иелігіне ешқандай 
қауіп бола қоймайды.
Керей мен Жәнібектің Шу бойына келуі – 1457 жылдың күзінің соңында 
болады. Деректердегі мәліметтердің баяндалуын хронологиялық тұрғыдан 
қарастырсақ, мынадай жәйттерді аңғарамыз. Керей мен Жәнібек бастаған ру-


І тарау. Қазақ хандығының деректік негіздері және қалыптасу кезеңдері
173
тайпалардың Шу өңіріне қоныстануы, Керейдің хан болғандығы, Есенбұға 
ханның иелігіне Жүніс ханның аяғын аттап баса алмағандығы, Есенбұға хан 
қайтыс болғаннан кейін қазақ билеушілері мен Жүніс хан арасында жақсы 
қатынастардың қалыптасуы жөнінде айтылады. Соған қарағанда Керейдің 
хан болып сайлануы Шу бойынан көшіп келгеннен кейін және Есенбұға хан 
қайтыс болғанға дейін жүзеге асқан. Тарихи бір аңызда: «Сырдың бойы-
нан тышқан жылы қара күзде бір түмен елмен ауа көшкен ағайынды Ке-
рей мен Жәнібек сұлтандар қыс түсе Мойынқұмға жетіпті. Құмды қыстап 
шыққан қалың ел көктемде Тұлпарсазда Керейді ақ киізге көтеріп, хан сай-
лап өздерін «қазақ» деп атапты». Аңыздың мәліметіне сүйенсек, Керейдің 
хан болып сайлануы – 1458 жылдың көктем айларының бірінде, мүмкін на-
урыз айында жүзеге асқан. Хан сайлау процесі аса маңызды болғандықтан, 
әсіресе жаңа әулеттің алғашқы ханын сайлау сол елдің өміріндегі ерек-
ше маңызды оқиға болып саналатындықтан, оған билеуші әулет өкілдері 
ерекше мән беретіндігі өз-өзінен түсінікті. Хан сайлау жиынына билеуші 
әулет өкілдерінен басқа дін басылары, ру-тайпа көсемдері, мен батыр-
лары және басқа әлеуметтік топ өкілдері қатысады. Қазақ қоғамында хан 
сайлау дәстүрі ХІХ ғасырдың соңына дейін сақталып, ол жөнінде орыс 
авторларының еңбектерінде баяндалады. А.И. Левшинның жазуы бойынша 
хан сайлау үшін алдын-ала оның уақыты мен өткізілетін жері белгіленеді, 
әр түрлі«жеке кеңесулер» өткізіліп, хан сайлауға әрбір топтың өкілдері 
анықталады, негізгі үміткер анықталғаннан кейін жалпы жиында ол ақ 
киізге отырғызылып, сұлтандар мен ру-тайпа көсемдерінің қолдауына ие 
болып, үш рет киізбен жоғары көтеріледі. 
Ал енді Керейді хан көтерген мезгілге келетін болсақ, біздің ойымыз 
жоғарыда айтып өткен аңыздағы уақытқа сай келеді. Керей мен Жәнібек 
бастаған ордаежендік ру-тайпалар үшін 1457 жылдың соңында ең басты 
мәселе қыстау, қыста жайлатын орындарын таңдау, оларды белгілеу, елді 
қоныстандыру және т.б. шаруашылық мәселелер болған. Ал көктем шыға 
алдын-ала дайындық жұмыстары жүргізіліп, жас жағынан Жәнібекке қара-
ғанда үлкендеу Керей хандық билікке отырғызылады. Керейдің хан болып 
сайлануымен Қазақ хандығының құрылу барысындағы 

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау