Кӛшірме жүйелер реттелетін шамалардың талап етілетін ӛзгерісі кӛшірме арқылы берілетін бақылауыш жүйелер.
Электрлі кӛшіру жүйелерінде беру әдістеріне байланысты үзіліссіз және үзілісті әрекеттегі кӛшірме жүйелер деп бӛледі.
Үзіліссіз әрекет ету жүйесінде ӛңделетін бұйым пішін бұйым мен құралдың екі (сирек — үш) қозғалысының үйлесімімен жүзеге асырылады. Оған қоса, бұйым пішіні екі ӛзара байланысты перпендикуляр орын ауыстырулардың қосылуымен алынады. Бұл қозғалыстардың бірі беру қозғалысының рӛлін атқарады. Беріліс бағыты ӛңдеу барысының барлық кезіне ӛзгеріссіз бекітіледі. Екінші қозғалыс бақылағыш немесе кӛшірмелі деп аталады, бұл берілісті ӛңдеу барысында ӛлшемі, және бағыты бойынша кӛшірме пішіне қарай ӛзгертеді.
9.4.- суретте нәтижелі беру бағыттарының пайда болуының сұлбасы келтірілген. Қуыстың қозғалу траекториясы/жүріп ӛту жолы сұлбамен анықталады. Нәтижелі беріліс бағыты Sp Бз және бақылуыш Sс берілістердің геометриялық қосындыларынан тұрады.
Үзілісті беру кезіндегі жүйеде кӛшірмемен берілетін пішін үстелдің тік және кӛлденең беруде қосылуынан пайда болады. Үстел қозғалысы үзілісті, ал құрал қозғалысының жүріп ӛту жолы сатылы болып табылады (сурет 9.4, б).
Металл ӛңдеуші ӛнеркәсіпте үзілісті қозғалыс жүйесінен кеңінен тарағаны электр байланысты және электр магнитті жалғастырғышты кӛшірмелі жүйелер.
Қуыс 1 кӛшірме үстінде болатындай, ал фреза бұйым үстінде орнатылатындай жағдайда ӛңделетін бұйым 8 және кӛшірме фрезерлік станок үстелінде орнатылып және бекітіледі (сурет 9.5). Серіппенің 3 әсерімен қуыс тӛменге түсіп, тұтқа электр байланысты ӛлшеуішпен байланысты 4 оқшаулайды.
Байланыс 4 арқылы қосу барысында үстелдің тігінен жоғары қарай берілуін басқаратын электр магнитті жалғастырғыштың тізбегі тұйықталады. Кӛшірме мен үстел 7 байланысқа дейін жоғары қарай жылжитын қуыспен 1 кӛтеріледі, тұтқа 2 бұрылып және электр магнитті жалғастырғышты М2 қосады.
а
Сурет 9.4. Нәтижелі беріліс бағытының пайда болуы:
а — нәтижелі беріліс бағытының пайда болуының сұлбасы; б — құрал қозғалысының сатылы жүріп ӛту жолы
Байланыстың 5 бейтарап жағдайында электр магнитті қуыс М1 арқылы ӛтпелі берілістің автоматтық қосылуы туындайды. Қуыс кӛшірменің кӛлденең бойымен қозғалады. Сәйкесінше фреза бұйымның 8 тік сызықты аумағын ӛңдейді.
Кӛшірменің шығып келе жатқан аумағы бойынша кӛтеріле отырып, қуыс байланысты 6 тұйықтайды. Ӛтпелі берілістің сӛнуі мен бір уақытта тік берілудің тӛмен қарай электр магнитті қуыс М3 арқылы берілуі жүргізіледі. Үстел тӛмен қарай түседі. Серіппенің 3 әсерінен байланыс 5 тұйықталудан шығады. Үстел қайтадан ӛтпелі беріліске қол жеткізеді.
Осылайша, тік және ӛтпелі берілістерді қосу және ӛшіру арқылы тұтқа 4 және 6 байланыстарды тұйықтап және оларды босатады. Электр кӛшірмелі қондырғы үстелге кӛшірме сұлбасына сәйкес қозғалыстар жасауға міндеттейді.
Кӛшірменің дәлдігі электр магниттік қуыстардың жылдам жұмыс істеулерінен және басқарушы байланыстарға байланысты болып табылады. Заманауи станоктар үлгісінде қолданылатын электр байланысты бақылағыш қондырғылар және электр магнитті қуыстар жүзден бір секунд ішінде жұмыс жасайды. Бұл күрделі пішінді бұйымдарды аса жоғары деңгейдегі дәлдікпен ӛңдеуге мүмкіндік береді, оған қоса, фрезаның қозғалыс жасауда жүріп ӛтетін жолы сатысыз болып табылады.
Үзіліссіз әрекет етуші электр кӛшірмелі бақылағыш жүйенің қағидатты сызбасы 9.6. -суретте келтірілген.
Электр қозғалтқыш 12, үстелді 13 біртегіс жылжыта отырып,
белгіленген беріліс Бз жасайды. Бақылағыш берілісті Бс кесуші құрал тегершік және жүру бұрандасы 6 жүйесі арқылы рэлектр қозғалтқыштан алады. Ең басты жұмысшы қозғалысының жетегі болып, тегершік арқылы сүмбіге айналмалы қозғалысты хабарлайтын электр қозғалтқыш 7 болып табылады. Бақылағыш жүйенің негізгі элементі қуыстан 2 , кедергіден 3, А және Б байланыстарынан тұратын ӛлшеуіш қондырғы.
Кӛшірменің 1 кӛлбеу аумағындағы қуыс қозғалысы барысында А және Б байланыстарындағы ток күштерінің алуан түрлілігі нӛлге тең. Электр қозғалтқыш 5 жұмыс істемейді және фреза 10 бұйымды кӛлденең сұлбасы бойынша ӛңдейді. Кӛшірменің шығып келетін аумағында қуыс кӛтере отырып, онымен байланысты А байланысының орнын ауыстырады. А байланысында В байланысына қатысты оң тоқ күші пайда болады. Күшейткіш 4 бар тізбекте электр қозғалтқышы жұмысын басқаратын тоқ ағыны жүреді.
Электр қозғалтқыш жүру бұрандасы 6 арқылы А және В байланыстарының араындағы күш нӛлге тең болмайынша, сүмбі түйінін 9 В байланысымен бірге жоғары кӛтереді.
Сурет 9.6. Кӛшірмелі станоктың бақылағыш жүйесінің қағидалы сұлбасы:
1 — кӛшірме; 2 — қуыс; 3 — кедергі; 4 — күшейткіш; 5, 7, 12 — электр қозғалтқыштар; 6 — жүру бұрандасы; 8 — тегершік; 9 — сүмбі түйіні; 10 — фреза; 11 — бұйым; 13 — үстел
Алайда қуыс 2 кӛшірменің кіріс аумағында тұрақты кӛлденең қозғалыста болып, сәйкесінше, фреза да жоғары қозғалады.
Кесуші құрал қуыстың қозғалысын бақылайды және бұйымда 11 оның пішінінің кӛшірмесін жасай отырып, оның қозғалысын жасайды.
Гидравликалық кӛшірме жүйелер басқа да жүй елермен салыстырғанда ыңғайлы және пайдалануға сенімді.
Достарыңызбен бөлісу: |