Толқын кестесінің негізіндегі дыбыс синтезі (Wave Table
Synthesis — WT-синтез) WT-генераторының жады микросхемасына
біріктірілген немесе жады микросхемасы түрінде орындалған,
арнайы ROM сақталатын шынайы музыкалық аспаптар мен басқа
дыбыстардың дыбысталуының алдын ала цифрланған үлгілерін
пайдаланумен жүргізіледі. WT-синтездеуіші жоғары сапалы
дыбыстың тудырылуын қамтамасыз етеді. Синтездің бұл əдісі
қазіргі заманғы дыбыс карталарында іске асырылған.
WT-синтездеуіші бар дыбыстық карталарда жады көлемі
құралдармен банктарды сақтау үшін жадының қосымша
элементтерін (ROM) орнату есебінен көбеюі мүмкін.
Дыбыстық әсерлер өз бетінен элемент (микросхема) бола
алатын, немесе WT-синтездеуішінің құрамына интеграцияланатын
арнайы процессор-əсер көмегімен қалыптастырылады.
5.4.
ИНТЕРФЕЙСТЕР МОДУЛІ
Интерфейстер модулі дыбыстық жүйе мен басқа сыртқы жəне
ішкі құрылғылар арасындағы деректермен алмасуды қамтамасыз
етеді.
PCI интерфейсі өткізудің кең жолағын қамтамасыз етеді
(мысалы, 2.1 нұсқасы — 260 Мбит/с аса), ол дыбыстық деректер
ағынын параллель жіберуге мүмкіндік береді. PCI шинасын
пайдалану сигнал/шу 90 дб аса қатынасын қамтамасыз етіп, дыбыс
сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, PCI шинасы өңдеу
тапсырмалары мен деректерді жіберу дыбыстық жүйе мен CPU
арасында бөлінген кезде дыбыстық деректерді кооперативтық өңдеу
мүмкіндігін қамтаасыз етеді.
MIDI интерфейсң (Musical Instrument Digital Interface —
мызкалық аспаптардың цифрлық интерфейсі) арнайы интерфейспен
реттеледі, құрамында аппаратты интерфейске сипаттамасы болады:
арналар, кабельдер, порттар түрі, олардың көмегімен MIDI-
құрылғылар біреуі басқаға жалғанады, сонымен қатар деректермен
алмасу сипаттамасы болады – MIDI-құрылғылар арасында ақпарат
алмасу хаттамасы. Сонымен қатар, MIDI-командалардың көмегімен
музыкалық
топ
сахнада
өнер
көрсетіп
жатқан
кезде
жарықтехникалық аппаратурамен, видеожабдықтаумен басқаруға
болады. MIDI-интерфейсі бар құрылғылар өзінің бейнелі MIDI-
желісін құрып, дəйекті түрде жалғанады,
187
құрамына бақылаушы кіреді – басқаратын құрылғы, оның орнына
ДК де, музыкалық клавиштік синтездеуіш те қолданылуы мүмкін,
сонымен қатар ақпаратты бақылаушыға оның сұрауы бойынша
жіберетін жетекші құрылғылар да (қабылдағыштар) пайдаланылуы
мүмкін.
MIDI-желіге ДК қосу арнайы MIDI-адаптердің көмегімен жүзеге
асырылады, оның үш MIDI-порты болады: енгізу, шығару жəне
деректерді өтпелі жіберу, сонымен қатар джойстиктерді қосу үшін
екі жалғағыш болады.
ДК дыбыстық жүйесінің еншілес платаны жалғау үшін арнайы
интерфейсі болады. Еншілес платаны орнату есебінен дыбыстық
жүйенің полифониясын көбейтуге жəне синтездеу əдісін өзгертуге
болады. Сонымен қатар, егер FM-синтезі қолданылған болса, онда
WT-синтезін қосуға болады. Бұл жағдайда еншілес плата Wave
Table Connector дыбыстық тақшасындағы арнайы жалғауышқа
орнатылады жəне əдетте аспаптар кітапханасымен жады
микросхемасы мен WT-синтездеуіші болады.
5.5.
МИКШЕР МОДУЛІ
Дыбыс картасының микшерінің модулі мыналарды орындайды:
■
дыбыстық сигнал қабылдағыштары мен көздерінің коммутациясы
(қосу/ажырату), сонымен қатар олардың деңгейін реттеу;
■
бірнеше дыбыстық сигналдарды микширлеу (араластыру) жəне
нəтижелеуші сигнал деңгейін реттеу.
Микшер модулінің негізгі сипаттамалар санына келесілер жатады:
■
жаңғырту арнасындағы микширленетін сигналдар саны;
■
əр микширленетін арнада сигнал деңгейін реттеу;
■
жалпы сигналдың деңгейін реттеу;
■
күшейткіштің шығу қуаты;
■
дыбыстық сигналдардың сыртқы жəне ішкі қабылдағыш/көздерін
жалғауға арналған жалғағыштардың болуы.
Дыбыстық сигнал көздері мен қабылдағыштары микшер модулімен
сыртқы немесе ішкі жалғағыштар арқылы қосылады. Дыбыстық жүйенің
сыртқы жалғағыштары: Joystick/MIDI — джойстикті немесе MIDI-
адаптерді қосу үшін; Mic In — микрофонды қосу үшін; Line In —
дыбыстық сигналдардың кез келген көзін қосуға арналған сызықтық
кіру; Line Out — дыбыстық сигналдардың кез келген қабылдағыштарын
қосуға арналған сызықтық шығу;
188
Speaker — бас телефондарды (құлаққап) немесе пассивті
акустикалық жүйені қосуға арналған.
Микшермен бағдарламалық басқару не Windows құралдарымен,
не дыбыстық картаның бағдарламалық қамтамасыз етуімен
жиынтықта жеткізілетін микшер-бағдарламасының көмегімен
жүзеге асырылады.
Sound Blaster стандарты DOS арналған ойындар түріндегі
қосымшаларды сүйемелдейді, оларда дыбыспен сүйемелдеу Sound
Blaster
тобының
дыбыстық
карталарына
бейімделумен
бағдарламаланған.
Microsoft фирмасының Windows Sound System стандартына
(WSS) негізінен бизнес-қосымшаға бейімделген бағдарламалар
пакеті мен дыбыстық карта кіреді.
5.6.
ЦИФРЛЫҚ ДЫБЫСТЫҚ ЖҮЙЕ
ДК дыбыстық жүйесінің архитектурасы 5.6-суретте көрсетілген.
Мұндай дыбыстық жүйеде дыбыстық кодек AC (Audio Codec),
енгізу-шығару аналогты микросхемасы мен цифрлық бақылаушы
DC (Digital Controller құрылғылары арасында аналогты жəне
цифрлық сигналдарды өңдеу функциялары арасында бөліну болады.
Бұл құрылғыларды арнайы цифрлық интерфейс жалғайды А AC-
linc. Дыбыс сапасы электр бөгеттеріне бейімсіз, ДК корпусның
ішінде болатын байланыстың цифрлық желісінің көмегімен
аналогты жəне цифрлық микросхемаларды жалғау есебінен
барынша көтеріледі. Дыбыстық жүйеде дамытылған интерфейс
жəне өткізудің кең жолағымен PCI, USB, IEEE 1394 шиналары
қолданылады.
Цифрлық акустикалық жүйені USB негізінде жалғау кезінде
цифрлы-аналогты түрлендіргіш ДК электр бөгеттерімен қаныққан
корпусының сыртына шығарылады жəне 5.7-суретте көрсетілгендей
мысалы, акустикалық жүйенің бағаналарына орнатылады. Кабель
бойымен цифрлық пішіндегі бөгеттерден бос дыбыстық сигналдар
жіберіледі, дыбысты жаңғырту сапасы артады.
Digital Ready жүйелері PCI- дыбыстық жүйелердің келесі буыны
болып табылады. Бұл жүйелерде цифрлік бақылаушы мен PCI
интерфейсті басқа дыбыстық құрылғылар дыбыстық ақпарат
ағындарын өңдейді, содан кейін оларды USB немесе IEEE 1394
интерфейстері арқылы сыртқы құрылғыларға бағыттайды. Digital
Ready дыбыстық жүйелердің араласқан кескіндемесі болуы мүмкін,
яғни аналогты да, цифрлік те шеткері құрылғылар кіру мүмкін.
189
Достарыңызбен бөлісу: |