2.5.1. Шинаның негізгі сипаттамалары
Шинаның разрядтылығы оған кіретін параллель өткізгіштердің
санымен анықталады. IBM PC үшін алғашқы ISA шинасы 8-разрядты
болды, яғни ол бойынша бір уақытта 8 бит бере алу мүмкін болды. ДК
жүйелік шиналар, мысалы, Pentium IV — 64-разрядты.
Шинаның өткізгіштік қабілеті шина бойынша 1 с ішінде
берілетін ақпараттың байттар санымен анықталады. Шинаның
өткізгіштік қабілетін анықтау үшін шинаның тактілік жиілігін оның
разрядтылығына көбейту керек. Мысалы, 16-разрядты ISA шинасы үшін
өткізгіштік қабілеті мынадай анықталады:
(16 бит • 8,33 МГц) : 8 = 16,66 Мбайт/с.
Өткізгіштік қабілетін есептеу кезінде, мысалы, AGP шинасының,
оның жұмыс режимін ескеру керек: видеопроцессордың тактілік
жиілігінің екі есе артуының жəне деректерді беру хаттамасының
өзгеруінің арқасында шинаның өткізгіштік қабілетінің екі есе артуына
(2х режимі) немесе 4 есе (4 x режимі) қол жеткізілді, ол тиісті реті саны
(133 жəне 266 МГц дейін сəйкесінше) шинаның тактілік жиілігінің
артуына сайма сай. QPI жүйелік шинасының өткізгіштік қабілеті əрбір
жағына 12,8 ГБ/с жетеді.
Сыртқы құрылғылар шиналарға ДК-дің қайсы бір перифериялық
құрылғысының ДК мен орталық процессор арасындағы ақпарат
алмасуды ұйымдастыруды анықтайтын əр түрлі сипаттамаларының
жиынтығын білдіретін интерфейс (Interface — түйіндесу) көмегімен
қосылады.
Осындай сипаттамалар қатарына электр жəне уақытша параметрлер,
басқарушы сигналдар жинағы, деректермен алмасу хаттамасы мен
қосылудың конструктивті ерекшеліктері жатады. ДК компоненттері
арасында деректермен алмасу осы компоненттер үйлесімді болған
жағдайда мүмкін болады.
2.5.2. ДК шиналарының стандарттары
IBM-үйлесімдік принципі ДК-дің жеке компоненттерінің интерфейсін
стандарттауды жобалап түсінеді, ол өз кезегінде тұтас жүйенің икемділігін,
яғни қажеттіліг бойынша жүйенің конфигурациясын өзгерту жəне əр түрлі
перифериялық
құрылғыларды
жалғау
мүмкіндігін
анықтайды.
Интерфейстердің үйлеспеуі жағдайында контроллерлер қолданылады. Одан
басқа, жүйенің икемділігі мен бірегейлендіруі тізбекті жəне параллель
деректерді беру интерфейстері сияқты аралық стандартты интерфейстерді
енгізу есебінен қол жеткізіледі.
40
бит
МГц
Бұл
итерфейстер
маңызды
перифериялық
енгізу-шығару
құрылғыларының жұмысы үшін қажет.
Жүйелік шина жүйеге кіретін CPU, жады жəне басқа да
құрылғылар арасында ақпарат алмасуға арналған. Жүйелік шиналарға
жатады:
■
GTL, разрядтылығы 64 бит, тактілік жиілігі 66, 100 жəне 133 МГц;
■
EV6, оның спецификациясы оның тактілік жиілігін 377 МГц дейін
арттыруға мүмкіндік береді.
Енгізу-шығару шиналары ДК-дің перифериялық құрылғыларының
дамуымен сəйкес жетілдіріледі. 2.2 кестеде кейбір енгізу-шығару
шиналарының сипаттамалары келтірілген.
ISA шинасы көптеген жылдар бойы ДК стандарты болып саналды.
Алайда тəжірибе жүзінде ол тек 2001 жылы нарықтан шығарылып
тасталды.
Нарықта пайда болған VESA шинасының өткізгіштік қабілетіне
жол беретін EISA шинасы бағамы мен өткізу қабілетінің жоғары
болуына байланысты кең таралмады.
VESA немесе VLB шинасы, CPU-дың жылдам перифериялық
құрылғылармен байланысуы үшін арналған. Қазіргі уақытта оны
өнімділігі жоғарылау РСІ шинасы ығыстырды.
PCI шинасы Pentium процессорына арнап Intel фирмасы жасап
шығарды. РСІ шинасының негізіне салынған негізін қалайтын
принципі көпірлерді (Bridges) қолдану болып табылады,
Кесте 2.2. Енгізу-шығару шиналарының сипаттамалары
Шина
Разрядтылығы, Тактілік жиілігі,
Өткізгіштік
қабілеті,
Мбайт/с
ISA 16-разрядты
16
8,33
0016,6
EISA
32
8,33
0033,3
VLB
32
33
0132,3
PCI
32
33
0132,3
PCI 2.1 64-разрядты
64
66
0528,3
AGP (1x)
32
66
0262,6
AGP (2x)
32
66 x 2
0528,3
AGP (4x)
32
66 x 2
1056,6
41
олар РСІ шинасы мен басқа типтегі шиналар арасында өзара
байланысты жүзеге асырады. PCI шинасында Bus Mastering принципі
орындалған, ол сыртқы құрылғының деректерді тасымалдау кезінде
шинаны басқаруын (CPU қатысуынсыз) түсіндіреді. Ақпаратты
тасымалдау кезінде Bus Mastering қолдайтын құрылғы шинаны
қамтиды жəне басты болады. Бұл жағдайда орталық процессор
деректерді тасымалдау жүріп жатқанда басқа тапсырмаларды шешу
үшін босайды. Аналық тақталарда РСІ шинасының тактілік жиілігі
жүйелік шинаның тактілік жиілігінің жартысы есебінде есептеледі,
яғни жүйелік шинаның 66 МГц тактілік жиілігі кезінде РСІ шинасы 33
МГц жиілікте жұмыс істейтін болады. PCI шинасы енгізу-шығару
шиналары арасында нақты стандарт болып қалды. 2.8 суретте РСІ
шинасының архитектурасы көрсетілген.
PCI Express өзінің кодтық атауын алды 3GIO (ағылшын тілінен 3-d
Generation I/O) — РСІ шинасы бағдарламалық үлгісінің негізінде
өнімділік физикалық хаттамасымен қамтамасыз етілетін деректерді
тізбекті тасымалдауын қолданатын компьютерлік шина. Өнімділікті
арттыруға тырысқан кезде деректерді параллель пайдалану оның
физикалық кеңейтуін білдіретіндігіне байланысты деректерді тізбекті
тасымалдау масштабтау (1х, 2х, 4х, 8х, 16х жəне 32х) қабілетіне ие,
яғни ол жасап шығару кезінде біршама басымырақ.
AGP шинасы — тек видеожүйе қажеттіліктеріне арналған
тезəрекетті жергілікті енгізу-шығару шинасы. Ол видеоадаптерді (3D-
акселератор) ДК жүйелік жадысымен байланыстырады. AGP шинасы
РСІ шинасы архитектурасының негізінде жасап шығарылған,
сондықтан ол 32-разрядты болып табылады. Бірақ жоғары тактілік
жиіліктерді пайдалану есебінен оның өткізгіштік қабілеттерін
арттырудың қосымша мүмкіндіктері бар. Егер PCI теориялық
өткізгіштік қабілетін қамтамасыз ететін 33х32 = 1 056 Мбит/с = 132
Мбайт/с стандарт нұсқада PCI 32-разрядты шинасы 33 МГц тактілік
жиілікке ие болса, онда AGP шинасы 66 МГц сигналмен тактіленеді,
сондықтан оның өткізгіштік қабілеті 1x режимде 66х32 = 264 Мбайт/с;
2x режимде эквиваленттік тактілік жиілік 132 Мгц, ал өткізгіштік
қабілет — 528 Мбайт/с; 4x режимде – өткізгіштік қабілет шамамен 1
Гбайт/с құрайды.
USB шинасы перифериялық құрылғыларды ДК корпусынан тыс
жалғау үшін Compaq, DEC, IBM, Intel, Microsoft компьютерлік жəне
телекоммуникациялық өнеркəсіп көшбасшыларымен жасалған.
USB
техникалық
сипаттамалары
алмасудың
əр
түрлі
жылдамдықтары бар құрылғылардың қосылу мүмкіндігін жобалайды.
42
Достарыңызбен бөлісу: |