Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет10/107
Дата14.11.2018
өлшемі7,08 Mb.
#20212
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   107

Архивациялық  сервер  ақпаратты  көп  сервисті  желілерде  резервтік 
көшірмелеу  үшін  қызмет  етеді.  Ол  ауыстырылатын  картридждері  бар 
магнит лентадағы тасымалдағыштарды (стриммер) қолданады. 
Факс-сервер  бірнеше  факсмодемдік  тақталармен,  ақпаратты  беру 
кезінде  рұқсатсыз  қол  жеткізуден  арнайы  қорғаныспен  тиімді  көп 
адрестік байланысты ұйымдастыру үшін арналған. 
Пошталық  сервер  факс-сервер  сияқты  функцияларды  атқарады, 
алайда  электрондық  поштаны  ұйымдастыру  үшін,  сонымен  бірге 
электрондық  пошталық  жəшіктермен  жұмыс  жасау  үшін  қызмет 
жасайды. 
Баспа сервері жүйелік принтерлерді тиімді пайдалануға арналған. 
Телеконференциялар 
сервері 
— 
пайдаланушыларды 
телеконференциялармен  жəне  жаңалықтармен  қамтамасыз  ету 
бағдарламасы болатын компьютер. 
Егер  компьютерге  тиісті  желілік  бағдарламалық  жабдықты 
орнататын болса, онда компьютер сервер  ретінде бола алады жəне бір 
уақытта  бірнеше  функцияларды  орындай  алады,  мысалы,  пошталық 
сервер, жаңалықтар сервері, қосымшалар сервері жəне т.б. бола алады. 
Үлкен  ЭЕМ  —  жалпы  қолданыстағы  əмбебап  ЭЕМ,  шет  елде  жиі 
мэйнфрейм деп аталады (Mainframe), тарихи алғашқы пайда болған. 
Мэйнфреймдер осы күнге дейін үздіксіз тəуліктік қолдану режимін 
қамтамасыз ететін жалпы қолданыстағы ең мықты есептеуіш жүйелері 
болып қалады (суперкомпьютерлерді есептемегенде). Мэйнфреймдерді 
негізгі  тасымалдаушылар  белгілі  компьютерлік  компаниялар  IBM, 
Amdahl,  Siemens  жəне  тағы  басқалар,  бірақ  басты  рольді  ІВМ-ге 
тиесілі. 
Мэйнфреймдерді  тиімді  қолданудың  негізгі  бағыттары  —  ол 
ғылыми-техникалық  тапсырмаларды  шешу,  үлкен  деректер  қорымен 
жұмыс  жасау,  есептеуіш  желілермен  жəне  олардың  ресурстарымен 
басқару.  Мэйнфреймдерді  қолдануда  ең  өзектісі  есептеуіш  желілердің 
үлкен серверлері ретінде қолдану. 
Мини-ЭЕМ саны жағынан ең көп жəне тез дамитын ЭЕМ класы, ол 
кішкентай өлшемді габариттермен, төмен бағасымен (үлкен жəне супер 
ЭЕМ салыстырғанда) жəне əмбебап мүмкіншіліктерімен ерекшеленеді. 
Олар 1960-шы жылдары пайда болды жəне технологиялық процестерді 
басқару,  автоматтандырылған  жобалауды  жəне  икемді  өндірістік 
жүйелерді  құру,  көп  пайдаланылушылық  есептеу  жүйелерінде, 
автоматтандырылған  жобалау  жүйелерінде  есептеулер  жүргізу, 
жасанды  интеллект  жүйелерінде  күрделі  емес  объектілерді  үлгілеу 
үшін кең қолданылды. 
 
 
29 


МикроЭЕМ  өзінің  пайда  болуымен  микропроцессордың  пайда 
болғанына  міндетті,  ол  ЭЕМ  орталық  бөлігін  конструктивті  түрде 
өзгертіп  қойған  жоқ,  сонымен  қатар  оның  перифериялық  бөлігі  үшін 
кіші габариттік құрылғыларды жасап шығару қажеттілігіне алып келді. 
Микро ЭЕМ-ның заманауи үлгілері бірнеше микропроцессорға ие. 
МикроЭЕМ  кішкентай  өлшемдеріне,  жоғары  өнімділігіне,  жоғары 
мықтылығына жəне төмен бағамына байланысты экономика, өнеркəсіп 
пен қорғаныс кешені салаларында кең қолданысқа ие болады. 
МикроЭЕМ  өзге  түрі  —  микроконтроллер.  Ол  басқару  жүйесіне 
немесе  технологиялық  желіге  кіріктірілетін  микропроцессорға 
негізделген мамандандырылған құрылғы. 
Дербес ЭЕМ (ДК) пайдаланушыға жеке қызмет көрсетуге арналған 
жəне есептеуіш техника саласында маман емес пайдаланушылардың əр 
түрлі  тапсырмаларын  шешуге  бағдарланған,  кəсіби  іскерліктің 
(инженерлік,  əкімшілік,  өндірістік,  əдеби,  қаржылық)  əр  түрлі  түрін 
қолдау  үшін,  сондай-ақ  тұрмыста,  мысалы,  оқу  мен  бос  уақытқа 
арналған.  Дербес  компьютерлердің  негізінде  автоматтандырылған 
жұмыс орындары (АЖО) əр түрлі мамандық өкілдері: конструкторлар, 
дизайнерлер, технологтар, менеджерлер үшін құрылады. 
Конструктивтік ерекшеліктері бойынша ДК мынадай жіктеледі. 
Үстелдік  ДК  (Desktop)  компьютерлер  —  үстел  үстінде  тұрақты 
орнықтыруға  арналған.  Конфигурацияны  жеңіл  өзгертуге  мүмкіндік 
береді. 
Үстелдік мини-компьютерлер (LCD PC, slim-desk) — ноутбуктердің 
бəсекелестері. Олардың корпусы Desktop-пен салыстырғанда шамамен 
төрт есе кіші; ноутбуктерге қарағанда функционалдық мүмкіншіліктері 
көбірек, бірақ жаңартуда шектеулер бар. 
Портативті  компьютерлер  (ноутбуктер)  —  пайдаланушы  үшін 
қолайлы, байланыс құралдарына ие. Портативті ДК-нің жүйелік блогы, 
монитор  мен  пернетақта  бір  корпуста  орналасады.  Әдетте  CD/DVD 
жұмысын  жəне  есептеуіш  желілерге  қосылуын  қоса  алғанда  сол 
мүмкіншіліктерге  стационарлы  (үстелдік)  ДК  де  ие  болады.  Жинақы, 
сұйық кристалды дисплеймен жабдықталған (СКД). 
Планшеттік компьютерлер (Tablet PC) — «болашақ компьютері»: 
процессор  жəне  барлық  негізгі  компоненттер  СКД  артында 
орналасады,  ал  экран  басқанға  сезімтал  болады  (белгілерге  саусақпен 
басу  керек,  ал  ақпарат  енгізуді  арнайы  электрондық  қауырсынмен 
енгізу қажет). 
 
 
 
 
 
30 


Байланыс құралдарымен жабдықталған. 
Субноутбуктер  —  өте  кішкентай  СКД  8  дюймнен  «ноутбук 
сынды»  мөлшерге  дейін  ДК.  CD/DVD  дискжетектері  болмайды,  бірақ 
модем мен желілік картасы болуы мүмкін. Салмағы ноутбуктен 1,5 — 2 
есе аз, дегенмен өнімділігі өте жоғары. 
Қалта  компьютерлері  (PalmTop  немесе  PDA  —  Personal  Digital 
Assistant)  —  электрондық  кітаптарды  оқу  үшін органайзер  жəне  жазба 
кітапшасы  ретінде,  мультимедиа  орталығы  жəне  т.б.  ретінде 
қолданылады.  Ақпаратты  арнайы  қаламмен  енгізуге  мүмкіндік 
жасайды, 
бірақ 
пернетақтаны 
қосуға 
болады. 
Стационарлы 
компьютерлерге  қосылу  құралдарымен  жабдықталған.  PDA  типті 
компьютерлерде мүмкіндіктер мөлшері əдетте қысқартылған, олардың 
кейбіреуі мəтінді жазуға, күрделі емес есептеулерді жасауға жəне кесте 
жүргізуге мүмкіндік береді. 
Аппараттық  сəйкестігі  бойынша,  яғни  электрондық  құрылғылар 
жинағының  үйлесімділігі  бойынша  ДК  үйлесімді  IBM  PC  жəне  Арр!е 
Macintosh деп бөлінеді. 
ДК  аппараттық  құралдарының  даму  жəне  жетілдіру  процестерін 
реттеу,  Microsoft,  Intel,  Compaq  корпорацияларының  операциялық 
жүйелерімен үйлесімділігін қамтамасыз ету мақсатында 1997 ж. бастап 
РС97,  РС98,  РС99,  РС2001  спецификацияларын  жасап  шығарды.  Осы 
спецификациялар  архитектураны,  құрылғылар  жинағын  жəне  оларға 
талаптарды, BIOS функцияларын, ДК конструкциясы мен корпус типін 
сипаттайды,  жəне  шындығына  келгенде  аппараттық  құралдарды 
өндірушілер үшін нұсқаулық болып табылады. 
Спецификацияларға  сəйкес  компьютерлер  нарығында  РС  жүйелері 
мынадай жіктеледі. 
C  ons  u  m  e  r  PC  —  сауықтар  мен  ойындарға  арналған  үй 
қолданысына  арналған  ДК,  сондай-ақ  кіші  немесе  үй  кеңсесінде 
қолданылатын ДК — Small Office/Home Office (SOHO). 
O  f  f  i  c  e  P  C  —  Consumer  PC  –ден  төмен  бағасымен  жəне 
локальдық  желіде  жұмыс  істеуге  мүмкіншілігімен  ерекшеленетін 
корпоративтік қолдануға арналған ДК. 
W  or  ks  t  a  ti  on  —  ресурс  сыйымды  қосымшалармен  жұмыс  үшін 
қолданылатын  жұмыс  станциясы:  автоматты  жобалау,  үлгілеу 
жүйелерімен, банктік бағдарламалармен, күрделі баспа жүйелерімен. 
Mobil e P C — мобильдік ДК. 
E nte r ta inm e nt PC — 2D/3D-графика жəне дыбыстық сүйемелдеуі 
бар  ойындарға;  Internet-те  жұмыс  жасауға;  дербес  байланыспен 
(электрондық  пошта,  видеотелефондық  байланыс)  қамтамасыз  етуге; 
үлкен ажыратылымдығы бар интерактивті телевидениеге бағдарланған 
мультимедиялық ДК. 
 
31 


жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау