4.20
-сурет. Фазалы-поляризациялық 3D-монитордың əрекет ету
принципіның схемасы
Фазалы-поляризациялық 22-дюймді Neurok Optics ресей-
америкалық компанияның iZ3D стереомониторы Perceiva-дан
кодтау видеодрайвердің көмегімен бағдарламалау түрінде
жүргізіледі.
Айналы
3D-мониторлар 4.21-суретте көрсетілгендей, жартылай
мөлдір айна көмегімен жəне пассивті поляризациялық көзілдіріктері
арқылы стереожұптың сол жəне оң кескіндерінің келесі бқлінуімен
екі сұйықкристалды дисплейдің ортогональді поляризациялық
кескіндердің қиыстыруына негізделген қағидатты жүзеге асырады.
Айналы
3D-мониторлардың маңызды ерекшелігі олардың
қолданыстағы бағдарламалық қамтамасыз етумен драйверлер
деңгейінде қолдау болып табылады. Толық экранлы екімониторлы
стереорежимдер
NVIDIA
чипсеттерінің негізіндегі барлық
видеокарталардың драйверлерімен қуатталады. Бұл режимде іс
жүзінде
DirectX и OpenGL
стандарттары негізіндегі барлық 3D-
бағдарламалар, тіпті басынан стереобейнелеуді қолдамайтындар
іске қосыла алады.
3D-мониторлар медицинада, дизайнда, ғылыми зерттеулер мен
картографияда кəсіби аппаратура ретінде қолданылады. Бұдан
басқа,
3D-мониторлар виртуалды ақиқат құрылғылары ретінде
өнеркəсіпте қолданыс тапты.
164
4.21
-сурет. Айналы 3D-монитордың құрылмалы схемасы
Өндірісте қолданылатын виртуалды ақиқаттың қазіргі заманғы
жүйелері – автоматтандырылған жобалау мен модельдеу
жүйелерінің ақпараттың енгізу-шығару құрылғысының дамуының
жаңа кезеңі. Виртуалды ақиқат ұңғымаларды интерактивті жобалау,
геологиямен оперативті басқару жəне геофизикалық талдау үшін
қолданылады.
4.3.4. 3D-npoeкторлар
3D-проекторлар үлкен аудиторияларда көлемді кескіндерді
ұжымдық
қарау
үшін
арналған.
3D-проекторлардың
мультимедиялықтардан
басты
айырмашылығы
оптикалық
жүйесінің күрделі құрылымы мен арнайы поляризациялық
сүзгіштердің болуы (кіріктірілген немесе сыртқы), оның көмегімен
стереожұптың элементтерінің селекциясы жүреді.
Көлемді кескіндерді түзу үшін келесі əдістер қолданылады.
Пассивті көзілдіріктермен әдіс екі LCD-проекторларын
пайдалануын жобалайды, оның əрқайсысы оң жəне сол көз үшін
кескінді жаңғыртады, ол стереоскопиялық кескіннің түзілуіне жəне
көрерменге
келетін
жарық
ағынының
поляризациясының
ортогоналды
бағытынының
түзілуіне
əкеледі.
Пассивті
көзілдіріктердің поляризациясы да ортогонал. Нəтижесінде,
көрермен сол жəне оң көз үшін бөлек кескін көреді, нəтижесінде
стереоскопиялық кескін қалыптасады. Бұл жүйенің
артықшылығы LCD-проекторлардың шығатын жарық ағыны
əлдеқашан поляризацияланған, сондықтан проекторлардың жарық
ағынының тиімділігі мұндай əдісте жоғары болады.
165
Кемшілігі құрамында екі проектор бар құрылғының қымбат бағасы
болып табылады.
Белсенді көзілдіріктермен әдісті жүзеге асырған кезде DLP-
проекторлар қолданыла алады. Әр көз үшін ақпарат кезекпен
кадрдың жаңаруының жоғары жиілігі (96 ... 120 Гц) кезінде
беріледі, ол тек қана бір аппаратты іске қосуға мүмкіндік береді.
Бұл əдістің артықшылығы осыда. Кемшілігі сл жəне оң көз үшін
кескінді
айырғыш электрондық
тығыздамасымен
белсенді
көзілдіріктердің құрылымы болып табылады. Олар белгілі мерзім
қарағаннан кейін, көрермендерге ыңғайсыз болуы мүмкін. Әр
технологияның өзінің кемшіліктері мен артықшылықтары бар.
Белсенді OD-технология қымбат белсенді көзілдіріктердің болуын
өажет етеді, бірақ бұрмаланудың ең төмен деңгейімен жақсы
ажыратымдылықты кескіннің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Бұл кезде пайдаланушының көздері шаршайды. Пассивті OD-
технология арзанырақ көзілдіріктер мен жайлы қарауды қамтамасыз
етеді, бірақ кескін сапасы мен ажыратымдылығы – төмен.
Проекторлар ықшамдап жасалған, олардың салмағы 4 кг-нан
аспайды.
4.4.
ВИДЕОАДАПТЕРЛАР
Видеоадаптер (видеокарта) ДК бейнежүйесінің құрауышы болып
табылады, ол ДК ішінде айналмалы цифрлық сигналды мониторға
берілетін аналогты электр сигналына түрлендіреді. Мəні бойынша
видеоадаптер компьютер мен ақпаратты бейнелеу құрылғысы монитор
арасында интерфейс рөлін атқарады.
Монитормен бірге видеокарта дербес компьютердің бейне қосалқы
жүйесін түзеді.
Видеоадаптер физикалық түрде тақша түрінде орындалған, ол аналық
тақтаның слоттарының біріне салынады да, видеокарта деп аталады.
Видеоадаптер өзіне видеобақылаушы, видеопроцессор мен видеожадының
қызметін алды. ДК даму шамасы бойынша видеоадаптерлар 2D- мен OD-
графикасының
аппараттық
үделуін,
видеосигналдарды
өңдеу,
теледидарлық сигналдарды қабылдау жəне көптеген басқа нəрселерді
жүзеге асыра бастады.
Ажыратымдылық дəрежесі жəне түстер саны бойынша ажыратылатын
видеостандарттардың қатары бар. Цифрлық пішіндегі кескіннің
«ажыратымдылық» сипаттамасы берілген кескіннің немесе оның түзілу
процесі қаншалықты толық екендігін бағалайды. Аса жоғары
ажыратымдылық тəптіштеудің жоғары деңгейін білдіреді.
166
Достарыңызбен бөлісу: |