Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет



жүктеу 457,37 Kb.
Pdf просмотр
бет41/77
Дата11.06.2022
өлшемі457,37 Kb.
#38900
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   77
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

отыр, 
тұр, жатыр, жүр
қалып етістіктерінің көмекші етістік қызметінде 
негізгі етістіктердің қандай формаларымен тіркесетіндігіне 
тоқталады. Соның негізінде қалып етістіктері арқылы жасалған 
етістіктің осы шақ категориясының мынадай түрлерін бөліп көрсетеді: 
1) Əмбебап осы шақ (настоящее универсальное). Форматив – 
жа-
тыр
көмекші етістігі; 2) Созылыңқы-үзіліссіз емес осы шақ (на-
стоящее длительно-не-непрерывное). Форматив – 
жүр;
3) Үзіліссіз-
созылыңқы-нақ осы шақ (настящее непрерывно-длительно-данное). 
Форматив – 
тұр; 
4) Белсенді-нақ осы шақ (настоящее активно-
данное). Форматив – 
отыр.
Зерттеуші аналитикалық форма, формант 
ұғымдарын қолданбағанымен, аналитикалық форма құрамындағы 
көмекші етістіктерді 
форматив 
деп атайды. Ғалымның бұл 
тұжырымы қазақ тіл білімінде одан əрі Н. Сауранбаев, Ы. Маманов, 
Т. Қордабаев, А. Əбілқаев, А. Ысқақов, С. Омарбеков, Ж. Болатовтың 
зерттеулерінде дамытылды. Бұл зерттеушілер аналитикалық форма 
мəселесін арнайы қарастырмаса да, бұл мəселені күрделі етістіктерге 
қатысты ғылыми тұжырымдармен түсіндіреді. Мəселен, профессор 
Н. Сауранбаев «Күрделі етістікке енген дара етістіктердің мағына 


91
жағынан барлығы бірдей тең болмайды. Бұлардың біреулері негізгі 
болады да, қалғаны көмекші болады. Сөйтіп, ылғи етістіктерден 
құралған күрделі етістіктер бір-бірімен көсемшелер арқылы бай-
ланысады» деп, етістіктің аналитикалық формаларын көсемшемен 
байланыстырғанымен, олардың күрделі етістіктерден аражігін 
ажыратпай, солардың қатарында қарастырады. Мысалы: 
сатып ал, 
келе жатыр, айта бер, өлең айт, көңіл көтер, күліп жіберді, күліп 
жібере жаздады,
т.б. 
Етістіктің аналитикалық формалары Ы. Маманов, А. Əбілқаев-
тың еңбектерінде де күрделі етістіктер құрамындағы көмекші 
етістіктерге қатысты қарастырылады. Ғалым Ы. Маманов «Күрделі 
етістіктің құрамындағы алдыңғы көсемше түріндегі сыңары 
лексикалық мағынаға ие болады да, соңғы сыңары – көмекші етістік 
оған грамматикалық мағына үстейді жəне етістіктің басқа форма-
ларымен түрленетін конструктивтік қызмет атқарады» деп, бұл 
мəселені көмекші етістіктердің қызметі тұрғысынан түсіндірсе, 
ғалым А. Əбілқаев «де» көмекші етістігінің мағынасы мен қызметін 
талдауда осы етістік арқылы жасалған бірқатар грамматикалық фор-
маларды бөліп көрсетеді. Мысалы: 
-йын/йін деп отыр, -йын/йін деп 
жатыр, -деп жүр, -деп қалды, -деп барады,-деп келді,
т.б. 
Аналитикалық етістіктер туралы ғалым А. Ысқақов та маңызды 
тұжырымдар жасайды. Ғалымның пайымдауынша, егер тіркестегі 
компоненттердің біреуі ғана негізгі мағынасын сақтап, өзгелері 
өз лексикалық мағыналарын я солғындатып, я жоғалтып, тек 
көмекші болып, грамматикалық қызмет атқарса, ол 
сараламалы 
(аналитикалық) етістік
немесе 
күрделі етістіктің саралама-
лы түрі
деп танылады. Алдыңғы пікірлерден ерекшелігі: ғалым 
етістіктің аналитикалық формаларын 
(айтып жібер, келе қой,
т.б.) 
күрделі етістіктердің жай күрделі тіркес (
алып бар, алып қайт, кіріп 
шық, оқып бер, алып кет, 
т.б.), суреттемелі етістік (
бала едім, жас 
екен, берсе игі еді, 
т.б.), құранды етістік 
(жəрдем ет, көмек қыл
т.б.) 
тəрізді топтарынан бөліп көрсетіп, күрделі етістіктің сараламалы 
немесе аналитикалық түрі деп атайды. Бұл топтастыруда күрделі 
етістіктердің барлық түрі (мысалы, 
барған жоқ, айтқан жоқ, баруға 

жүктеу 457,37 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау