Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94


XV-XVII­ғасырлардағы­Қазақ­хандығы



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет60/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

XV-XVII­ғасырлардағы­Қазақ­хандығы
Ал Тоқтамыс хан Алтын Ордаға ие болып, Темірмен қайшылықты 
бастағанда, оның қарсыластары Темір жағында болатынын анықтау еш 
қиындық туғызбайды. Қойыршақтың Темірдің жанында жүруін біз, оның 
Тоқтамыс ханға қарсы жүргізген күресінің бір түрі деп түсінеміз.
Жәнібек ханның атасы Қойыршақ аз уақыт болса да Шығыс Дешті 
Қыпшақта билік құрып, онда ордаежендік әулеттің билігі мен ықпалын сақтап 
алады. Сөйтіп оның есімі Жошы ұлысында хан болғандардың қатарында ай-
тылады. Ал Жәнібек ханның әкесі Барақ хан туралы ортағасырлық деректер-
де мәліметтер көп кездеседі.
Бұған дейін айтып өткеніміздей, Барақ – Қойыршақ ханның жалғыз ұлы. 
Барақтан басқа Қойыршақтың Пайанде сұлтан және Рукйиа атты екі қызы 
болған. Қадырғали Жалайыр Барақ хан туралы «оның өзі алып тұлғалы, ірі, 
нағыз ер, батыр еді. Тез арада әр тараптағы ұлыстарды өзіне бағындырды», – 
деп баяндайды. Барақ хан – Алтын Орданың ХV ғасырдың 20-жылдарының 
бірінші жартысындағы саяси өмірінде із қалдырған және тақ үшін талас-тар-
тыстарда жеңіске жетіп, бірнеше жыл Алтын Орданы билеген адам. Абд ар-
Разак Самарканди еңбегінде оның есімі алғаш рет 1419 жылғы оқиғаларға 
қатысты, ал орыс деректерінде 1422 жылдың 21 тамызынан бастап кездеседі.
Барақ ханның қай жылы дүниеге келгені белгісіз, 1419 жылы Ұлығ-
бектің тікелей көмегімен Шығыс Дешті Қыпшақтың билігін иеленеді;
1422 жылы қарсыласы Хұдайдат ханды, Ұлұғ Мұхаммед ханды жеңіп Ал-
тын Орда тағына ие болады; 1422-1426 жылдары Барақ Алтын Орданың 
ханы; 1426 жылы Ұлұғ Мұхаммед ханнан жеңіліс тауып, Шығыс Деш ті


І тарау. Қазақ хандығының деректік негіздері және қалыптасу кезеңдері
169
Қыпшаққа қайта оралады; 1427 жы - 
лы Сырдың орта ағысы бойын дағы
қалалар мен жерлер үшін Ұлығ-
бекпен соғысып жеңіске жете ді;
1428 жылы ол Кіші Мұхаммед 
хан ның, Ғази мырза мен Наурыз 
мырзаның біріккен әскеріне қарсы 
шайқаста қаза табады. 
1428 жылы Барақ хан қаза тап - 
қаннан кейін Шығыс Дешті Қып-
шақтағы Орда Ежен әулетінің билі - 
гі уақытша бірнеше он жылға тоқ-
та тылады. Сөйтіп, Барақ ханның 
қайтыс болуымен ортағасырлық 
Қа зақстан тарихындағы Ақ Орда 
атты мемлекет те өмір сүруін тоқ-
татып, тарихтың еншісіне қалады. 
Барақтың ұлы Жәнібек, Болаттың ұлы Керей және олардың інілері сол 
жылдарда жас болғандықтан ордаежендік әулеттің басын біріктіріп, күшейе 
бастаған шибанилық әулетке қарсы тұра алмайды. Керей мен Жәнібек 
бастаған әулет тобына Шығыс Дешті Қыпшақтағы ордаежендік әулеттің 
билігін қайта қалпына келтіру үшін 40 жылдан астам уақыт керек болады.
Осылайша, Барақ хан қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақта 
Жошының бесінші ұлы Шибан ұрпақтарының билігі орнығып, ордаежендік 
әулет өкілдері биліктен уақытша шеттетіледі. ХV ғасырдың 50-жылда-
рында Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған әулет өкілдері ордаежендік 
әулеттің билігін қалпына келтіру үшін күрес жүргізеді де, күрес барысында 
өздеріне қарайтын ру-тайпаларды бастап амалсыздан Моғолстанға көшеді. 
Көп ұзамай-ақ олар Шығыс Дешті Қыпшақ аумағына жаңа деңгейде қайта 
оралып, бұрынғы ордаежендік әулеттің билігін қайта қалпына келтіреді 
және жаңа – Қазақ хандары билігінің негізін қалайды.

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау