Оқулық Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 3,36 Kb.
Pdf просмотр
бет12/40
Дата08.03.2018
өлшемі3,36 Kb.
#11996
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40

41
шайқурай,  шырыш,  киікоты,  кемпіршапан  секілді  өсім-
дік терді  қосуға  болады.  Өр кеннің  əрбір  буы нынан  бір-
неше  жапы рақ  шығып,  доға  жаса са,  оны  доға  жасап 
ор  наласқан  жапырақтар  дей ді.  Бұларға  олеандр,  қы-
рықбуын жəне кеп тершөп сияқтылар жатады.
Өркенде жапырақтар қан   шалықты көп жəне қа лың бол-
ғанымен, олар күн сəу лесі тікелей түсетіндей болып орна-
ласады. Жапырақтар əрқашан күнге қарай бұрылып тұрады. 
1. Жапырақтар өркенде қалай орналасады?
2.  Жапырақтар неліктен бір-біріне көлеңке түсір мейді?
1.  Мектептің  тəжірибе  учаскесінде,  көшеде  жəне  бөл-
меде  өсіп  тұрған  өсімдіктердің  жапы рақтары  қалай  орна-
ласқандығын анықтап, аттарын жазып алыңдар.
2.  Бөлмеде  өсірілетін  гүлдердің  екеуін  терезе  алдына  қойыңдар. 
Олардың  біреуін  күн  сайын  күн  нұры  жақсы  түсетін  жаққа  қарата 
бұрып  тұрыңдар.  Ал  екіншісіне  тимеңдер.  Бірнеше  күн  өткен  соң 
екі  гүлтүбектегі  өсімдіктер  жапырақтарының  қандай  күйде  екенін 
салыстырыңдар. Нəтижесін түсіндіріп, дəптерлеріңе жазып қойыңдар.
§ 18. ЖАПЫРАҚТЫҢ  ІШКІ  ҚҰРЫЛЫСЫ
Өсімдіктердің  басқа  мүшелері  сияқты  жапырақтар 
да  жасушалардан  түзілген.  Кез  келген  өсімдіктің  жас 
жапырағын  көлденеңінен  жұқалап  кесіп  алып,  микро с-
коптың  заттық  айнасындағы  су  тамшысына  қойып,  объ-
ектив арқылы қарайды (38-сурет).
Жапырақ  тақтасының  үстіңгі  жəне  астыңғы  беттері 
қабықшамен  қапталған.  Оның  жасушалары  бір-біріне 
тығыз орналасқан. Жапы рақ қабықшасының жасушалары 
мөлдір болады. Жарық солар ар қылы жапырақтың ішіне 
өтеді. Жабынды ұлпадан тұратын бұл қа бықша жапырақ 
өңі деп аталады. Өң жапырақты зақымданудан, құрғап ке-
туден сақтайды. Жапырақтың өңінде бұршақ тəрізді жұп 
жасушалар бар. Оларда цитоплазма мен ядродан тыс жасыл 
түсті пластидалар да болады. Өң жасушаларының арасын-
да лептесіктер орналасқан. Лептесіктер жапырақтардың 


42
тек  ас тыңғы  беттерінде  ғана  емес, 
үстіңгі беттерінде де болады.
Жапырақтың үстіңгі жəне астыңғы 
беттеріндегі  өңдер  аралығында  жа-
пы рақ  жұмсағының  жасушалары 
орын  тепкен.  Олар  қабықтан,  ци-
топлазмадан,  ядродан,  хлорофилл 
түйіршіктерінен  тұрады.  Жапырақ 
жұм  сағының  жасушалары  бірнеше 
қабат  болып  орналасқан.  Үстіңгі  өң-
нің  астындағы  қабат  бағанаға  ұқсас 
созылыңқы  жасушалардан  құ ралған. 
Оның  астында  сопақ  жəне  домалақ 
пішінді жасушалар бар.
Жапырақтың көлденең қимасынан 
та мыр  жүйкелерді  көруге  бола-
ды.  Олардың  ішінде  қа лың  қабырғалы  өлі  жасушалар-
дан  тұратын  түтікшелер  орналасқан.  Тамыр  жүйкелерде 
түтікшелерден  тыс  созылыңқы  келген,  бір-бірімен  тіз-
бектеле жалғасқан жасушалар да кездеседі. Бұл жасуша-
лар  бір-бірімен  көптеген  саңылаулар  арқы лы  тұтасқан 
тор  тəрізді  сүзгілі  түтікшелерді  түзеді.  Жапы рақтағы 
тамыр  жүйкелер  бойымен  су  жəне  қоректік  заттар 
қозғалады. Бұлардан тыс жүйкелерде қабығы қалың, өте 
ұзын  да  мықты  жасушалар  (талшықтар)  да  бар.  Бұлар 
жапырақтың  беріктігін  қамтамасыз  етеді.  Түтікшелер, 
сүзгілі  түтікшелер  жəне  талшықтар  қосылып  жапырақ 
жүйкесінің түтік талшықты шоғырын түзеді. Жүйкелер 
жапырақ жұмсағының барша бөліктеріне кіріп барады.
1. Жапырақтың ішкі құрылысы қандай бөліктерден тұрады?
2. Жапырақ өңі жасушаларының құрылысы қандай?
3.  Жапырақ  жұмсағы  жасушаларының  өң  жасушалары-
нан айырмашылығы неде?
4. Жапырақ лептесіктерінің құрылысы қандай?
5. Жапырақта қандай ұлпалар бар?
1
4
5
3
1
2
36-сурет. 
Жапырақтың ішкі 
құрылысы: 1үстіңгі 
жəне астыңғы өңі 
(эпидерма);
2–жапырақ жұмсағы; 
3–өткізгіш түтіктің 
талшықты шоғыры; 
4–лептесік; 5–түкше.


43
3-зертханалық жаттығу
Жапырақтың сыртқы құрылысын зерттеу
Зертханалық  жұмыс  таратылған  жапырақтар,  кеппе  (гербарий) 
үлгілері жəне бөлме өсімдіктерін зерттеу арқылы жүзеге асырылады.
1. Сағақты жəне сағақсыз жапырақтардың құрылысымен танысу.
2.  Жапырақтардың  жүйкелену  түрлерімен  лупаның  жəрдемімен 
танысу.
3. Жай жəне күрделі жапырақтармен танысу.
4.  Жүйектері  бүтін,  ойылған,  жапырақ,  пластинкасы  екі-үш  есе 
қырқылған өсімдіктермен танысу.
5. Жапырақ тақтасының бірнеше түрі дəптерге сызылады.
6. Жапырақтың негізгі бөліктері белгіленіп, дəптерге сызылады.
§ 19. ПІШІНІ  ӨЗГЕРГЕН  ӨРКЕНДЕР
Пішіні  өзгерген  өркендер  жерасты  жəне  жерүсті 
өркендерге бөлінеді. Пішіні өзгерген жерүсті өркендеріне 
бұйрабас, шоңайна жəне тікен мысал бола алады. Ал пішіні 
өзгерген  жерасты  өркендеріне  пиязшықтар,  түйнектер 
жəне тамырсабақтар жатады (37-сурет).
Пішіні  өзгерген  жерасты  өркендердің  айрықша  био-
логиялық  маңызы  бар.  Олар  өсімдіктерді  қолайсыз 
сыртқы  ортаның  əсерінен  қорғайды,  өзінің  бойына  көп 
мөлшердегі  қоректік  заттарды  сақтайды  жəне  олардың 
вегетативтік жолмен көбеюіне қызмет етеді.
Өсімдік  жапырағында  жүретін  күрделі  биологиялық 
үдерістердің  нəтижесінде  органикалық  (қоректік)  заттар 
түзіледі  жəне  олар  түрлі  мүшелерде  шоғырланады.  Бұл 
заттар өсімдіктің өсуі мен дамуына жұмсалады.
Топырақ  арасында  пияз  түзетін  өсімдіктер  пияз-
шықты өсімдік деп аталады.
Кəдімгі  пиязды  бəріміз  де  жақсы  білеміз.  Оның  да 
сыртқы  жағы  бүршік  сияқты  құрғақ  қабықпен  оралған, 
бұл қабық оны жазғы ыстықтан, қысқы суықтан қорғайды. 
Егер оны ұзынынан кесіп қарасақ, түп жағында қысқарған 
сабақша бар екенін көре аламыз. Пияздың түбіндегі қысқа 
сабақтан төмен қарай шашақталған қосалқы тамырлар, ал 
жоғары қарай етженді жапырақтар өседі, олардың ортасына 


жүктеу 3,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау