Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет59/107
Дата14.11.2018
өлшемі7,08 Mb.
#20212
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   107

 
 
 
 
5.6 
-сурет. Audio Codec 97 сипаттамасына сəйкес ДК дыбыстық жүйесінің құрылымы 


 
5.7 
-сурет. USB негізінде аналогты жəне цифрлық акустикалық жүйелердің жалғау 
нұсқалары 
 
 
Digital Only жүйелері USB интерфейсімен шығарылады жəне тек 
қана  цифрлық  дыбыстармен  жұмыс  жасайды.  Деректерді  енгізу- 
шығару үшін сыртқы микрофондар мен USB интерфейсті бағаналар 
қолданылады. 
 
     5.7. 
3D-ДЫБЫС ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
 
SD-дыбыс мультимедиялық компьютердің ажырамас бөлігі 
болып табылады. JD-дыбыс, немесе үш өлшемді дыбыс ұғымы, 
 
191 


тыңдаушы айналасында үш өлшемді кеңістікте дыбыс көзінің орналасуын 
білдіреді. 
Тыңдаушы  үшін  дыбыстық  модельдің  шынайылығын  арттыру 
мақсатында түрлі технологиялар қолданылады. 
Мысалы, окклюзиялар (occlusion — бөгеттер арқылы өтетін дыбыстар ) 
басқа  ғимаратта  немесе  қабырға  ар  жағында  орналасқан  дыбыс  көздерін 
модельдеу  үшін  қолданылады.  Бұл  кезде  түрлі  материалдардан  жасалған 
түрлі  қалыңдықты  қабырғалардың  сан  алуан  түрін  модельдейді. 
Обструкциялар  (obstruction  —  бөгеттермен  ұсталып  қалатын  дыбыстар) 
дифракцияларды  модельдеу  үшін  қолданылады,  яғни  бөгеттердің 
дыбыстық толқындарының айналдыру  құбылысы, оның ішінде бағаналар, 
бөренелер жəне т.б. 
Кеңістікте  дыбыстың  таралу  жəне  оның  адаммен  қабылдау 
процестерінің  математикалық  модельдеуі    HRTF-функцияларының 
негізінде  жүргізіледі  (Head  Related  Transfer  Function).  Бұл  функциялар 
дыбыс  көзі  —  HRIR  (Head  Related  Impulse  Response)  сигналының 
импульсінен  дабыл  жарғағына  дыбыстық  толқынның 
уақытша 
тəуелділігінің  Фурье-түрлендіруіне  шын  мəнінде  біріктіріледі.  Адам 
басының  түрлі  қалпы  кезінде  əр  құлақ  үшін  HRIR-функциялары  түрлі 
болады,  ол  HRTF-сүзгілерінің  кітапханасын  жасауын  модельдеу  кезінде 
қажет болады. 
Тыңдату  үшін  акустикалық  жүйені  пайдаланған  кезде  бинауральдық 
дыбыс жаңғыртуымен  қамтамасыз ету проблемасы пайда болады, яғни əр 
құлаққа арналған дыбыстар. Бұл проблеманы шешу  үшін transaural stereo 
технологиясы  қолданылады,  жиі  ол  crosstalk  cancellation  (СС)  алгоритмі 
деп  аталады  —  нақты  құлаққа  арналмаған  жəне  ол  үшін  бөгет  болатын 
айқас  бөгеуілдерді,  яғни  дыбыстық  сигналдарды  жою.  СС  алгоритмдерін 
пайдалану  дыбыс  көздерінің  тік  жəне  көлденең  жазықтықтарда  орналасу 
сезімін жасауға мүмкіндік береді. 
HRTF-функциясының  əрекеті  дыбыс  жиілігіне  байланысты  болады, 
себебі  бұл  функция  көмегімен  3  ...  10  кГц  диапазонындағы  дыбыстар 
тиімдірек  жеткізіледі.  Жиілігі  1  кГц  төмен  дыбыс  көзінің    орналасқан 
жерін  анықтау  əр  құлақ  үшін  сигналдар  фазасы  бойынша  түрлі  кідіру 
уақытын  анықтауға  негізделген,  ол  тек  қана  дыбыс  көздерінің  нақты 
орналасуын  (солдан  немесе  оңнан)  анықтауға  мүмкіндік  береді,  бірақ 
дыбысталудың кеңістіктік қабылдауын қамтамасыз етпейді. Жиілігі 10 кГц 
асатын  дыбыстарды  қабылдау  əр  адамға  берілмеген,  себебі  құлақ 
жарғағының жеке құрылысымен анықталады. 
СК-дыбыстың  сапалы  жаңғыртылуы  үшін  22  кГц  кем  емес  жиілікті 
дискреттеуді,  16-разрядты  кодтауды,  құрамында  төрттен  кем  емес 
бағанасы бар акустикалық жүйені, СС алгоритмі бар HRTF-функцияларды 
жəне жоғары жиілікті компоненттермен қаныққан дыбыстарды жаңғырту 
 
192 


үшін сүзгілер жүйесін қолдану керектігі орнатылған. 
Түрлі  компаниялар  JD-дыбысын  жасау  үшін  өздерінің 
түпнұсқалы технологияларын қолданады. 
Digital  Ear  (цифрлық  құлақ)  —Sensaura  компаниясының 
технологиясы  HRTF-функцияларын  өлшеу  үшін  адам  құлағының 
математикалық  моделі  қолданылады,  ол  оның  жұмысының 
эксперименттік  зерттеу  негізінде  тұрғызылған.  Модельдеу  кезінде 
құлақтардың  өлшемдері  мен  пішіндерінің  алуан  түрлілігі  назарға 
алынған,  бұдан  былай  ол  HRTF-функциясының  ауқымды 
кітапханасын  жасау  үшін  қолданылады.  Нəтижесінде  бұл 
технологияның  əр  пайдаланушысы  жеке  ерекшеліктерді  ескере 
отырып, JD-дыбысының жаңғыртылуын күйге келтіре алады. 
Malti  Drive  —  бұл  технология  Transaural  Cross-talk  Cancellation 
(TCC)  алгоритмдерін  пайдаланумен  акустикалық  бағаналардың 
барлық  жұптарында  HRTF-функцияларын  пайдалануға  арналған, 
олар СС стандартты алгоритмінен айырмасы төменжиілікті аумақта 
дыбыстың  ең  жақсы  сипаттамаларын  қамтамасыз  етеді.  Бұл  кезде 
пайдаланушы  ТСС  алгоритмімен  басқара  отырып,  өзі  үшін 
дыбысталуды  күйге  келтіре  алатын  мүмкіндігі  болады.  ТСС 
алгоритмдерімен  HRTF-функцияларын  қолдану  үшін  акустикалық 
бағаналардың  барлық  жұптары  үшін  есептеу  ресурсының  үлкен 
көлемі қажет болады. Malti Drive технологиясы Macro FX пен Zoom 
FX алгоритмдерімен бірге қолдануға есептелген. 
Macro FX — дыбыс көзінің тыңдаушыға жақын орналасу сезімін 
тығыздала  қамтамасыз  етеді.  Бұған  тыңдаушы  басының 
айналасында  үш  өлшемді  кеңістікте  дыбыстық  энергияның 
таралуын  нақты  модельдеу  есебінен  қол  жеткізіледі.  Macro  FX 
алгоритмі  интерфейстер  мен  ойындарға  арналған.  Егер  дыбыс 
картасының  драйверіне  Macro  FX  сүйемелдеу  кіріктірілген  болса, 
онла  құлақта  маса  ызыңын,  құлақта  желдің  зуылын  жəне  басқа  да 
ұқсас дыбыстарды естуге болады. 
Zoom  FX  —  модельдеу  кезінде  дыбыстың  нүктелік  емес  көзін 
шамалайды,  ал  шеткі  өлшемдері  мен  белгілі  күрделіліктің  болуы 
дыбыстың бір көзін нүктелі көздердің жиынтық түрінде көрсетумен 
қол жеткізіледі. 
Environment  FX  —  уақытпен  өшетін  тойтарылған  дыбыстың  кез 
келген орналастыру мен  өрісіндегі дыбыстық толқынның таралуын 
ұқсатып,  жаңғырықтыру  əсерін  жаңғыртуға  мүмкіндік  беретін 
технология.  Environment  FX  орналастыру  акустиканың  сан  алуан 
түрін 
модельдеуге 
мүмкіндік 
береді 
жəне 
Malti 
Drive  
технологиясын  пайдаланумен  көпбағаналы  акустикалық  жүйе 
арқылы жаңғыртуға бағытталған. 
 
193 


жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау