3.2. – сурет Компьютердің жалпы шинамен құрылымдық сызбасы:
АЛҚ— арифметико-логикалық құрылғы; БҚ — басқару құрылғысы; ЖЖ — жедел жады;СҚ — сыртқы құрылғы; ҚМДЖ — қатты
магниттік дискілердегі жинақтауыштар; ИМДЖ — иілгіш магниттік дискілердегі жинақтауыштар; БҚ — басу құрылғылары; Bios — енгізу
шығарудың базалық жүйесі.
46
Барлық құрылғылар нөмірленген. Сыртқы құрылғыны қолдану
қажет болғанда шинаға оның нөмірі жіберіледі.
Әрбір
сыртқы
құрылғы
сигналдарды
қабылдайтын
–
бақылаушылармен
жабдықталған.
Бақылаушылар
телефон
аппаратының рөлін атқарады – ол процессордан сигналды қабылдап,
оны дешифрлейді.
Процессор команда береді, бірақ оның қалай орындалуы оған
əсер етпейді, себебі, бұған тиісті сыртқы құрылғының бақылаушысы
жауапты. Сондықтан, тиісті бақылаушы болғанда, сыртқы
құрылғыларды басқа құрылғылармен алмастыруға болады.
Компьютерде бірнеше процессорлардың болуы, берілгендер мен
командалардың
көп
ағымдарын
қатарынан
ұйымдастыруға
болатындығын білдіреді. Процессорды əр түрлі құрылғыларға -
станоктар мен роботтарға қосуға болады жəне бұл құрылғылармен
басқаруды автоматтандыруға болады.
Есептеуіш машиналар буындарының тез ауысуы кезінде
ақпаратты сақтау мен өңдеудің жалпы прициптері жəне
компьютермен жұмысты басқару принциптері айтарлықтай өзгерген
жоқ.
IBM PC компьютерлерінің нұсқасы компьютерлердің CISC-
архитектурасы деп аталатын түріне жатады (CISC — Complete
Instruction Set Computer — командалардың толық жиынтығы бар
компьютер. Apple Macintosh компьютерлері RISC-архитектурасына
жатады (RISC — Reduce Instruction Set Computer — қысқартылған
командалар жүйесі бар компьютер)
Қазіргі дербес компьютерлердің архитектурасының негізіне
магистральдық – модульдік құру принципі салынған.
Дербес компьютер кəдімгі конструкторды еске түсіреді. Барлық
құрылғыларды (мониторды, дискілерді, принтерді, модемді жəне
т.б.) басқаратын сызбалар, жүйелік тақшаның стандартты
қосқыштары - слоттарға енгізілетін бөлек тақшаларда жүзеге
асырылған. Бүкіл компьютер бір қуат блогымен жұмыс істейді. Бұл
принцип басқа да артықшылықтармен қатар, дербес компьютерлерге
деген үлкен сұранысты қамтамасыз ететін принцип - ашық
архитектура принципі деп аталады.
Компьютер көптеген біртипті компоненттерден тұрғандықтан,
тіпті ең бірінші релелік ЭЕМ – да құрастырудың модульдік принципі
жүзеге асырыла бастады. Бұл өз кезегінде, типтік модульдердің
жəне
типтік
модульдерден
көп
мөлшерде
компьютерлер
құрастыратын сериялық өдірістік шығарылым базасын құрды.
Архитектураның ашықтығынан артық пайданы қолданушылар
алады. Модульдік принцип қолданушының өзіне компьютерді
жинауға жəне қажет жағдайда тиісті құрылғыларды сатып алып,
жүйелік тақшаның бос қосқыштарына қоса отырып, оны жаңартуға
мүмкіндік береді.
47
3.2.
Компьютердің негізгі және қосымша
құрылғылары
Әдетте қазіргі дербес компьютерлер төрт бөліктен (блоктан)
тұрады: жүйелік блок; мəтіндік жəне графикалық ақпаратты
бейнелейтін монитор (немесе дисплей); компьютерге символдар
енгізуге мүмкіндік беретін пернетақта; тышқан – компьютерге
ақпаратты енгізуді жеңілдететін құрылғы.
Компьютерде жүйелік блок басты болып саналады. Онда
компьютердің барлық негізгі түйіндері орналасқан.
• жүйелік немесе аналық тақша;
• суыту жүйесі бар процессор (вентилятормен);
• негізгі жадының модульдері;
• компьютер жұмысын басқаратын электрондық сызбалар
(микропроцессор, жедел жады, бақылаушылар жəне т.б.);
• қуат блогы, желідегі электр қуатын компьютердің электрондық
сызбаларына берілетін төмен кернеулі тұрақты токқа айналдыратын;
• қатқыл магниттік дискідегі жинақтауыш немесе винчестер (hard
disk, winchester), ішкі алынбайтын қатқыл магнитті дискіге оқуға
жəне жазуға арналған;
• иілгіш магниттік дискілерге арналған жинақтауыштар немесе
дискжетек (floppy disk), сыртқы тасымалдауыштар – дискеттер мен
лазерлік дискілерге ақпаратты жазуға жəне оқуға қолданылатын CD-
жəне DVD-дискілеріне арналған жинақтауыштар.
Компьютердің
жүйелік
блогына
оның
функционалдық
мүмкіндіктерін кеңейтетін əр түрлі құрылғыларды қосуға болады.
Көптеген құрылғылар компьютердің жүйелік блогының артқы
қабырғасында орналасқан арнайы қосқыштарға қосылады.
Монитордан, пернетақтадан жəне тышқаннан басқа төмендегідей
құрылғылар:
• принтер (басып шығару құрылғысы) – мəтіндік жəне
графикалық ақпаратты басып шығаруға арналған;
• сканер – компьютерге суреттер мен мəтіндерді енгізуге
арналған;
• флеш — шағын ақпарат жинақтауыш;
• джойстик — негізінен компьютерлік ойындарға қолданылатын
батырмасы бар қаламның шарниріне бекітілген түрдегі манипулятор.
Кейбір құрылғылар компьютердің жүйелік блогының ішіне
орналастырыла алады, мысалы, телефон желісі арқылы басқа
компьютерлермен ақпарат алмасуға арналған модем немесе
магниттік лентада берілгендерді сақтауға арналған стример.
Басқа құрылғылар, мысалы, сканерлердің кейбір басқа түрлері,
қосылудың аралас тəсілін қолданады: компьютердің жүйелік
блогына құрылғының жұмысын басқаратын тек қана электрондық
тақша орнатылады (бақылаушы), ал құрылғының өзі бұл тақшаға
Достарыңызбен бөлісу: |