Pentium IІ алмастыратын
Pentium III бейнелерді, аудио- жəне
бейнедеректер ағынын, сөздерді түсінуді өңдеу мүмкіншіліктерін
кеңейтеді, процессордың тактілік жиілігі 600 МГц астам болады, ал
жүйелік шинаның тактілік жиілігі 1,33 ГГц.
Celeron туыстасының CPU пайдаланушыларды процессорлардың
жаңа буынына өту процесін жеделдетуге арналған Pentium II нұсқасын
білдіреді.
AMD
фирмасы AMD K6-2 туыстасының процессорлары
үшөлшемді графика нұсқаулықтарын, аудио- жəне видеодеректерді
жеделдетіп өңдеу үшін конвейерлік құрылымымен ядрода CPU
модульге ие болады, ол 266 бастап 450 МГц дейін тактілік жиілікте
жүйелік шинаның 66, 95 жəне 100 МГц жиілігінде жұмыс істейтін
процессордың өнімділігін арттырады. AMD K6-3 процессорының
ядросына процессор жиілігінде жұмыс істейтін екінші деңгейлік кэш-
жадының 256 кбайт интеграцияланған, ал аналық тақтада көлемі 512
бастап 2 048 кбайт болатын үшінші деңгейлік кэш-жадысы орналасады.
Жетінші буын процессорлары 1 ГГц астам жеке жиілігіне ие жəне
тактілік жиілігі 400 МГц дейін болатын жаңа жүйелік шинасын
сүйемелдейді. AMD корпорациясының CPU K-7 Athlon деп аталады.
Бірінші буындағы CPU Athlon технологияның 0,22 мкм негізделген
жəне тактілік жиілігі 700 МГц болады, ал екінші буын 0,18 мкм
технологиясына өту кезінде 1000 МГц жиілікті құрайды.
Intel корпорациясының Pentium IV
(Willamate) СPU сөздің
шындығына келгенде Pentium Pro жаңартылуы болып табылады. 2,6
ГГц дейін тактілік жиілікке ие жəне тактілік жиілігі (100 МГц х 4 = =
400 MD
J
,) бір такт ішінде деректердің 4 пакетін бере алатын Quard
Pumped жүйелік шинасын қолданады. Екінші деңгей кэш-жадысының
көлемі 256 Кбайт құрайды. Процессордың ядросы 0,18 мкм
технологиясы бойынша орындалған.
Pentium IV(Northwood) СPU оның ядросы 0,13 мкм технологиясы
бойынша дайындалуымен ерекшеленеді, тактілік жиілікті 3,06 ГГц
дейін арттыруға мүмкіндік жасады, 512 кбайт дейін жəне жүйелік
шинаның тактілік жиілігін 533 МГц мобильді қосымшаларға
бағытталған. Intel Pentium M процессоры мобильдік ДК-де қолдануға
бағытталған.
Intel Celeron процессоры Pentium IV нұсқасының қысқартылған
нұсқасын бейнелейді. Алғашқы Celeron процессорлары — екінші
деңгейлік кэш-жадының қымбат микросхемаларының болмауымен
ерекшеленген Pentium II аналогтары. СPU Celeron шығарылымы
Pentium III жəне Pentium IV пайда болғаннан кейін де жалғасты.
Олардың тактілік жиілігі — 2,88
Ггц дейін; жүйелік шинаның жиілігі
— 400
МГц дейін; екінші деңгейлік кэш-жадының көлемі — 256 кбайт;
технология — 0,13 жəне 0,18 мкм.
54