Оқулық Бірінші басылуы Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 4,01 Kb.
Pdf просмотр
бет10/53
Дата30.05.2018
өлшемі4,01 Kb.
#18517
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53

27
эрозиясы  жанданады.  Мұз  басу  дәуірлері  аралығындағы  ыстық  уақыт-
тарда  материктік  мұздықтар  еріп,  өзен  суларының  мұхитқа  құйылуынан 
және  мұхиттардағы  мұздықтардың  еруінен  Дүниежүзілік  мұхиттың  су 
деңгейі  көтерілген.  Эрозия  базисінің  көтерілуі  есебінен  өзендерде  жанама 
эрозия  жанданған.  “Континенттік  көпірлер”  жойылып,  құрлық  ағзалары-
ның  миграциясы  шекараланған  да,  су  ағзаларының  миграциясы  күшейген. 
Егер  соңғы  мұз  басу  дәуірлерінде  “континенттік  көпірлер”  туындамаған 
болса,  материктер  мен  аралдарда  (мысалы,  Австралия,  Мадагаскар)  өзіне 
тән  өсімдіктер  және  жануарлар  дүниесі  қалыптасқан,  оларда  эндемиктер 
көбірек  кездеседі. 
Материялар  мен  энергияның  айналма  қозғалысы.  Географиялық  қа-
бықта  материялар  мен  энергияның  айналма  қозғалысы  оның  біртұтастығын 
қамтамасыз  етеді.  Айналма  қозғалысқа  литосфера,  гидросфера,  атмосфе-
ра  және  гидросфералардағы  материялар  қатысады.  Литосферада  негізінен 
гипергенез  зонасына  дейінгі,  яғни  үгілген  кеуек  жыныстар  таралған  ше-
караларға  дейінгі  заттар  айналма  қозғалысқа  қатысады.  Атмосферадағы 
айналма  қозғалыс  атмосфераның  жалпы  циркуляциясынан  көрінеді,  ғалам-
шарлық  шеңбердегі  желдердің  (ауа  ағыстары)  қалыптасуы  орын  алады. 
Атмосфераның  жалпы  циркуляциясына  аймақтық  және  жергілікті  айнал-
ма  қозғалыстар  қосылады.  Гидросферада  судың  үлкен  және  кіші  айналма 
қозғалысы  жүзеге  асады.  Мұхитта  су  массаларының  горизонталь  және  вер-
тикаль  айналма  қозғалысы,  құрлықта  судың  өзен  арналарын  бойлап  ағуы, 
көлдердің,  мұздықтардың  және  жерасты  суларының  пайда  болуы  және 
басқа  құбылыстар  байқалады.  Үлкен  маңызы  бар  биологиялық  айналма 
қозғалыс  –  органикалық  заттардың  түзілуінен  және  ыдырауынан  көрінеді.
Айналма  қозғалыстар  күрделілігі  тұрғысынан  алуан  түрлі  болып  ке-
леді.  Кейбір  айналма  қозғалыстарда  заттың  механикалық  қоспасы  (мы-
салы,  атмосфераның  жалпы  циркуляциясы,  мұхит  ағыстары)  орын  алса, 
басқаларында  зат  күйінің  өзгеруі  (мысалы,  судың  айналма  қозғалысын-
да  газ,  сұйық,  қатты  күйде  болуы),  ал  үшінші  түрінде  химиялық  түрлену 
(фотосинтез  реакциясы)  байқалады.
Біртұтастық  және  материя  мен  энергияның  айналма  қозғалысы  заң-
дылықтарын  үйренудің  табиғатты,  оның  байлықтарын  дұрыс  пайдалану-
дағы  маңызы  орасан  зор.
Ырғақтылық  деп  бір  бағытта  дамитын  табиғи  құбылыстар  мен 
үдерістердің  белгілі  бір  уақыт  барысында  қайталанып  тұруын  айтамыз. 
Ырғақтылықтың  екі  түрі  бар:  кезеңдік  –  оқиғалар  мен  құбылыстардың 


28
анық  бір  уақыт  барысында  қайталанып,  бірқалыпты  жалғасатын  ырғағы;  
циклдік  –  оқиғалар  мен  құбылыстардың  түрлі  мезгілдерде  оқтын-оқтын 
қайталанып,  жалғаса  беретін  ырғағы.
Ырғақты  құбылыстардың  созылмалылығы  алуан  түрлі  болады:  көп  ға-
сырлық,  ғасыр  ішіндегі,  жылдық,  тəуліктік.  Жер  тарихындағы  ең  үлкен 
ырғақтылық  (циклдік)  Күн  жүйесінің  галактика  орталығы  төңірегінде  ай-
налуына  байланысты  және  ол  180-220  млн  жылды  қамтиды.  Олар  Жер  та-
рихында  тектоникалық  кезеңдерде  көрініс  тапқан:  каледон  (кембрий,  ор-
довик,  силур),  герцин  (девон,  таскөмір,  пермь),  мезозой  (триас,  юра,  бор), 
кайнозой.  Бұл  дәуірде  тектоникалық  қозғалыстар,  жанартаулар  атқылаулары 
жанданады,  материктердің  бейнесі,  климат,  ең  соңында  Жер  табиғатының  өз-
герістері  туындайды.
Көп  ғасырлық  ырғақтылық  құбылыстары  арасынан  1800-2000  жылға  созы-
латын  ырғақтылық  жақсы  зерттелген.  Бұл  құбылыс  Жердегі  қалқу  құбылы-
сын  туғызатын  күштердің  өзгеруіне  байланысты.  Шамамен  1800  жылда  бір 
рет  Күн,  Ай  мен  Жер  бір  жазықта,  бір  түзудің  бойына  орналасады,  Күн  мен 
Жер  ортасындағы  қашықтық  ең  қысқа  күйіне  келеді.  Бұл  құбылыста  3  фаза 
–  трансгрессивтік,  регрессивтік  және  аралық  фазалары  ерекшеленеді.
Ғасыр  ішіндегі  ырғақтылық  құбылыстары  арасынан  Күннің  белсенділі-
гіне  байланысты  11,  22  және  33  жылдық  циклдер  жақсы  зерттелген.  Ға-
лымдардың  пікірлеріне  қарағанда,  бұл  циклдер  мен  Жердегі  көптеген 
үдерістер  арасында  байланыс  бар:  эпидемиялардың  таралуы,  жанартаулар 
белсенділігінің  күшеюі,  циклондар  туындауының  артуы,  құрғақшылықтар-
дың  яки  зиянкес  жәндіктердің  (мысалы,  шегірткелердің)  көбеюі  және  т.б. 
Жылдық  (маусымдық)  ырғақтылық  Жердің  Күн  төңірегіндегі  қозғалысы-
на  және  айналу  білігінің  66,5º  қиялығына  байланысты.  Жыл  маусымдарының 
алмасуына  байланысты  маусымдық  ырғақтылық  барлық  геосфераларда  байқа-
лады:  атмосферада  ылғалдылық,  температура,  атмосфералық  жауын-шашын-
дардың  жылдық  өзгерісі,  муссондардың  (маусымдық  желдер)  есуі  және  т.б. 
Литосферада  жыл  бойы  үгілудің  және  басқа  экзогендік  үдерістердің  белсен-
ділігі  өзгереді.  Гидросферада  судың  температурасы,  тұздылығы,  тығыздығы 
сияқтылардың  жылдық  өзгеруі,  балықтардың  маусымдық  миграциясы  бақыла-
нады.  Маусымдық  ырғақтылық  тірі  ағзаларда  анағұрлым  анығырақ  көрінеді.
Түрлі  ендіктерде  алуан  түрлі  маусымдар  көрініс  береді.  Экваторлық  ендіктер-
де  жыл  бойы  ыстық  әрі  ылғал,  тек  бір  маусым  ғана  үстем  болады.  Субэкватор-
лық  ендіктерде  2  маусым  ерекшеленеді  –  құрғақ  әрі  ылғал.  Қоңыржай  белдеу-
лерде  жылдың  төрт  маусымы  да  анық  көрінеді:  көктем,  жаз,  күз  бен  қыс.


жүктеу 4,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау