түрлі геометриялық параметрлердің өлшеуін орындауға (қашықтық,
бұрыштар, диаметрлер жəне т.б.), сонымен қатар қималар мен
қиықтарды тұрғызуға болады.
Келесі кезең векторлық модельдерді тұрғызу болып табылады.
Бұған не «бұлт» нүктелерінде шыңдарымен үшбұрыш тұрғызу əдісімен
«триангуляциялы немесе полигоналды модель), не примитивтер
жиынтығын пайдаланумен (нүкте, вектор, жазықтық, цилиндр, шар
жəне т.б.) қол жеткізуге болады. Берілген жағдайда «нүктелер бұлты»
дұрыс геометриялық денелерден тұратын векторлы модельге
көшіріледі.
Алынған деректер ары қарай қолдану үшін
AutoCad, ArcView,
MicroStation жəне басқалары секілді бағдарламалық пакеттерге
экспортталады. Бұдан басқа, талдау мүмкіндігі болады – олардың
келіспеушілігін берумен, түрлі уақытта алынған сол
бір объекттің
«нүктелер бұлттарын» біріне бірін салу. Осылайша, ғимараттар,
құрылыстар, көшкін учаскенің деформация мониторингі бойынша
жұмыстар жүргізуге, құрылымдардың жылулық кеңейтілуін анықтауға
болады.
Әдетте сканер штативке орнатылады жəне түсірілетін объектке
бағытталады. Оператор сканерді бағдарламалау үшін, сканерлеу
аймағын анықтау жəне сканерлеуді іске қосу үшін КПК қолданады.
Оның сканермен байланысы Wi-Fi-порт немесе кабель арқылы жүзеге
асырылады. Сканерлеудің барлық деректері сканер слотына
орнатылатын жады картасына жазылады.
Лазерлі 3D-сканерлеу лазерлі технологиялардың көмегімен беттің
сканерлеу немесе өлшеудің жалпы əдісін сипаттайды.
Құрылыста лазерлі 3D-сканер қолданыстағы көпірлердің, өнеркəсіп
мекемесінің, монументтің орындау сызбаларын дайындау үшін; тарихи
ескерткіштерді, туристік объектілерді құжаттандыру үшін; автомобиль
жолдарын қайта құру үшін қолданылады.
Өнеркəсіпте 3D-сканерлердің көмегімен күрделі пішінді өндірістің
жоғары дəлдікті обьектілердің сапасының бақылауын, жабдықтаудың
бөлек элементтерінің тозуын бағалауын, шахталарда жер қойнауының
сканерлеуін жүргізеді.
Медицинада
3D-сканерлер
CAD/CAM-технологияларын
пайдаланумен
протездер
мен
имплантаттарды
жасау
үшін
стоматология мен ортопедияда белсенді қолданылады.
Ойын-сауық индустриясында 3D-сканерлер кинематограф пен
бейнеойындарда цифрлық 3D-модельдерін жасау үшін белсенді
қолданылады. Егер жасалатын модельдің шынайы өмірмен ұқсастығы
болса, онда 3D-модельдеу арқылы осы модельді жасауға қарағанда, үш
өлшемдік моделін жасау тезірек болады.
226