Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет12/107
Дата14.11.2018
өлшемі7,08 Mb.
#20212
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   107

АТХ  жүйелік  тақталарының  мынадай  модификациялары  жасап 
шығарылған: Mini- ATX, Micro АТХ, Flex ATX. 
1997 жылы Intel корпорациясымен жаңа NLX стандарты ұсынылды, 
ол  АТХ  стандартының  содан  кейінгі  дамуы  болды.  NLX  стандартына 
сəйкес  ДК-де  ризер-карта  орнатылады,  оның  стандарт  слоттары  PCI 
жəне  ISA  болады,  оларға  барлық  қажетті  кеңейту  карталары 
орнатылады.    Ризер-картаның    негізгі    айырмашылығы    ол    аналық 
тақта  NLX  Riser  Connector  деп  аталатын  арнайы  слотқа 
орнатылатындығында.  Бұл  жалғағышта  тек  ақпараттық  шина  ғана  
емес,  сонымен  бірге  қорек  шинасы  болады.  Сонымен  орнатылып 
болған  соң  жүйелік  тақта  автоматты  түрде  қорек  шинасына  қосылған 
болады.  Ризер-картада  ертеректе  жүйелік  тақтада  орналасқан  əр  түрлі 
жалғағыштар  орналасады  —  IDE,  FDD,  USB,  қоректену  блогының 
жəне т.б. 
 
 
 
2.6 
-сурет. Элементтердің ВТХ спецификациясына сəйкес жүйелік тақтада 
орналасуы 
36 


1998  ж.  Intel  компаниясымен  жоғары  өнімділікті  жұмыс 
станциялары 
мен 
серверлері 
үшін 
WTX 
формфакторы 
компьютерінің стандарты жасап шығарылды. 
2004  ж.  Intel  корпорациясы  жаңа  жоғары  өнімділікті 
процессорлар  үшін  АТХ  стандартының  дамуы  болып  табылатын 
BTX  спецификациясын  жариялады.  Спецификацияны  жасағанда 
суыту  жүйесін  жетілдіру,  жүйелік  тақтаның  механикалық 
төзімділігін 
арттыру, 
жүйелік 
тақтаға 
енгізу-шығару 
интерфейстерін  қосу  тəсілдерін  стандарттау  тапсырмалары 
қойылды. 
2.6  суретте  жүйелік  тақтада  ВТХ  спецификациясына  сəйкес 
элементтердің орналасуы көрсетілген. 
 
2.5. 
ДК ШИНАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН 
СТАНДАРТТАРЫ 
Шина  (Bus)  деп  желілер  жиынтығы  (аналық  тақтадағы 
өткізгіштер)  аталады,  олар  арқылы  ДК  компоненттері  мен 
құрылғылары  ақпарат  алмасады.  Шина  екі  немесе  одан  көп 
құрылғылар  арасында  ақпарат  алмасу  үшін  арналған.  Тек  екі 
құрылғыны байланыстыратын шина  порт  деп аталады. 2.7 суретте 
шина құрылымы көрсетілген. 
Шинада  сыртқы  құрылғыларды  қосуға  арналған  орындар  – 
слоттар болады, олар нəтижесінде шинаның бөлігіне айналады жəне 
оған қосылған басқа да құрылғылармен ақпарат алмасады. 
ДК  шиналар  өзінің  функционалдық  арналуы  бойынша 
ерекшеленеді: 
■ 
жү й е л і к ши н  а (немесе CPU шина) ақпаратты CPU-ға жəне 
кері тасымалдау үшін Cipset микросхемаларымен қолданылады; 
■ 
кэ ш - ж а д ы ши на с ы CPU мен кэш-жады арасында ақпарат 
алмасуға арналған; 
■ 
ж ад ы  ши на с ы  RAM жəне CPU жедел жады арасында 
ақпарат алмасу үшін пайдаланылады; 
■ 
ақ п ар ат т ы  ен г і зу - ш ыға р у  ши н  ал а р ы  стандартты 
жəне жергілікті деп бөлінеді. 
Енгізу-шығару  жергілікті  шинасы  —  ол  CPU  басқаруымен 
тезəрекетті  перифериялық  құрылғылар  (видеоадаптерлер,  желілік 
карталар,  сканер  карталары жəне  т.б.)  мен  жүйелік  шина арасында 
ақпарат  алмасу  үшін  қолданылатын  жылдамдықты  шина.  Қазіргі 
уақытта жергілікті шина ретінде РСІ шинасы қолданылады. 
 
 
37 


 
 
2.7 
-сурет. Шина құрылымы
 
 
Видеодеректерді  енгізу-шығаруын  жеделдету  жəне  үшөлшемді 
кескіндерді  өңдеу  кезінде  ДК  өнімділігін  арттыру  үшін  Intel 
компаниясы AGP (Accelerated Graphics Port) шина жасап шығарды
Енгізу-шығару  стандартты  шинасы  алдында  аталған  шиналарға 
біршама  баяу  құрылғыларды  (мысалы,  тінтуір,  пернетақта,  модем,  ескі 
дыбыстық  карталар)  қосу  үшін  қолданылады.  Осы  уақытқа  дейін  осы 
шина  ретінде  ISA  стандарттағы  шина  қолданылды.  Қазіргі  уақытта  – 
USB шина қолданылады. 
Шинаның өздік архитектурасы болады, ол оның жеке қасиеттерін – 
шектеусіз  құрылғылар  санын  параллель  жалғауды  жəне  олардың 
арасында  өзара  ақпарат  алмасуды  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  жасайды. 
Кез келген шина архитектурасының мынадай компоненттері болады: 
■ 
деректер алмасу желілері (деректер шинасы); 
■ 
деректерді адресациялау үшін желілер (адрес шинасы); 
■ 
деректерді басқару желілері (басқару шинасы); 
■ 
шина контроллері. 
 
38 


Шина  контроллері  деректермен  жəне  қызметтік  сигналдармен 
алмасу процесін басқаруды іске асырады жəне əдетте жеке микросхема 
түрінде  немесе  үйлесімді  микросхемалар  жинағы  -  Chipset  түрінде 
орындалады. 
Деректер  шинасы  CPU,  слоттарға  орнатылған  кеңейту  карталары, 
RAM  жадысы  арасында  деректермен  алмасуды  қамтамасыз  етеді. 
Шинаның разрядтылығы жоғары болған сайын, бір такт ішінде көбірек 
деректер  беріле  алады  жəне  ДК  өнімділігі  соғұрлым  жоғары  болады. 
80286 процессоры  бар  компьютерлерде  16-разрядтық  деректер  шинасы 
болса, CPU 80386 жəне 80486 — 32-разрядты болса, онда CPU Pentium 
семьялық компьютерлерде — 64-разрядты деректер шинасы болады. 
Адрес шинасы CPU деректермен алмасуды жүргізетін ДК қандай бір 
құрылғысына адресті көрсету үшін қызмет етеді. ДК əрбір компоненті, 
əрбір  енгізу-шығару  регистрі  жəне  RAM  ұяшығының  өзінің  адресі 
болады  жəне  ДК  ортақ  адрестік  кеңістігіне  кіреді.  Адрес  шинасы 
бойынша 
деректерді 
жіберушінің 
жəне 
(немесе) 
алушының 
сəйкестендіру коды (адрес) беріледі. 
Деректермен  алмасуды  жеделдету  үшін  деректерді  аралық  сақтау 
құрылғысы  –  жедел  жады  –  RAM  қолданылады.  Шешуші  рольді  онда 
уақытша сақталатын деректер көлемі ойнайды. 
Көлем  адрестік  шинаның  разрядтылығына  (желілер  санына) 
байланысты  болады  жəне  сонымен  адрестік  шинада  процессормен 
өндірілетін  ең  көп  мүмкін  сан  адрестеріне,  яғни  адрес  берілетін  RAM 
ұяшықтарының  санына  байланысты  болады.    RAM    ұяшықтарының 
саны 2
п
 аспауы керекмұнда п — адрестік шинаның разрядтылығы. Кері 
жағдайда  ұяшықтардың  бөлігі  пайдаланылмайтын  болады,  себебі 
процессор оларға адрестеле алмайды. 
Есептеу  екілік  жүйесінде  ең  көп  адрестелетін  жады  көлемі  2
п
  тең, 
мұнда п — адрес шинасының желі саны. 
Егер  8088  процессоры,  мысалы,  20  адрестік  желісі  болғанда  жəне 
сонымен 1 Мбайт (2
20
 = = 1 048 576 байт = 1 024 кбайт) көлем жадыны 
адрестесе, онда 80286 процессоры бар ДК адрестік шина разрядтылығы 
24  битке  дейін,  80486,  Pentium,  Pentium  MMX  жəне  Pentium  IV 
процессорларында  32-разрядты  адрес  шинасы  артқан  болады,  оның 
көмегімен  4  Гбайт  жадыны  адрестеуге  болады.  АМД  жəне  Intel 
микропроцессорлары (ЕМ64Т технологиясымен) жадының 64-разрядты 
адрестелуін сүйемелдейді. 
Басқару  шиналары  бірқатар  қызметтік  сигналдарын  береді: 
жазбаларды  оқып  алу,  деректерді  қабылдау-тапсыруға  дайындық, 
деректерді  қабылдауды  растау,  аппараттық  үзу,  басқару  жəне  басқасы, 
деректерді тапсыруды қамтамасыз ету үшін. 
 
39 


жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау