Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет71/107
Дата14.11.2018
өлшемі7,08 Mb.
#20212
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   107

ISIS-драйвері бар сканер пайдаланушысы алынған аппарат берілген 
стандартты  есепке  алумен  жасалған  операциялық  жүйелердің 
барлық қосымшаларымен үйлесімді екендігіне сенімді бола алады. 
 
6.3.6.  Сканерлердің сипаттамалары 
 
Сканердің  типі  мен  моделін  таңдау  кезінде  келесі  негізгі 
сипаттамаларды ескеру керек. 
Айыру  қабілеті  айырып  танылатын  нүктелердің  орналасу 
тығыздығымен анықталады жəне дюймге нүктелермен білдіріледі (dpi 
— dot per inch). Сканерлердің айыру қабілетінің екі параметрі болады: 
оптикалық жəне бағдарламалық ажыратымдылығы. 
Оптикалық  ажыратымдылық  —  бірінші  сканерлеу  көрсеткіші. 
Бағдарламалық  əдістермен  болашақта  ажыратымдылығын  көбейтуге 
болады.  Мысалы,  сканердің  оптикалық-аппаратты ажыратымдылығы - 
до  6  400  х  9  600  dpi  дейін,  мұндағы  6  400  dpi  —  көлденеңінен 
сканерлеудің ажыратымдылығы, ол сканер матрицасында жарықсезгіш 
элементтердің  орналасу  тығыздығымен  байланысты,  ал  9  600  dpi  — 
сканерлеудің 
вертикал 
ажыратымдылығы, 
ол 
сканерлеудің  
нəтижелерін  өңдеу  жəне  күймеше  қозғалысының  нақтылығына 
байланысты. Бірінші цифрына бейімделу керек,  себебі бұл дұрысында 
планшетті  сканердің  нақты  («оптикалық»)  ажыратымдылығы. 
Интерполяциялық  ажыратымдылық  12  800  х  12  800  dpi  —  бұл 
сканерленген  түпнұсқаны  оны  төрт  есе  үлкейту  жолымен 
бағдарламалық  өңдеу  нəтижесінде  алынған  ажыратымдылық  (ені 
бойынша – екіс есе жəне ұзындығы бойынша – екі есе). 
Сканерлеу облысы  — берілген сканер үшін түпнұсқаның ең үлкен 
өлшемі. 
Сканерлеу әдісі түрлі-түсті сканерлерде ақпаратты оқып алудың бір 
немесе үш өтпелі əдісін анықтайды. 
Сканерлеу  жылдамдығы  —  сканердің  ең  көп  оптикалық 
ажыратымдылығымен  бір  минутта  сканерленетін  ақ-қара  түсті 
түпнұсқаның беттер саны. 
Бұл  сипаттаманың  маңызды  мəні  болмайды,  себебі  компьютердің 
тез  əрекеттігіне,  оның  оперативті  жадысының  көлеміне,  аппараттық 
интерфейске  жəне  т.б.  байланысты  болады.  Сондықтан  сканердің 
тезəрекеттігін  тек  қана  нақты  жұмыс  орны  үшін  бағлауға  болады. 
Кейде  бұл  параметр  сканер  сипаттамасында  сызыққа  миллисекндпен 
көрсетіледі. 
Сканер разрядтылығы битпен өлшенеді жəне кескіннің ір нүктесі, 
сонымен қатар сканер айырып тани алатын түстер санын цифрлау үшін 
қажетті ақпарат мөлшерін анықтайды. 
 
228 


24 бит 16,7 млн түске, 30 бит — миллиардқа, ал 48 бит — жүздеген 
триллионға сəйкес келеді. Әдеттегідей, адам көзі 16-битті түсті 24- 
биттіктен айыра тани алмайды. 
Ресей нарығында Hewlett-Packard, Mustek Paragon, Epson, Canon, 
Avision, Kodak, Fujitsu сияқты өндірушілердің сканерлері сұранысқа 
ие. 
 
 
6.4. 
ЦИФРЛЫҚ КАМЕРАЛАР 
 
 
Цифрлық  камера  —  фото-  немес  бейнетүсірілімге  арналған 
құрылғы,  мұнда  кескін  матрицалар  жүйесіне  тіркеледі  жəне 
цифрлық түрде сақталады. 
Цифрлық  фотокамерада  жарық  өткізбейтін  корпуста  матрица, 
объектив,  ысырма,  көрсеткіш  тетік,  процессор,  жады  картасы 
болады. 
Матрица,  немесе  жарықсезгіш  матрица,  —  жарықсезгіш 
элементтерден  –  фотодиодтарынан  тұратын  мамандандырылған 
аналогты  немесе  цифраналогты  интералдық  микросхема.  Ол 
проекцияланған  оптикалық  кескінді  аналогты  электр  сигналына 
немесе  тікелей  матрица  құрамында  АЦТ  болған  кезде  цифрлық 
деректер  ағынына  түрлендіру  үшін  арналған.  Матрица  –  цифрлық 
фотокамераның, 
бейнекамераның, 
ұялы 
телефондарға, 
смартфондарға,  планшеттерге  кіріктірілген  фотокамералардың, 
сонымен  қатар  бейнебақылау  жүйесінің  камералары  мен  басқа 
көптеген  құрылғылардың  негізгі  элементі.  Матрица  сонымен  қатар 
компьютерлік  тінтуірлер,  штрихкод  сканерлері,  планшетті  жəне 
проекциялық  сканерлер,  астро-  жəне  күн  навигация  жүйелерін 
ауыстырудың оптикалық детекторларында қолданылады. 
Қолданылатын  технологияға  байланысты  цифрлық  камера 
матрицалары келесі түрлерге бөлінеді. 
ЗБА-м  а  т  р  иц  а  (CCD-матрица  —  Charge-Coupled  Device) 
кремний  төсемінен  бөлінген  поликремнийден  тұрады,  мұнда 
поликремнийлі  ысырмалар  арқылы  кернеуді  берген  кезде 
электродтар  қасындағы  электр  потенциалдары  өзгереді.  ЗБА- 
матрица  мен  6.3.2-бөлімде  қарастырылған  ЗБА-сызғыштың  əрекет 
ету принципі ұқсас. 
К М О П-м а т р иц а (complementary metal-oxide-semiconductor 
— CMOS) — КМОП-технология негізінде орындалған жарықсезгіш 
матрица. 
 
229 


КМОП-матрицаның  негізгі  артықшылықтар  қатарына  келесілер 
кіреді: 
■ 
Статикалық  жағдайда  төмен  энергия  тұтыну,  ол  мұндай 
матрицаларды  энергиядан  тəуелсіз  құрылғылар  құрамында 
пайдалануға мүмкіндік береді, мысалы қозғалыс датчиктері мен 
бақылау жүйелерінде;
 
■ 
Аппаратураның  қалған  цифрлық элементтерімен  технологияның 
біртұтастығы,  ол  аналогты  жəне  цифрлық  бөліктің  бір 
кристалында біріктіру мүмкіндігін береді;
 
■ 
Еркін  қатынаулы  механизмнің  болуы,  оның  көмегімен 
пиксельдердің таңдалған топтарының оқуын орындауға болады. 
Берілген операция кадрленген оқу атауын алды (ағыл. windowing 
readout).  Кадрлеу  басып  алынған  кескіннің  өлшемін  азайтуға 
жəне  ЗБА-сенсорларымен  салыстырғанда  оқу  жылдамдығын 
потенциалды  көбейтуге  мүмкіндік  береді,  себебі  соңғыларында 
ары қарай өңдеу үшін барлық ақпаратты түсіру керек.
 
Live-MOS-матрица 
— 
МОП-технологиясы 
бойынша 
тұрғызылған  жарықсезгіш  матрица,  оның  техникалық  жəне 
топологиялық шешімдерінің қатарының арқасында кескінді 
«жанды» қарау мүмкіндігі болады. 
Құрылмалық 
орындалуға 
байланысты 
келесі 
цифрлық 
камераларды  ажыратады:  артқы  жаймасымен;  үшкадрлы;  бір 
матрицалы біркадрлы; үш матрицалы біркадрлы. 
Артқы  жаймасы  бар  камералардың  əрекет  ету  принципі  6.14- 
суретте  көрсетілген.  ЗБА-сызғыш  түрінде  кескін  фотоқабылдауыш 
камераның фокалды кеңістігінде кескінді жол бойы тіркеп, вертикал 
бойынша  орын  ауыстырады.  Мұндай  типті  камералар  барынша 
инерциялы,  оларды  қозғалатын  обьектілерді  тіркеу  үшін 
пайдалануға 
мүмкіндік 
бермейді, 
алайда 
олар 
жоғары 
ажыратымдылыққа ие жəне кəсіби аппаратураларда қолданылады. 
Үшкадрлы  камераларда  фотоқабылдағыш  ретінде  ЗБА- 
матрицасы  қолданылады.  Түрлі-түсті  кескінді  тіркеу  үшін  үш 
экспозицияны  орындайды,  əр  кезде  кескінді  бөлек  жарықсүзгіші 
арқылы  тіркейді  (қызыл,  жасыл,  көк).  Мұндай  камералар  артқы 
жаймасы  камераларға  қарағанда  аз  ажыратымдылық  береді,  бірақ 
экспозиция  жарқыл  пайдалануға  жеткілікті  жылдамдықпен 
жасалады. 
Бір  матрицасы  бар  бір  кадрлы  камерада  түс  туралы  ақпаратты 
тіркеу  ЗБА-матрицаның  бетіне  RGB-элементтерден  тұратын 
түсірілген қабықшалы сүзгі арқылы жасалады. 
 
 
 
230 


жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау