Сонымен қатар мультимедиялық ДК үй кинотеатрының дыбыстық
жүйесінде; ойындар мен DVD-фильмдер көруге қолданылуы мүмкін;
видеомагнитофонның бейнелерін санға аудару үшін видеосигнал көзі
ретінде; ДК-де видеосюжетті тізбекті жаңғырту жəне редакциялау үшін
қолданылуы мүмкін.
ДК санаттары ішінен əрбірі тиісті спецификацияда орнатылған
дербес компьютердің базалық сипаттамалар жинағына сəйкес болуы
керек.
2.4.
ЖҮЙЕЛІК ТАҚТАЛАР
Жүйелік тақта (Motherboard) — əрбір ДК-дің негізгі
компоненті. Басты (Mainboard), немесе жүйелік тақта деп аталады. Ол
ішкі байланыстарды басқаратын жəне сыртқы құрылғылармен өзара
əрекеттесетін тəуелсіз элемент. Жүйелік тақта компьютердің толықтай
өнімділігіне əсер етуші ДК ішіндегі негізгі элемент болып табылады.
Конструктивті түрде жүйелік тақта ДК ішінде барлық негізгі
элементтері, қосу желілері мен сыртқы құрылғыларды қосуға арналған
жалғағыштары орналасқан басты тақтасы болып табылады.
Орнатылған жүйелік тақтаның типі жүйенің жалпы өнімділігін,
сондай-ақ ДК жаңарту мүмкіндіктері мен қосымша құрылғыларды
қосуын анықтайды.
Жүйелік
тақталарды
өндіруші
фирмалар
арасында
ең
танымалылары American Megatrends Inc. (AMI), Asus, Acorp, Abit,
GigaByte, Intel, Chaintech, Epox, A-Open, Microstar, Soltek болып
табылады.
2.4 суретте типтік жүйелік тақта құрылымы көрсетілген:
■
арнайы жалғағышта орналастырылатын желдеткіші бар радиатор
орналасатын процессор;
■
СР^ орталық процессорының картриджі тақтасына орнатылатын
екінші деңгейдегі (сыртқы) кэш-жады микросхемалары;
■
оперативті жады модульдерін орнатуға арналған слоттар;
■
кеңейту карталарын орнатуға арналған жалғағыштар (слоттар). PC
2001 спецификациясына сəйкес жүйелік тақталар AGP слотымен
жабдықталған. Слоттардың болуы жəне оларға кез келген кеңейту
карталарын (видеоадаптер, дыбыстық карта, модем, АСТ карталар
жəне т.б.) орналастыру мүмкіндігі ДК ашық архитектурасын
анықтайды;
32
2.4
-сурет. Типтік аналық тақта құрылымы
■
қайта бағдарламаланатын жады микросхемасы (EEPROM), онда
бағдарламалар, POST, операциялық жүйені жүктеу бағдарламасы,
құрылғылар драйверлері, бастапқы орнатылымдар (CMOS Setup)
сақталады. Микросхема BIOS ретінде белгіленген (сур. 2.4);
■
ДК барлық компоненттері арасында деректер алмасуды басқару үшін
жоғары интеграция дəрежесінің микросхемалар жинағы (Chipset);
■
НDD, FDD, CD-ROM тасымалдағыштарын қосуға арналған
жалғағыштар, перифериялық құрылғыларды (тінтуір, модем жəне т.б.)
қосуға арналған тізбекті порттар, принтерді, кейбір типті сканерлерді
қосуға арналған параллель порттар;
■
СМОS
жадысының
микросхемасын
қоректендіруге
арналған
аккумуляторлық батарея, онда ағымдағы BIOS (СМOS Setup) жəне
электрондық таймердің (жүйелік сағаттың) баптаулар сақталады.
Жүйелік тақтаның барлық компоненттері ақпарат алмасу жүретін бір-
бірімен өткізгіштер жүйесімен өзара байланысты.
33
Желілердің осы жиынтығын ақпараттық шина, немесе жай шина (Bus)
деп атайды.
ДК əр түрлі шиналарға қосылған компоненттері мен құрылғылары
арасындағы өзара əрекеттесуі Chipset микросхемаларының бірінде іске
асырылған көпірлер көмегімен жүзеге асырылады. Мысалы, ISA жəне PCI
шинаны қосуға арналған көпір 82371АВ микросхемасында жүзеге
асырылған (2.4 суретті қараңыз).
Жүйелік тақтаның өлшемдері, тақтаны корпус түбімен қосатын оның
ішіндегі саңылаулар стандартталған. Жүйелік тақталардың негізгі типтік
өлшемдері 2.1 кестеде берілген.
Кесте 2.1. Әр түрлі стандартты аналық тақталардың негізгі типтік
өлшемдері
Белгіленуі
Өлшемі, см
Ескертпе
Baby-AT
33,0 x 22,5
Ескірген
Half Size
24,4 x 21,8
386 жəне 486 CPU бар ДК арналған мини-тақта;
Slimline корпусы үшін жарамды
LPX
33,0 x 22,9
Кішірейтілген биіктіктегі корпустарға жəне
Slimline арналған
Mini-T.PX
26,4 x 20,1
Кішірейтілген биіктіктегі корпустарға жəне
Slimline арналған
ATX
30,5 x 24,4
АТХ корпустарына арналған
Mini-ATX
28,4 x 20,8
Кішірейтілген биіктіктегі АТХ корпустарына
арналған
MicroATX
24,4 x 24,4
Кішірейтілген биіктіктегі АТХ корпустарына
арналған
Flex-ATX
22,9 x 19,1
Шағын корпустар
NLX
34,5 x 22,9
Кішірейтілген биіктіктегі корпустарға жəне
Slimline арналған
Mini-NLX
25,4 x 20,3
Кішірейтілген биіктіктегі корпустарға жəне
Slimline арналған
WTX
35,5 x 42,545
Жоғары өнімді жұмыс станциялары жəне орта
деңгей серверлері
BTX
35,2 x 26,7
Үстелдік ДК корпустарына арналған
MicroBTX
26,7 x 26,4
—
PicoBTX
26,7 x 20,3
—
34
Жүйелік тақтаны таңдаған кезде оның өлшемдерін ДК корпусының
типімен келісіп алу керек, ал оны орнату кезінде қысқа тұйықталу
болмас үшін корпустың түбімен жəне жақтық металл панельмен
жанасуды болдырмау керек.
Ж ү й е л ік ж ү й е ні ң ф орм ф а к т ор ы — ондағы негізгі
микросхемалардың, слоттардың орналасуының ортақ стратегиясы,
оның формасы мен өлшемі.
1995 ж. Intel корпорациясы жүйелік тақта мен ДК корпусы үшін
АТХ спецификациясын ұсынды.
2.5 суретте ATX 2.1 спецификациясына сəйкес ДК негізгі
элементтерінің орналасуы көрсетілген. Осы АТХ спецификациясы
нұсқасының ерекшелігі болып қоректену блогы жүйелік тақта артына
шығарылуы табылады, ол процессордың суыту жүйесінің үлкен
өлшеміне байланысты.
АТХ жүйелік тақтасының барлық артықшылықтары ол тиісті
корпусқа орналастырылғанда көрінеді.
2.5
-сурет. Негізгі элементтерінің жүйелік тақтада жəне АТХ формфакторының ДК
корпусында орналасуы
35
Достарыңызбен бөлісу: |